2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / І жарты жылдық есеп

І жарты жылдық есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
2025-2025 оқу жылына І жарты жылдыққа есеп
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

1 қыркүйек — Білім күні құтты болсын!

Бүгін, 01.09.2024 ж 10:00-де Білім күніне арналған "Мектебім - мейірім мекені "тақырыбында мектептің барлық қауымдастығының қатысуымен 1,11 сынып оқушылары үшін салтанатты шара өткізілді.

Мақсаты:

білім алушыларға патриотизм, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;

өзара сыйластық пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру;

қатысушыларды алдыңғы оқу жылының жетістіктері туралы хабардар ету.

Жаңа оқу жылының салтанатты шарасындағы құттықтаулардан кейін жарқын болашақтың кішкентай бүлдіршіндері жалықпай білім іздейтіндіктерін білдіріп, өлең жолдарын арнады. Күмбірлете соғылған қоңырау үні оқушыларды, мектебіміздің ең кішкентай бүлдіршіндерін жаңа қадамға талпындырып, жаңа оқу жылының алғашқы сабағына шақырды!

Білім — игілік пен бірлік, байлық пен дәулеттің негізгі көзі. Кемел келешекке қадам басқан Тәуелсіз қазақ елінің әрбір азаматы терең біліммен қаруланып, туған жерінің айбыны, мектептің мақтаны болуға міндетті.

Ұлттық құндылықты бойларына сіңірген өрендеріміздің өресі биік болсын!

Білім күні мерекесі құтты болсын!

Білім көзін ашатын, балдырған шәкірттеріміздің асыға күткен алтын ұя мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1 сынып бүлдіршіндері бұл мерекенің көркін келтірді.

Қасиетті білім ордасының ұстаздарының биік дәрежеге жетуі ұстаз алдындағы оқушы арқылы танытатын болса мектеп жетістіктері толағай табыстармен өзінің жоғары бастамалары арқылы биік беделге ие болатынын тілге тиек еткен мектеп директоры 1 сыныпқа қабылданған бір топ шәкірттер қоңырау қағып, барша мектеп ұстаздарын білім күнімен құттықтады.

" МЕНІҢ ОТАНЫМ– ҚАЗАҚСТАН"

64 орта мектебінің оқушыларымен 2 қыркүйек күні "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 1-11 сыныптарында "Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбында біріңғай тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сабақтары ҚР Мемлекеттік Әнұранымен, апта дәйексөздерімен басталды.

Мақсаты:

Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Білімге деген құндылықты қалыптастыруға, өз Отаны үшін қажет және пайдалы болуға деген ұмтылысты арттыруға бағытталған сабақтарда оқушылар Отан, Туған жер туралы өлеңдерін оқып, видеороликтер тамашалады және тақырып бойынша өз ойларын ортаға салды. «Отанға деген құрмет отбасынан бастау алады» тақырыбында ой бөлісті. Сынып сағаты қауіпсіздік сабағымен аяқталды.

Тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының Гимнін орындаудан басталды. Оқушыларға патриоттық сезімді ояту мақсатында Қазақстан Республикасының рәміздері туралы, сонымен қатар, аумағы, облыстары туралы видеоролик, презентация көрсетіліп, сынып жетекшілер тарапынан түсінік жұмыстары жүргізілді. Жоспарға сай "Қауіпсіздік сабақтары" өткізілді.

«Тілім менің ғасырларға аманат»

(А.Байтұрсыновтың туған күніне орай)

Туған тілім - тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы

Өссе тілім мен де бірге өсемін

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

Туған тілім - бабам тілі - өз тілім

Туған тілім –анам тілі - өз тілім.

Туған тілім - далам тілі - өз тілім

Туған тілім - адам тілі - өз тілім.

5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай мектебімізде қазақ тілі, орыс тілі , ағылшын тілі бірлестіктерінің ұйымдастыруымен "Тілім менің ғасырларға аманат" атты мерекелік іс -шара өтті.

Мақсаты: Оқушылар туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз ана тілін, туған жерін аялауға тәрбиелеу. Ана тілін сүюге, құрметтеуге баулу.

Бұл күн – “Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл” деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

Ахметтің әрбір даналы сөзі ғасырлар көшінен ұрпаққа қалдырған ұлы аманаты. Тіліміздің мерейін асқақтатуда мектеп өнерпаздары тақырып аясында қара өлең оқып, әсем әндерін көрермен назарына тарту етті.

Тіл-тұнық ойдың кәусары. Тіл-халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы. Тіл мерекесі біз үшін еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі. "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл"деп ұлағатты сөз қалдырған қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының сөздерінде терең мағына жатыр.

«Жол қауіпсіздігі – басты міндет»

Мектебімізде балаларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға, жол белгілерін ажырату дағдыларын қалыптастыру мақсатында "Абайлаңыз, балалар!"жедел профилактикалық іс-шарасы негізінде оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен жүре білуге үйрету, көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу мақсатында "Жол тәртібін, білейік!" тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Сонымен бірге, мектеп инспекторлары мен мұғалімдер тарапынан балаларға жол қозғалысы ережелерін, көшеде өздерін дұрыс ұстау, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі туралы ақпарат беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Байлығымыз – балалар. Ал олардың алаңсыз білім алып, қауіпсіз өмір сүруіне әрқайсымыз жауаптымыз. Сондықтан отбасында ата-ана, мектепте ұстаздар, ал жол бойында полиция қызметкерлері балаларымыздың санасына жол жүру ережелерін ұдайы сіңіріп, бағыт-бағдар беріп отырғаны абзал.

Тіл мәртебесі - ел мәртебесі

Мектебімізде 5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күніне апталық жоспарына сай 9,10 -сынып оқушыларымен "Тіл мәртебесі - ел мәртебесі " тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасында достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет көрсету.Аталмыш апталыққа мектеп оқушылары тіл туралы өлеңдер оқып ән шырқап ұйымшылдықпен қатысты,сонымен қатар тілдер апталығында өткізілетін іс-шаралармен танысты.

Жұмыс барысында: баяндамалар тыңдалды, жатқа тіл туралы өлеңдер оқылды, тіл мәртебесі мен қолданылуы төңірегінде пікір бөлісті, мақал- мәтелдер айтып жарысты. Шара барысында оқушылар белсене қатысып, тақырып төңірегінде өз қызығулықтарын көрсетті. Ана тіліміздің абыройы асқақтай берсін

Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі халыққа арнаған дәстүрлі жолдауында «Мемлекеттік тіл» мәселесін назардан тыс қалдырмай, қазақ тілінің қолданыс ауқымы жылдан жылға кеңейіп келе жатқандығын жеткізді. Дегенмен, ел президенті бүгінгі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты жолдауында да қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала беретіндігін және ата заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл қазақ тілі екендігін ерекше атап өтті.

Қоғамда жиі талқыланып жүрген, көптің көкейіндегі мәселелер барынша қамтылған жолдауда қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін арттыру бағытындағы бағдарымызды айқындап берді.

Қазақстан халқы тілдер мерекесі"Тіл - қарым-қатынас құралы"

Тілді өркендету - баршаның ісі. Тіл - тек қарым – қатынас құралы емес, ұлтымыздың биік тұғыры. Бұл ретте біздің мемлекетіміздің тілге деген жанашырлығы басым. «Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады» деп Ғ. Мүсірепов айтқандай елдің болашағын, тілдің болашағын сақтау баршаның міндеті.

Тіл – мемлекеттің басты айшығы, елдігіміздің тұғыры.5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай,қалалық балалар кітапханасында туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу мақсатында «Тілім сенсің тірлігімнің қуаты» атты тренинг ұйымдастырылды.Шара барысында тіл-адамзатты байланыстырушы, ойы мен сөзін жеткізуші қарым-қатынас құралы ғана емес, ұлттың діңгегіне айналған баға жетпес бай мұра екені танытылып, оны құрмет тұту керектігі кеңінен жеткізілді.Кешке қатысушы оқырмандар ана тілін дамытып, қастерлеп жүргендерін оқыған өлеңдері мен қысқаша жазған шығармалары арқылы көрсете білді.

Тілдер күніне арналып көркемделген «Ана тілім-асыл қазынам» атты кітап көрмесіне шолу беріліп, тіл әдебиеттері оқуға ұсынылды.Кешке қатысушы оқырмандарға белсенділік танытқаны үшін, алғыс хатпен, сыйлықтар табысталды.

"Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру» атты 1-11 сыныптар арасында ата-аналар жиналысы

Мектебімізде "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" жоспарына сәйкес ата-аналардың болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру мақсатында "Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру» атты 1-11 сыныптар арасында ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жиналыс барысында мектеп директорының м.а. Ж.А.Биимбет күн тәртібіндегі мәселелерді таныстырып, ата-аналарға "Біртұтас тәрбие бағдарламасының" жаңа оқу жылындағы мақсаты мен міндеттері туралы ақпарат беріп өтті.

Сонымен қатар, мектептің ішкі-тәртіп ережесі, мектеп формасы оқушылардың білім деңгейі мен тəртібі, құқық бұзушылық, буллинг, кибербуллинг, зорлық - зомбылықтың алдын алуға байланысты алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жүйесі туралы айтылды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Уразова балалардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін жаңа оқу жылында ашылып жатқан үйірмелерге шақырды.

Ата-аналар тарапынан, көкейтесті сауалдар қойылып, қанағаттанарлық жауаптарын алды

Жиналыс барысында мектептің ішкі-тәртіп ережесі, мектеп формасы, оқушылардың білімі мен тəртібі, сабаққа кешікпеуі, құқықбұзушылық, буллинг, кибербуллинг, зорлық - зомбылықтың алдын алуға байланысты толықтай түсіндірме жасады.

Одан бөлек ата-аналармен көптеген қызықты тренингтер ойнатылды. Қолданылған тренингтер:

. “Бес қасиет”

. “Сәлем сөздің анасы”

. Баламды көз жанарынан танимын”

. “Айтары бар сурет”

. “Сөзді емес түсін оқы”

. “Постер жасау”

Жиналыс соңында ата-аналар тарапынан көкейтесті сауалдар қойылып, қанағаттанарлық жауаптарын алып, бүгінгі өткізілген жиналысқа оң бағаларын беріп, әрдайым бірге жұмыс жасауға дайын екендіктерін жеткізді.

ҮНЕМДІ ТҰТЫНУ

Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры және тұлғаның адамгершілік тұрғыдан толысуын қамтитын үздіксіз процесс.

Үнемді тұтыну” - суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру мақсатында оқушыларға ақпарат беріліп, парақшалар таратылды.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының күнделікті өткізетін шараларының бірі - Үнемді тұтыну. мектепте апта бойы энергияны тұтыну және оны үнемдеу бойынша 11 а сынып оқушылары жаднамалар таратты, парақшалар әзірледі, оқушылар арасында энергияға ұқыпты қарауды қалыптастыру туралы шаралар ұйымдастырды.

Мақсаты- оқушыларға суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру.

Суды, энергияны үнемдеуді өзімізден бастайық!

Түнгі мезгілде балалар мен жасөспірімдер жиналатын орындарға (тойханаларда, клуб, т.б.) кезекшілік орнату.

Мектеп құқық бұзушылықтың алдын алу жоспарына сәйкес білім алушылардың күн тәртібін сақтауын және "Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы" Заңының сақталуын тексеру бойынша "Түнгі қаладағы балалар" рейдтері ұйымдастырылды.

Оқушылардың назарына 21:00-ден кейін олар ата-аналарының қарауынсыз көшеде болмауы тиіс екендігі туралы бұйрық жеткізілді.

7 кезекші топ құрылды, оған 21 педагог кіреді. Рейдтер апта сайын кестеге сәйкес сағат 21:00-ден 23:00-ге дейін жүргізіледі.

Кешкі рейдтер кешкі уақытта көшеде ата-анасының (оларды алмастыратын адамдардың) еріп жүруінсіз жүрген 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларды анықтау мақсатында ғана емес, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қадағалаусыздықтың профилактикасы жөніндегі жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады.

Рейд барысында жастар мен жасөспірімдердің шоғырланған орындары: саябақтар, балалар алаңдары, ауылдық клуб, сауда орындары тексеріледі.

Жүргізілген рейдтер нәтижесінде, бүгінгі күні түнгі уақытта жасөспірімдер көп жиналатын жерлерде қауіпті жағдайлар анықталған жоқ, кәмелетке толмағандар анықталған жоқ.

Оқушылар арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша бірыңғай сабақ

Мектебімізде құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикалық шараларын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және қылмыс, нашақорлықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі мен суицид, зорлық – зомбылық, ерте жүктіліктің алдын алу бірыңғай сынып сағаты өткізілді.

Сынып сағаты барысында қазіргі таңдағы жасөспірімдер арасындағы мәселелерге кеңінен тоқталып, заң талаптары баяндалып, қазіргі таңда орын алып жатқан жасөспірімдер арасындағы қылмыстық іс-әрекеттердің алдын-алу жолдарын таныстырып, құқық бұзған жасөспірімдерге қолданылатын шаралар және жазалар жайлы мағлұмат берілді.

Сондай-ақ, жастар арасында әлімжеттік пен құқық бұзушылықтын алдын алу, «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу», білім алушылар арасында жаман әдетке үйір болмау, түнгі рейдтер туралы, ішкі тәртіпке бой ұсыну, темекі, ішімдік сияқты заттардан аулақ болу, бір-біріне үстемдік жасамау сияқты жаман әдеттердің алдын алу тақырыбында оқушылармен еркін әңгіме жүргізілді.

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ ТЕРРОРИЗМ ЖӨНІНДЕ ТҮСІНІК

Білім алушылардың әр түрлі сайттарда, желі бағдарламаларында жүргізіліп жатқан жат ағымдардың уағыздарын тыңдап жат қылықтарға бармау үшін мамандардың берген мәліметтеріне сүйенуді үйрету мақсатында Қызылорда облысының дін істері басқармасының "Дін мәселелерін зерттеу орталығының" теолог маманы, "Дін мәселелерін зерттеу орталығының" психолог маманы 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Мақсаты: Оқушыларға экстремизм, терроризм туралы терең түсінік беру,олардың түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру болды.

"Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу" тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. Баяндама барысында «Экстермизмге қарсы іс – әрекеттер туралы» Заңы, «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы, ҚР білім беру ұйымдарында тәрбие берудің жиынтық бағдарламалары , «Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар және қараусыздық пен қорғансыздық ескертулері туралы» бағдарламалары кеңінен түсіндірілді. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, қазіргі қоғамдағы қиындық тудырып отырған мәселелерге кеңінен тоқталды. Мектеп оқушыларын тәрбиелі, саналы, еліміздің патриот жастары болуға шақырды!

Қазіргі таңда экстремизм мен терроризм әлемдегі қауіпті мәселелердің бірі болып табылатынын, экстремизм- бұл өзге көзқарасты әсіресе шараны ұстану. Осындай шаралардың ішіне тәртіпсіздіктерді насихаттау, азаматтық бағынбаушылықтар, террористік акциялар әдістерін жатқызуға болатынын ашып түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жол қауіпсіздігі

"Абайлаңыз, балалар!"жедел профилактикалық іс-шарасы негізінде оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен жүре білуге үйрету, көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу мақсатында "Жол қауіпсіздігі" тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Сонымен бірге, мектеп инспекторлары мен мұғалімдер тарапынан балаларға жол қозғалысы ережелерін, көшеде өздерін дұрыс ұстау, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі туралы ақпарат беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Байлығымыз – балалар. Ал олардың алаңсыз білім алып, қауіпсіз өмір сүруіне әрқайсымыз жауаптымыз. Сондықтан отбасында ата-ана, мектепте ұстаздар, ал жол бойында полиция қызметкерлері балаларымыздың санасына жол жүру ережелерін ұдайы сіңіріп, бағыт-бағдар беріп отырғаны абзал.

«Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі»

Отбасы – адам өмірінде кездесетін бағалы құндылықтың бірі. Жер жаһанда жанұясынан жылулық, ата-анасынан махаббат, шаңырағынан шаттық іздемейтін адам жоқ-ау, сірә? Өйткені, күрмеуге келмейтін қысқа ғұмырда көңілді көтеріп, жанды жадырататын бірден-бір орын отбасы. "Өзін-өзі басқару " ұйымының ұйымдастыруымен "Біртұтас тәрбие бағдарламасы " аясында, жоспарға сәйкес "Отбасы" күніне орай "ОТБАСЫ - ТӘРБИЕНІҢ АЛТЫН БЕСІГІ!" атты тақырыбында челлендж өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту.Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орны ерекше екенді-гін түсіндіру.Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, достық қарым – қатынасты қалыптастыру, отбасы мемлекетіміздің бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен ұжымдыққа тәрбиелеу.

"Ұлы жол – отбасы табалдырығынан басталады”. Отбасы, адалдық және махаббат – әр адамның өміріндегі ең маңызды құндылықтар.

Еліміздің берекесі артып, әрбір шаңырақта татулық пен бірлік болсын!

Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі — бала. Баланың тәрбиелі жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол.

Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады.

Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек.


ҰЛТТЫҚ ОЙЫН - ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ

Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру барысында мектебімізде үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру мақсатында асық атудан оқушылар арасында спорттық ойындар сайысы өткізілді.

Мақсаты - ұлттық спортты дамыту арқылы мектеп оқушылары арасында достық қарым қатынасты нығайту, танымал және халық спорты ойындарын одан әрі дамыту.

Ұлттық спортымыздың қай түрі болсын жас ұрпақты төзімділік пен шеберлікке, ұлтжандылыққа баулумен қатар, ерік-жігерін шыңдауға қосар үлесі көп екенін аңғару қиын емес. Халқымыздың асыл мұрасында баланың физиологиялық тұрғыдан жетілуіне ғана емес, қағылез, епті, алғыр болуына себін тигізетін ойындар баршылық. Өз кезегінде ол дана бабамыздың балаға, оның тәрбиесіне бейжай қарамағанын, баса назар аударғанын білдірсе керек. Ал бұл ұлттық тәрбие, ұлттық білімнің түп-тамыры біз ойлағаннан анағұрлым тереңде жатқан тәрізді. Кез келген ойынның баланың жетілуіне, ой-санасының дамуына қосар үлесі бар. Бес асық ойыны баланың бұлшық еттерін ширатып, дамытып қана қоймай, ептілікке, қырағылыққа, тез шешім қабылдауға, санауға, топтауға үйретеді. Сонымен қатар көздің көруін жақсартып, көз жанарын жетілдіреді. Ойын адамды тыныштандырып, сабырлылыққа үйрететін қасиетке ие.

ҚЫЗ БАЛА - ОТБАСЫНЫҢ ШЫРАЙЫ

Жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу жастардың Адам тәрбиесі мен Қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында 8-11 сыныптың қыз балаларымен «Қыз баланың бой жетуі» атты қыздар жиналысы өтті. Жиналысқа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, гимназия медбикесі мен психологі, мектеп инспекторы қатысты.

Алғы сөзді алған мектеп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Уразова қыз балалардың жүріс-тұрысы, мектеп формасының сақталуы, жеке-бас гигиенасы туралы сөз қозғады.

Елімізде зорлық-зомбылыққа көбіне әйелдер, қыз балалар көптеп ұшырап жататынын айтқан мектеп инспекторы қыз балаларға көшеде түнгі беймезгіл уақытта қалмауға тырысу, көшеде танымайтын адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы жерлерге, адамдар жоқ орындарға және т.б. жерлерге бармау қажеттігін айтып тұрмыстық зорлық – зомбылық қауіп төндірсе, үйден кетіп қалуға тырысу, мектеп психологіне және полицияға хабарлау қажеттігін түсіндірді.

Мектеп аяжаны қыз балаларының арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында жұмыс жүргізілді. Әсіресе, етекір кезіндегі болатын ағзадағы физиологиялық өзгерістер, сонымен қатар «Ерте жүктілік несімен қауіпті?» деген сауалды түсіндіріп өтті. Жиналыс сырласу түрінде өтіп, оқушылар жақсы көңіл-күймен тарады.

Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу...

Бала денсаулығын, оның дене және ақыл-ой дамуын анықтайтын бағыттардың бірі өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз. 2024 жылдың 12 қыркүйек күні мектебімізде тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрамы мүшелерімен тамақтану сапасына мониторинг жүргізілді. Мектеп асханасын тексерудегі мақсат: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің 2018жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығы, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 5 тамызындағы №76 Қаулысы негізінде бекітілген мектеп асханаларында тыйым салынған тағамдардың (шұжық өнімдерін, шұжықшалар мен құрамында табиғи бояғыштар, консерванттар, хош иістендіргештер, дәмді күшейткіштер, тәттілендіргіштер бар өзге де өнімдерге), оқушыларға берілетін тегін ыстық тамақтың сапасын қадағалау; тамақтану блогының санитарлық-техникалық жағдайы санитарлық талаптарға сай болуы. Тағамдарды сақтау да санитарлық нормаларға сәйкес және қауіпсіздік техникасы ережелері сақталып, жүзеге асырылып келеді. Біздің асханада тағамдарды дұрыс сақтауға баса назар аударылған. Мектепте әр түрлі тағам өнімдерін дұрыс сақтауға арналған тоңазытқыш камералар бар, мұнда әр тағам түрі жеке сақталады. Олардың бар болуы тағам өнімдерінің сапасын тікелей дайындағанға дейін сақтауға жағдай жасайды. Тамақтану блогы жұмыскерлерінің арнайы жұмыс киімдерін киюі міндетті болып табылады. Бұл қажетті санитарлық гигиеналық нормаларды сақтауға мүмкіндік береді.Ас мәзірімен асхананың санитарлық талаптарға сәйкестігі, асхана қызметкерлерінің қызмет көрсету барысы мен сапасы, шикізаттың жеткілікті қолданылуы, дайын астың сапасын бақылайтын бракераждық журналдың уақытында толтырылуын, бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің сәйкестігі қаралады. Мектеп аяжаны ас сақтайтын қоймаларды және тоңазытқыштарды тексеріп отырады. Оқушыларға ас мәзірі бойынша тамақ беріледі, балалар уақытында келіп тамақтанады, тегін ыстық тамақ тиісті мөлшермен беріледі. Қызметкерлер санитарлық талапқа сай қызмет көрсетеді. Дайын астың сапасын бақылайтын бракераждық журнал мектепа яжаны тарапынан уақытында толтырылған.

Асханада берілген тамақ талапқа сай, тегін ыстық ас мәзірі бойынша беріліп отыр. Сонымен қатар мектеп аяжаны комиссия мүшелеріне оқушыларға берілетін тағамдар баланың жас ерекшелігіне байланысты әзірленетінін, балаларға тек құнарлы , денсаулыққа пайдалы тағамдар ұсынылатынын айтып өтті. Мектеп асханасында тегін ыстық тамақтың ұйымдастырылуы күнделікті бақыланып отырады. Комиссия құрамының мүшесі мектепте ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізілетіндігін және балаларды ыстық тамақпен қамту қажеттілігі ата - аналар назарында екендігін айтты. Мектеп ата - аналары оқушылармен тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық және тәрбие жұмыстары, сонымен қатар оқушыларды ыстық тамақтануға қатыстыру бойынша сынып сағаттары, сыныптан тыс шаралар өткізілетінгінен хабардар. Ата- ана осы аталған іс-шара арқылы балаларға берілетін тағамдарды өз көзімен көріп, ас мәзіріндегі тағамдардың пайдалы әрі құнарлы екеніне көзі жетіп ризашылығын білдірді.

«Денсаулық – зор байлық» фестивалі

2024 жылдың 16 қыркүйегінде "Денсаулық-зор байлық" атты ұранмен дене шынықтыру пән мұғалімдері мен педагог ұйымдастырушының ұйымдастыруымен денсаулық фестивалі марафоны болып өтті.

Фестивалді мектеп директоры, оқу ісі жөніндегі орынбасары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары сөз сөлеп ашты және оқушыларға сәттілік тіледі.

Фестивалдің мақсаты: оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушыларды спортқа тарту, денсаулық-зор байлық екенін түсіндіру.

Мектептің әкімшілік мүшелері оқушылар мен ұстаздарды салауатты өмір салты мен денсаулықты жақсартуға, өмір бойы жақсы денсаулықпен ұзақ өмір сүріп, отбасы мен қоғамның белсенді мүшесі болуға көңіл бөлуге шақырды. Дене шынықтыру пәні мұғалімдері оқушылар арасында түрлі ойындар мен жаттығулар өткізді.

Денсаулық фестиваліне мектептің 5-10 сынып оқушылары қатысты.Оқушылар 15 минуттық сергіту жаттығуларын өткізді.Қыздар флешмоб биледі, ұлттық ойындар ойнатылды. 1600 метрге жүгіру марафоны болды. Волейболдан және футболдан жарыстар өткізілді. Ұтқан командалар мектеп директоры атынан мақтау қазағдарымен марапатталды

Денсаулық-ең үлкен байлық!Сондықтан әрқашан деніміз сау болсын!!!

Еңбек түбі - береке

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында “ЕҢБЕК күні” мерекесіне орай 4"А" сыныбында "Еңбек түбі - береке" тақырыбында тәрбие сағаты өтілді.

Сынып сағатының мақсаты:

Оқушыларды еңбексүйгіштікке, шаруақорлыққа, іскерлікке, үнемді болуға, еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақ барысында білім алушылар еңбектің пайдасын қағаз бетіне түсіріп, бір-біріне түсіндірді. Балалар суреттер арқылы жасырынған еңбек жайлы мақалдарды тауып, еңбектің адамзат өміріндегі пайдасын түсіндірді.

Міндеті:

Оқушыларға еңбектің адам өміріндегі негізгі құндылық екенін түсіндіру;

Еңбекке деген жауапкершілікті дамыту, еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу;

Оқушыларды адал еңбекке баулып, өз болашағы үшін еңбектің маңызын түсіндіру;

Еңбекқорлық пен шыдамдылық сияқты қасиеттерді қалыптастыру.

Тәрбие сағаты барысында білім алушылармен еңбек тәрбиесі жайлы сөз қозғалды. Білім алушылар арасында еңбек ету жайлы пікіралмасу болды. Өз ойларын ортаға салып, белсенділік танытты.

Электрондық темекінің зияны

7-8 сыныптар арасында «Электрондық темекінің зияны» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті.

Мақсаты: кәмелетке толмағандар арасында салауатты өмір салтын насихаттау,оқушыларға электронды темекінің зияны туралы түсінік беру; вейпингке теріс көзқарастың қалыптасуына ықпал ету; оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру.

Оқушылар электронды темекінің не екенін және оның қандай зиян келтіретінін түсіндірді.

Құрамында канцероген бар бу организм үшін өте қауіпті. Уытты заттардың әсері астма, пневмония және жүрек-тамыр ауруларының өршуіне әкелуі мүмкін екендігін оқушыларға нақтылап түсіндірілді.

Электрондық темекі дәстүрлі темекіге қарағанда қауіпсіз деген қате түсінік қоғамда кең тараған. Шын мәнінде, бұл құрылғылар да денсаулыққа айтарлықтай зиян тигізеді, әсіресе ұзақ мерзімді қолдану кезінде. Электрондық темекіні шегу тыныс алу жүйесіне, жүрек-қан тамырлар жүйесіне, сондай-ақ жасөспірімдердің дамуына кері әсер ететіні туралы оқушыларға түсінік берілді.

Электронды темекінің бала ағзасына зияны, оның ішіндегі ішіндегі сұйықтықтың құрамында белгілі бір мөлшерде никотин барлығы, ол тыныс алу жүйесіне тез еніп, содан кейін ол қанға сіңіп, оның көмегімен бүкіл денеге таралатындығы, миға жеткен никотин бүкіл орталық жүйке жүйесіне әсер ететіндігі, қайта қалау әдетін тудырып және дененің барлық ішкі жүйелеріне теріс әсер етіп, көптеген патологиялардың дамуын қоздыратындығы ескертілді.

Сонымен қатар, негізгі мәселе - темекі шегуге тәуелділік, оның психологиялық жағынан ғана емес, физикалық тұрғыдан тәуелділігін асқындыратындығы, электрондық темекі тазартылған никотинмен және иісі мен дәмі жағымды қоспалармен толтырылған, бірақ олар денсаулыққа кері әсерін тигізетіндігі айтылды…

«Жарнаманың жағымсыз әсерлеріне бейімделу,тәуелділікке қарсы тұру дағдыларын қалай алуға болады?»

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САҒАТ ӨТКІЗІЛДІ

Мектебіміздің педагог-психологы А.Қоңырбаева мен тәлімгер Ә.Әнесова «Жарнаманың жағымсыз әсерлеріне бейімделу,тәуелділікке қарсы тұру дағдыларын қалай алуға болады?» тақырыбында психологиялық сағат өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты жарнаманың жасөспірімдердің психикасына әсер ету ерекшеліктері мен агрессивті жарнамадан қорғау болды. Іс-шара барысында «Жарнаманың жасөспірімге әсері», «Жарнаманың адамға әсер ету жолдары» туралы және қазіргі таңда көп жарнамаланатын зиянды тағамдар туралы, вейп пен электронды темекінің зияны туралы айтылды.

Оқушыларға жарнаманың адамдарға, оның ішінде жасөспірімдерге әсерін, психологиялық манипуляция қалай жасалатындығын және оған қалай қарсы тұру керек екендігі туралы талқыланып, сонымен қатар видеороликтер көрсетілді. Оқушылар 3 топқа бөлініп, әр топ өз өнімін мақтап сату үшін жарнамасын ұйымдастырды.

Жарнама адам санасына әрқалай әсер етеді. Балалардың әр түрлі жарнамаға еліктеуінің алдын алып, кері әсері туралы түсіндіру керек. Еліктіруші жарнамалардан аулақ болған жөн, тәуелділікке қарсы тұру дағдыларын қалыптастыру алғашқы орында.

Мектеп асханаларында тамақтан уланудың алдын алу

Тамақтан улану-белгілі бір микроорганизмдермен жаппай ластанған немесе құрамында микробтық немесе микробтық емес сипаттағы улы заттар бар тағамдарды тұтынумен байланысты аурулар.

Мектебімізде медбике аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы М.Қуантаеваның қатысуымен оқушылар арасында жаппай тамақтан улану эпидемиологиялық жағдайға байланысты "Тамақтан уланудың алдын алу" іс-шарасы бойынша мектеп медбикесінің жетекшілігімен бірқатар алдын алу шаралары атқарылды.

Асханада тамақ дайындау кезінде пайдалануға тыйым салынған азық-түлік пайдаланбауға байланысты мектептегі асхана қызметкерлеріне түсіндірме жүмыс жүргізілді.

Оқушылардың ас мәзірін,уақытын қадағалау.

Оқушылар арасында тамақтан улануды тіркеу жағдайларын болдырмау үшін, сондай-ақ оқушылар арасында уланудың алдын алу мақсатында ас блогының қызметкерлері қолданыстағы санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелердің талаптарын, олардың негізгілерін қатаң сақтауға міндетті.

Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

Мектебіміздің 8-10 сынып оқушылары арасында "Мирас" ер балалар клубының жылдық жоспарына сәйкес «Ұл тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Мақсаты: Ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, отбасында да, қоғамдық ортадағы тәрбиеде де ер баланы еңбек етуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу.

Жаман тату қазады өзіңе ор,

Оған сенсең, бір күні боларсың қор.

Ары бар, ұяты бар үлкенге сен,

Өзі зордың болады иығы да зор.

Еліміздің ертеңі саналатын ұл-қыздарын салт –дәстүрлермен сусындатып, туған елін, жерін адал сүюді және көзінің қарашығындай сақтап, қорғауды әрбір азаматтың аяулы борышы деп түсіндірген. Қазіргідей көптеген әдеби, мәдени оқулықтар толассыз ақпарат көздері болмаса да ұлттық салт-дәстүрімізді ұрпақ санасына сіңіре білген сол уақыттың адамдарын қалай кемеңгер демессің. Тәрбие арқылы адам тағдыры шешілетінін, оның білімді тұлға болып қалыптасатынын, елдің берік тірегі болатынын көрсетеді.

«Ерікті ісі – қайырымдылықтың бір қанаты!»

«Ерікті ісі- қайырымдылықтың бір қанаты» атты жоспарға сай 8-9-10 сынып оқушыларының арасынан жиналған еріктілер...Еріктілер өз елді мекенімізде орналасқан саябақтарды қоқыстардан тазартып, қарияларымыздың үйіне барып үйлерін тазалауға көмектесті...

Бұл шараның негізгі мақсаты – оқушыларды үлкендерге құрмет көрсетуге, ізгілікке және жанашырлыққа баулу болды.айырымдылық пен мейірімділік – қанымызға сіңген қасиет. Оның волонтерлікпен үндесетіні сөзсіз.

Жастардың әрқашанда жанашырлық танытуы көңілімізге қуаныш ұялатады.

Біздің мектебімізде де волонтерлық қызметінің жұмысы алға басып келеді. Бұл шара арқылы оқушылардың бойына жауапкершілік пен адалдық, Отанды, қоғамды құрметтеу, татулық пен ізгілік қасиеттерін дарыту.

Оқушылардың белсенділігі мен ынтасы, сондай-ақ оларды қолдаған мұғалімдер мен ата-аналар бұл істің тиімді әрі сәтті өтуіне себепкер болды.

Буллинг және оның алдын алу

Мектебімізде жас жеткіншектер арасындағы құқықбұзушылық пен зорлық-зомбылықтың белең алған түрі буллинг, кибербуллингтің алдын алу мақсатында мектеп директорының, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының, мектептегі педагог-психологтардың қатысуымен жоғары сынып оқушылары арасында жиналыс болып өтті.

Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың – қас жауы”, – дейді әл – Фараби. Қазіргі заман бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. «Ұлтыңды сақтаймын десең – қызыңды тәрбиеле, рухыңды сақтаймын десең – ұлыңды тәрбиеле», – деген екен Платон. Бұрынғы ата-бабаларымыздың заманындағы білім саласы төмен болған дейміз. Десек те ұрпақ тәрбиесіне келгенде оларды көреген, тәжірибелі десек қателеспейміз.

Еліміздің ертеңі саналатын ұл-қыздарын салт –дәстүрлермен сусындатып, туған елін, жерін адал сүюді және көзінің қарашығындай сақтап, қорғауды әрбір азаматтың аяулы борышы деп түсіндірген. Қазіргідей көптеген әдеби, мәдени оқулықтар толассыз ақпарат көздері болмаса да ұлттық салт-дәстүрімізді ұрпақ санасына сіңіре білген сол уақыттың адамдарын қалай кемеңгер демессің. Тәрбие арқылы адам тағдыры шешілетінін, оның білімді тұлға болып қалыптасатынын, елдің берік тірегі болатынын көрсетеді.

Буллинг профилактикасын жүргізу бойынша әдістемелік семинар

Оқушыларға арнайы буллинг және кибербуллингтен сақтану туралы әдістемелік семинар өткізілді.

Мақсаты:"Буллинг"сөзінің мағынасын ашу, таныту

Балалар арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу. Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.

Жасөспірім кезеңінде орын алатын буллингтің түрлері және оның шығу себептері жайлы таныстыру және түсіндіру болып өтті. Тәрбие сағаты барысында оқушылар берілген тақырып бойынша өздерінің ойларын білдіріп, пікір алмасты.

Әлеуметтік желілер мен технологиялардың жаңа деңгейге шығуы балалар арасындағы буллингтің жаңа деңгейге көтерілуіне ықпалын тигізіп жатыр. Көбінесе психологиялық шабуыл: қорлау, жаман сөздер айту, келемеждеу, өсек пен өтірік сөз тарату және шеттетуден тұрады. Әсіресе, соңғысы балалардың өз ортасынан алшақтап, жалғыздықтан суицидке баруына әсер ететіндігі жөнінде түсіндірілді.

Еңбек түбі – береке

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында “ЕҢБЕК күні” мерекесіне орай 4"А" сыныбында "Еңбек түбі - береке" тақырыбында тәрбие сағаты өтілді.

Мақсаты:

Оқушыларға еңбектің адам өміріндегі негізгі құндылық екенін түсіндіру;

Еңбекке деген жауапкершілікті дамыту, еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу;

Оқушыларды адал еңбекке баулып, өз болашағы үшін еңбектің маңызын түсіндіру;

Міндеттері:

Еңбек туралы түсініктерін кеңейту;

Адам еңбегімен жасалатын құндылықтарды бағалауға үйрету;

Әртүрлі мамандықтар мен еңбектің маңызын көрсету.

Еңбекқорлық пен шыдамдылық сияқты қасиеттерді қалыптастыру.

Сабақ барысында білім алушылар еңбектің пайдасын қағаз бетіне түсіріп, бір-біріне түсіндірді. Балалар суреттер арқылы жасырынған еңбек жайлы мақалдарды тауып, еңбектің адамзат өміріндегі пайдасын түсіндірді.

Жасөспірімдер арасында алкогольдік ішімдіктерді, порнографиялық өнімдерді,

есірткі және психотроптық заттарды тарататын жеке азаматтар мен олардың

ойын нүктелерін анықтау мақсатында жүргізілген

жұмыстар туралы анықтама

Мектебімізде 2024-2025 оқу жылында оқушылар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алудың іс-шара жоспары негізніде рейдтік жұмыстар жүргізілді.

Қазіргі күні ауытқушы мінез-құлық арасындағы ең жиі кездесетіні, әрі қауіптісі жеткіншектік жаста психотропты заттарды қолдану болып есептеледі. Бүгінгі таңда бұл мәселе мемлекеттік деңгейге жетіп отыр, себебі есірткі және психотропты заттарды қолданатын жеткіншектер санының өсуі мен жастар арасындағы заң және құқық бұзушылық көбеюде.

Жасөспірімдер мен жастар арасындағы нашақорлық тек кеңауқымды мәселе ғана емес, сонымен қатар өрлеу үстіндегі Қазақстанның маңызды проблемасы. Оның әлеуметтік салдары бар: қылмыстар мен адамгершілікке жат әрекеттер істеледі, жеке тұлғаның және жалпы халықтың кері кетуі байқалады, өлім, әсіресе жастар арасындағы өлім жағдайлары етек алуда, өмірге қауіп төндіретін дерттердің дамуы және берілуі байқалуда, ауру және кеміс балалардың тууы, ажырасулар көбеюде.

Осындай олқылықтардың алдын алу мақсатында мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, мектеп психологтары, мектеп аяжаны бірлесіп 5-11 сынып оқушылары арасында сауалнама жүргізе отырып, сауалнама нәтижесі бойынша психотроптық заттар қолданатын оқушылардың жоқ екендігін анықтадық.

Мектептің осы бағыттағы іс-шара жоспары негізінде оқушыларға арнайы мамандармен кездесулер, тренингтер, түсіндірме жұмыстар, бейнероликтер шеруі жүргізіліп келеді.

"ТАБИҒАТҚА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАЙМЫЗ" акциясы

Табиғат пен адам бір-бірімен тығыз байланысты. Адамға табиғат қаншалықты қажет болса, табиғатқа адам сондайлық қажет. Өйткені табиғатты гүлдендіретін, әрлендіретін, көркейтетін адам.

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасының 2024-2025 оқу жылындағы жылдық тәрбие жоспарына сай, “Қамқор” жобасы-қазан айында "Табиғатқа қамқорлық жасаймыз" акциясы, "Еңбегі адал жас өрен" жобасы аясында – мектеп оқушылары мектеп ауласын қоқыстардан тазартып, қажетсіз қалдықтардан тазарту жұмыстарын жүргізді. Акция барысында балалар табиғатты ластмамау үшін сенбілік жұмыстары мен қолданылған қалдықтар мен қоқыстарды арнайы қоқыс жәшіктеріне тастау, бұлақ көздерін ашу, келешек ұрпаққа үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ рухани-адамгершілік қасиеттерді, азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді, парасаттылық пен адалдықты дамыту арқылы қазақстандық мәдениеттің құндылықтары негізінде өскелең ұрпақтың үйлесімді дамыған тұлғасын қалыптастыруға үлестерін қосты. Қай кезде де болмасын ең бірінше өз ортаңа тазалықпен қарау адамдықтың басты қасиеті екендігі белгілі. Аталмыш шараның аула тазалығын сақтауда ғана емес, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуда да алар үлесі зор. Мектеп – ортақ үйіміз. Сондықтан, оның көркейіп, гулденуіне әрбір тұрғын бей – жай қарамай, таза ұстауға атсалысуы қажет. Тазалық әркімнің өз ауласынан басталатынын ескерте отырып, аудан тұрғындарын аталған тазалық шарасына өз үлестерін қосуға шақырамыз.

Мақсаты: ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қоғамда, өскелең ұрпақ арасында мейірімділік, қамқорлық сезімін қалыптастыру. Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке және табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Міндеттері:

білім алушылардың қоршаған ортаға қамқорлық сезімін ояту;

білім алушыларды табиғатқа ұқыптылықпен қарауға баулу;

еңбекке деген құрмет сезімін ояту;

Еңбексүйгіштік, қоршаған ортаны аялау, қарияларды құрметтеу және үлкендердің еңбегін бағалау - бұл біздің жас ұрпақтың бойына сіңіруіміз тиіс адамгершілік қасиеттер мен қоғамдық құндылықтар болып саналады. Адамзаттың ортақ үйі саналатын табиғатқа қамқорлық жасау - адамгершілік құндылықтың жоғарғы белгісі. Экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым оның болашағы зор болмақ.

Жасөспірімдер арасында алкогольдік ішімдіктерді, порнографиялық өнімдерді,

есірткі және психотроптық заттарды тарататын жеке азаматтар мен олардың

ойын нүктелерін анықтау мақсатында жүргізілген

жұмыстар туралы анықтама

Мектебімізде 2024-2025 оқу жылында оқушылар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алудың іс-шара жоспары негізніде рейдтік жұмыстар жүргізілді.

Қазіргі күні ауытқушы мінез-құлық арасындағы ең жиі кездесетіні, әрі қауіптісі жеткіншектік жаста психотропты заттарды қолдану болып есептеледі. Бүгінгі таңда бұл мәселе мемлекеттік деңгейге жетіп отыр, себебі есірткі және психотропты заттарды қолданатын жеткіншектер санының өсуі мен жастар арасындағы заң және құқық бұзушылық көбеюде.

Жасөспірімдер мен жастар арасындағы нашақорлық тек кеңауқымды мәселе ғана емес, сонымен қатар өрлеу үстіндегі Қазақстанның маңызды проблемасы. Оның әлеуметтік салдары бар: қылмыстар мен адамгершілікке жат әрекеттер істеледі, жеке тұлғаның және жалпы халықтың кері кетуі байқалады, өлім, әсіресе жастар арасындағы өлім жағдайлары етек алуда, өмірге қауіп төндіретін дерттердің дамуы және берілуі байқалуда, ауру және кеміс балалардың тууы, ажырасулар көбеюде.

Осындай олқылықтардың алдын алу мақсатында мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, мектеп психологтары, мектеп аяжаны бірлесіп 5-11 сынып оқушылары арасында сауалнама жүргізе отырып, сауалнама нәтижесі бойынша психотроптық заттар қолданатын оқушылардың жоқ екендігін анықтадық.

Мектептің осы бағыттағы іс-шара жоспары негізінде оқушыларға арнайы мамандармен кездесулер, тренингтер, түсіндірме жұмыстар, бейнероликтер шеруі жүргізіліп келеді.

"ҚОҒАМҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУ" ВОЛОНТЕРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

«Қоғамға қызмет ету» волонтерлік қызметі – адамдардың ерікті түрде, өз еркімен қоғам игілігі үшін атқаратын қызметі. Бұл қызмет материалдық сыйақысыз жүзеге асырылады және қоғамның дамуына, әл-ауқатын жақсартуға бағытталады. Волонтерлік қызмет түрлері көп және әртүрлі салаларда қолданылады, соның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, экология, әлеуметтік көмек және мәдени шаралар сияқты бағыттар.

Біздің мектебімізде де волонтерлық қызметінің жұмысы алға басып келеді. Бұл шара арқылы оқушылардың бойына жауапкершілік пен адалдық, Отанды, қоғамды құрметтеу, татулық пен ізгілік қасиеттерін дарыту.

Волонтерлық - қоғамның әр саласындағы түйінді, түйткілді тиімді түрде шешуге мүмкіндік беретін маңызды әлеуметтік институт. Еріктілер қоғамының белсенділігі қоғамның жетілуін, оның даму деңгейі мен өздігінен ұйымдаса алу қабілетін көрсетеді. Қазақ халқында «Жақсылық болған жерде, тапшылық болмайды» деген керемет мақал бар. Бір жағадан бас, бір жеңінен қол шығарып қоғамға қызмет ету - қашаннан қанымызға сіңген асыл қасиет»

Мақсаты:

Қоғамға қызмет жасай отырып,ерікті түрде еңбек ету.Сынып жетекшісі волонтёрлық қызмет жайлы жан-жақты түсінік бере отырып,қарттарға,мүгедектерге,мүмкіндігі шектеулі жандарға т.б көмекті қажет еткен жандарға ерікті түрде көмек беру адамгершілік қасиет екендігін түсіндірді,сол арқылы елдің алғысына бөлену және достар табу.

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында "Қамқор" жобасы аясында "1 қазан-Қарттар күні" және "Мұғалімдер күні" мерекесіне орай "Қоғамға қызмет ету" тақырыбымен волонтерлік шара өтті.

Даналық ұстаздан челленджі

Біртұтас тәрбие” бағдарламасы негізіндегі “Шабыт” жобасы аясында "Даналық ұстаздан" челленджі ұйымдастырылды.Челленджге мектеп оқушылары қатысты.

«Ұстаз тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар қоғамда еңбекқорлық, жауапкершілік, мейірімділік, адалдық және тәрбиелілік сынды қасиеттерді қалыптастыратын көшбасшылықтың үлгісі. «Даналық ұстаздан» челленджі педагогтердің ұрпаққа сіңірген еңбегіне ризашылығымыз бен құрметімізді көрсетеді. «Ұстаз тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар қоғамда еңбекқорлық, жауапкершілік, мейірімділік, адалдық және тәрбиелілік сынды қасиеттерді қалыптастыратын көшбасшылықтың үлгісі. «Даналық ұстаздан» челленджі педагогтердің ұрпаққа сіңірген еңбегіне ризашылығымыз бен құрметімізді көрсетеді.

Оқушылар ұстаздарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, жауапкершілікті сезініп, өздеріне жүктелген міндеттерді өз деңгейінде атқарды. Шара соңын қорытындылай келе, оқушылар "Дублер күні" алған әсерлері мен ұстаздық қызметтің қызығы мен қиындығы туралы өзара пікірлерімен бөлісті.

Дублер күні - оқушылар мұғалім болып, өзін-өзі басқара алатын, сабақтарды жүргізудің маңызды екендігін сезінді.

«Тәуелсіздік және отаншылдық» құндылығына сәйкес сынып сағаты

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында "Тәуелсіздік және отаншылдық" құндылығына баулуда мектепте 23 қазан күні 2024 жылы 4 "А" сынып оқушыларымен "Менің отаным - Қазақстан" тақырыбында тәрбие сағаты өтілді.

Сабақтың мақсаты:

Отанын, туған жерін қорғай білуге, ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігі үлгісінде Отанды, елін сүюге, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Оқушылардың жауапкершілік, белсенділік, ізденгіштік, зерттеушілік қасиеттерін дамыту

Құндылық:«Тәуелсіздік және отаншылдық айы»

Тәрбие сағатында оқушылар белсенді қатысты.

ОЙЫНҒА САУАТТЫ КӨЗҚАРАС

Жоғары сынып оқушылары мен ата-аналардың арасында «Интернет-тәуелділіктің, ойын-сауықтың, лудоманияның алдын алу» тақырыбында әңгіме өтті.

Әңгіме мақсаты:

құмар ойындардың адам психикасына зиянды әсері туралы түсінігін кеңейту; оқушыларда бар проблеманы саналы түрде түсінуді дамыту;

құмар ойындарға теріс көзқарас қалыптастыру;

салауатты өмір салтына оң көзқарасты тәрбиелеу;

өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі бағалауды арттыруға, өзін-өзі тәрбиелеуге ынталандыру.

Шара барысында жағымды психологиялық ахуал тудыру мақсатында «Жүрек» тренингін жүргізді. Аяқталмаған жүректі аяқтап салып, ортасына бір заттың суретін салып, әңгімелетті.

«Лудомания қалай емделеді?» тақырбында бейнеролик көрсетіліп, жетелеуші сұрақтармен талқыланды.

Кері байланыс жасау мақсатында «Тілек ұшағы» әдісі жүргізілді. Өзіңе не тілесең, досыңа соны тіле деген ұранмен, ұшақ жасап, қанатына тілектерін жазып, достарына ұшырды.

Құмар ойыннан аулақ болып, өмірге салауатты көзбен қарайық деген қорытынды жасалды.

Оқушылар өзекті мәселелерді талқылауға қатысып, бейнеролик көріп, пікір білдірді

Дублер күні

Мектебімізде мұғалімдер күніне орай «Дублер күні» іс-шарасы ұйымдастырылды. Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараны 9-11 сынып оқушылары өткізді.

Жоспар бойынша алдын ала өзін өзі басқару күнін өткізу ережесі, мақсаты мен міндеттері, өткізу форматы мен тәртібі айқындалды.

Мектеп парламенті мен жоғары сынып оқушыларынан бастамашыл топ құрылып, бір күн мұғалімдерге дублер болды. Дублер оқушылар сабаққа ынта-ықыласымен дайындалып, түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып, қызықты әрі жоғары деңгейде өткізді.

Күн қорытындысы бойынша жиналыс өткізіп, әрқайсысы өз пікірлерімен бөлісті.

Бұл күні жоғары сынып оқушылары мұғалім рөлінде болып, қиындығы мен қызығы мол мамандықтың ерекшелігін түсінуге мүмкіндік алды.Таңертең мұғалімдерді мектептің өзін-өзі басқару ұйымы қарсы алып мерекелерімен құттықтап, көңілді күйде қарсы алды.Бекітілген кесте бойынша 5-9 сынып оқушыларына сабақ өткізіп, Дублер күнінің соңында ұстаздарға арнаған мерекелік концерттерін ұсынды.

Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам

Қазан айының екінші аптасының апталық жоспарына сәйкес мектебіміздегі білім алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталған өмірлік сын-қатерлерге төтеп беретін, табысты әлеуметтенген жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру мақсатында 1-11 сыныптар бойынша "Цифрлық әлемге қауіпсіз қадам" тақырыбында сыныптан тыс сабақ болып өтті.

Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам жасаудың негізгі ережелері мыналар:

Жеке ақпаратты қорғау

Интернетке жеке мәліметтеріңізді (жеке куәлік нөмірі, мекен-жайыңыз, банктік деректер) енгізуден сақ болыңыз.

Әлеуметтік желілерде жарияланған ақпараттың көлемін шектеу.

Жеке аккаунттарыңызға күрделі, ұзақ құпиясөздер қолданыңыз және оларды үнемі жаңартып отырыңыз.

Оқушылар интернет кеңістігінде өздерін қалай қорғау керектігін үйреніп, жеке ақпараттың маңыздылығын түсінді.

Оқушылар тақырыпқа ерекше қызығушылық танытып, белсенді түрде қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Бұл сынып сағаты әр оқушыға қауіпсіз интернет әлеміне сенімді қадам жасауға көмектесетініне сенімдіміз!

"Күзгі асар" жәрмеңкесі

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында мектебімізде бастауыш сыныптар арасында "Күзгі асар" жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Күз мезгілі молшылыққа толы болғандықтан, мақсатымыз күздің берекелі, мерекелі кезін насихаттап, оқушыларды талғампаздыққа, еңбекқорлыққа баулу, балалардың қызығушылығын арттыру болды.

Әр сынып әртүрлі тағамдар дайындап, тағам түрлерінің санитарлық талапқа сай жасап жабдықтады. Күзгі жәрмеңке бірнеше критерийлер бойынша ұйымдастырылды:

Тағам бағасы, тақырыпқа сай безендіру, оқушылардың киімінің талапқа сай болуы басты міндетке алынды.

Бұл іс-шараға мектеп әкімшілігі, мектеп ұжымы, сынып оқушылары, сынып жетекшілері белсене қатысты. Іс-шара кезінде қатысушылар ерекше көңіл-күйде болды, мереке мен бірлік атмосферасын сезінді.

ҚҰМАР ОЙЫНДАРЫМЕН БӘСТЕСУДІҢ ЗИЯНЫ, ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖАДЫНАМАЛАР ТАРАТУ

Ойынқұмарлықтың адамның өмірін бұзып, психикалық және физикалық денсаулығына әсер етуі туралы мағлұмат беру мақсатында жоғары сынып оқушылары арасында “ҚҰМАР ОЙЫНДАРЫМЕН БӘСТЕСУДІҢ ЗИЯНЫ, ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖАДЫНАМАЛАР ТАРАТУ” тақырыбында мектеп психологы Г.Жалелованың ұйымдастыруымен психологиялық сағат өткізілді.

Лудомания – адам өмірінде басым рөл ойнайтын, әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкелетін патологиялық ойын құмарлығы.

Абай Құнанбаевтың «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деген осы үш қасиеттін пайдалана отырып, адамдықор қылатын – надандыққа, еріншектікке, залымдыққа жол бермей, баланың тәрбиесін ата-аналар осы бастан қолға алса, құба-құп болар еді.

Психологиялық сағат барысында оқушылар құмар ойынның зияны туралы өз ойларын ортаға салып, сауалнамаға жауап берді, жадынамалар таратылды.

Діни экстремизм деген не?

Қазіргі заманда адамзаттың жаһандану мəселелерінің бірі ретінде діни экстремизмге қарсы күрес болып табылады. Діни негіздегі экстремизм мəдени, экономикалық жəне заңды кеңістіктердегі жаһандану үрдісінің байланысы, бұл объективті үрдіс топтар мен жалпы адамзаттық құндылықтар арасындағы қақтығыстар мен конфликтілерді, əртүрлі мəдениеттегі халықтардың жəне діни наным-сенімдердің наразылығын тудырады. Әлем бойынша діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында қолға алынған шаралардың деңгейі әр түрлі болып келеді.

Осыған орай, мектебімізде 3 қазан күні 6-9 сынып оқушыларына «Діни экстремизм деген не?»» тақырыбындағы жадынамалармен таратылды. Жадынамада жалпы дін туралы түсінік беріліп, діни экстремизм мен терроризмнің адамға тигізер зиянды тұстарын ашып көрсеткен. Сонымен қатар жақындарына, достарына жат ағымдарға байланысты қауіп төнген кезде көмектесетін қауырт желі телефонына және сенім телефондарына хабарласуға болатындығы туралы айтып түсіндірді.

Мақсаты: Діни экстремизм туралы түсінік қалыптастыру.

Қазіргі кезде қоғамымызда адам санасын улап жатқан діни ағымдардың саны уақыт өткен сайын көбеиіп барады. Олардың біз білмейтін қаншама түрлері бар. Сонымен қатар оның адам санасына, өміріне деген қаншалықты зиян келтіріп жатқанын көптеп естіп жүрміз. Оқушыларға діни экстремизм мен терроризмнің адамзат тағдырына, еліміздің дамуына кері әсерін тигізетіндігі түсіндіріліп, олардан сақ болу жайында бейнероликтер мен презентациялар көрсетілді.

Міне, осы діни ағымдар туралы мекеме қызметкерлері мен ауыл жастарына мәлімет бере отырып, осы адастырушы діни ағымдардан аулақ болуы керектігі жөнінде кеңінен айтылып өтті. Іс-шара соңында мекеме қызметкерлері «Экстремизм және тәрбие» тақырыбында мол мағлұмат алып, өз ойларын ортаға салды.

Компьютерлік ойындардың зияндылығы

"Компьютерлік ойындардың зияндылығы" тақырыбында 3 "А" сыныбында тәрбие сағаттары болып өтті.

Оқушыларға компьютерлік ойындардың зияны – олардың адамның психикалық және физикалық денсаулығына тигізетін теріс әсерлері бар екеніне түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Денсаулыққа әсері мен психикалық және әлеуметтік әсерін оқушыларға толық жеткізу.

Ойын жасаушылар мен ата-аналарды, сондай-ақ қоғамды ойындар мен олардың мазмұнының жауапты пайдалануы жөнінде ойлануға шақыру.

Сабақ барысында оқушыларға бейнеролик көрсетілді.

Сендер компьютерлік ойындарға қанша уақыт жұмсайсыңдар?

Ойын сендердің оқу процесіне қалай әсер етеді?

Лудомания белгілерін білесіздер ме? Оқушылармен пікрталастар болып ,ситуациялық сұрақтарға жауап берді.

Компьютерлік ойындардың зияны туралы айтылып-ақ келеді. Керісінше күн өткен сайын балалардың аталған ойындарға деген тәуелділігі көбейіп барады. Мәселен, дәрігерлер мен психологтардың пікірінше, теледидар мен компьютерлік ойындардың бала санасына тигізетін зияны шаш-етектен. Яғни, тапжылмай ұзақ уақыт көгілдір экран алдында отыру- біріншіден, баланың ой-өрісінің дамуын шектесе, екіншіден, оның мінез-құлқының өзгеруіне әсер етеді екен.

Демек, кез келген ата-ана балаларына компьютерлік ойындарды ойнатпас бұрын оның зияны туралы да ескертуді ұмытпағаны жөн.

«Тәуелсіздік және отаншылдық» құндылығына сәйкес сынып сағаты

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

(Фариза Оңғарсынова)

Туған жер! Әрбір адам осы сөзді естігенде ең бірінші өзінің туған жерін есіне түсіреді. Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына жатыр десеңізші?!

"Туған жер алтын бесігім" тақырыбында 4 "А" сыныбында тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты: жас ұрпақты өз Отанын сүюге, туған жерінің тарихын білуге, туған жерін қастерлей білуге тәрбиелеу, оқушыларды өз елін ,жерін қорғап оны ойлай білетін ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын көркем толық жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға ретінде қалыптастыру, туған жер тарихын ұғындыра отырып, елін, жерін, табиғат байлықтарын қорғай білуге үйрету

Туған жер – ауылым алтын бесігім. Оның адам өмірінде алатын орны ерекше, киелі ұғым. Туған жер, туған ел деген екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?!

Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінеді. Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Туған жерді сүю парыз, сүю үшін білу парыз. Туған өлке тарихын әспеттеп, келер ұрпаққа жеткізу аға буынның міндеті. Бұл жайында Болашаққа қалай қадам басарымыз – өскелең ұрпаққа беретін тәрбиеге байланысты. Бүгінгі сынып сағаты барысында жастарды киелі мекеннің тарихымен таныстыра отырып, олардың туған жерге деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін арттыру туралы айтып өтті.

Буллингтен қалай қорғану керек?

Буллинг және кибербуллинг — қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер, олар жастардың психологиялық және физикалық денсаулығына теріс әсер етеді. Кибербуллинг — интернет немесе мобильді құрылғылар арқылы жасалатын буллинг түрі. Бұл вербалды және эмоционалдық қысым көрсету арқылы жүзеге асады.

Мектебімізде 8 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен « Буллингтен қалай қорғау керек? » тақырыбында ашық тәрбие сағаттарын өтті . Сіздер буллингті қалай түсінесіздер?»

«Буллингтің қандай түрлерін білесіздер?»

«Сіздер буллингтің құрбаны немесе куәгері болдыңыздар ма?» Оқушылар шағын топтарға бөлініп, әр топқа буллингтің бір түрін (физикалық, вербалды, эмоционалдық, әлеуметтік) талқыланды

Оқушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, олардың өз тәжірибелерімен бөлісуін сұралды.

Буллингтен құтылу — тек жеке адамдардың емес, қоғамның да жауапкершілігі. Барлық тараптардың бірлесіп әрекет етуі арқылы буллинг мәселесін шешуге болады, нәтижесінде жастар мен балалардың өмір сапасы артады.

Мектеп парламентінің президентін сайлау

Мектеп Парламенті - оқушылардың өкілетті ұйымы ретінде мектептің алдына қойған мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруға, мектеп өміріндегі мәдени іс-шаралар мен ағымдағы болып жатқан істерді шешуге белсене араласады.

Мектебімізде президенті мен парламент мүшелерінің ұлықтауға арналған салтанатты рәсімі өткізілді.

Бір ай бойы мектеп президенті лауазымына үміткерлер сайлау алдындағы бағдарламаларын өткізіп, жаңа идеялар мен жобаларды ұсынды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша ..... сынып оқушысы ...........барлық кандидаттар арасында ең жоғары дауыс жинап, мектептің жаңа президент лауазымына тағайындалды.

Жаңа президентпен бірге мектептегі парламент мүшелерініңде жаңа құрамы анықталды.

Осы орайда 2023 жылдың 27 қазан күні мектеп Парламентінің Президенті мен мүшелерін ұлықтау рәсімі ұйымдастырылды.

Олар мектеп өмірінің жақсаруына үлес қосуда белсенділік көрсететіндеріне уәде беріп, өз міндеттерін мүлтіксіз орындауға ант қабылдады.

Мектеп директоры Ж.А.Биимбет қатысуымен парламент мүшелеріне төс белгімен, куәліктерін табыстады.

Мектеп парламенті Президентінің алдағы уақыттағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!

Психологпен кездесу

Мектебіміздің жоғары сынып жетекшілері арнайы мамандар шақырып кездесу ұйымдастырды. Кездесудің негізгі мақсаты-оқушылардың психологиялық сауатын арттыру арқылы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу.

Семинар-тренинг барысында психолог маман «Аутодеструктивті мінез-құлыктың алдын алу» тақырыбында психологиялық

семинар тренинг жүргізді. Айша ханым психологиялық техникаларды қолдана отырып, позитивті ойлау қабілетін жетілдіру, әлеуметтік ортада әртүрлі мәселелерге тап болган жағдайда, оңтайлы шешу жолдарында

көз қарасын кеңейту, өз өміріне қатысты жауапкершілікті арттыру бойынша дағдыларды қалыптастырды.

Сондай-ақ, оқушылар өзіндік мақсаттары мен құндылыктары туралы әңгімелеп, кері байланыс орнатылды.

8-11 сынып оқушыларының аймақтық полиция инспекторларының кездесуі, «Жасөспірім және қылмыс» ашық әңгімелесу

Мектебімізде 8-11 сынып оқушыларының аймақтық полиция инспекторларының кездесуі, «Жасөспірім және қылмыс» ашық әңгімелесу болып өтті.

Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп және оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағатында өмір қауіпсіздігі, құқық бұзушылық туралы, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігін арттырып, оның алдын алу бойынша, сондай-ақ оқушылар арасында болып жатқан қылмыстың түрлі мәселелеріне тоқталды. Зорлық-зомбылық,құқық бұзушылық орын алған жағдайда қолданылатын арнайы баптары мен айыппұлдары таныстырылды.

Сынып сағатында жасөспірімдердің қылмысқа тартылу себептері, жасөспірімдерге тән қылмыстық әрекеттер жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп ,сауалнамалар алынды.

Жасөспірімдер мен қылмыс мәселесі — қоғамдағы күрделі мәселе, оған көп факторлар әсер етеді. Жасөспірімдерді құқық бұзушылықтан қорғау үшін кешенді шараларды қолдану, отбасы, мектеп және қоғам арасындағы ынтымақтастықты арттыру маңызды. Бұл бағытта жұмыс істегенде, жасөспірімдердің құқықтары мен мүдделерін ескеру қажет.

Қазақстандық жасөспірімдерге патриоттық сезімдерді дәріптейтін күшті құрал – кино

"БІРТҰТАС ТӘРБИЕ" бағдарламасы аясында

"Әлеуметтік жобалар мен іс шаралар арқылы құндылықтарды енгізу" блогы бойынша "Ұшқыр ой алаңы " дебат клубы мүшелерінің қатысуымен 9 қазан күні "Б.П. Қазақстандық жасөспірімдерге патриоттық сезімдерді дәріптейтін күшті құрал – кино д.е." тақырыбында пікір сайысы өткізілді.

Мақсаты: тілдік дағдыларды дамыту және тақырыптық талқылау арқылы құндылықтарды дәріптеу; ой-өрісті дамыту,жан-жақты ойлау арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сыйластыққа,достыққа және мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сайыста "Үкімет" тобының және "Оппозиция" тобының спикерлері өз позицияларына сәйкес ойын көрсетті.

"Б.П. Қазақстандық жасөспірімдерге патриоттық сезімдерді дәріптейтін күшті құрал - кино д.е." қарар тақырыбы бойынша екі топ спикерлері өз аргументтері мен фактілерін келтіріп, тұщымды ойларын ортаға салды. Сайысқа оқушылар белсене қатысып, ұтымды ой айтып, түйінді пікір білдірді.

Пікір сайыста фракциялар өз дәрежесінде ойын көрсетіп мақсатына жетті.


Республикам-мақтанышым!

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасының жоспарына сәйкес сыныптарда "Республикам-мақтанышым!" тақырыбында сонымен қатар "Отаным-алтын бесігім!"дәйек сөзін басшылыққа ала отырып сынып сағаты өтілді

Мақсаты:

- Қазақстандық патриотизмді насихаттау, жас ұрпақты тәуелсіздік нышандарына құрметпен қарауға тәрбиелеу;

- Оқушыларды өз Отанын сүюге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт –дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу;

- Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру;

- Патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту.

25 қазан - Республика күніне орай Ұлттық нақыштағы атқа мінген қазақ батырлары, салт-дәстүр кейіпкерлерінің символдық шеруі өткізілді. Шеруге «Облыстық жас туристер станциясы» КММ директоры Өмірбаева Сәуле Өмірсерікқызы, ұлттық нақышта киінген қазақ батырлары, бүркітші, садақшы, мемлекеттік ту ұстаған мекеме қызметкерлері мен оқушылар қатысты.

«Кәмелетке толмағандармен мен және оларға қарсы жасалған қылмыстардың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін сақтау және топтық төбелестің алдын алу»

8-10 сынып ер балаларына құқық бұзушылықтың алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау, қоғамдағы келеңсіз жайттардан сақтану, ішкі тәртіп таптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында қазіргі таңдағы жасөспірімдер арасындағы мәселелерге кеңінен тоқталып, заң талаптары баяндалып, қазіргі таңда орын алып жатқан жасөспірімдер арасындағы қылмыстық іс-әрекеттердің алдын-алу жолдарын таныстырып, құқық бұзған жасөспірімдерге қолданылатын шаралар және жазалар жайлы мағұлмат берілді.

Сонымен қатар, жастар арасында әлімжеттік пен құқық бұзушылықтын алдын алу, кәмелетке толмағандармен мен және оларға қарсы жасалған қылмыстардың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін сақтау және топтық төбелестің алдын алу, білім алушылар арасында жаман әдетке үйір болмау, түнгі рейдтер туралы, ішкі тәртіпке бой ұсыну, темекі, ішімдік сияқты заттардан аулақ болу, бір-біріне үстемдік жасамау сияқты жаман әдеттердің алдын алу тақырыбында әңгіме жүргізілді.

Әсіресе, әлімжеттік, бопсалау сынды теріс әрекеттерге барудың аяғы жақсылыққа апармайтындығы баса айтылды.

Жамандыққа бармаудың бір жолы бос уақытты тиімді пайдаланып, өзімізге қажетті нәрселермен айналысу.

Білім алу, үйірмелерге қатысу, спортпен айналысу секілді жақсы қадамдар — бүгінгі ұрпақтың қоғамнан тыс қалмауына зор ықпал етері анық.

«Демалыста кітап оқимыз» («Балалар кітапханасы» жобасы аясында)

Мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Демалыста кітап оқимыз» атты Буккроссинг акциясы өткізілді. Буккросинг (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі) – «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби мен адам және кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі. Буккроссингтің ережесі бойынша, кез-келген адам өзі оқып бітірген бір кітабын қоғамдық көпшілік орындарда (саябақ, кафе, кітапхана және т.б.) қойып кете алады, кейін бұл кітапты тауып алған басқа адам оқиды, оқып болған соң, ол да сол кітапты орнына тастап кетеді, дәл осылай ол кітапты басқа оқырман оқи алады. Бұл қоғамдық қозғалысқа қатысушыларды – «буккроссерлер» деп атайды.

«Буккроссингтің» басты мақсаты ол − үйімізде шаң тозаң болып жатқан немесе оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау»;

оқырмандар арасында «кітап алмастыру» акциясын жүргізу;

әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру;

кітапханаға оқырмандарды тарту;

күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу;

әлемді үлкен кітапханаға айналдыру.

Мектеп білім алушылары акцияға белсене қатысып, өздерінің оқыған кітаптарын бір-біріне сыйға тартты.

"ТАБИҒАТҚА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАЙМЫЗ" акциясы («Қамқор» жобасы)

Әлеуметтік жобаның басты мақсаты – жастардың тазалықты түсінудегі танымын ашу мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дағдысын дамыту. Қоршаған ортасы лас, суы лаң, ағашы улы табиғаттың адамға да зияны көп екені айтпаса да белгілі. Сондықтан табиғатты аялау, оған қамқорлық таныту жер бетіне келген кез келген жұмырбасты пенденің парызы мен борышы болуы керек. Халқымыз топыраққа шыққан жасыл шөптің өзін жұлуға тыйым салған. Өйткені шөп – таудың көркі, малдың жемі. Оны жұлу  өзіңнің тамырыңа балта шабумен бірдей.

Табиғат – адамзаттың анасы. Дүниеге есігін ашқан сәбиге бар ризығы мен несібесін тосатын ана сынды табиғат та буыны қатаймаған адам баласына бар болмысын беріп, береке сыйлайды. Ырысымен бөліседі. Бала шақтан өтіп, ержеткен шақта анамызға қалай қамқорлық қылғанымыз сынды табиғат анаға да солай қамқорлық қылуымыз қажет. Ананың ашуы мен қаһары қашанда ауыр. Табиғат-ананың да қаһары адамзатқа жеңіл болмас.

Біртұтас тәрбие бағдарламасының 2024-2025 оқу жылындағы жылдық тәрбие жоспарына сай, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қоғамда, өскелең ұрпақ арасында мейірімділік, қамқорлық сезімін қалыптастырып, достық пен бірлікті нығайту және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мақсатында “Қамқор” жобасы аясында қазан айында “Табиғатқа қамқорлық жасаймыз” акциясы өтуде.

Эко-акциямыздың негізгі мақсаты жастарды бір-біріне көмек беруге үйрету, қайырымдылыққа баулу, табиғатты аялауды ұғындыру, күнделікті табиғатқа қамқорлық жасауды әдетке айналдыру, патриоттық сезімдерін ояту болып табылады. Оқушыларға табиғаттың маңызын түсіндіру.Табиғатты қорғаудың жолдары мен әдістерін талқылау.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.Табиғат құндылығының маңыздылығы, табиғат пен адамның қатынасының үйлесімділігі туралы түсіндіру.
























ІІ тоқсан бойынша атқарылған жұмыстар есебі


Тақырыбы: "Адал азамат- Адал еңбек- Адал табыс" тәрбие сағаты

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 4 қараша күні 9-сынып оқушыларының қатысуымен "Адал азамат- Адал еңбек- Адал табыс" тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Оқушыларға адалдықтың, еңбекқорлықтың және адал табыстың маңыздылығы туралы ой қозғау. Адал азамат болу-қоғамымыздың негізгі қорғаны, ал адал еңбек-адамның өзіне және отбасына жарқын болашақ сыйлаудың ең тиімді жолы екенін түсіндіру. Сонымен қатар, балаларды адалдық пен әдептілікке, әділдікке тәрбиелеу.

Тәрбие сағаты барысында сынып жетекшісі оқушыларға "Адал адам", "адал еңбек" және "адал табыс" ұғымдарына тоқталып, түсінік берді. Ақын-жазушылардың шығармаларынан үзінді келтіріп, мағынасы түсіндірді. Оқушыларға тақырып аясында сұрақтар қойып, кері байланыс орнатылды. "Дұрыс па, бұрыс па" әдісі арқылы оқушылар білімдерін пысықтады.

Адал азамат дегеніміз — жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам. Яғни, адалдық пен әділдікті бәрінен биік қояды.

Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы керек. Әрбір адам "Адал азамат" деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды.

Қорытынды. Адал еңбек – адамның жан-дүниесін байытатын және оның қоғамдағы орнын айқындайтын басты құндылық. Оқушылар әрбір адам адал еңбек арқылы ғана шынайы табысқа жете алатынын түсінді.

АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

Oтбaсы – барлығымыздың жүрегімізге ең жақын сөз. Ол – махаббат пен тыныштықтың, мейірім пен жарасымның, қуаныш пен мерекенің мекені. Адам баласының өсіп-өнетін алтын ұясы.

«Oтан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю – отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы баспалдағы. Демек, отбасы – бала бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қайнар бұлағы, бастауы. Әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастар жүйесін, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тыйым сөздерді, тәрбиелік мәні жоғары үлгілерін сіңіретін де отбасы.

Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші ата-ана.

І-оқу тоқсанының аяқталуына байланысты 9-11 сыныптың кезекті ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жиналыс барысында күн тәртібіндегі мәселелерге тоқтала келіп, «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» жұмыстары таныстырылды, сынып жетекшілер мамандық таңдау бағытында «Сен жанбасаң лапылдап», «Құмарлыққа бой алдыру –тәуелділік құрдымы», «Атадан-өсиет, анадан -қасиет» және «Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны» тақырыптарында таныстырылымдар көрсетіп, баяндамалар оқыды.

Жиналыс соңында ата-аналар мектеп ұжымына алғыстарын жаудырып, мұғалім, мектеп, ата-ана үштік одағы біріксе, бала тәрбиесі жоғары сатыда болып, еліміздің болашағы балалар білімді де тәрбиелі, алғыр болып өсетініне сенім білдірді.

САРЫАРҚАНЫҢ САҢЛАҒЫ - БИІК ТҰЛҒА БЕЙІМБЕТ сахналық қойылым

Бейімбет Майлиннің туғанына -130жыл

XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірегейі — Бейімбет Майлин. Ол поэзия, проза, драматургия жанрларында өнімді еңбек етіп, өз дәуірінің шындығын, қазақ елінің, әсіресе ауыл адамының санасындағы өзгерулер мен жаңаруларды, халықтың бастан кешірген күрделі оқиғаларын, әлеуметтік өмірдің шытырман қайшылықтарын көрсетті. Кеңестік заманның алғашқы жиырма жыл ішіндегі қоғамдық құбылыстардың еңбекші адамға тигізген әсерін, қазақ халқының ғасырлар бойында қалыптасқан тұрмыстық, салттық болмысының, шаруашылық, кәсіптік негізінің жойылып, оның орнына жаңа құрылымдардың табиғи орын теуіп болмаған кезеңінің сыры мен мұңын шебер суреттеді.

Бүгін мектебімізде “Мектеп театры” жобасы аясында 5сыныптар бойынша “САРЫАРҚАНЫҢ САҢЛАҒЫ-БИІК ТҰЛҒА БЕЙІМБЕТ” тақырыбында жазушы шығармаларынан драмалық сахналық қойылым сайысы өткізіліп, оқушылар сахналық шеберліктерін көрсетіп, марапатталды.

Ұлттық тәрбие-ұлттық рухтың негізі

10 сынып оқушылары арасында "Ұлттық тәрбие-ұлттық рухтың негізі" тақырыбында пікірсайыс өткізді.

Мақсаты: Ұлттық-сана сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы азаматтық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.

Оқушылар 4 топқа біріктіріліп, "Отбасындағы ұлттық тәрбие", "Балабақшадағы ұлттық тәрбие", "Мектептегі ұлттық тәрбие", және "Ұлттық тәрбиенің көздері" атты тақырыптар беріліп, талқыланды. Оқушылар белсене атсалысты. Сондай-ақ халық тарихының дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным сенімінің, дүниетанымының көрінісі, бесік жырын дана халқымыз ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп танимыз.

Ендеше осындай ұлылықты, халқымыздың бай саралы да саналы дәстүрлерін еліміздің болашағы-өзіміздің алдымызда отырған ұрпағымызға үйрету-ұстаз қауымының бірінші міндеті деп білемін.

Сынып жетекшілер отырысы

Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында сынып жетекшілер жиналысы болып өтті.

Мектептегі құқық бұзушылықтың алдын алуды түсіндірудің бірлескен жұмыс жоспары негізінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және топтық төбелестің, интернет қауіпсіздігі мен суицид, зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында сынып жетекшілер, тәрбие орынбасары, педагог-психологтар және әлеуметтік педагог қызметкерлермен бірлескен отырыс болды.

Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдарын аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директоры заман ағымындағы болып жатқан түрлі құқықбұзушылық пен жас жеткіншектер өміріне төну қаупі бар келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында талмай жұмыс жасау керектігін атап айтылды.

Мектеп директорының тәрбие орынбасары елімізде жүріп жатқан буллинг, кибербуллинг, ерте жүктіліктің алдын алу жұмыстары, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының маңызы ерекше екендігін атап өтті.

"ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА - ТЕҢГЕ КҮНІ" тәрбие сағаты

15 қараша ұлттық валюта күніне орай "Ұлттық валюта-теңге күні" тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өтілді.

Мақсаты: Ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгенің айналымға кіруі, авторлары жайлы мағұлмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, еліміздің жеткен жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту.

Оқушыларға ақшаның адам өміріндегі маңызы, ақшаның атқаратын қызметі, әр елде әртүрлі аталуы, ұлтық валюта-теңгенің пайда болуы, оның авторлары, ақшаны сақтау орны - банк, шешіп алатын орын - банкомат жайлы толық мәлімет берілді. "Теңгенің шығу тарихы" бейнеролик көрсетіліп, оқушылармен кері байланыс орнатылды. Тақырыпты пысықтау мақсатында "Ақшаны ұсақтау" және "Дүкен" ойындары ойнатылды. Оқушылар тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді. Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.

Сынып сағатының басында мемлекеттік әнұран орындалды. Қауіпсіздік сабағының тақырыбы: ""Кәмелетке толмаған бала заңды жауапкершілікке тартылуы мүмкін бе? ", "Көшедегі қауіпсіз ойындар" туралы айтылды.

"БІРТҰТАС ТӘРБИЕ" бағдарламасы аясында "Әлеуметтік жобалар мен іс шаралар арқылы құндылықтарды енгізу" блогы бойынша "Ұшқыр ой алаңы " дебат клубы мүшелерінің қатысуымен 9 қазан күні "Б.П. Қазақстандық жасөспірімдерге патриоттық сезімдерді дәріптейтін күшті құрал – кино д.е." тақырыбында пікір сайысы өткізілді.

Мақсаты: тілдік дағдыларды дамыту және тақырыптық талқылау арқылы құндылықтарды дәріптеу; ой-өрісті дамыту,жан-жақты ойлау арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сыйластыққа,достыққа және мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сайыста "Үкімет" тобының және "Оппозиция" тобының спикерлері өз позицияларына сәйкес ойын көрсетті.

"Б.П. Қазақстандық жасөспірімдерге патриоттық сезімдерді дәріптейтін күшті құрал - кино д.е." қарар тақырыбы бойынша екі топ спикерлері өз аргументтері мен фактілерін келтіріп, тұщымды ойларын ортаға салды. Сайысқа оқушылар белсене қатысып, ұтымды ой айтып, түйінді пікір білдірді.

Біртұтас тәрбие бағдарламасын және жалпы тәрбие қызметін іске асыру бойынша ұйымдастырылатын тәрбиелік іс – шаралар жоспарына сәйкес «SMART BALA» жобасы аясында «Startup. Ғаламдық экологиялық мәселелер» тақырыбында 8 – 9 сынып білім алушыларының қатысуымен инновациялық идеялар байқауы өткізілді.

Мақсаты - білім алушыларды қоршаған әлемнің жалпы экологиялық бейнесін жасау және оған адамның әсерін айқындауға баулу, ізденіске тәрбиелеу. Бұл жарыс балалардың шығармашылық қабілеттерін, инженерлік ойлауын дамытуға бағытталған. Қатысушылар инновациялық идеялар мен конструкциялар ұсынды. Байқау жастардың техникалық дағдыларын жетілдіруге зор мүмкіндік болды.

Байқау нәтижесімен озық идеяларын ұсынған білім алушылар жүлделі орындармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде "Даналық мектебі" бағдарламасы аясында 1- 2-сыныптар арасында ұйымдастырылған "Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі" атты тәрбиелік іс-шарамыз болып өтті.

Іс-шараның міндеттері: әжелердің ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру; әжелердің бала тәрбиесіндегі рөлін анықтау; өнегелі әжелердің іс-тәжірибесімен бөлісу. Мақсаты;мектеп,ата-ана,бала үштағанын қолдау.

Тәрбие сағаты барысында: әндер, сұрақ-жауаптар, диспуттар, ойындар,кино көрсетілімі,қолданбалы қол өнер тапсырмасы болды. Іс-шара өте қызық, кең көлемде өтілді. Әжелер немерелеріне жол нұсқап, үлгі-өнегесін насихаттап, болашақ ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу керектігін атап өтті. Іс-шара соңы сыйлықтар мен батамен жалғасын тапты. Әженің бала тәрбиесіндегі рөлі ерекше екені байқалды.

ЕСІРТКІСІЗ ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!

Нашақорлық қауіпті індет-алдын алу міндет! Нашақорлық - бұл адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер.

Осы орайда "Нашақорлыққа қарсы бір айлық акциясы" аясында мектебімізде «Есірткісіз жарқын болашық» тақырыбында «Шабыт» жобасы мүшелерінің қатысуымен сахналық қойылым қойылды.

Жастар арасындағы есірткіге әуестік көбінде білместіктен басталады. Нәтижесінде есірткіге ағзаның тәуелділігі қалыптасады. Сондықтан әрбір ата-ана бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарап, отбасындағы тәрбие құндылығын арттыру арқылы ұрпағына зиянды әрекеттер туралы кеңінен ақпарат беріп, саламатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсіндіріп отырғаны абзал.

Адамға берілген құндылық – өмір болса, сол өмірді дұрыс сүру, тәрбиелі ұрпақ өсіріп, елге адал қызмет ету маңызды болып қала бермек.

Мақсаты: оқушыларға әлемді алаңдатып отырған нашақорлық сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығын ескерте отырып, оны болдырмаудың алдын-алуға тәрбиелеу.

БУЛЛИНГТЕН ҚОРҒАН

Мектебімізде оқушыларға буллинг және кибербуллинг жайлы мағұлмат беру, жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу мақсатында 2 - 11 - сыныптар арасында «Буллингтен қорған» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.

Мақсаты: Жасөспірімдер арасындағы буллингтің себептері мен түрлерін анықтау, алдын алу жұмыстарын жүргізу және буллинг туралы ақпаратты кеңейту.

Сабақ соңында қауіпсіздік сабағының тақырыбы «Төтенше қызмет нөмірлері және сенім телефондары» жайында бейнеролик көрсетіліп, оқушыларға қарапайым және төтенше жағдай арасындағы айырмашылық түсіндірілді және қажет болған жағдайда жедел қызмет нөмірлері мен сенім телефондарын қалай дұрыс пайдалану керектігі туралы ақпараттар айтылды.

Буллингпен қоса жүретін Кибербуллингтің (электрондық кеңістікте қудалау, онлайн қатыгездік) өзін-өзі қорғай алмайтын құрбанға қарсы бағытталған, электрондық жолмен әрекеттесу жолдарын қолданумен жалғыз немесе бір топ адам жүзеге асыратын ұзақ уақыт бойы жүйелі қуадалаудың, қасақана агрессияға толы әрекеттердің бір түрі. Бұл смс-хабарламалар, әлеуметті желілер, т.б жолдармен жасалатындығы түсіндіріліп, интернет желісін қолдану шарттары айтылды.

Сонымен қатар қауіпсіздік сабағы"Жедел қызмет номерлері"туралы оқушыларға түсіндірілді.

6"А" сынып оқушыларына "Ислам- өмір айнасы" тақырыбында сынып сағаты өтілді.

Мақсаты: Оқушылардың мұсылман діні және теріс бағыттағы діни бірлестіктер туралы білімдерін кеңейте отырып, ой-өрісін, қиялын, қызығушылығын, адами қасиеттерін қалыптастыру. "Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу" тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. Баяндама барысында «Экстермизмге қарсы іс – әрекеттер туралы» Заңы, «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы, ҚР білім беру ұйымдарында тәрбие берудің жиынтық бағдарламалары , «Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар және қараусыздық пен қорғансыздық ескертулері туралы» бағдарламалары кеңінен түсіндірілді.

Өз іс әрекеттері үшін жауапкершілік

Біртұтас тәрбие жоспары бойынша «Өз іс әрекеттері үшін жауапкершілік” тақырыбында тәрбие сағаты жүргізілді. Сынып сағатының басы әдеттегідей еліміздің Мемлекеттік Гимні орындаумен басталып, оқушылар апта дәйек сөзімен таныстырылды. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнатып алу мақсатында, демалысты қалай өткізгендіктерін сұрап, оқушылар санын түгендеп алған соң, тақырыппен таныстырылды. Содан кейн өз ойларын айтып тақырып бойынша, әртүрлі сұрақтарға жауап берді. Сабақ барасында жауапкершілікті алу түсінігін терең ұғыну үшін жұпқа бөліп, бір оқушының көзін жауып, екінші оқушы өз мойнына жауапкершілік алып кедергілерге жанастырмай мәреге жеткізетін ойын ойнап, тақырыпты қорытындыладық. Сабақ соңында “Төтенше нөмерлер” атты қауіпсіздік сабағы өтті. Жауапкершілік деген сөздің аясының кең екенін , оған адамгершілік,сөзге беріктік,уәдеде тұру сияқты қасиеттер жататындығын айтып,топтастыру арқылы қорғады.»Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп ерте жастан жауапкершілікті сезініп, үйрену керектігі жайында сөз қозғады

"Бір тұтас тәрбие бағдарламасы" негізінде Қараша - "Әділдік пен Жауапкершілік" айы шеңберінде, "Құқықтық сана - қоғамға пана" жобасы бойынша "ҚЫЛМЫССЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ" апталығы аясында жұмыс жоспарына сәйкес, ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ АЛДЫН АЛУ" тақырыбында "Өзін өзі басқару" ұйымы және мектеп тәлімгері - ұйымдастыруында дөңгелек үстел өткізілд

Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтар мен міндеттерін түсіндіру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Барысы:

1. Құқық дегеніміз не?

2. Ата Заңымызда көрсетілген адам құқықтары мен міндеттері

3. Жасөсіпірімдер арасындағы құқық бұзушылық түрлері және жауапкершілік

4. Бейнеролик тамашалау, кері байланыс орнату.

5. Тапсырмалар орындау.

Қорытынды: оқушылар заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратқа жететінін түсінді.

"БАЛАЛАРДЫ РЕНЖІТПЕУ, КЕМСІТПЕУ" СЫНЫП САҒАТЫ

"20 қараша – Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне" орай "Біз бірге зорлық - зомбылыққа қарсы тұрамыз" тақырыбында өткізілетін онкүндік жоспары аясында "Балаларды ренжітпеу, кемсітпеу" тақырыбында 5-6 сынып білім алушыларымен танымдық сағаты өткізілді.

Мақсаты:

-Оқушыларды бір-біріне құрметпен қарауға , ренжітпеуге, кемсітпеуге тәрбиелеу;

- Қатыгездік пен кемсітудің адам психологиясына әсерін түсіндіру;

- Өзара түсіністік пен достықты қалыптастыру, әлеуметтік ортада сабырлық пен адамгершілік қасиеттерін дамыту:

Танымдық сағаты барысында балаларды бір-біріне құрметпен қарауға, оқушыларға өзара қолдау көрсету, жақсылық пен мейірімділік екеуара тілектерін білдіріп, "Құрмет деген не?" немесе "Мен ренжіткен адамды қалай кешіруге болатынын ойлап көр" тақырыбында оқушылар эссе жазды.

Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Бала құқықтары Конвенциясын қабылдағанына 35 жыл,ратификацияланғанына 30 жыл Дүниежүзілік балалар күні жарияланғанына 70жыл толуына орай құрылған іс-шаралар жоспарына сәйкес 20 қараша - Халықаралық балаларды қорғау күні «Бала құқығы - адам құқығы» атты онкүндік аясында "Балаларға қатыгездік көрсетуге жол бермеу, тәрбиенің зорлық - зомбылық әдістерін болдырмау" тақырыбында оқушыларға брошюра таратылды.

Мақсаты: «Балалар құқығы» туралы конвенциясының баптарын таныстыру, құқықтық сауаттылығын арттыру, салауаттылылыққа тәрбиелеп, өз әрекеттеріне баға бере білуге баулу.

Оқушыларға бейнероликтер көрсетіліп, кез-келген зорлық-зомбылықтан балалардың құқықтары заңмен қорғалатындығы айтылды, тақырыпқа сай презентация көрсетілді, жадынамалар таратылып түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру, қоғамда балаларды қатыгездікке төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, сөздік қорын молайту, оқушыларымыздың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру керек.

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, Қараша "Әділдік пен жауапкершілік"айы жоспарына сай 19 қараша-Халықаралық темекіге қарсы күрес" күніне орай ерекше білім беруге қажеттілігі бар "Жас ұлан" ұйымы мүшелері,5-7 сынып оқушыларымен "Өмірге салауатты қадам " тақырыбында тәлімгер, сынып жетекшілер бірлескен сынып сағаттарын өткізді.

Мақсаты:_ оқушыларды зиянды әдеттерге негтивті көзқарас қалыптастыру; теориялық білімдерін пайдалана отырып,берілген тапсырмалар бойынша шешім қабылдауға,қорытынды шығаруға баулу; оқушыларға өз денсаулығын қалыптастыра отырып,өз ісін қадағалауға,өз ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу: Оқушыларға темекінің зияны мен шығыны,денсаулыққа әкелетін салдары туралы түсіндірме жұмысы жүргізіліп, сурет бойынша талқылау сұрақтары берілді. Оқушылар өз ойларын жеткізіп,сұрақтар бойынша жұптық жұмыстар орындады. "Темекіге жол жоқ" , "Есірткісіз болашақ" тақырыбында сурет салды.

8-11 сынып ер балаларына Білім беру ұйымдарында оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ақпараттандыру-әдістемелік көмектер беру мақсатында бірлескен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жиналыс барысында қазіргі таңдағы жасөспірімдер арасындағы мәселелерге кеңінен тоқталып, оқушылармен ашық әңгіме өрбіді.Әрбір адамның өмірде толыққанды тұлға болып қалыптасуында құқықтық тәрбиенің алар орны ерекше. Тәрбиенің сан қырын қарастырсақ та құқықтық тәрбие, құқықтық сауаттылық көш ілгері болмақ. Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе бүгінде көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.

Жасөспірімдердің қылмыс жасауының себептерін қарастырар болсақ, ол кейбір ата-аналардың бала тағ­ды­рына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс бос уақыттарында немен шұғылданып жүрген­дерін қадағаламауынан орын алады. «Ел болам десең – бесігіңді түзе» деп дана халқымыз айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді.

Жасөспірімдердің қылмысқа баруының жолдарын қарастырар болсақ – бала жүрегіне қатігездікті дарытуға себеп болатын адамды қинау мен азаптап өлтірудің эпизодтарын қамтитын компьютерлік ойындар мен мультфильмдер. Отбасында жасөспірімдердің қылмысқа бармауын қадағалау жұмыстары басым болуы керек.

Ал са­­бақтан тыс уақыттарда, каникул кез­­дерінде демалыс маусымдарының дұрыс ұйымдас­тырылмауы, көше­дегі келеңсіз оқи­ға­­лар­дың көптігі жасөспірімдердің қылмыс жасауына әкеп соқтыруы анық.

Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жас­өспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған.

Сонымен бірге отбасында, мектепте баланы қалай тәрбиелеу керек, қазіргі қоғамдағы балаға ең қажетті не нәрсе екендігін айқын көрсететін бағдарламалар жасалынып, үйірмелер мен спорттық клубтарға тарту, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру бағытында жұмыстар жасаса өз жемісін берері белгілі. Интернет билеген заманда түрлі жағымды-жағымсыз жаңалықтар айналамызды қоршағанда әркім өзіне керегін таңдап алуы керек. Бірақ жасөспірімдер бұл жағын ескермесі белгілі, сол себепті баламыз ғаламторда отырғанда да қандай да болмасын әлеуметтік желіні пайдалануда да бақылау болуы керек.

Бұндай жұмыстар отбасында баланы рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге, мінез-құлық этикаларын қалыптастыруға, жасөспірімдердің дұрыс жан-жақты тәрбие алып өсуіне көмектесері анық.

Ендеше келешек ғұмырымызды жалғастырар ұрпағымыздың тәрбиесімен осы кезден бастап айналысып, жасөспірімдеріміздің болашағына дұрыс бағдар беріп рухани жан-дүниесін байытып, «елім, жұртым» – деп тұратын азамат етіп өсірейік.

"Нашақорлық-Қазақстанның болашағына зор қауіп" тақырыбында семинар өткізілді.

Күн тәртібінде;

-Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік:

-Нашақорлық;

-Ойынға құмарлық(лудомания)

-Ғаламтор-алаятық

-Жәбірлеу немесе қорлау (буллинг) мәселелері қозғалып нашақорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мақсатында профилактикалық іс-шара өткізілді.

Мақсаты:

1 Есерткі заттарының ішімдік ішу мен темекі тартудың нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері,өкінішке ұрындырар ,келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру.Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту.

2 Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де , өзгені де зиянды әдеттердің қасіретін қорғай білуге салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.Нашақорлықтын алдын алу .

3 Оқушылардың бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру,жеке тұлғаның санасын дамыту , өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру.

Есірткісіз қоғам құру – Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндет. Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретіні жайлы жас ұрпаққа толық түсіндірілді.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 2024 жылдың 28 қараша күні өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшыларына арналған «Үздік көшбасшы 2024» атты мектепішілік байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты:Өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшылары арасында белсенді оқушылардың арасында байланыс орнату, көшбасшылық қабілетін арттыру, білім білік дағдыларын байқау, өздерін еркін ұстай білуге үйрету, шапшаң ойлау қабілеттерін дамытуарқылы көшбасшылық қасиеттерін анықтау.

Озық ойлы, білімді көшбасшыларды қолдау.

Жоспарланған нәтижелер: сабаққа қатысушылар өздерінің көшбасшылық әлеуетін көрсетеді, жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін дамытады; олар "көшбасшы" ұғымының моральдық мағынасын түсінеді, көшбасшылық қасиеттер, көшбасшылықтың сантүрлерін, команданы қалыптастыру кезеңдері туралы түсінікке ие болып, мақсаттарға жету дағдыларын, бір-бірімен жанжалсыз өзара әрекеттесу тәжірибесін игереді.

Байқаудың шарттары:

1) Өзін-өзі таныстыру кезені (сәлемдесу 2-4 мин).

2) Дублер кезені (мүмкін болатын мамандықтар: 3-5 мин).

3) Сұрақ-жауап (Бала құқығы конвенциясы әр оқушы жалпы 2 сұракка жауап береді/15-20 мин).

4) Жоба (көшбасшы өз стратегиялык жоспарына модернизация жасау).

«Мамандықтар әлемі» тақырыбы бойынша 9-10-11-сынып оқушыларына мамандық таңдаудағы бейімділігін, қызығушылықтарын анықтау, нығайту мақсатында дөңгелек үстел. Мамандық таңдау-бұл өте маңызды іс екенін.Өйткені бұл таңдап отырған мамандық саласында өмір бойы қызмет атқаратындықтарын ұғынды.Оқушылар өз ойларын сұрақ-жауап арқылы толықтырды.

9-11 сынып оқушылары қатысты. Бұл кездесудің мақсаты: Оқушыларға алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт-бағдар беру, әр мамандықтың , соның ішінде, өрт сөндіруші мамандығының қызығы мен қиындығы болатындығын жете ұғындыру болып табылады. Кездесу барысында маман иелері өз мамандықтары және жұмысы туралы сұхбат беріп , барлық сұрақтарға тұшымды жауап қайтарды.

Табиғат пен адам бір-бірімен тығыз байланысты. Адамға табиғат қаншалықты қажет болса, табиғатқа адам сондайлық қажет. Өйткені табиғатты гүлдендіретін, әрлендіретін, көркейтетін адам.

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасының 2024-2025 оқу жылындағы жылдық тәрбие жоспарына сай, “Қамқор” жобасы желтоқсан айында "Табиғатқа қамқорлық жасаймыз" акциясы, "Еңбегі адал жас өрен" жобасы аясында – мектеп оқушылары мектеп ауласын қоқыстардан тазартып, қажетсіз қалдықтардан тазарту жұмыстарын жүргізді. Акция барысында балалар табиғатты ластмамау үшін сенбілік жұмыстары мен қолданылған қалдықтар мен қоқыстарды арнайы қоқыс жәшіктеріне тастау, бұлақ көздерін ашу, келешек ұрпаққа үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ рухани-адамгершілік қасиеттерді, азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді, парасаттылық пен адалдықты дамыту арқылы қазақстандық мәдениеттің құндылықтары негізінде өскелең ұрпақтың үйлесімді дамыған тұлғасын қалыптастыруға үлестерін қосты. Қай кезде де болмасын ең бірінше өз ортаңа тазалықпен қарау адамдықтың басты қасиеті екендігі белгілі. Аталмыш шараның аула тазалығын сақтауда ғана емес, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуда да алар үлесі зор. Мектеп – ортақ үйіміз. Сондықтан, оның көркейіп, гулденуіне әрбір тұрғын бей – жай қарамай, таза ұстауға атсалысуы қажет. Тазалық әркімнің өз ауласынан басталатынын ескерте отырып, аудан тұрғындарын аталған тазалық шарасына өз үлестерін қосуға шақырамыз.

9-11 сыныптар арасында «Мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына130 жыл» тақырыбында әдеби кеш өтілді.

Мақсаты:оқушыларға Тұрар Рысқұловтың өнегелі өмір жолы, халқына, ұрпағына қалдырған мол мұрасы, халқын теңдікке жеткізу жолындағы атқарған қызметі туралы ақпарат беру. Шара барысында Рысқұловқа арналған «Тұрар Рысқұлов» атты деректі фильм көрсетілді.Сонымен қатар, оқушылар бұл дәрісте Тұрар Рысқұловтың өнегелі өмір жолы, халқына, ұрпағына қалдырған мол мұрасы, халқын теңдікке жеткізу жолындағы атқарған қызметімен таныстырып, оқушыларды халқын сүюге үйрету, еңбекке құштарлық сезімдерін туғызу мақсатымен туралы сыр шертетін слайд-шоу тамашалады.

Сталиннен қаймықпай, елінің мүддесі үшін қызмет еткен тұлғаның қазақ тарихында алар орны да ерекше. Әсіресе оның мыңдаған қазақты аштықтан құтқарып қалғанын ел аңыз ғып айтады. Белгілі Халық жазушысы Шерхан Мұртаза ол туралы «Қызыл жебе» атты роман жазып, Тұрарға кітаппен ескерткіш қойды.

«Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметі әрбір қазақ үшін үлкен үлгі. Ол ұлттың болашағы үшін өз өмірін арнап, қазақ халқының дербестігі мен тәуелсіздігін қорғауға тырысты. . Тұрар Рысқұлов сияқты тұлғалардың ерлігі мен жанқиярлығы әрқашан біздің жүрегімізде сақталады.Отанды сүю, ұлтты құрметтеу – әрбір азаматтың басты міндеті.

"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының"жұмыс жоспары аясында “Өмір бойы оқыту: неге? қалай?” тақырыбында 9-11 сыныптың ата-аналарына дәріс өтті.

Мақсаты: ата-аналарға білім алудың маңызы мен мүмкіндіктерін ұғындыру, білім берудің замануи жағдайында ата-аналардың әлеуметтік серіктестігін қалыптастыру.

Дәрісте:

1. Адам неге өзін-өзі тәрбиелеуді қажет етеді?

2. Өзін-өзі талдау, өзін-өзі бағалау, сондай-ақ өзін- өзі басқару қабілеті өзін-өзі тәрбиелеуде қандай орын алады?

3. Өзiн-өзi тәрбиелеудiң қандай дағдылары мен қабiлеттерiн бала меңгеруi тиiс.

4.Балаға өзiн-өзi тәрбиелеу жөнiндегi iс- шараларды ұйымдастыруға көмек көрсету тәртiбi айтылды.

Ата-аналарға өмір бойы білім алудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Өздерін дамыту арқылы балаларына үлгі болудың артықшылықтары, оқуға деген ынтаны арттыру жолдары, сондай-ақ заманауи технологияларды қолдана отырып білім алу мүмкіндіктері қарастырылды.

Шарада ата-аналарға өзін-өзі дамытуға арналған платформалар мен ресурстар тізімі ұсынылды.

Сынып жетекшілер ата-аналармен мақал- мәтелді жалғастыру, құрастыру ойындарын ойнатып, көңілді әрі тиімді әдіс-тәсілді қолдана білді.

Ата- анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі,

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлдесе ой-өлкесі, - деп Абай атамыз айтқандай,перзенттерінің болашағынан үміт күткен әрбір ата-ана ұрпағының керемет тұлға болып есейгенін армандайды. Ата-ана мен бала арасындағы жылы қарым- қатынастың бір көрінісі осы тренингте көрініс тапты деп айтуға болады.

Ата -ананың бала көңілін таба білуіне,өзін -өзі тануына бағыт беруіне арналған бұл тренинг өз дәрежесінде ұйымдастырылып, ата-аналар өз ризашылықтарын білдірді.

«Буллингтің құрбаны болмаудың 10 себебі» семинар-тренингі

Мектебімізде оқушыларға буллинг және кибербуллинг жайлы мәлімет беру, жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу мақсатында «Буллингтің құрбаны болмаудың 10 себебі» тақырыбында мектеп оқушыларына семинар-тренингі өткізілді.

Мақсаты: жасөспірім кезеңінде кездесетін буллингтің түрлері, себептерін анықтау, қиыншылықтардың және оның алдын алу жұмысын жүргізу, буллинг туралы ақпаратты кеңейту.

Мектептің әлеуметтік педагогы К.Сарқыт, педагог-психолог Г.Жалелова оқушыларға «Буллингке» тап болған жағдайда не істеу керек және әлеуметтік желілерде келемеждеуге қалай тосқауыл қоюға болатыны туралы ұсынымдар берді.

Жасөспірімдер арасында өзекті мәселе екені туралы түсінік беріліп, алдын алу шаралары және шешу жолдары айтылды.

Қыз-өмірдің гүлі, барлық адамзатты қадірлеп,аялайтын асыл аруы десек те артық етпес. Осыған орай мектеп жанынан құрылған жастар клубының ұйымдастыруымен «Иманды қыз-аяулы ана» атты таным сағаты болып өтті.

Шараның мақсаты: оқушыларға адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын білуге үйрету, сонымен қатар адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып, оқушының рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу.

Қыз баланы қазақта кішкентайынан мәпелеп, аялап өсірген. Жалғандағы нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты әрбір қазақ қызының бойына сіңіріп өсірген. Қыз баланың бойындағы асыл қасиеттерді айта отырып, болашағына дара жол салу. Ата-дәстүр, салт-сананы берік ұстанып өскен қазақ қызы қай ортада болсын өзінің ерекше болмысымен көзге түсері анық екендігі айтылды.

Кеш барысында имандылық тақырыбында мақал-мәтелдер берілді. Оқушылар мақал-мәтелдердің мағанасын ашып өз ойларын айтты. Іс шараның барысында жастар белсенді ойларын толық жеткізді. Жасөспірімдер адамгершілік, имандылық туралы толық мағлұмат алып, қай жерде болса да әдепті, тәртіпті, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа баурап жүру керек екенін түсінді. Қыздар қазақ қызының бойындағы адамгершілік қасиеттерімен бірге сыр-сымбаты да өзге ұлттан дараланып тұратындығын ортаға салып, талқылады. Әрбір баланың өмір жолы, тәрбиесі отбасынан, одан соң білім ордасынан бастау алары сөзсіз. отбасынан алған тәрбиені жоққа шығармау өз қолдарыңызда екендігін естен шығармаған жөн. «Иманды қыз аяулы ана» атты кітап көрмесімен таныстырылды.

2024-2025 оқу жылында Республикалық “Балалар кітапханасы” бағдарламасы аясында жалпы білім беретін мектеп кітапханасына көркем әдебиеттер тізбесіне сәйкес, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай түрлі жанрдағы көркем әдеби кітаптармен толықтырылды.

Мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен жаңадан келген көркем әдебиеттерге кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кітап көрмесін ұйымдастырудың басты мақсаты - оқырманға жаңадан

келіп түскен кітаптарды кеңінен насихаттау, таныстыру. "Атамұра", "Арман-ПВ", "Аруна" баспаларынан келген түрлі ертегілер балалардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын оятты.

Көрмеге қазақ классиктерінің шығармаларымен катар әлем әдебиетінің танымал туындылары да қойылып таныстырылды.

Оқырмандар қызықты көптеген деректер, мәліметтермен таныса алды.

"Жаңа кітап - жаңа әлем" көрмесімен танысуға, кітап оқуға шақырамыз!

«Тәуелсіздік –тірегім, Қазақстан жүрегім» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен

жетістіктерімен таныстыру, әлем таныған ел екенін

дәлеллдеу, білімдерін кеңейту

Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік

құндылықтарын дамыту

Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағаты барысында оқушылар деректі фильм тамашалап, өзара диалог құру арқылы тақырып мазмұнын ашты. Еліміздің қасиетті символдарына түсінік беріп кетті.

Қазақстанымыздың тәуелсіздігі баянды, абыройы асқақ, мәртебесі үстем болсын!

«Желтоқсан жаңғырығы» тақырыбында тарихи сағат өткізілді.

Мақсаты: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы ата бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді оқырмандарға жете ұғындыру, Отанды сүюге, құрметтеуге, адамгершілікке, әділдікке тәрбиелеу және Тәуелсіздіктің қадір қасиетін насихаттау.

1986 жылдың ызғарлы желтоқсаны қазақ халқының қасіреті де, қасиеті де жетерлік тарихына айналды. Қазақтың бас бірлігі, жұдырықтай жұмылған әрі қайғылы, бақытты күні сол еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді. Ия бостандық, теңдік, тәуелсіздік өз бетімен келген жоқ. Қаншама адам құрбан болды. Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы желтоқсан.Желтоқсан еліміздің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін болған күрес.

"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында жалпы оқушылар арасында мектеп инспекторларының қатысуымен жиналыс өткізілді.

Жиналыстың мақсаты: Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың,

зорлық-зомбылықтың, қорлаудың, қудалаудың, балалар ортасында мектептегі

атыстардың алдын алу, Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық

бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, қорлаудың, қудалаудың, балалар ортасында мектептегі атыстардың алдын алу туралы түсінік қалыптастыру

Әрбір жас жеткіншек өмірде толыққанды тұлға болып қалыптасуында құқықтық тәрбиенің алар орны ерекше. Тәрбиенің сан қырын қарастырсақ та құқықтық тәрбие, құқықтық сауаттылық көш ілгері болмақ. Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе бүгінде көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.

Жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтірілді және қылмыс істегені үшін жауапкершіліктің түрлері түсіндірілді.

Сонымен қатар, департаменттің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері тарапынан кәмелетке толмаған балалар арасында қоғамдық орындарда суық қаруларды және көзді жасаурататын бұрыш спрейлерін ұстап жүрудің қаншалықты заңсыз екендігін түсіндірді.

«Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Кездесу жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау бағытында өтті. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының ішінде діни білімге қызығушы жастардың қоғамдық ортада өзін өзі ұстауы, сондай-ақ зайырлылықтың негізгі қадиғаттары түсіндіріліп, жан-жақты талқыланды.

Шара барысында «Экстермизмге қарсы іс – әрекеттер туралы» Заңы, «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы, ҚР білім беру ұйымдарында тәрбие берудің жиынтық бағдарламалары , «Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар және қараусыздық пен қорғансыздық ескертулері туралы» бағдарламалары кеңінен түсіндірілді. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, қазіргі қоғамдағы қиындық тудырып отырған мәселелерге кеңінен тоқталды. Мектеп оқушыларын тәрбиелі, саналы, еліміздің патриот жастары болуға шақырды!

Жастарға дұрыс бағыт бағдар беру, дұрыс жолда болуына пайдасын тигізу. Әрдайым сенімді деректерден дұрыс ақпарат алып,дәстүрлі емес күмәнді әдебиеттерден сақ болып,ғалымдар мен сарапшылар мақұлдаған әдебиеттерден ақпарат алғанымыз жөн.

«Адалдық – адамдықтың белгісі» тақырыбында дебат ұйымдастырылды.

Мақсаты: оқушыларды мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелеу. Адамгершілік, адалдық қасиетін дамыту.

Дебат арқылы оқушыларға адалдық, шыншылдық ұғымдары түсіндіріліп, рухани адамгершілік қасиеттер қалыптастырылды.

Адалдық – қоғам әділеттігінің негізгі белгісі, адамдардың ізгілікті қарым-қатынас жасауына ықпал етіп, жеке тұлға мінез-құлқының жағымды қалыптасуына әсер ететін құндылық. Адалдық-адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі іспетті.«Адалдық» деген сөз шыншылдық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске алады. Шара барысында бейнесюжет көрсетіліп,тақырып көлемінде сұрақтар қойылып, топтық тапсырмалар орындалды.

Тақырып аясында оқушылар өз пікірлерін білдіріп,адал болу-адамгершіліктің белгісі екенін дәлелдеп берді.

Буллингтен қорған! «Буллингті бірге жеңеміз» (педагогтермен семинар-практикум)

Мектебімізде жас жеткіншектер арасындағы құқықбұзушылық пен зорлық-зомбылықтың белең алған түрі буллинг, кибербуллингтің алдын алу мақсатында мектеп директорының, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының, мектептегі педагог-психологтардың қатысуымен семинар практикум болып өтті.

Мақсаты: Мектептегі буллинг себептері және алдын алу жұмысы. Жасөспірім кезеңінде кездесетін буллингтің себептерін анықтау, қиыншылықтардың алдын алу жұмысын жүргізу мазмұны, буллинг туралы ақпаратты кеңейту;

Мектептегі зорлық-зомбылық қазіргі білім беру жүйесінің маңызды мәселесі болып табылады. Өкінішке орай, айдап салу немесе қорқытуды кез-келген мектепте кездестіруге болады. Әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде буллинг білім беру процесіне қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Буллинг салдары – тікелей де және жанама түрде – оқушылардың зияткерлік және жеке тұлғалық дамуына теріс әсер етеді.

Бүгінгі күні білім беру ұйымдарына буллинг проблемасын пысықтау және жою жауапкершілігі жүктеледі. Бұл білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтауға, білім берудің жоғары сапасын, білім алушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесі мен дамуын қамтамасыз ететін, сондай-ақ білім алушылардың физикалық және әлеуметтік денсаулығын сақтауға және нығайтуға кепілдік беретін қолайлы дамытушы білім беру ортасын құруға мүмкіндік береді.

Еліміздің ертеңі саналатын ұл-қыздарын салт –дәстүрлермен сусындатып, туған елін, жерін адал сүюді және көзінің қарашығындай сақтап, қорғауды әрбір азаматтың аяулы борышы деп түсіндірген. Қазіргідей көптеген әдеби, мәдени оқулықтар толассыз ақпарат көздері болмаса да ұлттық салт-дәстүрімізді ұрпақ санасына сіңіре білген сол уақыттың адамдарын қалай кемеңгер демессің. Тәрбие арқылы адам тағдыры шешілетінін, оның білімді тұлға болып қалыптасатынын, елдің берік тірегі болатынын көрсетеді.

*Біртұтас тәрбие бағдарламасы* аясында «Бірлік пен ынтымақ» құндылығы негізінде 8б сынып жетекшісі ұйымдастыруымен ”Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ"тақырыбында сынып сағаты өтілді.

Барысы:

а)Сәлемдесу

ә) Мен зорлык- зомбылыққа қарсымын

б) Балалар құқықтарын қорғау

в) Білімді ұрпақ ел ертеңі (сұрақ -жауап)

Мақсаты: Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық мәдениеті, бала құқықтары туралы конвенцияның негізгі ережелері туралы білім деңгейін арттыру. Бала құқықтары , оларды сақтау өз құқықтары мен міндетті туралы түсінік , оларды жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру .

Нәтижесінде: Оқушылар құқықтарымен қатар міндеттерін де білуі тиіс екендігін ұғына білді. Зорлық- зомбылықтың адамға жат қылық екендігін, сонымен қатар адамның ең жаман қасиеті екенін, қылмыстық жаза қолданатынын білді.Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстауын ондай әрекеттерге бармауын ұқты. Сынып сағатын өздеріне тән жағымыды, жылы сөздерді айтумен аяқталды.

Мектебімізде оқушыларға буллинг және кибербуллинг жайлы мәлімет беру, жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу мақсатында «Буллингтің құрбаны болмаудың 10 себебі» тақырыбында мектеп оқушыларына семинар-тренингі өткізілді.

Мақсаты:жасөспірім кезеңінде кездесетін буллингтің түрлері, себептерін анықтау, қиыншылықтардың және оның алдын алу жұмысын жүргізу, буллинг туралы ақпаратты кеңейту. Жасөспірімдер арасында өзекті мәселе екені туралы түсінік беріліп, алдын алу шаралары және шешу жолдары айтылды.

Оқушыларға пайдалы кеңестер

1. Өзіндік құрметті сақтау –буллингтің құрбаны болу адамның өзіндік құндылығына, өзін-өзі бағалауына әсер етеді. Өзіңді құрметтеу маңызды.

2. Денсаулыққа зиян – психологиялық және эмоционалдық стресстің әсерінен денсаулығыңыз нашарлауы мүмкін. Бұл ұзақ мерзімді депрессияға, қорқынышқа, ұйқының бұзылуына әкелуі мүмкін.

3. Қоғамдық қолдау – буллингке қарсы тұрып, айналаңыздағы адамдардан қолдау алу және қорғау маңызды. Бұл сіздің ішкі күшіңізді арттырады.

4. Әлеуметтік дағдыларды дамыту – буллингтің құрбаны болу адамның әлеуметтік дағдыларын дамытуды тежейді. Қиындықтарға қарсы тұрып, күрескен сайын, өзіңізді әрі күшті сезінесіз.

5. Құқықтарыңызды қорғау – әр адам буллингтен қорғау мен қауіпсіз ортаға құқықты. Бұл құқықтарды қорғау қажеттігін түсіну маңызды.

6. Үміт пен болашақ буллингтің құрбаны болу сіздің болашағыңызға сенімсіздік тудыруы мүмкін. Бірақ оны жеңіп шыққан сайын, өмірге деген сеніміңіз артады.

7. Қоршаған ортаға теріс әсер етуі – Буллингтің құрбаны болу тек сізге ғана емес, жақындарыңыз бен достарыңызға да әсер етеді. Айналаңыздағы адамдардың көңіл-күйіне теріс ықпал етеді.

8. Қиындықтармен күресу дағдыларының жетіспеушілігі – буллингтен қорыққан адам жаңа қиындықтарға дұрыс жауап бере алмайды. Буллингке қарсы тұрып, өмірдің күрделілігімен күресуді үйрену керек.

9. Өзіңізді жақсы сезіну – буллингке қарсы тұрып, сіз өзіңіздің мықты, еркін тұлға екеніңізді сезінесіз. Бұл сіздің болашағыңыз үшін маңызды.

10. Қоғамда позитивті өзгеріс жасау – Буллингке қарсы тұру және онымен күресу қоғамда өзгеріс жасауға көмектеседі, бұл өз кезегінде бүкіл қоғамның дамуына үлес қосады.

Жадыны дамыту

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы бағдарламасын негізге ала отырып "Жадыны дамытуға арналған" ата-аналар жиналысы өтілді.

Оның негізгі мақсаты:

Ата-аналарды балалардың есте сақтау қабілетін қалай жақсартуға болатыны туралы ақпараттандыру, кеңестер мен әдістер мен таныстыру. Жадыны дамыту үшін қолданылатын әдістерге мыналар жатады:

1. ОЙЫНДАР МЕН ЖАТТЫҒУЛАР: Жадыны дамытатын түрлі ойындар карточкалық ойындар, сөздер мен немесе суреттер мен жұмыс жасау, тапсырмалар орындау.

2. КӨБІРЕК ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТЫҢДАУ: Баланың оқыған кітабын талдау әртүрлі тақырыптарда әңгімелесу арқылы есте сақтау қабілетін арттыру.

3. ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ ЖӘНЕ ҰЙҚЫ: Бала жақсы ұйықтау, дұрыс тамақтану арқылы есте сақтау қабілеті артады.

4. АҚЫЛ-ОЙ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ: Балаға сұрақ қою, бала сұрақ қойып,шешім қабылдай білуіне бағыт беру.

Ата-аналарға балалардың есте сақтау қабілетін дамытуға көмектесу үшін күнделікті өмірде осы әдістерді қолдануы туралы кеңестер беру.

Жиналыс барысында ата-аналар тәжірибе алмасып, түрлі сұрақтарға жауап табуға тырысады.

Ата-аналардың өзіндік ашылуына жағдай жасау, балалардың зейінінің даму проблемасының маңыздылығын түсіндіру; Ата-аналарға жадыны дамыту дағдыларын меңгеруге көмектесу.

Сабақ барысында дәстүрлі емес бейнеролигі көрсетіліп, зейіннің түрлері, негізгі қасиеттері жөнінде ақпараттар берілді. Үй жағдайында қолдануға арналған практикалық тапсырмалар мен ойындар көрсетілді..

Жоғары сынып оқушылары мен ата-аналардың арасында «Ойынға салауатты көзқарас» тақырыбында әңгіме өтті.

Әңгіме мақсаты: құмар ойындардың адам психикасына зиянды әсері туралы түсінігін кеңейту; оқушыларда бар проблеманы саналы түрде түсінуді дамыту; құмар ойындарға теріс көзқарас қалыптастыру; салауатты өмір салтына оң көзқарасты тәрбиелеу; өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі бағалауды арттыруға, өзін-өзі тәрбиелеуге ынталандыру. Оқушылар өзекті мәселелерді талқылауға қатысып, бейнеролик көріп, пікір білдірді.

Шара барысында жағымды психологиялық ахуал тудыру мақсатында «Жүрек» тренингін жүргізді. Аяқталмаған жүректі аяқтап салып, ортасына бір заттың суретін салып, әңгімелетті.

«Лудомания қалай емделеді?» тақырбында бейнеролик көрсетіліп, жетелеуші сұрақтармен талқыланды.

Кері байланыс жасау мақсатында «Тілек ұшағы» әдісі жүргізілді. Өзіңе не тілесең, досыңа соны тіле деген ұранмен, ұшақ жасап, қанатына тілектерін жазып, достарына ұшырды.

8-11 сынып оқушылары арасында «Нашақор болмаудың 100 себебі» тақырыбанда дәріс өткізу

Нашақорлық – қоғам дерті. Нашақорлықпен күресу бір немесе бірнеше адам оңай жеңетін нәрсе емес. Бұл жерде түрлі мамандар, ата-аналар,қоғам белсенділері, сіздер мен біздер әрбір Қазақстанның азаматы тысқары қалмауы керек. Ғасыр індетімен күресу, оның жайылуына қарсы тұру біздің міндетіміз. Дүниедегі ең құнды, ең бағалы зат – ол сенің өмірің. Сенің өмірің, сенің амандығың, сенің жарқын әрі айқын болашағың өз қолыңда! Дұрыс таңдау – жарқын болашаққа бастар көпір және бақытты өмірдің айнасы.

«Нашақор болмаудың 100 себебі» тақырыбында психолог сағаты өткізілді.

Мақсаты:Салауатты өмір салтын насихаттай отырып,оқушыларды зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға , әлем дерті нашақорлық ауруынан сақтануға, оқушылардың бойында адамгершілік, имандылық қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсініп,сақтай білуге тәрбиелеу.

Есірткі, ішімдік және темекінің ағзаға тигізер әсері, болашақта оның зардаптары тимес үшін зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратыннын ескерту. Оқушылар өз пікірлерін білдіру арқылы, әр азаматтың өмірінде салауатты өмір қалыптастыру керек екенін ұғынды.

Шара барысында оқушыларға әлемді алаңдатып отырған нашақорлық, СПИД, арақ, темекі сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығы жайлы, оны болдырмаудың, алдын-алу жаман әдеттерден сақтану жайлы айтылды. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты хабардар ету, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақырып, өз ойларын, пікірлерін ортаға салды.


Жаңа жыл- барша жұрт асыға күтетін, таңғажайып әрі көңілді мерекелердің бірі. Сонымен қатар, бүлдіршіндердің асыға күтетін мерекесі.

Осы мереке қарсаңында, мектебімізде “Қош келдің, Жаңа жыл!” тақырыбында мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мерекелік кеште оқушылар Аяз ата, Ақшақар және басқа да түрлі ертегі кейіпкерлерімен билеп, ән айтып, қызықты ойындар ойнады. Аяз ата мен Ақшақардан сыйлықтар алып, керемет көңіл-күйде болды.

Жаңа Жылда жақсылықтар мол болсын деп тілек білдірді. Барша балаларға арнайы дайындалған сыйлықтар тапсырылып, көңілді кеш ән-жырға ұласты.

Әртүрлі маскарадтық киім киіп келген балалар ортада би билеп, әсем ән шырқады. Аяз Ата мен Ақшақардың сыйлығы да мол екен.

Балаларға бар мейірімін төгіп, жандарына дем беріп, білім алуына қолайлы жағдай жасап жүрген дефектолог мамандарға ата-аналар дән риза.

"Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет,"- деген даналықты сіңірген білім қызметкерлері оқушылардың ерекше қабілеті мен қызығушылықтарын арттыру бағытында жұмыстар жүргізіп келеді.

Балалар шат-шадыман көңіл күйге бөленіп, бір сәт ертегі әлеміне еніп кеткендей әсер алды.

Жаңа жылдық мерекелік кеш пен қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға байланысты "Қауіпсіз бала - ортақ міндет" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтілді.

Күн тәртібіндегі мәселелер:

1. Оқушылардың ІІ оқу тоқсанындағы оқу сапасы;

2. Оқушылардың каникул күндеріндегі су, мұз, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мереке күндерінде пиротехникалық құралдарды қолдануға тыйым салу, кәмелетке толмағандардың түнгі беймезгіл уақытта заңды өкілінсіз жүру, құқық бұзушылықтың алдын алу.

3.Буллинг, зорлық- зомбылықтың алдын алу .

Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры сөз алып оқушылардың ІІ оқу тоқсанының қорытындысымен таныстырып өтті.

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және мектеп инспекторы оқушылардың каникул күндеріндегі су, мұз, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мереке күндерінде пиротехникалық құралдарды қолдануға тыйым салу, кәмелетке толмағандардың түнгі беймезгіл уақытта заңды өкілінсіз жүру, құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың алдын алу туралы ата-аналарға жеткізді.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша мектептің педагог-психологы зорлық-зомбылық, буллингтің алдын алу туралы баяндама жасады.





































































01 Желтоқсан 2024
216
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі