400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Іі дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
сауат ашу пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

ОҚО ПКБАЙ

ІІ топ

Тыңдаушы : Жолдасова Баян

Пәні : бастауыш сынып



С - Оқыту мен оқуда өзгерісенгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есебі ( Есеп С )



Мұғалімнің жазбалары

Тренердің жазбалары

Болашағымыздың қазіргі күннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат баласын алға қарай апаратын күш тек білімде ғана.

Білім беру саласының жаңа құрылымы мен әдістемелік мазмұнының өзгеруі арқылы ұстаздардың алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдау, жаңа технологияларды меңгеру және оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді үнемі жетілдіріп отыру.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазіргі заманда жастарға ақпаратты техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп атап көрсеткендей, инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану арқылы жаңаша білім беру – әрбір ұстаздың міндеті. Сонымен қатар ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау.

Болашақта тәрбиелеп отырған шәкірттерімнің жан-жақты білімді болуына өз үлесімді қосу үшін, жаңаша оқыту үлгісін қалыптастыруда оқу, үйрену мақсатында және де қазіргі заман талабына сай нағыз білікті мұғалім болу үшін Кембридж бағдарламасының 7 модулі бойынша білім – біліктілігімді арттырғым келді. Білім берудегі Кембридждік әдістің теориялық негізін оқып, таныса отырып, жеті модулдің жаңаша әдіс-тәсілдерін мектептегі іс-тәжірибе кезінде практикалық түрде қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткіздім. Сонымен қатар Бағдарлама модулдері бойынша теория жүзінде меңгере отырып, оқушылармен қалай жұмыс жүргізу керектігін үйрендім.

Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. (нұсқаулық 6-бет)

Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы ( конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған (Hattie, 2009) . (Нұсқаулық 6-бет)

Бағдарламаның басым бөлігінде әртүрлі әдіс-тәсілдер қарастырылған және сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлау қабілетін дамыту олардың бұрынғы білімі мен оқулықтан, мұғалімнен , сыныптастарынан алған жаңа білімдерімен бірге жүзеге асады деген ойға негізделген.

Кембридж Бағдарламасының жаңаша әдіс- тәсілдері 7 модулді оқытудың негізгі өзегі – оқу модулі. Жеті модулдік оқытудың басты мақсаты оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту. Ол оқушының жүйелі түрде жүргізілетін іс-әрекеті арқылы жүзеге асуға негізделген. Оқушы уақытының көпшілігінде өз бетінше жұмыс атқарады.

Бұрынғы қолданылып келген дәстүрлі сабақта мұғалімдер көп сөйлеп, ал оқушылар тыңдаушы еді. Ал бұл бағдарламада мұғалім тек бағыт-бағдар беруші, ұйымдастырушы екенін білдім. Оқушыларға тапсырманы үйретіп емес үйренетін жағдай тудыру керек екенін түсіндім.

Теория кезінде 7 модулдің әдіс-тәсілдеріне тоқталдық. Осы кезде көп нәрсені түсінбей, бұрынғы дәстүрлі оқытудың қағидаларымен әркез салыстырып отырдым. Мұғалім тек бағыт-бағдар беруші болып, ал оқушылардың өзі ізденіп, өзі сұрақ қойып, сұрақтың жауабын бірлесе отырып тауып, бірін-бірі және өзін-өзі бағалай алуы керек дегенде , мүмкін оқушыларым бастауыш сынып оқушылары болғандықтан ба, «қалай болар екен?» деген күдігім болды. Мектептегі іс-тәжірибе кезінде теория жүзінде оқып- үйренген білімімді іс- тәжірибе кезінде жүзеге асыруда жаңаша оқыту тәсілдерінің тиімді екенін түсіндім.

Мектептегі іс-тәжірибе кезінде алдымен мектеп директоры И.Адхамовқа осы Кембридж оқуы жайында, оқытудың мақсаты мен міндеті жайында әңгіме жүргіздім. Әдістемелік бірлестік ортасында осы Бағдарлама жайлы толық түсіндіруге тырыстым. Олар осы жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдеріне қызығушылық танытты.

Тізбектелген сабақтар топтамасындағы сабақтарымды жоспарлағанда 7 модулді кіріктіре отырып, жаңа әдіс түрлерін қолдану арқылы сабақтың жақсы өту нәтижелеріне қол жеткіздім. Әр сабағымның барысында оқушылардың бойында сабаққа деген қызығушылықтарының артқанын, көшбасшылыққа деген ұмтылыстарының пайда болғанын байқадым. Сонымен қатар оқушылар өз бетімен жұмыс істеуді, ресурстарды тиімді пайдалануды, бір-бірімен пікірлесіп, өз ойларын еркін айтуға үйренді. Модуль бойынша жұмыс жасаудың тиімділігін және оның мұғалімге зор табыс әкелетінін білдім. Сондай-ақ мұғалім оқушыға қандай да бір тапсырма беру үшін , ол сұрақ төңірегінде өзі әбден зерттеп, зерделеп , саралап алуы керек. Осы 7 модулдің әдіс- тәсілдерін пайдалана отырып білім бергенде біз үлкен жетістіктерге жететінімізді, оқушылардың қызығушылығының артатынын, оқушыларды тез баурап алатынымызды және оқушының пәнге, сабаққа деген оң көзқарасын арттыруға мол септігін тигізетінін білдім және оқушылардың «келесі сабағымыз қандай болады екен» деген қызығушылықпен қарайтындарын байқадым.

Мектептегі оқытуда маған бірінші кезекте ұнағаны «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулі бойынша оқушыларды топқа бөлу кезі болды. Әрбір сабағымның барысында оқушыларды міндетті түрде топқа бөліп отырдым. Алғашында оқушылар арасында аздаған түсінбеушіліктер болды, бірақ мен әр сабақ барысында өздері бірлесе отырып құрған топ ережелерін еске түсіріп отырдым, түрлі әдістер арқылы топқа бөлдім, соны нәтижесінде оқушылар топтық жұмыста біріге, ұйымшылдықпен жұмыс жүргізуге үйренді. Топтық жұмыс барысында дарынды балалар өз топтарына көшбасшылық жасап отырды. Әр сабағымда « сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулін сұрақ-жауап арқылы менталді карта , постер жасату арқылы өз сабақтарыма енгізіп отырдым. Тақырыптарға байланысты тапсырмалар беру арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойландыра білуге болады. Бала қаншалықты көп ойланса , жауаптың сапасы артады және дамиды. Сыни тұрғыдан ойлану арқылы баланың танымы артады. Мен балаларды сыни тұрғыдан ойландыру арқылы оқушылардың бойынан өздігінше ізденуді, өзара ұйымшылдықпен дәлелдеулері туралы көре білдім.

Оқу мен жазуда сын тұрғысынан ойлауды дамыту бойынша жұмыс баланың танымдық белсенділігін арттыруға , өз бетінше білім алуына және шығармашылығын қалыптастыруына оң ықпал етеді. Сабақтарда сын тұрғысынан оқыту технологиясының стратегияларын пайдалана отырып жұмыс атқару балалардың ойларын еркін айтуына, ойларын ұштауға, еркін сөйлеуге , өздеріне деген сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сыни тұрғыдан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сыни тұрғыдан ойлаудың бұл дағдылары: бақылау, талдау, қорытынды, интерпретация. Осы дағдылар арқылы оқушылар сабақта қалай оқу керектігін меңгереді, өздері ой қорытады, нәтижеге жетуге ұмтылады. Ал мұғалім оқушыға қалай оқу керектігін үйретеді (нұсқаулық).

АКТ-ны қолдана білу – заман талабы. Әр сабақтарымда сандық технологияны, оқушылардың арттырудағы басты құрал болып саналатын АКТ-ны қолдануды сабақтарымда жүзеге асырдым. Әр сабағымда жаңа білімді түсінуде слайдтар көрсету арқылы презентация түрінде қолдандым. Сонымен қатар дарынды және талантты балаларға тапсырма беруде де қолдануға болады. Өздері іздену арқылы керекті мәліметтерді алып, өз білімдерін жетілдіруге болады. Ескі дәстүр бойынша біз көбінесе слайдтардың орнына суреттер көрсетумен шектелген болатынбыз.

Әр сабағымның барысында «оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау» модулі арқылы балаларға өзін-өзі бағалау және бір-бірін бағалту мүмкіншілігін беріп отырдым. Яғни сабақтағы жасаған іс-әрекетіне баға бере алады, өзін-өзі бағалау арқылы оқуға деген қызығушылығы артып, өзін-өзі реттеуге үйренеді. Ал ескі дәстүр бойынша оқушылардың білімін мұғалім баланың сабақ барысындағы білім көрсеткішіне қарай, бағалап отыратын. Сондықтан да оқушылар мұғалімнің бағалауына үйреніп қалған. Бағаны не үшін алды, жақсы баға алу үшін не істеу керек деген талдау жүргізілмеген. Ал жаңа әдіс-тәсілдер бойынша мұғалім ұйымдастырушы, бақылаушы және бағыт-бағдар беруші. Ал оқушы өзі ізденеді, өзін-өзі және сыныптастарын бағалайды. Мұғалім сабақ барысында оқушыларды марапаттап, «жарайсың», «өте керемет», «жақсы» деп ынталандыру мақсатында жігерлендіріп отырады. Бұл оқыту үшін бағалау болып табылады. Мұғалім әр сабақта тапсырмаларға байланысты бағалау критерийін жасайды, сол бағалау критерийінің қорытындысы бойынша жиынтық баға шығарады. Бұл оқу үшін бағалау болып табылады. Мұғалімдер оқушылардың білімін баға мен сөздің көмегімен бағалайды. Бағалау арқылы оқу үдерісін жақсартуға ықпал ететін бес қарапайым фактор бар. Олар:

1) оқушылармен тиімді кері байланыс орнату;

2) оқушыларды өздерінің оқу үдерісіне қызу араластыру;

3) оқыту мен бағалау нәтижелері арасында байланыс орнату;

4)оқу табыстылығының негізгі факторлары болып табылатын оқушылардың ынтасы мен өз қадір- қасиеттерін сезінуде дамытудағы бағалаудың мәнін түсіну;

5) өз жұмысын өзі бағалау және өзін-өзі жетілдіру жолдарын түсіне білуін дамыту.

Оқушылар өзін-өзі бағалау арқылы өзін-өзі реттейді, өз білімін анықтап , ары қарай оқу керектігін түсіне біледі.

Бағалау кезінде оқушылар арасында түсінбеушіліктер болды, бірін-бірі жоғары немесе төмен бағалау салдарынан ренжушіліктер байқалды. Бұл кедергі болып саналатынын түсіндім және кедергіні жою жолдарын қарастырдым. Әр сабақ барысындағы тапсырмаларды жүйелеу арқылы, бағалау критериилерін балалармен бірлесе отырып түздім және оқушыларға бағалау кезінде қалай қолдану керектігін түсіндірдім. Оқушылар бұл тапсырманың орындалуы арқылы бағалау жүйесін түсінді.

Кембридж тәсілдері арқылы оқушылардың білім сапасын көтере алатынымызға сенемін. Оқушылар жаңа білімді өздері оқып, топта талқылау арқылы бірін-бірі оқыта алады, тақырып мазмұнын өздері түсініп, өздігінен ізденуге ұмтылады. Осы әдіс-тәсілдермен жұмыс жасау барысында мұғалім де , оқушы да осы заманның жаңалықтарынан қалмай ізденіп отырса білім беруде ізгі өзгерістер болатынына сенемін.

Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін баланың санасына сіңіре білу, оларды сыни ойлай отырып шығармашылыққа баулу арқылы жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Балаға ойлануға уақыт беріп, жауабын соңына дейін тыңдау, тапсырманы нақты беріп, өзіміз де сыни ойлай отырып, жұмыс жүргізсек, жан-жақты дамыған, өз ойын еркін айта алатын, шығармашыл тұлға тәрбиелеп шығамыз деп ойлаймын.

Мұғалім оқушылардың зер салып тыңдауын сақтап қалу мақсатында жұмыс үдерісі барынша күрделі әрі , әр түрлі болуын қадағалайды, бұл ретте оларға қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар мен білімді береді. Мұғалім оқушыларда Чиксентмихай (2008) «өзіндік мақсат» деп атайтын және Райан мен Деки (2009) «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасауға тырысуға тиіс. Басқаша айтқанда, оқушылар өзін-өзі ынталандыра алады және осыған орай оларда ұмтылыс пен қызығушылық пайда болады. (нұсқаулық 34-бет)

Балалардың әрқайсысын дарынды да, қабілетті деп қарайтын болсақ, жеке тұлғаны дамыту мақсатында жеті модулдің әдіс-тәсілдерін тұрақты пайдаланып жұмыс жасасақ, ойлаған мақсатымыздың нәтижесін көре аламыз. Өмірімізді жақсы арнаға бұру үшін озық тәжірибелерді дұрыс таңдап, сапалы білімді оқушылардың бойына сіңіре отырып, жақсы бәсекеге қабілетті азамат, білімді ұрпақ, өркениет заманына лайықты азамат болып шығулары үшін білім алуда аянбай тер төгіуге тәрбиелеуіміз қажет.

Нені өзгерту керек? дейтін болсам , дәстүрлі оқытуды осы сындарлы оқытудың жаңа әдіс-тәсілдеріне өзгерткім келеді. Курстан алған білімімді қолдану арқылы, нақтылыққа көшу керектігін, біреудің кемшіліктерін көре тұра қабылдау керектігін үйрендім. Басқаның пікірін тыңдауды, санасуды және әркімнің пікірі құнды екенін түсіндім.

Мен жалпы керемет әсер алу арқылы , менде көптеген өзгерістер болғанын білдім. Алдағы біліктілікті анықтайтын тестілеуден жоғары балл жинап өтсем деген ой мазалайды. Алдағы уақытта үйренген жаңа әдіс-тәсілдерімді өз сабақтарыма жүйелі түрде жоспарлап пайдаланып, әріптестерімді де оқыту барысының оң нәтижесін дәлелдей отырып, түсіндіріп, біріге отырып жұмыс жасауға шақырар едім.Жалпы әр баланың ішкі ойын ашып, оған нені оқу керектігіне бағыт-бағдар бере алсам және де өзімді осы жолда қалыптастырсам, жұмысымның нәтижелі болғаны деп түсінер едім.

Мұғалім оқушы жетістіктерін дамытудағы және мектеп жұмысын өрістетудегі негізгі тұлға болып саналады. Сондықтан да мұғалімде Шульман « үш көмекші» деп атаған қасиеттер болғанда ғана оқыту жақсы болып саналады. Шульман көрсеткендей « бас - кәсіби түсінік, қол - оқытудың тәжірибелік дағдылары, ал жүрек – кәсіби тұтастық». Демек, мұғалімдер өз мамандықтарының этикалық және моральдік дағдыларын ұстану керек. Сонымен қатар, олар төзімді, шыншыл, батыл, оқушыларға мейірім мен аяушылық, құрмет көрсете білетін, әділ болу керек.

Қорыта келе, мен өзіме «ары қарай нені дамыта аламын?» деген сұрақ қоя отырып, «ол үшін неге баса назар аударуым қажет?» деп ойладым. Кембридж бағдарламасы бойынша оқыту оқушылардың бірін-бірі және өзін оқытуда ең тиімді жол екеніне сенімдімін. Сол үшін ең алдымен дәстүрлі оқытуды жаңаша оқытудағы жеті модуль әдістерін қолдана отырып , оқушыларды жаңаша оқытуға өзгерткім келеді.

«Оқытуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Оқу бар, сонымен бірге оқытуды үйрету де бар. Бұл үдерісте мұғалім оқушыға:

  • Білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге;

  • Жеке ойлау үдерістерін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге;

  • Міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға;

  • Нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі.

Осы төрт тармақты іске асыру үшін оқушылардан оқуды үйрену талап етіледі. Мұғалімдерөзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. (нұсқаулық 32-бет)

Осылайша курста оқып үйренген білімім бойынша, жаңа әдістерді өз сабақтарымның бәрінде қолдана отырып, балаларға сапалы білім беремін деген ойдамын. Мектептегі әріптестеріме де жаңа тәсілдің қолайлылығын насихаттай отырып, өзіммен бірге жұмыс істеуге шақырғым келеді. Білім берудегі бұрынғы ескі сарынды өзгертіп, жаңаша білім беруге бет бұрамын. Ол үшін мен сабақ өту жоспарларымды 7 модуль негізінде жасауға тырысамын.

Оқушыларға сұрақтар қоюды Блум таксономиясы бойынша төменгі дәрежелі сұрақтан жоғары дәрежелі сұрақтар қою арқылы жоспарлаймын. Сабақ жоспарының құрылымын өзгерте отырып, оқушыларымды жаңа қырынан көргім келеді. Оқушыларға көптеген мүмкіндіктер бере отырып, сабаққа деген құлшыныстарын, белсенділіктерін, ізденімпаздықтарын дамытқым келеді.

Білім өмірімізді жақсы арнаға бұру үшін, бақытты да табысты өмір сүру үшін қажет. Осы қағиданы оқушыларымның санасына сіңіре отырып, бәсекеге қабілетті азамат, білімді, өнегелі, заман талабына сай үш тілді меңгерген тұлға ретінде тәрбиелегім келеді.

Еліміздің білім беру жүйесі күннен күнге алға қадам басып, жаңа сатыға көтеріліп келеді. Еліміздің ертеңі-- мектеп қабырғасында жүрген жас ұрпақ. Сондықтан да біліктілігіміз бен шеберлігімізді шыңдап, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру біздердің, яғни ұстаздар қауымының міндеті.

Құрметті әріптестер, сіздерге білімді де, өнегелі шәкірт тәрбиелеудегі ұстаздық еңбектеріңізге шығармашылық табыстар мен сәттіліктер тілеймін.
















Пайдаланған әдебиеииер:


1. Мұғалімге арналған нұсқаулық



2. Сабақтарда жаңа технологияларды қолдану

Е. Сарманов


3. Бірінші «бетпе-бет» кезінде таратылған таратылымдар


4. « Мектеп» журналы








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
625
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі