Идеялар
галереясы- «Үздік болашақ маман»
шығармашылық
олимпиадасының
Ережесі
Мерзімі:
22.02.2019 ж.
Өтілетін
орны: Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық
колледжі, 1-4 кабинеті
Мақсаты:
колледж
студенттерінің таңдаған мамандығына,
ғылымға қызығушылығын арттыру;
студенттердің
білім беру мекемелеріндегі қазіргі
жаңару жағдайында педагогикалық
қызметтің даму процесіне енуі;
педагогикалық
саладағы ең шығармашыл жастарды қолдау.
студенттердің
өзіндік жұмысын белсендіру.
Міндеттері:
Педагогикалық
мамандыққа ерекше қабілетті жастарды
анықтау;
Студенттердің
шығармашылық дербестігін, олардың жеке
және педагогикалық мәдениетін өздігінен
қалыптастыруға, кәсіптік педагогикалық
қызмет тәжірибесін байытуға жағдай
жасау;
Студенттердің
кәсіптік – педагогикалық ой-өрісін
және шығармашылық әлеуетін жүзеге
асыру деңгейін кеңейту
Кәсіптік
педагогикалық білім берудің және
педагогикалық кәсіптің маңызын арттыру,
мектепке дейінгі ұйымдар педагогының
беделін көтеру.
Олимпиаданы
«Мектепке дейінгі педагогика» ПЦК-сы
ұйымдастырады.
Олимпиадаға
облыстық колледждердің 3 курс білімгерлері
қатысады.
Ұпай
жүйесімен бағаланады.
Орындау
уақытының сақталуы ұпай жүйесінің
негізіне енгізіледі.
Әділқазылар
алқасы сайланады.
Әдістемелік
комиссия:
Олимпиаданың
тапсырмалары бойынша жұмысты бағалау
әдістерін және шарттарын дайындайды;
Олимпиаданың
бағалау өлшемін жасайды;
Ұйымдастыру
комитетіне бекіту үшін олимпиада
жеңімпаздарының тізімін ұсынады;
Олимпиада
ережесі бойынша тапсырмаларын дайындайды;
Күтілетін
нәтиже:
Мектепке
дейінгі ұйымдардың оқыту және тәрбиелеу
бағдарламалары бойынша кәсіби
шеберліктерін қолдана біледі;
мектепке
дейінгі балаларды шығармашылыққа
тәрбиелейтін, адамгершілік құзіреттілігі
дамыған педагогикалық үрдісін жобалай
, жоспарлай алатын болашақ мамандар өз
жұмысын белсендіреді:
танымы
жоғары, интеллектісі дамыған, өз
тұжырымын дәлелдей алатын тұлға
қалыптасады;
студенттің
өз ойын айтуына, өзінің ізденуі арқылы
зерттелететін тақырыптың жаңалығын
ашуға көмектеседі және өз тәжірибесін
толықтыра алады.
Олимпиаданың
өткізілу тәртібі:
Тапсырма
1.
Таныстыру
Тобы
туралы презентация қалауынша музыкалық
қолдау.
Орындалу
уақыты – 3 минутқа дейін
Максималды
- 10 балл.
Бағалау
критерийлері: - Сайыстың мақсатына
сәйкестігі, тақырыпты ашуы – 3 балл. -
Ұсынылған композицияның біртұтастығы
– 2 балл. - Музыкалық және көркемдік
жағдайы– 2 балл. - Регламенттің сақталуы
– 1 балл. - Көркемділігі, қызықтылығы -2
балл.
Тапсырма
2.
Қиял қанатында
(Психология
және тіл дамыту әдістемесінен)
Ертегі
құрастырып балаларға түсіндіру әдісін
көрсету және рольге бөліп сахналау
Бағалау
өлшемі:
ертегінің мазмұнынына қарай, сәйкестігі
мен шығармашылығына байланысты балдық
жүйемен бағаланады. Дидактикалық
материалдар болуы тиіс.
Жоғары
деңгей – 10
ұпаймен
бағаланады.
Орташа
деңгей – 5
ұпаймен
бағаланады.
Төменгі
деңгей – 3
ұпаймен
бағаланады
Жоғары
деңгей - ертегінің мазмұнына қарай бар
ертегілерге ұқсамайтын жаңа кейіпкерлер,
оқиға құрастыра отырып ерекше шығармашылық
көрсеткен топ бағаланады.
Орташа
деігей - әдебиеттегі ертегілерге сүйене
отырып шығармашылықтарын көрсеткен
топ бағаланады.
Төменгі
деңгей - әдебиеттегі ертегілердің
кейіпкерлерін қайталаған топ бағаланады.
Тапсырма
3.
Орындалу уақыты– 10
минут.
Балабақша
– болашақтың тұғыры
(Педагогика
және бейнелеу өнері әдістемесінен)
Сәндік
қолданбалы өнер. Қазақтың «Гүл» ою-өрнегін
жолақша бойында және балаларға көрсету
үшін ыдыста (кесе, тостаған) өрнектеу.
Мақсаты:
Мектепке дейінгі балаларға көрсету
үшін сәндік кескіндеме үлгісін жасай
алу дағдысын көрсету.
Нысандық
сипаттама: «Қазақтың «Гүл» ою-өрнегін
сәндік кескіндеу.
Тапсырманы
орындауға берілетін уақыт: 10-15 минут
Тапсырманы
көрсетуге берілетін уақыт: 5 мин.
Тапсырма:
1.Материалдар
мен жабдықтарды таңдау
2.Үлгі
формасын таңдау
3.Эскиз
жасау
4.Бояумен
әрлеу
5.Жас
ерекшелігіне байланысты сабақтың
мақсатын, міндетін анықтау
6.Үлгіні
аяқтағаны және көрсетуге дайындығы
туралы сарапшыларға хабарлау.
Бағалау
өлшемі:
Білімгерлердің жасаған композициясының
мазмұныныа қарай, сюжеттің ерекшелігіне
байланысты балдық жүйемен бағаланады.
Жоғары
деңгей – 10
ұпаймен
бағаланады.
Орташа
деңгей – 5
ұпаймен
бағаланады.
Төменгі
деңгей – 3
ұпаймен
бағаланады
Жоғарғы
деңгейде-
болашақ кәсіби мамандығының мазмұнын
ашатын, жаңа жоба ұсынған топ бағаланады.
Орташа
деңгейге
– ұсынған жобада қазіргі кезеңдегі
балабақшалардың моделі қайталанған
жағдайда және сурет салу, жапсыруда
креативті ой жүйесін ұсынған топ
бағаланады.
Төменгі
деңгейге
– қазіргі кезеңдегі балабақшадан
айырмашылығы жоқ, сурет салу, жапсыруда
дұрыс композиция құрастыра алмаған топ
бағаланады.
Тапсырма
4.
Орындалу уақыты -5
минут.
Мамандығың
– мерейің
(Музыка
және қарапайым математика әдістемесінен)
Балаларға
арналған мәтінінде сандары бар әндер
орындау.
Бағалау
өлшемі: Әндердің
мәтініне қарай, орындалу ерекшелігіне
байланысты бағаланады.
Жоғары
деңгей – 10
ұпаймен
бағаланады.
Орташа
деңгей – 5
ұпаймен
бағаланады.
Төменгі
деңгей –
3 ұпаймен бағаланады.
Жоғарғы
деңгейге
– орындалған әннің сандары бар және
папуриді орындай білген топ бағаланады.
Орташа
деңгейге
– орындалған әннің мәтінінде сандары
бар, бірақ папури түрінде орындай алмаған
топ бағаланады.
Төменгі
деңгейге
– орындалған әннің мәтінінде сандары
бар, бірақ ән саны аз, айта алмаған топ
бағаланады.
Қорытынды:
Білімгерлердің
ұпай сандарын қосып олимпиада
жеңімапаздарын анықтау, марапаттау.