Мәлік Ғабдуллин атындағы №3
көпсалалы гимназия
6 «Б» сыныптың ІІ -ші
жартыжылдық бойынша
тәрбие жұмысының
есебі
Сынып жетекші:
М.М.Мухамеджанова
2023-2024 оқу
жылы
6 «Б» сыныптың ІІ -ші
жартыжылдық бойынша тәрбие жұмысының
есебі
Оқу жылының ІІ жартысындағы
сыныптың тәрбие жүйесін жоспарлау мен тиімділік мақсатын
талдау: 2023-2024 оқу жылында тәрбие
жұмысының жоспарын ұлттық құндылықтар: ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ, АР-ҰЯТ, ТАЛАП
бойынша жасадым.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы»
– ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру
ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім
алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің
мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық
құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы
азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді. «Біртұтас тәрбие бағдарламасының»
мақсаты:
Жалпыадамзаттық және ұлттық
құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз
азаматты тәрбиелеу.
6 «Б» сыныбында
мейірімділікке,қайырымдылыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу мақсатында
тәрбие сағатьары өткізілді. Сабақ барасында оқушылар
жақсы -
жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету
мақсатында бір-біріне ашық хатты жазды. Бір - бірімен қарым -
қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке, имандылыққа.
шыншылдыққа, мейірімділікке
тәрбиелеу.
Қайырымды,мейірімді адам
жақсылық ойлап, оларға мейір-шапағатын төгіп,
жанашырлық,қамқорлық,қайырымдылық жасау керектігін, әркімге
әдеппен, ізетпен, инабатпен қарау керектігін оқушылар өз ойларын
постер жасады.
Балаларды ұлттық мүдде
құндылығын назарға сала отырып, өз ана тілінің қадір-қасиетін
біліп, өз ана тілінің көркемдігін
сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі
маңызын ұғынуға үйрету балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға
және қамқорлық жасауға тәрбиелеу
мақсатында
«Өзге тілдің бәрін біл, өз
тіліңді құрметте!» атты тәрбие сағаты
өткізілді. Тіл мәртебесін көтеру үшін біздің сыныбымызда
«Тіл сақшылары» атты топтық жұмыс
істеді.
Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін,
мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты
азаматтар тәрбиелеу мақсатында тәрбие сағатында бірнеше әдіс-тәсілдер
пайдаландым. Бәйге эстафетасы оқушылардың
арасында өткізілді.
Әр тоқсан соңында ата-аналар
жиналысы өткізілді. Оқу жылы басында ата-аналар мектептің ішкі күн
тәртібімен танысып, білім беру қызметтерін көрсетуге арналған
шартқа қол қойып, ата-аналар комитетін сайлады.
3-ші тоқсан соңында ата-аналар
жиналысы және пән мұғалімдермен кездесу өтті, балаларының білімдері
қандай деңгейде екендігі туралы мағлұмат алды. 4-ші тоқсан соңында ата-аналар жиналысы өткізіліп, 4 тоқсан
қорытындысы бойынша есеп берілді және «Алғашқы ұстаз ата-ана» атты
баяндама оқылды. Отбасындағы ата-ана рөлі басты екені,тәрбиесіз
білім жоқ екендігі айтылды.
3-ші тоқсан
соңында 27 оқушы,оның ішінде 18 қыз, 9
ұл. 3 тоқсанның сапалық үлгерімі: 92.59 %. 22 екпінді, 3 оқушыда
бірнеше пәннен үштік бағалары шықты, осы оқушылармен, оның
ата-аналарымен байланысқа шығып жұмыс жасалуда.
Сынып оқушыларының оқу
әрекетіне, тәрбиелік шараларға
қатысу белсенділіктері жас ерекшеліктеріне сай жақсы деп айтуға
болады. Оқушылардың мұғалімге қарым-қатынастары жақсы,
педагогикалық талаптарға бағынады. Сынып
оқушыларының мектеп мотивациялары
оң, сабаққа қызығушылықпен
келеді, көңіл-күйлері көтеріңкі. Топбасшы – Зулкарнай Султан.
Сыныптағы психологиялық ахуалды қолайлы деп айтуға
болады. Сыныпты жалпы зерттегенде
сыныпта белсенді бірнеше оқушылар бар. Сыныптағы оқушылардың
бір-бірімен қарым-қатынасы өте жақсы,
қалыпты.
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен
кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген
ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас - көз бола білген
қарттарымыздың орны ерекше. Олай болса, әр халықтың бойында ықылым
заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне
ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай
ерекшеліктерінің бірі –
үлкенді
сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты
жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең,
ақылы тілегей теңіз болып келеді. Міне, осындай теңеуге лайық
қарияларды жылына бір рет келетін
Оқушылар плакатта ілініп тұрған сұрақтарды
кезегімен алып, өз ойы арқылы сұрақтарға жауап берді. Оқушылар өз
ойын ашық, анық, еркін жеткізе білді.
Оқушыларды ұстазды
құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын
түсіну. ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге, қоғамдық құндылық
бойына сіңіру мақсатында “Ұстаз ұлы тұлға”
атты тәрбие сағатында оқушылар өздерін
мұғалімнің орнында елестетіп, мұғалім жұмысы өте қиын , әрі қызықты
екендігін түсініп, адамды тәрбиелеп,оны азамат етудің өзі
бір үлкен күш, сондықтан
да ұстаздың еңбег-ұлы еңбек екендігін бойларына
сіңірді.
Ұлттық мүдде құндылығын оқушы
бойын дарыту үшін оқушыларға М.Ғабдуллин өмірдеректері, әдебиетке
қосқан үлесі, ол кісі туралы жазылған өлеңдер туралы түсінік беру,
батыр ұстаз ғалымның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігін дәріптей
отырып, елін, туған жерін сүюге, патриоттыққа тәрбиелеумақсатында
«Батыр-Мәлік атамыз» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Жер бетінде қанша ұлт болса,
сонша ұлттық ерекшелік, дәстүр бар. Әр халықтың туа біткен
болмысына, өмір кешу жағдайына қарай қалыптасқан осы дәстүрлердің
тозығын уақыт өзі екшеп, озығын ел кәдесіне жаратып жатыр. Соның
бірегейі есте жоқ ерте замандарда туып, қалыптасып, дамып жетіліп,
бүгінгі күннің де қажетіне жарап отырған халық ауыз әдебиеті болса,
оның ең бір өміршең жанры – айтыс екендігін түсіну мақсатында
«Айтыс-асқақ өнер» атты тәрбие сағаты өткізіліп, қазақ халқының
әдеби мол мұраларының бірі болып табылатындығын, біздің қанымызбен
жаралып, рухымызбен таралған дәстүрлі, синкретті өнер екендігін
түсінді.да белсене қатысып, өз
білімдерін көрсетіп, кейбір оқушылар жүлделі орындарға ие
болды.
Оқушыларды
еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен
жеңістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу, білімді
ұрпақ болуға тәрбиелеу,
қиын зұлмат жылдары елінің
азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт
зиялыларына тоқталу мақсатында
«Жеңіс
күні» атты тәрбие сагаты
оқушылар болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және
адамгершілік құндылықтарын дамыту керектігін, Отанын сүюге, ел
тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,
отанымыздың байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге ат салысу
керектігін түсінді.
Құқық бұзушылықтың алдын-алу
барысында оқушылар бос уақытында
спорттық
үйірмелеріне волейбол,
футбол,тоғызқұмалақ, асық ату, теннис ойындарына белсенді қатысып,
дипломдарға ие болды.
Сынып оқушыларының бойына өз
еңбегімен қатар өзгенің еңбегін қадірлеуге, тұрақтылықтылықтың
тиімділігін білу, әділдікті сүю, өз ойын еркін айту сияқты
қасиеттердің қалыптасуына үлес қостым. Олардың жеке тұлға ретінде
қоғамның бір мүшесі екенін ұғындыра білдім деп айта
аламын
.
Балалармен мектеп
кітапханасында «Мақал
–
сөздің
азығы, жұмбақ –
ойдың қазығы»
сынып сағаты өткіздім. Ұлттық
мүдде: Қазақ тілінің қолдану аясын
кеңейту.
Сынып жетекші _____________
Мухамеджанова М.М.