Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Идея бар "Өз жылуынмен бөліс"

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам өміріндегі ең игі істердің бірі-ол мұқтаж жандарға қамқорлық жасау,адамдар бір-біріне қайырымдылық,мейірімділік таныту. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласының жақсылыққа қадам бастауын үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қостанай облысы

Амангелді ауданы

«Н. Мейірманов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ





«Идея бар» - атты аудандық балалар әлеуметтік бастамаларымен

шығармашылық жобалар байқауы



«Өз жылуыңмен бөліс!»

тақырыбындағы жобаның

ТӨЛҚҰЖАТЫ







Авторы: Құрманқұлов Иманәли Ахметжанұлы. 15 жас

10 сынып оқушысы


Номинациясы: «Өз жылуыңмен бөліс»

Аймағы: Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Есір ауылы

Жетекшісі: Жұмағұл Ерсін Серікұлы. Тарих пәні мұғалімі









2022 жыл.

Жоба туралы ақпарат

Жобаның мақсаты

Адам өміріндегі ең игі істердің бірі-ол мұқтаж жандарға қамқорлық жасау,адамдар бір-біріне қайырымдылық,мейірімділік таныту.

Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласының жақсылыққа қадам бастауын үйрету.

Жобаның міндеттері

-Мүмкіндігі шектеулі балалар туралы түсінік беру

- Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік қолдау көрсету,бейімдеу

-Жиналған материалдарды сұрыптау,тақырыптарға бөлу

-Еңбектерді жинақтап бір ізге түсіру

Қатысушылар саны

2 адам

Жобаның мәні






































Іске асыру үшін есептер

Ел тірегі ,ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ!

Осал топтағы балаларда еліміз бен жеріміздің көркеюіне ат салысып өмір сүріп келе жатқанына қуанышты.

Бұл жоба да жетім,мүмкіндігі шектеулі және науқас балалардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға және оларды дамытуға мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Оқушы жайлы жазылған тың деректермен толығып,бала асқақ арманын алға жетелейтін жүректерінде сөнбеген үміт оты жайлы насихатталып,зерделенді

Қазіргі уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған,көңілдерін шер,қабақтарын мұң басқан,әр адамнан қайырымдылық,алақандарынан жылулық сезімін күткен баланың тағдыры жайлы болмақ.

Барлықты,тыныштықты бағалауымыз қажет,ол үшін бізге сабырлылық,шыдамдылық керек.Осы қасиеттер ғана адамды арманға жеткізеді.

Арманның алға қарай талпынысы,жеңіске деген құлшынысы,оны алға жетелеуде.Арманына бастайтын алғашқы қадамының бірі- үлкен мақсат,ертеңгі күнге жоспары болып табылмақ.

Сондай асқақ арман иесі -Арман өскен соң,өзі секілді көмекке зәру балаларға «Мейірім»атты осал топтағы жеткіншектерге қор ашсам деген үміті де жоқ емес.





Жобамды 2022 жылдан бастап қолға алдым.

Алға қойған негізгі бағытым осал топтан шыққан қаншама мүгедек,кемтар,жарымжан балалардың құлан-таза айығып кетпесе де,өмірлеріне қуаныш сезімін ұялатып,жігерлендіру арқылы қажеттіліктерін сәл де болса сейілткім келді.Кішкентайынан тағдыр тауқыметін тартып,денсаулығының дұрыс болмауынан зардап шеккен,құрбы,достарымен сау бала құсап ойнай да алмайтын,бүгінгі таңда,үйде оқитын мүмкіндігі шектеулі Арманның тағдыры мені еріксіз толғандырды.

Тақырыпты таңдап алысымен,мектептен шығып Арманның үйіне мектептің әлеуметтік педагогы Жұмағұл Ерсін ағаймен оқушының үйіне барып,бала жағдайларын өз көзімізбен көріп қайтқан соң жобамның төлқұжатын дайындауға отырдым.

Жобаны іске асыру барысында баланың

-«Есіңде болсын!» - өскелең ұрпаққа үндеу

-жүйелі жұмыс бағдарламасымен болашақта «Мейірім» атты қор ашуға сұраныс берсе,

-көрмелер, қайрымдылық концерттер ұйымдастырылса,

Сонымен қатар, зерттеліп жатқан тың деректерді

сыныптан тыс жұмыстарға, тәрбие сағаттарына пайдалану



























1. Жобаның іс -шаралар жоспары

Орындалған жұмыстар

Уақыты

Нәтижесі

Фотосуреттер

1

Жоба тақырыбы бойынша мақсат –міндеттерін айқындау

15.09.2022

Жобаның мақсат-міндеттерін құрылды.

2

Болашақта «Мейірім» атты қор ашып,мектепшілік деңгейде таныстырып,бизнес план жасалып,оны оқушыларға насихаттап,жоспар құрып,іске асыру арқылы бағыт-бағдармен бөлісу

6.10.2022

Жобаны жазып,оны мектеп көлемінде қорғап,ондағы бала арманының орындалуына ат салысып, ықпал жасап,қолдау көрсету

3

Мультимедиялық білім беру жүйесі

19.01.2022

Бұл баланың аналитикалық,логикалық танымын дамыту,есте сақтай отырып,ойлау қабілетін дамыту,бала деңгейіне қатысты түрлі

әдіс- тәсілдерді қолдану

4

Жоба тақырыбы бойынша жыр-шумақтар мен мақалаларға кітапшалар жасалынды

16.02.2022




Жоба төрт бөлімнен тұрады.

1.Мұқтаж жандарға қамқорлық танытайық!

2.Ата-ана жылуы

3.Болашақтағы арманым

4.Қызықты әдіс- тәсілдер





1.Мұқтаж жандарға қамқорлық танытайық!

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру,болашаққа бағдар»атты бағдарламасына орай үміт сәулесі өшпеген ,тағдыр тауқыметін тартып,қиыншылық көрген,халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға қол ұшын созып үміттеріне сенім ұялату.Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды ерте анықтап,түзету жұмыстарын жүргізсе,бала кемістігін жоюға,анағұрлым дамытуға болатыны ғылымда дәлелденген

Қандай жағдай болса да өмір жалғасады.Өмір адамға 1-ақ рет беріледі.Бар байлығымыз hәм бақытымыз –бала.Өмірдің гүлі де солар.Ұрпақ өсір,мәпеле,аяла өйткені бақытымыздың баяндылығы да балалармен өлшенбек.

Әлемдік медицина туа бітті,ауыр дертке шалдыққан балалардың құлан-таза айығып кетпесе де, оларды ортаға бейімдеуге болатынын алға тартады.

Кез- келген бала ,соның ішінде мүгедек бала да қоғам мен адамның көмегіне қамқорлық пен махаббатқа құқығы бар ортадан жырақ қалған балаларда медициналық қызметкер мен педагогтың назарын үнемі қажет етеді.

Баланың оқу нәтижесін қадағалап,жеке жетістіктерін үнемі қолдап,оқу мен үйренуде жақсартуға қызығушылығын оятып,ынтасымен белсенділігін арттырып,әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсетуіміз қажет.

Даму мүмкіндігі шектеулі баланың да ата—анасы оқыту мен түзету жұмыстарында белсенді көмекші де бола алады.Жалпы білім беретін мекемелерді арнайы педагог,психолог,әлеуметтік педагог,логапед,дәрігер бірлесіп баламен жұмыстар атқарады.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды түзету жұмыстарын жүргізу барысында:

-психологиялық көмек арқылы таным қабілетін дамытады,

-бала құқығы қорғалады,жеңілдіктер қарастырылады,

-жазбаша және ауызша сөйлеу тілін бұзылыстарын түзетеді,

-медициналық көмектер көрсетіледі



2.Ата-ана жылуы

Өмірбаян

-Қашан және қайда туды?

Тұяқбаев Арман Нағашыбайұлы-31.05.2014 жылы

Қостанай облысы,Амангелді ауданында,

Есір ауылында дүниеге келдім.

-Ұстазы кім?

Адманова Ақбілек Еркінбайқызы

-Ата-анасы кім болған?

Тұяқбаева Жанат Өмірбайқызы

Екі баланың анасы

Бала диагнозы:

Врожденная катаракта.ОИ-катаракта врожденная внутрийутробная

полиморфная.Юношеский ревматоидный артрит



Біздің анықтама

Жылы:2014

Жұлдызы:Егіздер

Жазушысы:Бердібек Соқпақбаев

Ақыны:Абай Құнанбаев

Әншісі:Төреғали Төрәлі

Киносы:«Қарындасым-қарлығашым», «Дениз»

Ұнатпайтын мінезі:ашушаңдық

Қадірлейтін мінезі:сабырлылық

Тағамы:манты,плов,жаркое

Сусыны:Айран,сүт

Өмірлік ұстанымы: «Денсаулығыңды жасыңнан сақта!»





















«Өскелең ұрпаққа үндеу»

Тақырыбы: «Есіңде болсын!»

*Денсаулығыңды күт

*Ата-анаңды сыйла

*Сабақты жақсы оқы

*Достарың көп болсын

*Армандарың орындалсын

*Сабырлы,ақылды бол

*Білгеніңді өзгелермен бөліс

*Жетістікке жетер тұлға бол

*Білімді,тәрбиелі бол

*Бірлігіміз мықты болсын

Біз-кейінгі ұрпаққа бір нәрсе қалдыру үшін, алдымен өзімізден бастағанымыз жөн.

Тек қана алға ұмтылайық!







3.Болашақтағы арманым



Өзім секілді көмекке зәру,осал топтағы мүмкіндігі шектеулі балаларға болашақта «Мейірім» атты қор ашсам деген ойдамын.

Қор-мұқтаж отбасылардың балаларына материалдық-әлеуметтік көмек көрсетумен айналысатын болады.



Қор ашудағы жоспарым:

1.Бос жер,участок туралы ақпараттар алу,

2.Ақпаратты қызметтерді пайдалану

3.Қаржы пирамидасы

4.Жасалған келісім шартпен қызмет жағдайларын жасау

5.Мемлекеттен алынған ғимаратты жекешелендіру

Ол қорда болады:

*Атауы

*Қызмет түрі

*Байланыс ақпараты

*Адресі

*Ресми сайты



Қордың бағыты:

1.Акция аясында емделетін аурумен ауыратын балаларды емдеу

2. Қаражат жинау мақсатында демеушілік іздеу

3.Отбасылар мен балаларға көмек көрсету

4.Жетім –жесір балаларға қолдау көрсету









4.Мультимедиялық білім беру жүйесі және қызықты әдіс- тәсілдер























Бұл әдіс –тәсіл 30 минут ішінде суреттерді тез -тез рет қатарымен көреді,бұл суреттер баланың зейіні мен есте сақтау қабілеттін арттырады.









Бұл әдіс –тәсілдер баланың түстерді ажыратуына көмектеді































Қорытынды:



Ертеңімізге талпыныс,болашаққа бағдар,игі ұмтылыс-адамзатқа тән құбылыс.Ендеше,көп болып,асыл арманына қол созған сүйеніш болып қолымыздан келген көмегімізді аямайық!

Шерменде болған жүрекке, жылулық сәулесін шашып, адамдарға қол ұшын берейік, ыстық ықыластарымызды, қамқорлығымызды аямайық!























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.10.2022
442
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12