ІІ - топ элементтері. Кальций

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ІІ - топ элементтері. Кальций

Материал туралы қысқаша түсінік
2 (ІІ А) топ элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіреді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «ІІ-топ эементі кальций»

Модуль /пән атауы Химия

Дайындаған педагог Шайхсламова А.Н

2023 жылғы "09" қазан

1.Жалпы мәліметтер

Курс, оқу жылы, топ 1 курс, 2023- 2024

 Мақсаты:

Білім алушыларды кальций қосылыстарының химиялық қасиеттері, алу жолдарымен таныстыру және оларды өмірде қолданысын түсіндіру..

Міндеттері:

2 (ІІ А) топ элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіреді.

Кальцийдің күнделікті өмірде қолданысын біледі.

Күтілетін нәтижелер:

Кальцийға тән ерекшеліктерді біледі.

Негізгі және қосымша топша металдарының қасиеттерін айырмашылығын ажыратады.

Металдар және бейметалдарды меңгереді және болжау қабілетін қолдана білуді үйренеді

Қажетті ресурстар: Интерактивті тақта, компьютер, мультимедия.

Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, презентациялық слайд, тапсырмалар,

Сабақ типі Жаңа білімді меңгерту

Қолданылағн әдебиеттер:

М.К Оспанова , К.С Аухадиева, Химия 10сын,2- бөлім, §57; бет 30-36 ,№ 1,2


Сабақтың барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекеттер

Басы

20 мин


Ұйымдастыру кезеңі.

Алдымен оқушылармен амандасу.

Ынтымақтастық орта құру.

Дәптер-кітаптарын тексеріп шығу.

Білім алушылардың сабаққа зейінін шоғырландыру.

Топқа бөлу бөлу.Топ басшы сайлау

Сабаққа оң көзқарас қалыптастыру.

«Шаттық шеңбері» құру арқылы оқушылар өз есімдерінің бас әріптерінен басталатын жылы сөздер айту арқылы бір-біріне сабаққа сәттілік тілейді.

Үй тапсырмасын пысықтау

Ой қозғау” кезеңі

1.Магнийдің периодтық жүйедегі орны

2.Физикалық қасиеттері.

3.Химиялық қасиеттері.

Quzizz платформасы арқылы тест тапсыру арықы үй жұмысы сұралады.


Білім алушыларды оқу мақсатымен бағалау критерийлері мен таныстыру

Ортасы

50

Жаңа сабақты түсіндіру

Топқа бөлу арқылы жаңа сабаққа болжау жасап,жаңа сабақтың мазмұнын ашады.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.

Кальций – күмістей ақ түсті жеңіл металл. Оның ауамен әрекеттесуі нәтижесінде түзілген оксид қабықшасымен лезде қапталады, сондықтан оны сілтілік металдар сияқты керосин қабатының астында сақтайды.

Кальций көп таралған элементке жатады. Жер қыртысындағы құрамы бойынша ол V орында, оның массалық үлесі - 3,4%. Табиғатта кальций қосылыстарын кез келген жерде кездестіруге болады: кальций тұздарынан таулы массивтер және сазды тау жыныстары түзілген, ол теңіз, өзен суларының, өсімдік, жануар және адам организмдерінің құрамына кіреді.Кальцийді сілтілік металдар сияқты тұздарының балқымаларын электролиздеп алады.

Табиғи қосылыстары:

Табиғи қосылыстары:

Физикалық қасиеттері

Кальций ақ түсті, жеңіл (р=1,55 г/см3), сілтілік металдардан қаттырақ зат, керосиннің астында сақталады.

Атымдық нөмірі 20; атомдық массасы 40,08; балқу температурасы 842°С; қайнау температурасы 1495°С; тығыздығы 1,55 г/см2. Кальцийді 1808 жылы ағылшын ғалымы Г.Дэви ашқан. Түсі күмістей ақ, жеңіл металл, белгілі изотоптары 14, табиғи изотоптары 6. Негізгі минералдарыкальцитангидритгипсфлюоритапатит, т.б.

Химиялық қасиеттері:

Кальций белсенді металл болғандықтан көптеген реакцияларға түседі.

Жай заттармен

  1. Са + Н2 = СаН2 кальций гидриді

  2. Са + Сl2 = СаСl2 кальций хлориді

  3. 2Са + О2 = 2СаО кальций оксиді

  4. 6Са + 2N2СаN кальций нитриді

  5. Ca + 2С =СаС2 кальций карбиді

Күрделі заттармен

  1. Ca + 2НОН = Са(ОН)2 + Н2

  2. Ca + 2HCl=СаСl2 + Н2

  3. Ca + BeO = CaO + Be

  4. Ca + CuCl2 = CaCl2 + Cu


5.1.Жаңа сабақты пысықтауға арналған жаттығулар.


Тапсырма №1.

Ойлау дағдыларының деңгейлеріқолдану, талдау, жинақтау.

Белсенді оқыту әдісі түсіндіру, сипаттау

Жұмыс түрі– жеке

Дамыту дағдылары– айтылым, тындалым.

Саралау тапсырма

Бағалауды ұйымдастыру: мұғалімнің бағалауы.Дұрыс реакция теңдеуін аяқтаған студент бір смайликтан алады

Реакция теңдеулерін аяқтаңыз:

Жай заттармен, 5ұпай

Күрделі заттармен, 5 ұпай

Ca + S = CaS

Ca + 2HCl = CaCl2 + H2

2Ca + O2 = 2CaO

Ca + 2H2O = Ca(OH)2 + H

3Ca + N2 = Ca3N2

Ca + BeO = CaO + Be

Ca + Cl2 = CaCl2

Ca + CuCl2 = CaCl2 + Cu

1.Теңдеулерді аяқтап жазады

2. Теңдеулерді теңестіреді


Тапсырма №2

Қолданылатын әдіс тәсіл: «Сағат дос» әдісі. Оқушы белгіленген уақытта өзінің кездесетін жұбын белгілеп алады. Сол уақытта бір біріне сұрақтар қойылады

Ұйымдастыру формасы: жұптық әдіс

Белсенді оқыту әдісі түсіндіру, сипаттау

Дамыту дағдылары– айтылым, тындалым.

Саралау тапсырма

Бағалауды ұйымдастыру формасы: Әр сұраққа 10 % қойылады

Теориялық сұрақтар:

  1. Кальцийдің периодтық жүйедегі орны

  2. Кальцийдің валенттілігі мен тотығу дәрежесі

  3. Кальций таралуы бойынша нешінші орындағы элемент?

  4. Кальцийдің физикалық қасиеті

  5. Кальцийдің алыну реакциясы

  6. Кальцийді ашқан ғалым?

  7. Кальцийдің Қазақстандағы кен орындары

  8. Кальций қандай металға жатады?

  9. Кальцийдің атом құрылысы

  10. Кальций адам организміндегі ненің құрамында кездеседі?

Тапсырма №3

I-топ Бейметалдар

II-топ Кальций

III-топ Магний

Қолданылатын әдіс тәсіл: «ӨРМЕКШІ»әдісі, әр топ берілген тапсырманы постерге жазып,түсіндіріп береді

Ойлау дағдыларының деңгейлері қолдану, талдау, жинақтау

Белсенді оқыту әдісі– түсіндіру, сипаттау

Жұмыс түрі– топтық

Дамыту дағдыларыоқылым, жазылым

Саралау–тапсырма

Бағалауды ұйымдастыру формасы: Студенттердің түсіндіруіне байланысты бағаланады,белсенді болған студентке смайлик таратылады.

Кальцийдің физикалық қасиеті, өндірістегі кальций , химиялық қасиеттері:

Дескриптор:

1. Адамның күнделікті іс-әрекетіне пайдаланатын қажетті химиялық заттарды түсінеді.

2. Физикалық қасиеттерін біле отырып, заттардың химиялық формулаларын анықтай алады.

3.Өндірістегі кальций, химиялық реакциялар теңдеулерін жаза алады.


5.1 Тақырыпқа сәйкес терминдермен жұмыс (сабақтың тілдік мақсаты)

6. Жаңа сабақты бекіту.

Сабақтың соңында дәрістің SMART мақсатын қою

«Үміт» ағашы

(постерге алдын-ала түрлі-түсті көрнекі салынған) ілінеді

«Үміт» ағашында төмендегідей сөздер жазылды:

- кальцийдің қосылыстарын үйрендім;

- кальцийдің пайдасын білдім;

-тақырыпты түсіндім;

-тәжірибе алмастым;

Оқушыларға әртүрлі түстегі стикер тарқатылады. Оқушылар стикерге сабақтың SMART мақсатын өздері қойып жазып іледі.

А 3 форматында жасалады

Соңы

20 мин



Рефлексия. «Кері байланыс» арқылы студенттерден

Мен күткендей болмады

Ұнады бірақ,ұсынысым бар

Маған қызықты, үйрендім-деген кері байланыс алынады.


Бағалау:Бағалау парағы және смайликтердің санына қарай бағалаймын.


Үйтапсырмасы: М.К Оспанова , К.С Аухадиева, Химия 10сын,2- бөлім, §57; бет 30-36 ,№ 1,2

Айналымды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңдар.

Са→СаН2 → Са(ОН)2 → СаСО3 → Са(НСО3)2 → СаСО3→СаСI2

CaO → СаSО4


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
«БОЛАШАҚ» ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ



Келісілген Бекітемін
Колледж әдіскері Директордың оқу жұмысы
__________Ф.Ж.Тулегенова жөніндегі орынбасары
__________С.М.Оразбекова
«_____»__________20___ж.





ХИМИЯ ПӘНІНЕН

АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы:

«ІІ-А тобы элементі кальций»

Оқытушы: Шайхсламова А.Н.









Қызылорда, 2023 жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2025
200
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі