400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

И дыбысы және И,и әріптері даярлық топ

Материал туралы қысқаша түсінік
материал даярлық топ балаларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың технологиялық картасы

Пән: Сауат ашу (топтық)

Білім беру саласы: Байланыс

Тақырыбы: [и] дыбысы және И, и әріптері

Мақсаты: И дыбысы мен әріпі туралы білімдерін қалыптастыру; дыбыс және әріп терминдерімен дамыту; И әріпін жазу дағдысын қалыптастыру;

Сабақтың міндеті:

білімділік: II. И дыбысы мен әріпін білуге және ажырата алуға үйрету; дыбыстық талдау жасауға бейімдеу; И әріпін жазуға үйрету; III. И дыбысы мен әріпін біліп, көмек арқылы көрсете алуға үйрету; көмек арқылы И әріпін жазуға үйрету;

түзете-дамытушылық: сұрақ-жауап арқылы сөйлеу тілінің белсенділігін дамыту; тапсырмаларды орындау арқылы таным процесстерін дамыту; сөздік қорын молайту; есте сақтау қабілеттерін дамыту;

тәрбиелік: білімге деген қызығушылықтарын тәрбиелеу, ұқыптылықтылыққа үйрету;

Сабақтың көрнекілігі: сөзінде дауысты және дауыссыз дыбыстары бар суреттер, и әрәпінің суреті, қуыршақ,,қоржын

Сабақтың түрі: қайталау



Іс-әрекеттің кезеңдері

Дефектологтың іс-әрекеті

Балалар іс-әрекеті

Ұйымдастырушылық кезеңі



Мотивациялық ізденістік кезең

Жұмыс орнын дайындау. Сабаққа дайындықты тексеру. Ортопедиялық режим .Балалардың зейінін сабаққа аудару.




Психологиялық дайындық

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз,

Көкке қарап талпынып,

Күнге ұлды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай қалықтап,

Бір отырып, бір тұрып

Бір тынығып алайық.

Балалар,біз сергіту жаттығуын жасап алдық енді сабаққа назар аударайық.

Өткен сабаққа шолу

  1. Өткен сабақтарда қандай әріптерді өттік

  2. Дыбыстар нешеге бөлінеді

Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.

Балалар,біздің бүгінгі сабағымызға ертегілер елінен қуыршақ қонаққа келіпті,Ол өзімен бір қоржын ала келіпті.Қане,қуыршақтың қоржынында не бар екенін көреміз бе ? Балалар,қуыршақтың дорбасында сендерге тапсырма бар екен.Қане, тапсырманы орындайык.

Жұмбақ.


1.Адамға серік,

Күзетке берік. (Ит)


2.Дүниеде бар екен жалғыз көзді,

Киімін үйіп тастап күдер үзді. ( Ине)


-Балалар,ит,ине сөздері қандай дыбыстан басталып тұр?

-И и

-Қуыршақтың қоржынында тағы не бар екен?

(Қоржыннан ит пен Ии әріпінің модельін алып көрсету)

.Ии дыбысы –дауысты дыбыс.

- Әр түрлі жеңіл сөздерден дауысты және дауыссыз дыбыстарды табу. Дауысты дыбыстың өлең айта алатынын және қызылмен белгіленетінін қайталау ал дауыссыз дыбыстың көк түспен белгіленетінін жіне өлең айтпайтынын айту

- [и] дыбысы және И,и әріптері. Жазу дәптермен жұмыс

« Иә,жоқ» ойыны


1.Бүгін Ии әріпін оқыдық (иә)

2.И дауыссыз дыбыс (жоқ)

3.Ит сөзі и әрәпәнен басталады (иә)

Сергіту жаттығуы:

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар

Үлкен болып өседі.


Балалар өз орындарына тік отырады және сұрақтарға жауап береді


































ІІ- өздері атайды,

ІІІ – қызыл және көк түсті сәйкесінше көрсету



Ұйымдастырушылық-бекітушілік

Қане, балалар біз сендермен бүгін қандай тақырыпты өттік?

Сабақты сұрақ-жауап арқылы бекіту. Сабақ аяқталды ,сау болыңдар,балалар!




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
330
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі