Материалдар / Иақал сөздің азығы жұмбақ ойдың қазығы қалалық семинар
«Ustaz tilegi» - Республикалық кәсіби педагогтар қауымдастығына қосылып, сайттағы 381 569 материалды тегін жүктеп алу мүмкіндігіне ие болыңыз
Толығырақ

Иақал сөздің азығы жұмбақ ойдың қазығы қалалық семинар

Материал туралы қысқаша түсінік
Қалалық семинарда өткен ұйымдстырылған іс-әрекеттердің тақырыптары топтары
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қалалық семинар.

Тақырыбы :Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы

Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ауыз әдебиеті – сөз өнерінің сарқылмас қазынасы. Сол қазынаның алтын діңгектерінің бірі – мақал-мәтелдер мен жұмбақтар. «Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы» деген нақыл осының айқын дәлелі. Бұл мақал сөз байлығын арттыратыны, ал жұмбақтың ойды шыңдайтыны көрсетіледі.Мақал – сөз мәйегі.Мақал-мәтелдер – ата-бабамыздан жеткен ұлағатты сөздер. Олар аз сөзбен көп мағына беріп, өмірлік тәжірибені, даналықты жеткізеді. Мақалдар көбінесе тура мағынада қолданылады, белгілі бір өмірлік жағдайды сипаттайды. Мысалы, «Еңбек етсең – емерсің» деген мақалды алайық. Бұл жерде еңбекқорлықтың пайдасы тура айтылады.Мақалдар адамды тәрбиелеуге, өмірлік дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Олар көбінесе өнегелі, тәлімдік мазмұнға ие. «Білім – таусылмас байлық», «Жақсы сөз – жарым ырыс» сияқты мақалдар адамға дұрыс бағыт сілтейді.

Жұмбақ – ойды ұштайды

Жұмбақ – адамның ойлау қабілетін дамытатын, тапқырлыққа жетелейтін ерекше жанр. Жұмбақтар белгілі бір заттың, құбылыстың сипаттарын бейнелеп, оны жасырын түрде ұсыну арқылы адамның логикалық ойлауын дамытады.

Мысалы:
«Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар» (жауап: қой) – бұл жұмбақ заттың сыртқы сипаттамасы арқылы оның не екенін таптыруға негізделген.

Жұмбақтар – балалардың қиялын дамытып, олардың сөздік қорын байытады. Көптеген халықтарда жұмбақ айту дәстүрі бар, қазақ халқында да жұмбақтар баланың ой-өрісін кеңейтудің таптырмас құралы болған.

Осы орайда балабақшамыз Талдықорған қалалық семинар ұйымдастырып мақал мәтелдердің,жұмбақтардың бала тәрбиесіне қаншалықты әсері бар екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.Қазіргі таңда балаларымыз орыстанып бара жатқандай күні кешке дейін тәрбиешілер барын салып қазақша тәрбиелеп жіберсе ата-аналар таңертең орысша сөйлеп әкеп тұрады.Ал ата-аналарға қазақша сөйлесейік дей алмаймыз осы тұста тағыда педагог мәртебесінің құны көк тиын екені айқын байқалып қалады.Жалпы семинар өте жақсы деңгейде өтті қалалық мектепке дейінгі тәрбие әдіскері Д.М.Налтаеваның өзі және қаншама әріптесіміз қатысты.Семинар бағдарламасында ортаңғы,ересек,мектепалды топтары қатысты.Айта кететін болсам:

«Ұлттық тәрбие- ұлт құндылығы» «Қыран» орта тобы тәрбиешісі:Байсеитова Ж,«Доппен ойын» «Көгершін» орта тобы Утепова Б,«Балаларға ұлттық тәрбие берудің заманауи әдістері» «Балапан» орта тобы Мейренбаева Ж,«Мың бір мақал-жүз бір жұмбақ» «Тиін» ересек тобы Құлшанова А,

«Ұлттық мұражайға саяхат» «Қарлығаш» орта тобы Женисова А

«Мақал сөздің азығы,жұмбақ ойдың-қазығы» «Аққу» ересек тобы САяхмет Г,«Бауырсақ party» «Қонжық» ересек тобы Қойдисанова А,«Ертегіге саяхат» «Құлпынай» МАД тобы Сайболатова А, «Қыс қызығы» «Көжек» ересек тобы Сарсенова Э,«Екі сан,екі дос» «Жұлдыз» МАД тобы менталды арифметика Мирзабекова Н.

Мақсаты ұлттық құндылықтарды біртұтас тәрбие беру бағдарламасы аясында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда қолдану жолдарын тарату,тәжірибе алмасу болған барлық тәрбиешілер ұйымдастырылған іс-әрекеттерінде тақырыпты аша алды.Соңы тәрбиешілердің кері байланыстар, шағын концерттік бағдарламамен аяқталды

Сөзімді қорыта келе мақалдар – сөздік қорымызды байытып, өмірлік тәлім беретін даналық үлгілері болса, жұмбақтар – ойлау қабілетімізді жетілдіріп, зерделікке тәрбиелейді. Осы халық мұраларын дәріптеп, болашақ ұрпаққа жеткізу – біздің міндетіміз деп ойлаймын.


Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі