"И" дыбысы мен әрпі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"И" дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
"И" дыбысы мен әрпі, ойындар мен тапсырмалар
Материалдың қысқаша нұсқасы

ІС-ӘРЕКЕТТІҢ МАҚСАТЫ

Тақырыбы: «И»дыбысы мен әрпі
Артикуляцияны және дыбыстың сипаттамасын нақтылайды. Дауысты дыбыстар қатарынан (екпінді) дыбысты ажыратуды үйрету. Сөздің ритмикалық үлгісін шапалақтау арқылы (буынға сәйкес) қалыптастыру. «И» дыбысы мен әрпін тануды әрі қарай жалғасытру. «И и» дыбысына қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы балалардың жалпы ой-өрісін, сөйлеу тілін дамыту.
СӨЗДІК ЖҰМЫС
Ит, ине, инелік, иек, киік, кит, киім, тиын, тиін, тиек, жиек, шие. 
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР
1. Көрнекілік материалдар.
Бейнежазба, суреттер, сіріңкенің шырпысы, табиғатқа байланысты суреттер.
ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАРЫСЫ
1. КІРІСПЕ БӨЛІМ
1.1. Логопед:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме өте куаныштымын. Ендеше, балалар, бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік. Таңғы шаттық шеңберін құрайық.
Табиғатымыз тамаша!
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші балаша.
Сәлем саған, нұрлы Күн!
Сәлем саған, Жер-Ана!
Қайырлы таң, Достарым!
- Балалар, бүгін біз табиғат туралы әңгімелейміз.
- Балалар, табиғат дегеніміз не?
- Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бізді қоршаған ортада жан-жануарлар мен өсімдікте бар. Ай мен күн, аспан мен жер, жұлдыздар бұның барлығы табиғат деген ұғымды білдіреді.
Логопед балаларға өлеңді тыңдауды ұсынады.
Балалар мұқият тыңдайды.
И
Самолетке ұқсаған
Инелікті ұстағам.
Қойсаң болды қамалап,
Ит үреді абалап.
- Балалар, бүгін бізге ертегілер елінен бауырсақ келіпті. Ол өзімен бірге қоржын ала келіпті.

1.1. Логопед « и» дыбыстарынан басталатын сөздерді ойлап тапқан балаларға отыруды ұсынады. «и» дыбыстарынан басталатын сөзді атайды.
Балалар берілген дыбыстарға сөздер ойлап табады.
- Балалар, өткен жолы бізге кім келді?
Балалардың жауаптары.
Цирк сайқымазақтары бізге тағы да келді. Олар сендермен бірге қызықты ойындар ойнайды.

1.2«Қандай дыбыстар көп?», «сөздерді таңда», «кімге не сыйлады?», «балапандар»,«сөйлемді аяқта» ойындарын ойнау.

Нұсқаушы саусақпен еріннің шеттерінен ұстап, екі жаққа тартып, «И-И-Й» деп айту.
Жоғарыда берілген нұсқаулықтарды қолданамыз.
Екі сурет бірге қойылады.
- Балалар, қоянға қараймыз. Ол қалай жымияды?
- И-И-И!
- Ая қуыршаққа қараймыз. Балалар, Ая қалай жылайды?
- А-А-А!
- «И» мен «А» дыбыстарын бірге қосып айтамыз.
- «ИА».
Логопед жоғарыда берілген нұсқаулықтарды қолданады.
Екі сурет бірге қойылады.
- Кеменің суретіне қараймыз. Кеме қалай гуілдейді?
- У-У-У!
- Қоянға қараймыз. Ол қалай жымияды?
- И-И-И!
- «У» мен «И» дыбыстарын бірге қосып айтамыз.
- «УИ».
Логопед жоғарыда берілген нұсқаулықтарды қолданады.
2.6. «Қара және есте сақта» дидактикалық ойыны.
«И» дыбысы бар төрт суретті көрсетіп, оларды еске сақтауды ұсынады. Логопед балаларға суреттерді көрсетеді. Логопед балалардан теріс қарап тұруларын сұрайды. Балалар теріс қарап тұрғанда логопед кейбір суреттерді алып тастайды. Балалар суреттерге қайта бұрылып қарайды. Логопед балаларға қай суреттердің және қандай ретпен тұрғанын еске түсіруді ұсынады.
Мұқият тыңдайды.



3. ҚОРЫТЫНДЫ
Күтілетін нәтиже.
«И» дыбысын біледі.
Дауысты дыбыстар туралы түсініктері болады.
Дауысты (екпінді) дыбыстардың қатарынан дыбысты ажыратуды үйренеді. Шапалақтау арқылы сөздің ырғақтың суретін (буынға сәйкес) қалыптастыруды меңгереді.

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.00.2024
252
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі