І жартыжылдық бойынша
қорытынды бақылау жұмысы
5-сынып, қазақ
тілі
1.Дауысты дыбыстар тілдің
қатысына қарай қалай бөлінеді?
А)қатаң, ұяң Ә) жуан, жіңішке
Б)ашық, қысаң В)еріндік, езулік
2. Айтылуы әр түрлі болғанмен,
мағыналары бір-біріне жақын сөздерді қалай
атаймыз?
А) Синоним
Ә) Антоним
Б) Омоним
В)
Лексика
3. Біріккен сөзді
көрсет
А) Таңба Ә) ҰБТ Б) Көкжиек В) Қызыл
алма
4. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді қалай
атаймыз?
А)Біріккен сөз Ә) Негізгі зат
есім Б) Күрделі зат есім В) Туынды зат
есім
5.
Сөзде неше буын
бар,көрсетіңіз:
мерекелері
А) бес Ә) төрт Б) екі В) үш
6. Ұяң дауыссыздардың қатарын
көрсетіңіз.
A) л,м,н,ң,р,й,у Ә) б,в,г,д,ғ,ж,з Б)
к,қ,п,т,ф,х,ш В)
л,ң,ғ,т,п,р,с
7.
Қатаң дауыссыз дыбыстардан тұратын сөзді
анықтаңыз
А)
сәлем Ә) тіл Б) оқушы В) арман
8.
Бітеу буынды
сөзді табыңыз
А) ала Ә) Іле Б) бас В) аш
9.
Синонимдерді
табыңыз
А) кітап, парақ Ә) бет, жүз Б)
ғылым, ғалым В) білім, тәлімгер
10.
Қазақ тіліне тән дыбыстар бар сөздерді
көрсетіңіз
А)
ауыл,аудан Ә) Отан,жалау Б) бала,ата В) сіңлі,ұл
Керексіз
сұлулық
(Аңыз
әңгіме)
Бұғы шөлдеген соң, бұлаққа
еңкейіп, су ішіп жатып,өзінің әсем мүйізін көріп шаттанады, сөйтіп
денесінің басқа мүшелеріне көз салады.
Бұғыға аяқтары келісімсіз, жіңішке әрі
арық сияқты көрінеді.Сөйтіп тұрғанында арыстан шыға келіп,
бұғыны қуа жөнеледі. Бұғыны арыстаннан
жаңа ғана өзі жақтырмай тұрған аяқтары
ажыратып алады, солардың арқасында бұғы орманға арыстаннан
бұрын жетеді. Бірақ, орманда бұғының
мүйізі әр бұтаққа бір оратылып,
кібіртіктей бастайды. Сол кезде арыстан оны ұстап алады. Сонда бұғы
«Менің көркім – менің сорым болды,
онша жақтырмаған, әлсіз санаған аяғым мені құтқаратындай мықты екен. Дұрыс бағалауды
білмеген екенмін»
депті.
11.Мәтіннің негізгі
ойы
А) Мүйіздің қажеті
жоқ
Ә) Сыртқы сұлулық
алдамшы
Б) Аяқ мықты болу
керек
В) Ішкі сұлулық
артық
12.Бұғының су ішкен
жері
А)өзен Ә)көл Б) бұлақ
В)
арық
13.Бұғыны арыстаннан
құтқарған мүшесі
А) аяғы Ә)
тұяғы Б) құйрығы
В)
мүйізі
14.Бұғының арыстанға
ұсталып қалу себебі?
А)Мүйізі әр бұтаққа
ілінді
Ә)Көркін дұрыс
бағаламады
Б) Аяқтары жіңішке
әрі
арық болды.
В)Қашып кете
алмады
Сауысқанның
ұясы
Ертеде аспандағы құстар құсқа тән өнердің
қыр-сырын енді ғана меңгере бастаған шақта ала қанат Сауысқан
өзін аса білгір санапты.
Бірақ оның білетіні тоғыз, білмейтіні тоқсан тоғыз
еді.
Көктем келіп, құстар ұя
салу қамына кіріседі. Сауысқан да жұрттан қалмай іске кірісейін
десе, құрылысты неден бастарын білмей дал болады. «Құс екендерің
рас болса, ұя салуды маған үйретіңдер» деп қолқа салады. Құстардың
бірі шөп-шалам әкеп, біреуі
бұтақ тасып, сауысқанға ұя салуды үйрете
бастайды.
Үлкен құстар қарға,
құтан, қырғи бір-бір
бұтақшадан алып келеді. Ал Сауысқан тұмсығын көтеріп,
құйрығын қайқаңдатып,: «Осы
ғана ма! Мұны мен сендерсіз-ақ білемін» деп әрі-бері секеңдеумен
болады.
Көмекке Шымшық,Бозторғай,
Қарлығаш сияқты кішкентай құстар келеді. Олардың кейбірі қабырғаны
жүн-жұрқамен бекіте алса, кейбіреуі балшықпен сылақ сылауды жақсы
білетін, енді біреуі еденге мамық төсеудің шебері еді. Бірақ мамық
төсеушінің өнеріне кезек тимей қалды. Бір үлкен құс бұтақшаны
тұмсығымен тістеп, ұшып келе жатса, сауысқан тағы баяғы әніне
салады:-Осы ғана ма! Мұны мен сенсіз де
білемін!
Сонда мақтаншақ сауысқаннан
мезі болған құстар:
-Солай ма, Сауысқан мырза!
Сен бізсіз-ақ бәрін біледі екенсің. Олай болса, мына құрылысты өзің
жалғастыра ғой,-деп жөндеріне кетеді.
15.Сауысқанға не нәрсе
керек ?
А)
шөп-шалам
Ә)
бұтақ
Б)
өнер
В)ұя
16. Мәтіндегі негізгі
кейіпкер?
А) Шымшық
Ә) Сауысқан
Б) Құтан
В) Қарлығаш
17.Мәтіннің жанырын
анықта
А)
мысал
Ә)
аңыз
Б)
ертегі
В)
әңгіме
18.Сауысқан құстардан не
сұрады?
А) Ұя сылап
береді
Ә) Ұя мамық
төсеуді
Б) Ұя салып
беруді
В) шөп-шалам жасап
беруді
19.Мәтін мазмұнына
сәйкес келетін мақал
А) Көп-түкірсе
көл
Ә) Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан
тоғыз.
Б) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның
тіленбей
В) Өнер
алды-қызыл тіл
20.Кішкентай құстар қандай көмек
берді?
А)шөп-шалам әкелді, балшық
тасу
Ә)қабырғаны бекіту, бұтақша
тасу
Б) сылақ
сылау, мамық төсеу
В)
бұтақша тасу, мамық төсеу
І жартыжылдық бойынша
қорытынды бақылау жұмысы
5-сынып
Жауап
кілті
Р/с
|
Қазақ
тілі
|
Әдебиет
|
1
|
Ә
|
Б
|
2
|
А
|
В
|
3
|
Б
|
Б
|
4
|
В
|
А
|
5
|
А
|
Ә
|
6
|
Ә
|
Ә
|
7
|
Б
|
Б
|
8
|
Б
|
Ә
|
9
|
Ә
|
Ә
|
10
|
В
|
Б
|
11
|
Ә
|
А
|
12
|
Б
|
Б
|
13
|
А
|
Ә
|
14
|
А
|
Ә
|
15
|
В
|
А
|
16
|
Ә
|
Ә
|
17
|
Б
|
Б
|
18
|
Б
|
В
|
19
|
А
|
В
|
20
|
Ә
|
В
|
І жартыжылдық бойынша
қорытынды бақылау жұмысы
5-сынып, қазақ
әдебиеті
1. «Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі Кендебайдың әкесін
табыңыз.
A) Байбөрі Ә) Сарыбай Б)
Қазанғап В) Ерназар
2.
Аңыз әңгіменің басты ерекшелігі
не?
A) Аңыз
тек бір нұсқалы болады.
Ә) Аңызда тарихи шындық пен қиял араласып жүреді.
Б) Аңыз тек қана қиял-ғажайыптан тұрады.
В) Аңыз шындыққа жақын
тұрады.
3.
«Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесінің авторы
кім?
A) Абай
Құнанбаев Ә) Ілияс Жансүгіров
Б)
Ыбырай Алтынсарин В) Ахмет
Байтұрсынов
4. Қобыланды батырдың анасы кім? А) Аналық Ә) Қарлығаш Б) Жібек В) Ұлжан
5.
Қобыланды батырдың қарындасы кім ?
А)
Құртқа Ә) Қарлығаш Б) Қарлыға В)
Жібек
6. «Керқұла атты Кендебай»
ертегісінде Кендебайдың қандай қасиеті ерекше атап
көрсетіледі? А) Әзілқой Ә)
Қайырымдылық пен батылдық
Б) Құдіреттілік пен айлакерлік
В) Адалдық пен әділдік
7.Теңеу дегеніміз
не? А) Заттың, не құбылыстың елестету
үшін бейнелі түрде айтылуы Ә) Бір зат пен екінші затты ұқсастығына
байланысты ауыстырып айту Б) Екі затты не құбылысты салыстыра
отырып, әдеби көркем түрде айту В) Затты не құбылысты ерекше
ұлғайтып айту
8.Метафораны
тап: А) Айдай сұлу Б) Таудың басына
шықтым Ә) Мен тұлпармын В) Балбырап піскен қызыл алма
9. Кендебай батырдың сиқырлы атын белгілеңіз
А) Қарақұла Ә) Керкұла Б) Жарыққұла В)
Қыран
10. Асан Қайғының ең белгілі шығармасын
белгілеңіз. А) «Төле би» Ә) «Қара
сөздер» Б) «Жерұйық» В) «Ақсақ құлан»
11. «Жерұйық» шығармасының жанрын анықтаңыз.
А) Аңыз Ә) эпос Б) Махаббат жыры В)
дастан
12. М.Әуезовтің «Абай жолы» еңбегінде Барлас
ақынның прототипі болған ақынды
белгілеңіз А) Ы.Алтынсарин Ә) Ақтан жас Б)
Д.Бабатайұлы В) Асан қайғы
13. «-Сен қарауға еп-есті кісі секілді көрінесің
және жұмыс істеуге қуатың да бар көрінеді.Сөйтіп тұрып мұндай жаман
іспен өзіңді кемшілікке салып жүрсің... » үзінді қай шығармадан
алынған?
А) «Керқұла атты
Кендебай» Б) «Атымтай
Жомарт»
Ә) «Дүние қалай етсең
табылады?» В) «Қыпшақ
Сейітқұл»
14. Пролог дегеніміз не? А)
Шығармадағы негізгі оқиғаның даму бөлімі
Ә) Шығарма басындағы кіріспе
бөлім Б) Шығарма соңындағы қорытынды бөлім
В) Шығармадағы негізгі идея
мен тақырыптың түйіні
15.
Барымта дегеніміз не?
А)
Бөтеннің мүлкін тартып алу
Ә)
Қонаққа сыйлық беру
Б) Жас
келінге кәде
В) күйеу
жігіттің айттырған қалыңдығына ұрын
баруы
16. Қыпшақ Сейітқұлдың тұлғасы қалай сипатталады?
А) Жаугершілік дағдылары мен ержүректігімен
ерекшеленеді Ә) Ел ағасы деп танылды Б) Тек саяси мәселелермен
айналысқан В) Барымташы болды
17. «Қобыланды батыр» жырының
негізгі тақырыбы
А) Адамгершілікті
дәріптеу
Ә) Достықты
дәріптеу
Б) Ел тәуелсіздігін
қорғау
В) Көркемдікті
насихаттау
18. «Қыпшақ
Сейітқұл» кімнің шығармасы ? А) Асан
қайғы Ә) Абай Құнанбаев
Б)Дулат Бабатайұлы В) Ыбырай
Алтынсарин
19. ...Бадана көз, тоғыз
тор
Сауыт киер ме
екенсің? деген жолдардағы асты
сызылған сөздер қандай көркемдегіш құрал екенін
анықтаңыз.
А)
Кейіптеу
Ә)
Метафора
Б)
Теңеу
В)
Эпитет
20.
Антон қай шығарманың кейіпкері ?
А)
«Қыпшақ Сейітқұл» Ә) «Антон»
Б) «Атымай Жомарт» В) «Дүние қалай етсең
табылады?»