Материалдар / И дыбысы мен әріпі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

И дыбысы мен әріпі

Материал туралы қысқаша түсінік
И дыбысы мен әріпін ажырату
Авторы:
24 Мамыр 2023
234
1 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:

10.12.2021ж.

Сынып:

6 «В» Сынып жетекшісі: Абденкулова Т.Л.

Тақырыбы:

«Елдіктің жеті тұғыры»

Мақсаты:

Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жас ұрпаққа бағыт-бағдар болар "Елдіктің жеті тұғыры" атты қағидатымен кеңінен таныстыру, оқушылардың патриоттық, отаншылдық сезімін ояту, елін, жерін, құрметтеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

Патриоттық сезімдері оянады;

Өз елін, жерін сүйе біледі.

Қолданылатын ресурстар:

Интернет ресурстары, бейне жазбалар.

Көрнекі құрал-жабдықтар:

слайдтар, ұлағатты сөздер,түрлі-түсті маркерлер , ақ қағаздар,

Сабақтың өту барысы:

Мұғалімнің іс-әрекет

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру                   

Сәлемдесу.Оқушыларды түгелдеу.

ТShape3 Shape2 Shape1 оптастыру әдісі. «Тәуелсіздік»

Топқа бөлу

1 топ. Отан тобы

2 топ. Тәуелсіздік тобы

3 топ. Болашақ тобы

Сәлемдеседі.

Тәуелсіздік сөзін топтастырады.









Топқа бөлінеді.


Жаңа ақпарат


 Кіріспе: Мұғалім сөзі

Тәуелсіздік біздің де ата-бабаларымыздың сан ғасырлық арманы еді. Бүгінде сол арманымыздың орындалып таңымыздың арайлап атып, Егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев партияның маңызды жиынында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын айтулы жетістіктермен қарсы алғанымызды айта келіп, жас ұрпаққа бағыт-бағдар болар "Елдіктің жеті тұғыры" атты қағидатын ұсынды. Жеті санын бабаларымыз қасиетті сан деп пайымдаған.

Оқушылрға Елдіктің 7 тұғыры таныстырылады. Слайдтармен таныстыру.

1-ші Тәуелсіздік.

2-ші Бірлік пен келісім.

3-ші Жер - ата-баба мұрасы.

4-ші Отбасы мен салт-дәстүр.

5-ші Ұлттық мәдениет.

6-шы Білім мен еңбек.

7-ші Прагматизм - бәсекеге қабілетті болу.

Егемендіктің отыз жылдығына тұспа-тұс келген бұл жаңа Жолдау қазақ елінің жаңа саяси бағдарын анықтап,  бірлігі мен тұтастығын бекемдейтін жаңа құжатқа айналмақ. Елбасы ұсынған әрбір тұғыр – тарихпен тамырлас, бүгінгі күнгі өмір талабымен үндес. Қоғамның әрбір саласына мән беріп, жаңа замандағы Қазақстанның алдында тұрған сын-қатерлерін айқындаған маңызды саяси-сараптамалық Жолдау әрбірімізге де қатысы бар.

Бірінші тұғыр ол - Тәуелсіздік. Кез-келген азамат үшін ең қастерлі құндылық. Ел еңсесін тіктеген егемендіктің біз үшін маңызы ерекше. Елбасы бұл қастерлі түсінікті тәуелсіздік алған жылдардан бері санамызға сіңіруде. Өскелең ұрпақ үшін тәуелсіздік тарихи құндылық, ел ертеңіне деген сенім, алға жоспарлаған болашағына бағыт беретін ең маңызды мәселе болуына күш жұмсауымыз керек. Ол үшін ел болып бірігіп, еңбек ету маңызды деп ой салады Елбасы.

Екіншісі - бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры. Көпұлтты Қазақстан халқы үшін бұл тұғыр этносаралық, конфессияаралық татулықты сақтап қалу мәселесі сынды маңызды болмақ. Елбасы егемендік алған жылдардан бері Қазақстан Халқы Ассамблеясының маңыздылығын ескертіп, халықтар достығының мызғымас символы ретінде жыл сайын елімізде түрлі халықаралық шараларды ұйымдастыруды назардан тыс қалдырмайды. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Үшінші тұғыр - жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы. Жер мәселесі қазақ халқына болмысынан берілген, қанымен сіңіп, бойына біткен ерекше маңызды мәселе. Жері мен елі үшін өмірін қиып, ғұмырын арнаған ата-бабаларымыздың аманатын арқалап, өскелең ұрпаққа осы ұлан-ғайыр атырабымызды мирас ету біздің ортақ міндетіміз екенін тағы бір мәрте еске түсіреді.

Төртінші тұғыр - отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі. Ұлт Көшбасшысы: «Отбасы – ұрпақ тәрбиесінің ұстаханасы, қоғамдық қатынастардың бастауы саналатын бірегей институт» деп бүгінгі қоғамда жанұяның маңыздылығы мен рөлін тағы бір мәрте ерекшелейді. Адам санасы азғындаған жаңа заманда жас отбасылар арасында белең алған келеңсіз жағдайлар, ажырасу, бір жынысты неке, толық емес отбасылар, жетім балалардың көбеюі мәселелері дәл осы отбасы институтына елімізде жеткілікті деңгейде көңіл бөлінбейтіндігінің көрсеткіші. Бұл мәселе ел көлемінде назарға алынып, шешілуіне ықпал ету үшін Елбасы өзі бастап отбасының маңыздылығын айқындап беріп отыр. Бұл - игіліктің нышаны.

Бесінші тұғыр - ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі. Бүгінгі күні жаһандық бәсекеге қабілетті болу үшін бірегей ұлттық мінез, асқақ рух керек дейді Нұрсұлтан Әбішұлы. Шынымен-ақ, елдіктің тұтқасы – ұлттық мұра, тіл мен мәдениет, салт-дәстүр мен әдебиет. Ұлт мәдениетін қажетті деңгейде дамытпайынша, рухани құндылықтарымыздың мәртебесі ешқашан  биіктемейді. Елбасы назар аударған Ұлттық мәдениет саласын дамыту арқылы ғана біз басқа халықтарды өнер құдіретімен, ғылыми ізденіспен мойындата аламыз.

Алтыншы тұғыр - білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті. Табыстың кілті үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек етуде дейді Нұрсұлтан Әбішұлы. Білім бағалы қазіргі жаңа заманда жастарға бұл үлгі боларлық іс. Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу жолында білім мен ғылымды дамытудың мемлекет үшін маңызы мол.

Жетіншісі - прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі. Прагматизм принциптері барынша қанағатшыл, үнемшіл, ұстамды болып, уақытты орынды пайдалануға талпынуды көздейді. Ұлт Көшбасшысы бұл принциптер жастардың бойында төзімділік  тәрбиелеп, жаңа заман талабына сай дамуына мүмкіндік беретін қабілет деп санайтынын айтады.

Жалпы, Нұрсұлтан Әбішұлы «Елдіктің жеті тұғыры» атты жаңа қағидасымен барша қазақстандықтарды рухымызды қайрап, еңсемізді тіктеп, бұдан да биік асуларға жету үшін және Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы жолында тынбай жұмыс істеуге шақырды.

Сабақтың ортасы

Топтық жұмыс: Постер қорғау

1 топ. Отан тобы. Табиғаты тамаша қазақ жері

2 топ. Тәуелсіздік тобы. Тәуелсіз Қазақстан

3 топ. Болашақ тобы. Болашақ Қазақстан

Оқушылар топтық жұмыс жасайды.


Сабақтың соңы









Кері байланыс

Қорытынды

«Елдіктің жеті тұғыры» болашақ ұрпаққа жүктелетін тарихи бастама . Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «мәңгілік ел» мұратын жүзеге асырудың жеті тұғырын айқындап берді. Бұл жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын қағидаттар жиынтығы. Елбасының бір-бірімен үйлесім тапқан үндеуі барымызды бағалап, тәуелсіздік деген киелі ұғымды сақтап қалуымызға жол нұсқайды. 

Кері байланыс

«Бір минуттық эссе» әдісі арқылы тақырыпты түйіндейді.














Оқушылар кері байланыс жасайды.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!