І А топ элементтері және олардың қосылыстары

Тақырып бойынша 31 материал табылды

І А топ элементтері және олардың қосылыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
9-сынып оқушыларына арналған "І А топ элементтері және олардың қосылыстары" атты ашық сабақ. Бұл сабақта оқушыларға арналған қызықты тапсырмалар, есептер, реакция теңдеулері бар. Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттыруға арналған танымдық ойындар кіріктіріліп жасалған.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім:


9. 2 C; 1 (I), 2 (II), 3 (III) топ элементтері және олардың қосылыстары.


Педагогтің аты-жөні:

Ерсінбек А

Күн: 4.12.2025 ж

Сыныбы : 9 «Г»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

(I) А- топ элементтері және олардың қосылыстары.


Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

-атом құрылысы негізінде сілтілік металдардың жалпы қасиеттерін түсіндіру

-сілтілік металдардың оксидтері мен гидроксидтерінің негіздік қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру

Сабақтың мақсаты:

сілтілік металдардың қасиеттерін біледі;

-өз бақылауларын тексере алады және бақылауларын қорытындылай алады;

-химиялық реакция теңдеуін (оттегі, хлор, су) құрастырады және теңестіреді


Құндылықтарға дарыту

Желтоқсан айы- бірлік және ынтымақ айы

Аптаның дәйек сөзі:

Татулық пен бірлік- елдің іргетасы

Сабақ тақырыбы: (I) - топ элементтері және олардың қосылыстары.

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту


3 мин









Топқа бөлу


2 мин




Өткен тақырыпты қайталау,үй тапсырмасын тексеру




5 мин

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып тәртібін қадағалау.

Психологиялық ахуал туғызу «Мен ......тілеймін» тренингі өткізіледі (оқушылар химиялық элементтердің қасиеттеріне сай бір –біріне жақсы тілектер айтады).





«Ою-өрнек» әдісі арқылы оқушыларды топқа бөлу.



Өткен тақырыптар бойынша жылдам сұрақтар беру






Оқушылар ұстазымен амандасады. Сынып тәртібін сақтайды, мотивациялық сөздер айтады.










Оқушылар «ою-өрнек » әдісі арқылы 3 топқа бөлінеді.




  • Оқушылар сұрақтарға жауап береді



  • «нәтиже, жылдамдық, қызығушылық»

Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.


Бағалау:

Дескриптор:

- металдар мен пен құймалар жайында біледі;

-металдарға тән физикалық және химиялық қасиеттерді және металл атомдарының тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсететінін біледі

Жалпы – 2 балл;

Мұғалім : Оқушылардың белсенділігін арттыратын ынталандыру сөздер:

«Жарайсыңдар!»

Дағды: материалды жинақтау

Қолданылған ЖИ: CHAT GPT,Gemini,Animaker,Diffit,Magicschool.


Мотивациялық сөздер




Жетістік

Ұмтылыс

Талпыныс

Мейірімділік

Кең пейілділік

Қуаныш

Бақыт














Жаңа сабаққа кіріспе

Мағынаны білу

3 мин

«Суретті сөйлет» әдісі арқылы жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой талқылау.









Оқушылардың ойын тыңдағаннан кейін мұғалім толықтырады


Мағынаны білу үшін суретті сөйлетеді, ой бөліседі, өз білгенін айтады;











Мақсаты: Функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.


презентация



Сабақтың ортасы мағынаны түсіну



8 мин


Оқушыларға тақырып бойынша видео көрсетіледі, жалпылама төмендегі сұрақтар беріледі.


Сілтілік металдар неге сілтілік деп аталады?


Сілтілік металдар қанша металл және қандай металдар жатады?


Оларды неге керосин астында немесе парафин майында сақтайды?



Мұғалім тақырып бойынша мәліметтерді жинақтайды,қорытындылайды.

(Видео бойынша оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады.)


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

презентация


https://www.youtube.com/watch?v=jSoP1bDR_bA



Мағынаны қолдану



7 мин

Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар орындау

  1. Топтық жұмыс. Кластер әдісі

Оқушылар

1-топ «Жалпы сипаттамасы, табиғатта таралуы»

2-топ «Физикалық қасиеті, алынуы »

3-топ «Қолданылуы

Тақырыптарын қорғайды


  1. «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі.Жұптық жұмыс.


Оқушыларға сілтілік металдардың химиялық қасиеттеріне байланысты реакция теңдеулерін беру



Оқушылар берілген тақырыпты қорғайды








Тапсырмамен жұмыс беріледі












Дескриптор:

-сілтілік металл мен әрекеттесуші басқа да заттардың арасындағы химиялық теңдеуді жазады; теңестіреді

-

Жалпы – 2 балл;


Презентация,





Сабақтың ортасы мағынаны жинақтау

8 мин


Сергіту сәті

Оқушыларға химияға қатысты сөздері бар мақал- мәтелдер жасырылады






Оқушылар мақал-мәтелді табады.




Бағалау: «Жарайсың»

«Керемет»


Презентация,

Сабақтың ортасы мағынаны талдау


5 мин




«Кім жылдам?» әдісі. Жеке жұмыс.Оқушыларға жалпылама төмендегі талдау тапсырмасы беріледі. Әр оқушы өз ойымен бөліседі.

Тапсырма №1.

https://wordwall.net/resource/82845772


сілтемесіне өтіп,тапсырманы орындау

Тапсырма №2

https:

//learningapps.org/display?v=pmk4z9zq223 сілтемесіне өтіп тапсырманы орындау


ЕБҚ оқушыға тапсырма беріледі, қолдау көрсетіледі

Химиялық

элемент

Реттік нөмірі

Тобы

Периоды

Атомдық

массасы

Валенттігі

Ме,

БМе

Оксидінің формуласы

Гидроксидінің формуласы

Na











Бағалау критерийі:


Атом құрылысы негізінде сілтілік металдардың жалпы қасиеттерін сипаттайды


Бағалау: ҚБ

Түрі:мұғалімнің бағалауы

Дағды:талдай білу,материалды жинақтау

Дескриптор:

- сілтілік металдардың атом құрылысын жазады

-сілтілік металдардың атом құрамын жазады;

Жалпы – 2 балл;

Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері

https://wordwall.net/resource/82845772


https:

//learningapps.org/display?v=pmk4z9zq223

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Кері байланыс

3мин

  1. Топтық жұмыс

Оқулықпен жұмыс. Шартты есептер беріледі

      1. С деңгейі №2 есеп. 14 г литий мен 46 г натрий сумен әрекеттескенде бөлінетін сутегінің көлемдері тең бола ма?

      2. С деңгейі №3 есеп. Массасы 55 г натрий гидроксиді мыс сульфатымен әрекеттескенде қанша мыс (ІІ) гидроксиді тұнбаға түседі?

      3. С деңгейі №4 есеп. Массасы 20 г натрий гидроксидін толық бейтараптау үшін күкірт қышқылынан қанша алу керек?





Мұғалім оқушылардың бүгінгі сабақта алған бағаларын бағалау парағы бойынша анықтайды,қортын-

дылайды.


«Білім қоржыны» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.


Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.





Оқушылар кітапта берілген С деңгейіндегі есептерді шығарады


















Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.



Дескриптор:

- сілтілік металдың атауын жазады

- сілтілік металл мен су арасындағы химиялық теңдеуді жазады

- сілтілік метал гидроксиді мен күкірт қышқылы, мыс сульфаты арасындағы химиялық реакция теңдеуін жазады, массасын, сутектің көлемін табады

Жалпы - 4 балл;


Мұғалім оқушыларды «Білім қоржыны» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Өте жақсы түсіндім». «жақсы түсіндім», «әлі ізденуім қажет»

презентация

оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері,үлестірме

































Жасыл қоржын- «Өте жақсы түсіндім»

Сары қоржын

«Жақсы түсіндім»,

Қызыл қоржын

«Әлі де ізденуім керек».


1мин

Үй тапсырмасы: В деңгейі 2-есеп.109 бет





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
29.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі