Тақырып бойынша 26 материал табылды

IDE-мен танысу

Материал туралы қысқаша түсінік
• IDE (Integrated Development Environment) ұғымын түсінеді • IDE ортасының негізгі терезелері мен құралдарымен танысады • IDE-да бірінші қарапайым программаны жазып, орындайды (мысалы, Python – print(“Сәлем, әлем!”))
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бөлім:

3-бөлім. «Рython тілінде программалау»

Педагогтің аты-жөні:

Муха Ұ.Қ.

Күні:

12.01.2026

Сыныбы:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

IDE-мен танысу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.1.2.2. IDE интерфейсінің мүмкіндіктерін қолдану.

Сабақтың мақсаты:

  • IDE (Integrated Development Environment) ұғымын түсінеді

  • IDE ортасының негізгі терезелері мен құралдарымен танысады

  • IDE-да бірінші қарапайым программаны жазып, орындайды (мысалы, Python – print(“Сәлем, әлем!”))

Құндылықтарға баулу:

Цифрлық сауаттылық

Жауапкершілік – программамен мұқият жұмыс істеу

Бірін-бірі құрметтеу – жұптық жұмыс кезінде


ЖИ қолданылуы

Chat GPT, Replit AI онлайн, IDE ішінде ЖИ көмегімен КОД жазады

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды.Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Менің пікірімше,... Достарым айтқандай,... Қорытындылай келе,... Мұғалімнің көрсеткеніндей....

Қалай ойлайсың программалауды үйрену не үшін маңызды?

Программалар құрудың интеграцияланған ортасын (IDE) бойынша түсінігіңді сыныптастарыңа қысқаша қалай жеткізген болар едің?

Программалар құрудың интеграцияланған ортасы қандай бөліктерден тұрады?

Не үшін программалау тілдерінің арасынан Python -ды таңдадық?

Белсенділіктеріне қарай бағалайды?

Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!

ҚБ:: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

31 мин.

Оқулықпен жұмыс.

(Д) Жаңа білім бөліміндегі ақпаратпен танысып, төмендегі сұрақтарға жауап береді және тапсырманы компьютерде орындайды.

-Неліктен көптеген программалау тілдерінің арасынан Python-ды таңдадық?

-Рython программалау тілін компьютерге қалай орнатуға болады.?

-Программалау тілі, программа және интерфейс дегеніміз не?

Дескриптор: Жалпы - 2 балл.

-сұрақтарға дұрыс жауап береді.


Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК


(Д) №1 тапсырма. Оқулықта берілген тапсырманың шығарылу жолын пайдаланып программа құрудың алғашқы жолдарын үйренеді.



Дәптермен жұмыс.

(Ұ) «Түртіп алу» әдісі арқылы жаңа тақырыпта кездескен термин сөздерді өз дәптерлеріне жазып алады, интерактивті тақтаға қарап, мұғалім соңынан қайталайды.

Рython терезесін пайдаланып ең алғашқы программамызды жазайық. Бұл программалау тілі қазақ әріптерін оқымағандықтан, латын әріптерін пайдаланамыз. Әрине ең алғашқы таныстық сәлемдесуден басталатын сияқты, бізде қарапайым сәлемдесу программасын жазайық. Программаның нәтижесін көру үшін «Enter» пернесін басу керек.

Дескриптор: Жалпы – 3балл.

- 2, 3, 4 біріккен сөз құрайды

-магынасын талдайды.

-өз ойын айтады.

Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК


(Ж) №2 тапсырма: Төменде берілген сөздерден алу программасынан біріккен сөз құраңдар.

Nur, alty, Saule, Sultan, su, bakan, ak


Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

  • 3 біріккен сөз құрайды.

  • 4 біріккен сөз құрайды.

  • 5-тен жоғары біріккен сөз құрайды.

Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК


(Ж) № 3-тапсырма: Еліміздің атауымен, астанасының атуын 4 реттен баспаға бер.

Kazakhstan Kazakhstan Kazakhstan Kazakhstan

Nur-Sultan Nur-Sultan Nur-Sultan Nur-Sultan

Дескриптор: Жалпы - 2 балл.

-Еліміздің атауын 4 реттен баспаға шығарады

-Еліміздің астанасын 4 реттен баспаға шығарады

Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


«Көңіл күй құрамасы » әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.



Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Сабақты бекіту сұрақтары.

1.Қалай ойлайсың программалауды үйрену не үшін маңызды?

2.Программалар құрудың интеграцияланған ортасын (IDE) бойынша түсінігіңді сыныптастарыңа қысқаша қалай жеткізген болар едің?

3.Программалар құрудың интеграцияланған ортасы қандай бөліктерден тұрады?

4.Не үшін программалау тілдерінің арасынан рython -ды таңдадық?

Мұғалім оқушыларды «Нысана «Сары түсті шеңбер «Бұл тақырып маған қызықты» Қызыл түсті шеңбер «Маған бәрі түсінікті»Көк түсті шеңбер «Маған көмек қажет»Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
20.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12