жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
И дыбысы мен әріпі
«КӨКТЕМ АРУЫ» САЙЫСЫ
Мақсаты:
Білімділік: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру;
Дамытушылық: Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту;
Тәрбиелік: Көпшілік алдында өзін өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Барысы:
Жүргізуші: Құрметті әріптестер, аяулы ата – аналар, кішкентай бүлдіршіндер бүгінгі «Көктем аруы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Бүгін үлкен мереке. Бұл халықаралық әйелдер күні, көктем мерекесі. Наурыз айы – үлкен мерекелер айы. Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәріміз ананың ақ сүтінен нәр алып, өсіп- өніп келеміз. Күллі адамзат абзал да, асыл жандардың алдында бас иеді. Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты аналар!
Құттықтау сөзі мектеп басшысы: Жүнісов Қабыл Жүнісұлына беріледі.
Жүргізуші: Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір көріп таң қалдырмай сахнада,
Өмірде сақталсыншы бұл әдебі – деп ару қыздарымызды ортаға қошеметпен шақырайық. (Ортаға аруларымызды біздің топтың жігіттері алып шығады)
1- аруымыз: Аяпбергенова Ханым
2- аруымыз: Байгазина Аруна
3- аруымыз: Мұса Перизат
4- аруымыз: Болат Тоғжан
5- аруымыз: Қанатбекқызы Дильяра
Жүргізуші: Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағыда бір қол соғып қарсы алайық
Жүргізуші: Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік әділқазыларды таныстырып.
1) _____________________________________________
2) _____________________________________________
3) _____________________________________________
Сайысты бастамас бұрын, сайыстың бөлімдерін таныстырып өтейін. Сайыс 5 – бөлімнен тұрады:
1. «Тегін білу, тектілік» (Өзін - өзі таныстыру)
2. «Өнерлі өрге жүзеді» (Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді /ән айту, би билеу, т.б./)
3. «Қол өнер» (Қыздарымызға берілетін тапсырма «Шеберлік» деп аталады. Аруларымыз түрлі түсті қағаздан өз қиялдарынан ою оюы қажет)
4. Қыздарға әсемдік жарасады» (Сән үлгісін көрсету (авангард))
5. «Дәм – думан» (Бұл бөлімде дайындап келген тағамды қалай жасалғанын айтып қорғау)
І-кезең: Таныстыру
Жүргізуші: Өнер қуып арулар өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа түскен қыздар кезектесіп,
Өздерін таныстырып өтер дейміз – дей келе сайысымыздың
алғашқы бөлімі «Таныстыруға» кезек берейік.
1- аруымыз: Аяпбергенова Ханым
2- аруымыз: Байгазина Аруна
3- аруымыз: Мұса Перизат
4- аруымыз: Болат Тоғжан
5- аруымыз: Қанатбекқызы Дильяра
ІІ-кезең: Өнер сайысы
Жүргізуші: Жадырап сәуле бейне күн дидары
Бұлбұлдай дауысыңмен ән силашы,
Күй тартып, би де биле, өлең оқы
Аруға қай өнерде жарасады – деп кезекті өнер сайысына берейік.
Ару қыздарымыз «Өнерлі өрге жүзер» бөліміне дайын болғанша оқушыларымызға кезек берейік,
1-оқушы: А.Мирас
Құтты болсын ардақты ана!
Асыл анам мерекең
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты мерекең
2-оқушы: Динара
Бүгін наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі
3-оқушы: Дина
Жақсы көрем күлкіңді
Айналайын ақ мамам
Менің мамам сүйкімді
Бәрінен де жақсы адам.
4-оқушы: Таңшолпан
Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әрқашанда ардақтап
Әжеге бас иеміз
5-оқушы: Сүндет
Өмірдің иесі сен ғазиз ана
Келтірген дүниеге нелер дана
Анасыз батырда жоқ, ақында жоқ,
Өмірдің алтын кілті өзіңде ғана.
6-оқушы: Жанерке
Алақаны ақ самал,
Мәпелеген жан ана
Көкте күнім батса да,
Өзің күнсің балаңа.
7-оқушы: Еркегүл
Бал бөбегін баптаған
Анам үшін мақтанам
Аялайтын біздерді
Көп жасасын жақсы адам
8-оқушы: Санжар
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызбен!
9-оқушы: Аружан
Аялаған анашым
Мен үшін сен дарасың
Құтты болсын мерекең
Құттықтаймын анашым.
1- аруымыз: Аяпбергенова Ханым – ән:
2- аруымыз: Байгазина Аруна –ән: «Апатайым-анашым»
3- аруымыз: Мұса Перизат – «Өзбек биі»
4- аруымыз: Болат Тоғжан – «Аққу» биі
5- аруымыз: Қанатбекқызы Дильяра – ән:
ІІІ-кезең: Шеберлік
Жүргізуші: Құйылған ақ сезіммен дара шыңдай
Жүрегі арулардың ақылға бай.
«Ана көрген тон пішер» деген бабам
Шеберлігі бұл қыздардың таң қалғандай – деп кезекті ою оюға
береміз. Қыздарымызға берілетін тапсырма түрлі түсті қағаздан өз қиялдарынан ою оюы қажет.
Ортаға аруларымызды шақырайық.
1- аруымыз: Аяпбергенова Ханым
2- аруымыз: Байгазина Аруна
3- аруымыз: Мұса Перизат
4- аруымыз: Болат Тоғжан
5- аруымыз: Қанатбекқызы Дильяра
Аруларымыз тапсырманы орындап болғанша биге кезек берейік.
Би: «Қара жорға»
ІV- кезең: Сән үлгісі
Жүргізуші: Ал, халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры мен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.
(Арулар реттік нөмірлері бойынша бірінен кейін бірі сән үлгісін көрсетеді)
Аруларымыз дайын болғанша ер балаларымыздың қыздарға арнаған арнаулырына кезек берейік
1-оқушы: Темірлан
Жаны сұлу Тоғжан
Даланың әсем гүліндей
Жамандыққа бармайды
Достарың ылғи қолдайды.
2-оқушы: Санжар
Ай секілді Жанерке
Жарқырап тусын ай, күнің
Озып шығар бәйгеден
Көп болсыншы бестігің.
3-оқушы: Дамир
Сыныптасым Динара
Алғыр, зерек, білімді.
Көмектесіп ұстазға
Үнемі алда жүреді
4-оқушы: Бақдәулет
Жақсы істер жасайтын
Жамандыққа баспайтын
Сыныбымдағы ару қыз
Дильяра бәрін сыйлайтын.
5-оқушы: Адиль
Тазалықты сүйетін,
Сабағын да білетін-
Әдемі қыз Аруна
Ұзақ болсын өмірің
6-оқушы: Сүндет
Себепсіз қалмас сабақтан
Көреміз сені тек алдан
Өсе бер, жайна, Еркегүл
Ақылың бойға жарасқан.
7-оқушы: Әли
Оқуды да ойлайтын,
Бірге күліп ойнайтын.
Таңшолпанды құрметтеп
Оған жырды арнаймын.
8-оқушы: Әділет
Жамандыққа бармайтын
Жақсылықты қолдайтын.
Жаны сұлу Динаның
Мінезі бізге ұнайды.
9-оқушы: М.Мирас
Жайнап жаймен жүретін,
Жымиып ақырын күлетін
Перизат біздің ибалы,
Әдеппен бәрін сыйлайтын.
10-оқушы: Нұрасыл
Сабағында білетін,
Ақылын бойға түйетін.
Сыныптасым Аружан.
Үнемі күліп жүретін.
11-оқушы: А.Мирас
Бәйгеден озған жүйріктей
Аласың бестік іркілмей.
Ханым біздің әдепті,
Даланың әсем гүліндей.
(Қыздарға арналған ашықхат пен сыйлық табыстау)
1- аруымыз: Аяпбергенова Ханым
2- аруымыз: Байгазина Аруна
3- аруымыз: Мұса Перизат
4- аруымыз: Болат Тоғжан
5- аруымыз: Қанатбекқызы Дильяра
V- кезең: «Дәм - думан»
Жүргізуші: Арусыңдар таудай биік талабың,
Қызысыңдар еркін өскен даланың
Ал, қанекей мүдірмеңдер бұл сында
Ас әзірлеу, қыздар үшін қиын шаруа болып па? – дей келе «Дәм –
думанға» кезек берейік. Бұл бөлімде аруларымыз үйден дайындап келген тағамның жасалу жолын айтып қорғайды.
Жүргізуші: Әділқазылар әділ бағасын бергенше әнге кезек берейік.
Хор: «Мама»
(Аналарына ашықхаттарын табыстау)
Жүргізуші: Барына риза болсын көрермендер,
Көрсетті өнерлерін жас өрендер
Осымен сайысымыз аяқталсын,
Қазылар берсін енді шын бағасын.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Өнерлі, білімділер жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты – дей келе бүгінгі
сайысымызды таразылап әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз. (Жеңімпаздарды марапаттау)
Жүргізуші: Би билеп, ән мен күйде аяқталды,
Уақытта біраз жерге таяп қалды
Көктеммен қоса келген
Ару қыздар, аналар мерекесі аяқталды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген