IDE-мен танысу ҚМЖ

Тақырып бойынша 13 материал табылды

IDE-мен танысу ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
IDE мен танысу тақырыбындағы ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар


Бөлім:

3-бөлім. «Python тілінде программалау»

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

3.2. IDE мен танысу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.3.2.1. Рython тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу.

Сабақтың мақсаты:

Рython тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазады.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

  • Менің пікірімше,... Достарым айтқандай,... Қорытындылай келе,... Мұғалімнің көрсеткеніндей....

  • Алгоритм ұғымы «Информатика» пәні үшін қандай маңызы бар деп ойлайсың?

  • Сызықтық алгоритм дегенді қалай түсінесің?

  • 1-суретте берілген іс-әрекет алгоритм және сызықты алгоритм ұғымдарымен қандай байланысы бар?

  • 1-суретте берілген іс-әрекеттің орындалуы дұрыс берілген бе? Дұрыс алгоритмі қандай болу керек?

  • Тілдің әліппесі құрылымы қандай?

  • Прогаммалау тілі мен кәдімгі тілдің қандай айырмашылығы бар?

  • Сызықты алгоритм және сызықтық программаны қалай түсіндірген болар едің?

Бөлудің бүтін бөлігі (//) мен бөлудің қалдығының мәні (%) есептеу амалдарының әрбіріне 3 мысалдан келтір.

ҚБ:: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру

Слайд

Сабақтың ортасы


Оқулықпен жұмыс.

(Т) Постер қорғау. Оқулықтағы жаңа тақырып бойынша үш топқа тақырыпшалар бөліп беріледі. Әр топ өз тақырыбы бойынша топ ішінде ақылдасып, постерге өз ойларын, нақты ақпаратты плакатқа түсіреді. Топтар арасында бір-біріне түсіндіру жұмыстары жүреді.

1 -топ: «Амалдар мен өрнектер»

2- топ: «Python тілінің әліппесі»

3- топ: «Python тілінің синтаксисі»


Дәптермен жұмыс.

(Ұ) «Түртіп алу» әдісі арқылы жаңа тақырыпта кездескен термин сөздерді өз дәптерлеріне жазып алады, интерактивті тақтаға қарап, мұғалім соңынан қайталайды.


Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

  • Оқулықтағы ақпаратпен танысады.

  • Топтық талқылау жүргізеді.

  • Постер қорғайды.


5-сынып оқулығы, жұмыс дәптері

«Түртіп алу» әдісі.


(Д) №1тапсырма: Төменде берілген программа кодтарын жазудағы қателерді тап.


1-код

2-код

3-код

a = int input()

b = int intut()

t = А + B

print(c)

a = 8: b =118

с := а + b

print(c)

a = int(input())

k=3*(a+b)-4ab

t=a*b

print(k); print(t)





Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

  • 1-кодтың қатесін табады.

  • 2-кодтың қатесін табады.

  • 3-кодтың қатесін табады

5-сынып оқулығы, жұмыс дәптері



2 тапсырма:

a , b, с бүтін сандары берілген. Осы сандардың қосындысы мен көбейтіндісінің соңғы цифрларының қосындысын экранға шығар .

Мысалы

Нәтиже

Түсініктеме

9

4

2

7


9*4*2=72

9+4+2=15

2+5= 7



Дескриптор: Жалпы - 2 балл.

  • А, b, c бүтін сандарының қосындысын шығарады.

  • A, b, c бүтін сандарының көбейтіндісін шығарады.

  • A, b, c бүтін сандарының қосындысы мен көбейтіндісінің соңғы цифрларының қосындысын экранға шығарады.

5-сынып оқулығы, жұмыс дәптері


(Ж) № 3 -тапсырма: Айдын, Санжар, Асқар үш дос балық аулауға барып, сәйкесінше k, l және m сандағы балықтарды аулады. Достар барлығы әділ болу үшін аулаған балықтарын теңдей бөліп алса, онда оларға қанша балықтан тиеді, қанша балық қалады.

Мысалы

Нәтиже

Түсініктеме

8

7

11

8

2


Барлық аулаған балық саны 8+7+11=26

26- ны 8- ден тең бөліп алады.

2 балық қалады.

Дескриптор: Жалпы-2 балл.

  • Балық санының қосындысын шығарады.

  • Соңғы шыққан қосындының санын теңдей үшке бөледі.

  • Үшке бөлінген саннан қалған қалдығын шығарады.



Оқулық, жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.



«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

  1. Тілдің әліппесі, құрылымы қандай?

  2. Прогаммалау тілі мен кәдімгі тілдің қандай айырмашылығы бар?

  3. Сызықты алгоритм және сызықтық программаны қалай түсіндірген болар едің?


Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.



Үйге тапсырма

72 беттегі 2 тапсырманы орындау



Тексерген

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.01.2025
236
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі