жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ІІ кіші тобына арналған жылдық жоспар
Автор: Дарибаева Гулнар Жумашевна
ІІ кіші «Жұлдыз» тобының жылдық перспективалық жоспары
1. апта Менің балабақшам |
Коммуникация-1 Сөйлеуді дамыту (1) Көркем әдебиет (0,5)
|
Таным-2 Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру (1 с Жаратылыстану (1с) Құрастыру (0,5) |
Шығармашылық-3 Сурет салу (1с) Мүсіндеу (0,25) Апликация (0,25) |
Әлеумет-0 Қоршаған ортамен танысу (0,25) Экология негіздері (0,25) |
Денсаулық -1,5 Дене шынықтыру(1,5)
|
|
Өтпелі тақырып: Менің балабақшам (Қыркүйек) Мақсаты: балалардың бойында балабақшаға, достарына сүйіспеншілік сезімді қалыптастыру. Міндеттері: балалардың балабақшаға, достарына сүйіспеншілік сезімді қалыптастыруға тәрбиелеу; бірлескен әрекетке қызығушылықты дамыту. |
|
|||||
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Менің тобым». Топ бөлмелері мен топтағы заттарды, заттардың бөлшектерін ажыратып атауға, сөздегі дыбыстарды анық айтуға үйрету. Жаратылыстану Тақырыбы: «Балабақша ауласы» Балабақшаның ауласындағы өсімдіктерді, ағаштарды, гүлдерді бақылау жасау, олардың өзіне тән белгілерін байқап, сипаттай білуді үйрету. |
Сурет салу Тақырыбы: «Балабақша ауласындағы жол» Түрлі бағытта түзу сызықтарды олардың қиылысуын жүргізе білуді үйрету, балабақша ауласындағы жолды ондағы гүлзардың суретін салу. Байқампаздар әлемі: Тақырыбы:Заттарды көлеміне қарай топтастыру; Топ бөлмесіндегі заттарды бір-бірімен салыстырып отырып көлемдері әр түрлі және бірыңғай заттарды үлкен, кіші екі топқа бөлуге үйрету. Бір пішіндегі көлемі екі түрлі дөңгелектерді ажырата білуге үйрету көлемді ажыратуды меңгерту;
|
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру (ҚМҰҚ) Тақырыбы:«Көп», «Біреу» ұғымдары. Топтағы заттардан бір немесе көп заттарды тауып көрсетуге, топтағы біртекті заттардан топтар құрастыруға одан біреуін бөліп көрсетуге үйрету. үйрету.
|
Көркем әдебиет Тақырыбы: «Балабақша» әңгмелеу. (сурет бойынша) Балабақша туралы түсініктерін кеңейту, тақырыпқа сәйкес әңгіме оқып беріп оқиғаны эмоционалды қабылдауға үйрету. Қоршаған ортамен танысу Тақырыбы: «Үлкендердің еңбегімен танысу» Балабақша мен балабақша қызметкерлері туралы ұғымдарын кеңейту, балабақшаға жағымды көзқарастарын калыптастыру Құрастыру Тақырыбы: «Орындық» Әртүрлі құрылыс материалдарымен таныстыру, әртүстегі бөлшектерден орындықтың құрылысын құрастыруға үйрету. |
Мүсіндеу Тақырыбы: «Ермексазбен танысу» Ермексаз және сазбалшықтың қасиетерімен танысу дағдыларын жетілдіру, олардың кесектерін домалату, ширату, созу тәсілдерін үйрету |
||
2. апта Менің достарым |
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Менің достарым» Достық туралы түсінік беру, зат есімдердің жекеше түрін қолдануға, ересектердің сөзін зейін қойып тыңдауға және түсінуге үйрету. Жаратылыстану Тақырыбы: «Көкөністер мен жемістер». Сипап сезу және дәмін тату арқылы көкөністер мен жемістерді ажыратып, атай білуге сөйлегенде: шикі, піскен, тұзды және т.б. сөздерді қолдануға үйрету.
|
Сурет салу Тақырыбы: «Картоп» Дөңгелектеу. тәсілдерін қолдана отырып, көкөністердің бейнелерін салуға үйрету. Би: Тақырыбы: «Қолшатыр биі» Мақсаты: Балалардың дене бітімін шынықтырып, күшейту. Биді түсіну және билеу қабілетін қалыптастыру. |
ҚМҰҚ Тақырыбы: «Көп», «Біреу» ұғымдарын бекіту. «Көп», «Біреу» ұғымдарын бекіту, заттарды бір қатарға реттілікпен солдан оңға қарай орналастыруды үйрету.
|
|
|
|
3. апта Менің сүйікті ойыншықтарым
|
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Менің сүйікті ойыншығым» Ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, заттарды жалпы белгілері бойынша топтастыруға, сөздерді жіктелуіне қарай байланыстыруға үйрету. Жаратылыстану Тақырыбы:«Көкөністер мен жемістер» Көкөністерді, жемістер мен саңырауқұлақтарды жинау туралы түсінік беру, олармен ойыншықтарды қоректендіруді үйрету (куыршақты жемістермен, қоянды сәбізбен)
|
Сурет салу Тақырыбы:«Сандықты әшекейлеу». Түзу сызықтарды түрлі бағытта салуды жетілдіру, сүйікті ойыншығының суретін салу. Байқампаздар әлемі: Тақырыбы:Түстері бойынша топтау; Түстері әр түрлі, біркелкі заттарды екі топқа бөліп таптау (ағаш, қасық, кесе) үйрету. Сезімдік сапаларды бекіту. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінен жаңылтпаш жаттата отырып, тілін дамыту; |
ҚМҰҚ Тақырыбы:«Шеңбер және шаршымен танысу». Балаларды геометриялық пішіндер шеңбер және шаршымен таныстыру, олардың пішінін қолмен ұстап көру арқылы зерттеуге үйрету.
|
Көркем әдебиет Тақырыбы: «Қуыршақ» тақпақ жаттау.(Әнуарбек Дүйсенбиев) хрестоматия Ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, тақырыпқа сәйкес тақпақтың интонациясын сақтап айтуға үйрету. Экология негіздері Тақырыбы: «Күзгі табиғатты бақылау». Өлі және тірі табиғат туралы білімдерін, көкөністер мен жемістер туралы қарапайым түсініктерін, бөлме өсімдіктерінің түрлері мен ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру Құрастыру Тақырыбы: «Жүк машинасы» Кірпіштерді қалау арқылы ойыншықтың құрылысын құрастыруды үйрету |
Аппликация Тақырыбы: «Шкаф» Дайын пішіндерден шкафтың бейнесін жасауға үйрету.
|
|
4. апта Жиһаздар
|
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы:«Үй жиҺаздары». Жиһаздар туралы түсініктерін кеңейту, сөздік қорды заттардың қасиетін білдіретін сөздермен толықтыруға үйрету. Жаратылыстану Тақырыбы: «Көкөністер мен жемістерді топтастыру». Көкөністер мен жемістер туралы түсініктерін кеңейту, көкөністер мен жемістерді топтастыра білуге үйрету (сәбіз, қияр, қызанақ, алма, алмұрт, апельсин), қоршаған табиғатқа қызығушылығын қалыптастыру |
Сурет салу Тақырыбы: «Шкаф». Түзу сызықтарды қиылыстыру арқылы шкафтың суретін салуды үйрету. Би өнері: Тақырыбы: «Жапырақтар» биі Мақсаты: Балалардың би әлемін түсініп қабылдауы, сезімталдығын қалыптастыру, әуеннің ырғағына сәйкес қимылдау. |
ҚМҰҚ Тақырыбы:«Ұзын-қысқа, салыстыру». Ұзындығы бойынша түрлі заттарды салыстыруға, ұзын, қысқа сөздерін қолдануға үйрету.
|
|
|
|
Өтпелі тақырып:«Менің отбасым» Қазан айы Мақсаты: отбасы, ана, әке, әже, ата, аға, әпкенің рөлі; отбасы мүшелерінің еңбек міндеттері; отбасындағы оң өзара қарым-қатынас, өзара көмек, отбасының барлық мүшелеріне сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: отбасы мүшелеріне сүйіспеншілік пен сыйластыққа тәрбиелеу. Отбасы туралы алған білімдерін кеңейтуге ықпал ететін ойын жағдайын ұйымдастыру. Туыстық байланыс туралы түсініктерін дамыту. |
||||||||||||||
1.апта Менің отбасым, ата-аналар еңбегі
|
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Мен және менің отбасым» әңгімелеу. «Бес саусақ» тақпақ жаттау.(Е.Өтетілеуұлы) хрестоматия Отбасы мүшелері туралы әңгімелесу, дауысты дыбыстарды анық айтуға, сөздерді септелуіне қарай байланыстырып айтуға үйрету, тақырыпқа сәйкес шағын тақпақ жаттату. Жаратылыстану Тақырыбы: «Күзгі табиғат құбылыстары». Күз мезгілінің негізгі ерекшеліктерін: аспанның бұлттануы, жаңбыр, жапырақтардың түсуі, күннің суытуын бақылау
|
Сурет салу Тақырыбы: «Үй». Асфальтка түрлі-түсті борлармен үйдің суретін салуды үйрету Байқампаздар әлемі Тақырыбы: «Бас киімдер» Мақсаты:Жыл мезгілдеріне байланысты қандай киім киетіндеріне тоқтала отырып , пішіні әр түрлі тақияларды түстеріне сәйкес топтауға үйрету. Оларды күнделікті қолданылатын заттар мен байланыстыра айта білуді меңгерту, тақырыпқа қатысты жұмбақтар үйретіп сөздік қорын молайтып, байланыстыра сөйлеуге үйрету,тақияның суретін жапсыру;
|
ҚМҰҚ Тақырыбы: Заттарды салыстыру Бір затты екіншісіне беттестіру, жанына қойып тұстастыру арқылы салыстыруға үйрету.
|
Көркем әдебиет Тақырыбы:«Ана» әңгімелеу. З.Воскресенская (хрестоматия 2004ж Алматы.) Отбасы туралы түсінігін кеңейту, тақырыпқа сәйкес шығармадағы кейіпкерлерді ойнағанда олардың мінездерін бере білуге үйрету Қоршаған ортамен танысу Тақырыбы: «Тұрмыстық бұйымдар». Отбасылық суреттерді қарастыруға және отбасы мүшелері мен олардың әрекеттерін, қазақ және басқа халықтардың тұрмыстық заттарын атауға үйрету Құрастыру Тақырыбы: «Саты» Пластиналарды тік және көлденең орналастыру тәсілімен құрастыру
|
Мүсіндеу Тақырыбы: «Әжемнің бауырсағы». Дөңгелектеу, ширату, созу тәсілдерімен азық-түлік тағамдарын мүсіндеуге үйрету |
|||||||||
2.апта Біздің көше
|
Сөйлеуді дамыту: Тақырыбы:«Біздің қаланың көшелері». (сурет бойынша әңгімелеу). Өзінің тұратын көшесі туралы әңгімелесу, сөздік қорды заттардың сапасын білдіретін сөздермен толықтыруға, зат есімдерді жекеше, көпше қолдануға үйрету. Жаратылыстану Тақырыбы: «Күннің шуақтары». Күн туралы түсініктерін кеңейту: күннің көзінен жылу мен жарық тарайтындығын бақылау, талдау жасай білуге үйрету. |
Сурет салу Тақырыбы: «Дуал». Бірнеше тік сызықтарды салу арқылы асфальтка түрлі-түсті борлармен дуалдың суретін салуды үйрету Би: Тақырыбы: «Көкөністер» биі Мақсаты: Балалардың дене бітімін шынықтырып, биді түсіну және билеу қабілетін қалыптастыру.
|
ҚМҰҚ Тақырыбы: «Үшбұрыш». Геометриялық пішін үшбұрыш пен таныстыру, түйсіну және көру арқылы пішін түрлерін зерттеу
|
|
|
|||||||||
3. апта Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік
|
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Абайла,балақай!». Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік туралы қарапайым ережелермен таныстыру, заттардың бөлшектерін ажыратуға және атауға, дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету Жаратылыстану Тақырыбы:«Үй жануарлары» Үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту, олардың өздеріне тән ерекшеліктерімен: немен қоректенеді, қалай қимылдайды, қандай дыбыстар шығарады, ересектердің үй жануарларына күтім жасауын бақылау жасау және мысықтың тырнап алуынан, иттің тістеп алуынан сақтануды үйрету
|
Сурет салу Тақырыбы: «Пеш» Дайын тамақ пісіретін пештің суретін бояуға үйрету. Байқампаздар әлемі Тақырыбы:«Кеселер» Мақсаты:Екі түсті ойыншық кеселерді түстеріне сәйкес топтау. Халық ауыз әдебиеті үлгілерімен жаңылтпаш жаттата отырып, тілін дамыту, кесекнің неден жасалғанын , не үшін пайдаланатынын түсіндіру. Басқа заттармен салыстыра отырып, көлемін, пішінін, ажырата білуге үйрету, ұқсас заттардың ішінен кесені табуға оның атын дұрыс айтуға жаттықтыру, тақырып бойынша сезімдік сапаларын бекіту;
|
ҚМҰҚ Тақырыбы:«Бір-бірден», «бірде біреуі жоқ» ұғымдары «Бір-бірден», «бірде біреуі жоқ» ұғымдары туралы түсінік қалыптастыру, заттарды бір қатарға реті бойынша бір бағытта солдан оңға қарай оң қолымен орналастыруды бекіту
|
Көркем әдебиет Тақырыбы: «Бағдаршам» әңгіме. Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік туралы түсініктерін кеңейту, тақырыпқа сәйкес әңгіме оқып беріп кейіпкерлерге жанашырлық танытуға үйрету. Құрастыру Тақырыбы: «Менің көшем» Ірі құрылыс материалдарынан көшенің құрылысын жасауға үйрету
|
|
|||||||||
4. апта Алтын күз |
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Алтын күз». «Жемістер жыры» тақпақ жаттау.(Н.Жанаев). хрестоматия Күз туралы түсініктерін кеңейту, әңгімелесу кезінде берілген сұрақтарды тыңдауға және түсінуге, киімдерді топтастыруға үйрету, тақырыпқа сәйкес шағын тақпақ жаттату. Жаратылыстану Тақырыбы: «Күзгі еңбек» Күзгі табиғаттың әсемдігін байқай білуді дамыту, ауа райын, ауладағы ересектердің еңбегіне бақылау жасау.
|
Сурет салу Тақырыбы: «Күзгі жапырақтар» Ағаштардың дайын суретінің үстінен және жерге саусақпен салу әдісімен сары жапырақтарды орналастыру. Би: Тақырыбы: «Жаңбыр»биі Мақсаты: Балалардың иілгіш қабілетін арттыру, жеңіл қозғалыспен қимылдау, биді түсіну, әуенді есту. |
ҚМҰҚ Тақырыбы:«Заттың көлеміне қарай салыстыр» Биіктігі мен қалыңдығы бойынша бірдей және қарама-қарсы заттарды салыстыруға үйрету
|
|
Аппликация Тақырыбы: «Күзгі ағаш» Бейнеленген заттарға сәйкес түрлі түсті қағаздардан дайын пішіндерді таңдауды, желімді қылқаламға ұқыпты түрде жағуды, күздегі ағаштың бейнесін жасауды үйрету
|
|||||||||
|
Өтпелі тақырып:« Дені саудың- жаны сау» Қараша Мақсаты: баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға; тұрмыста, көшеде, табиғат жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және балалардың қимыл-қозғалыс тәжірибесін негізгі қимылдарды жетілдіру арқылы байытуға, шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілеттерін пайдалана отырып, қимыл белсенділігіне қажеттілікті жетілдіру. Міндеттері: балаларарды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету.
|
|||||||||||||
1. апта Өзім туралы
|
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Дене мүшелері мен таныстыру». Өзінің дене мүшесін ажыратып атауға, дене мүшелерінің атқаратын қызметтерін айтуға, сөздерді жіктелуіне қарай байланыстыруға үйрету. Жаратылыстану Тақырыбы: «Үй жануарлары төлдерімен таныстыру» Үй жануарлары төлдерінің сыртқы келбетінің сипаттық ерекшеліктерімен, мінез-құлықтарымен, тіршілік әрекетімен таныстыру.
|
Сурет салу Тақырыбы: «Күннің көзі». Дөңгелек пішінді заттарды салуды жетілдіру, күннің суретін салу оны бояумен бояуға үйрету. Байқампаздар әлемі Тақырыбы: «Пішініне сәйкес, көлемді табу» Мақсаты:Берілген төрт заттан пішініне сәйкес екі затты таңдап ала білуді меңгерту ( қоржын, жатық, сәукеле, камзол). Заттарды пішініне қарай сәйкес топтауға үйрету. Заттарды не үшін пайдаланатның түсіндіру.
|
ҚМҰҚ Тақырыбы: «Жалпақ және жіңішке, салыстыру» Заттарды ені бойынша үстіне қою және жанына қою әдістері арқылы салыстыруға үйрету
|
Көркем әдебиет Тақырыбы: «Бақа,бақа,балпақ» өлең. Өзі, дене мүшелері туралы әңгімелесу, тақырыпқа сәйкес шығармадағы бейнелі сөздерді есте сақтауға үйрету Экология негіздері Тақырыбы: «Үй және жабайы жануарлар». Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту, Қазақстанда мекендейтін жабайы жануарлар туралы білімдерін, табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылау дағдыларын қалыптастыру Құрастыру Тақырыбы:«Үлкен және кішкене үйлер» Әртүрлі пішіндегі бөлшектерден қарапайым құрылыстар құрастыруға үйрету
|
Мүсіндеу Тақырыбы:«Алма және алмұрт». Элементтерді қарапайым заттарға біріктіру, ыдыстағы жемістерді мүсіндеуге үйрету
|
|||||||||
2 апта Дұрыс тамақтану. Дәрумендер
|
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы:«Дәрумендер патшасы» Дұрыс тамақтану, дәрумендер туралы түсініктерін кеңейту, жалпы белгілері бойынша заттарды топтастыруға (жемістер мен азық түліктер) сөздерді септелуіне қарай байланыстыруға үйрету. Жаратылыстану Тақырыбы: «Балықтарды бақылау» Табиғат бұрышындағы балықтарға бақылау жасау, олардың сыртқы келбетімен таныстыру, балаларды балықтарға күтім жасау әрекетіне қатыстыру.
|
Сурет салу Тақырыбы: «Алма» Дөңгелек пішінді салуды жетілдіру, алақанымен алманың суретін салуға үйрету Би: Тақырыбы: «Қуыршақ» биі Мақсаты: Баланың дене бітімін шынықтыру. Биді түсіну және билеу қабілеттерін қалыптастыру. |
ҚМҰҚ Тақырыбы: «Кеңістікті бағдарлау». Өзіне тікелей жақын кеңістік бағдарын анықтауға үйрету.
|
|
|
|||||||||
3 апта. Өзіңе және өзгелерге көмектес
|
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Қайырымды балалар» әңгіме (хрестоматия) Өзіне және айналасындағы адамдарға көмек көрсетуді, сөздік қорды заттардың қасиеті мен сапасын білдіретін сөздермен толықтыруға, кейіпкерлерді сипаттау үшін дауыс ырғағының мәнерлі қарапайым тәсілдерін қолдануға үйрету. Жаратылыстану Тақырыбы: «Бөлме өсімдіктеріне күтім жасаймыз» Табиғат бұрышындағы өсімдіктерге күтім жасауда сәбилерді шамасы жетерлік іс-әрекетке қатыстыру (ірі жапырақтарды сүрту, гүлдерді суару).
|
Сурет салу Тақырыбы: «Сәбіз». Саусақпен салу әдісімен қоянға сәбіздің суретін салып беру. Байқампаздар әлемі Тақырыбы: Құрақ көрпе құрастыру; Мақсаты: Берілген геометриялық пішінгедерден көрпеше құрастыра білуге үйрету; Үшбұрыштарды, дөңгелектерді, төртбұрыштарды орынымен қоя білуге үйрету. Өз бетінше шығармашылық пен әрекет етуге жаттықтыру;
|
ҚМҰҚ Тақырыбы: «Заттарды салыстыр» . Шама бойынша заттардың әртүрлі болатыны туралы түсінік беру, ұзындығы мен ені бойынша екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыруға үйрету
|
Көркем әдебиет Тақырыбы: «Қызыл телпек» ертегісі. Тақырыпқа сәйкес ертегі оқып беріп оның мазмұнын түсінуге, кейіпкерлерге, оқиғаларға өзінің көзқарастарын білдіруге үйрету Қоршаған ортамен танысу Тақырыбы: «Қоршаған ортадағы заттар мен таныстыру» Қоршаған ортаны қабылдауға, заттар, ойыншықтар, кітаптар мен ыдыстарға ұқыптылықпен қарауға, кеңістікті бағдарлауға үйрету, көлік құралдарының түрлерімен таныстыру Құрастыру Тақырыбы: «Машина жүретін жол». Ірі құрылыс материалдарынан көп түсті құрылыстарды құрастыруға үйрету.
|
Аппликация Тақырыбы: «Доп» Ересектердің даярлаған ірі және ұсақ элементтерге желімді жағып орналастыруға, тақырыпқа сәйкес спорт құралдарын жапсыруды үйрету
|
|||||||||
4-апта Біз күштіміз, ептіміз |
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Дене жаттығулары». Денсаулықты нығайтуда дене жаттығуларының маңызын түсіндіру, дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстауды жетілдіру, сөз бен сөз ұйқастарына құрылған ойындарға қызығушылыққа тәрбиелеу. Жаратылыстану Тақырыбы: «Жабайы жануарлар». сурет бойынша әңгімелеу. Жабайы жануарларды танып, атай білуді және сыртқы ерекшеліктерін ажырата білуді, олардың қимылдарына еліктеп жаттығулар жасауды (қоян болып секіру, аюдай қорбаңдап жүруді) үйрету.
|
Сурет салу Тақырыбы:«Қошқар мүйіз»Қазақ оюының дайын суретіне оның жетпей тұрған элементтерін салуға үйрету. Би: Тақырыбы: «Гномдар» биі Мақсаты: Балаларға көңілді күй сыйлау, биді музыка ырғағына сәйкес орындау. |
ҚМҰҚ Тақырыбы:«Пішіндерді бекіту» Геометриялық пішіндер: шеңбер, шаршы, үшбұрышты ажыратып тануды және атауды бекіту.
|
|
|
|||||||||
|
Өтпелі тақырып:«Менің Қазақстаным» (Желтоқсан) Мақсаты: балаларда "Мәңгілік Ел" жалпы ұлттық идеясына негізделген рухани-адамгершілік жалпы адамзаттық құндылықтарды, патриотизм мен толеранттылықты қалыптастыру. Міндеттері:өз елін, жеріне деген сүйіспеншілікті, сыйластыққа тәрбиелеу. |
|
|
|||||||
1. апта Тарихқа саяхат
|
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Отан» тақпақ жаттау Т.Жексенбай (тіл дамыту хрестоматия) Балаларға туған жер, Отан туралы түсінік беру, сөздерді жіктелуіне, септелуіне қарай байланыстыруға, сөйлеу әдебінің сәйкес түрлерін дұрыс қолдануға үйрету, тақырыпқа сәйкес шағын тақпақ жаттату. Жаратылыстану Тақырыбы: «Өлі табиғаттары мен танысу». Табиғат құбылыстары мен өлі табиғат заттары туралы түсініктерін кеңейту, тау, өзен, көлдер туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру. |
Сурет салу Тақырыбы: «Әжемнің сандығы». Дайын сандықтың суретін қарапайым ою элементтерімен, штрихтармен безендіруге оларды бояуға үйрету. Байқампаздар әлемі: Тақырыбы: «Көлем, пішін, кеңістік» Мақсаты: Ауыл мен қаланы салыстыра отырып, математикалық ұіымдарын жетілдіру. Санау, көлем, пішін, кеңістікті бағдарлау туралы ұіымдарын бекіту. Құрылыс материалдарымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Геометриялық пішіндермен таныстырып, ойын жүйелі жеткізе білуге, байланыстырып сөйлеуге үйрету;
|
ҚМҰҚ Тақырыбы: «Оң-сол» Өзінің дене бөліктерін атауға және бағдарлауға үйрету |
Көркем әдебиет Тақырыбы: «Отан» тақпақ жаттау М.Хакімжанова (тіл дамыту) хрестоматия. Туған жер, Отан туралы түсініктерін кеңейту, тақырыпқа сәйкес тақпақ оқып беріп оның интонациясын қабылдауға, тақпақты жатқа айтуға үйрету Құрастыру Тақырыбы: «Кітапша» Қағазды бүктеу тәсілін қолданып, қағаз бетін түрлендіруге үйрету.
|
|
|
|
|||
2. апта Туған өлкем
|
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Туған өлкем» сурет бойынша әңгімелеу. Туған өлке оның табиғаты, айналасындағы заттар туралы түсініктерін кеңейту, зат есімдерді көмекші сөздермен: үстінде, астында, жанында бірге қолдануға, қоршаған ортасы туралы сұрақтар қоюға үйрету. Жаратылыстану Тақырыбы: «Жабайы аңдар» сурет бойынша әңгімелеу. Туған өлкені мекендейтін жабайы аңдар туралы қарапайым түсініктер беру, олардың дене бөліктерін ажыратуға үйрету. |
Сурет салу Тақырыбы: «Бұлт». Дөңгелек пішінді заттарды салуды жетілдіру, бұлттың суретін салуға және оны бояуға үйрету. Би: Тақырыбы: «Қонжықтар» биі Мақсаты:
|
ҚМҰҚ Тақырыбы: «Тәулік бөліктері мен танысу ». Тәулік бөліктерін: таңертең, күндіз, кеш, түн тануға және атауға үйрету
|
Қоршаған ортамен танысу Тақырыбы:«Ел рәміздері» сурет бойынша әңгімелеу. Балалар тұратын қала мен ауыл, Қазақстан Республикасының астанасы, мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін қалыптастыру |
Мүсіндеу Тақырыбы: «Табақ» Алақан арасында, жазықтықта түзету және домалақтау қимылдары арқылы кесектерді жаюды жетілдіру, ыдыстардың мүсінін жасауды үйрету |
|
|
|||
3. апта Астана – Отанымыздың жүрегі
|
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Бас қала-Астана» тақпақ жаттау. А.Сейтақ. тіл дамыту (хрестоматия) Еліміздің бас қаласы Астана, Бәйтерек туралы түсініктерін кеңейту, сөздерді анық айтуға, зат есімдердің жекеше, көпше түрлерін қолдануға үйрету, тақырыпқа сәйкес шағын тақпақ жаттату. Жаратылыстану Тақырыбы: «Гүлденебер-Астана!» сурет бойынша әңгімелеу. Еліміздің бас қаласы Астананың табиғатының әсемдігі, ауа-райының ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту
|
Сурет салу Тақырыбы: «Бәйтерек» Түзу, домалақ пішіндерді салуды жетілдіру, бәйтеректің суретін салу және оны бояуға үйрету Байқампаздар әлемі Тақырыбы:«Кеңістікті бағдарлау» Мақсаты:Математикалық қарапайым түсініктерді , жануарлармен байланыстыра түсіндіру. Тұрған орыннан оң сол алдында, артында, қасында, жанында, орналасқан жануарлардың кеңістіктегі орны дұрыс айтып беруге жаттықтыру. Жұмбақ, жаңылтпаштарды, пайдалана отырып,сөздік қорын молайту, тіл байлығын жетілдіру;
|
ҚМҰҚ Тақырыбы: «Кеңістікті бағдарлау» Өзіне қатысты кеңістіктегі бағыттарды: оң-сол, алды-арты ажырата білуге үйрету
|
Көркем әдебиет Тақырыбы: «Астанам» тақпақ жаттау. Т.Жексенбай. тіл дамыту (хрестоматия) Астана қаласы туралы түсініктерін кеңейту, тақырыпқа сәйкес тақпақтың сөздерін асықпай, дыбыстарды анық айтуға, бейнелі сөздерді қолдануға үйрету Құрастыру Тақырыбы: «Пойыз» Қағазды жырту және шиыршықтау тәсілдерін пайдаланып қағаз беттерін көлемді пішіндерге түрлендіруге үйрету
|
|
|||||
4.апта Тәуелсіз Қазақстан (ҚР Тұңғыш Президенті, мемлекеттік рәміздер) |
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Қ.Р.Тұңғыш Президент күні» Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті, мемлекеттік рәміздер туралы түсініктерін кеңейту, берілген сұрақты тыңдау және оны түсіне білуді жетілдіру. Жаратылыстану Тақырыбы: «Үй жануарларының қысқы тіршілігі». Жануарлардың қысқа дайындығы туралы түсініктерін кеңейту, табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларды бақылау
. |
Сурет салу Тақырыбы: «Ту» Толқынды және түзу сызықтарды салуды жетілдіру, тудың суретін салу және оны қарапайым ою элементтерімен безендіруге үйрету .
Би: Тақырыбы: «Ақшақарлар биі» |
ҚМҰҚ Тақырыбы: Біртекті заттарды топтау. Біртекті заттардан топтар құрастыру және оның біреуін топтан бөлуді бекіту.
|
Экология негіздері Тақырыбы: «Шырша ағашы» Туған өлкенің кейбір өсімдіктері, көкөністері мен жемістері, туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру, жергілікті аймақта өсетін 2-3 ағаштардың түрлерін танып, атауға үйрету |
Аппликация Тақырыбы: «Бәйтерек Бәйтерек пен көкбайрақтың бөліктерін қағаз бетіне жапсыруды, желім қалдықтарын қағаз майлықпен сүртуді үйрету.
|
|
||||
|
Өтпелі тақырып:«Табиғат әлемі» (Қаңтар) Мақсаты: тірі және өлі табиғат заттары мен құбылыстары, маусымдық өзгерістер, өсімдіктер туралы білімдерін кеңейту. Міндеттері:жануарлар, жәндіктер мен өсімдіктердің барлық түрлерін сақтаудың қажеттілігі туралы түсініктерін қалыптастыруға; табиғатпен тікелей байланысты тәжірибені игеруге; қоршаған ортаға ұқыпты қарауды және тіршілік ету ортасының маңызын түсіну. |
||||||||
1 апта Айналамыздағы өсімдіктер
|
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Өсімдіктердің пайдасы» . Өсімдіктер, олардың адамға пайдасы туралы түсініктерін кеңейту,айтылған сөздерді зейін қойып тыңдауын және тілдегі дыбыстарды дұрыс айта білуін жетілдіру. Жаратылыстану Тақырыбы: «Өсімдіктер мен танысу» сурет бойынша. Туған өлкенің өсімдіктері туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру, олардың түрлерімен таныстыру
|
Сурет салу Тақырыбы: «Гүлдер» Саусақпен сурет салуды жетілдіру, гүлдердің суретін салу. Байқампаздар әлемі Тақырыбы: «Үйлер мен жалаулар» Мақсаты:Балалардың назарын әр түрлі затқа сәйкес түстерді пайдалана білуге аудару, заттық құрамы мен бейнесіне сәйкес түстерді ажырата білулерін бекіту. Отанына дегене сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу;
|
ҚМҰҚ Тақырыбы: «Біреу», «Көп» ұғымдарын кеңейту. «Біреу», «Көп» ұғымдарын ажырату дағдыларын жетілдіру
|
Көркем әдебиет Тақырыбы: «Шалқан» ертегі оқу әңгімелеу. Өсімдіктер туралы түсініктерін кеңейту, тақырыпқа сәйкес әңгіме оқып беріп, оның мазмұнын түсінуге және рөлдерді ойнағанда кейіпкерлердің мінездерін бере білуге үйрету Құрастыру Тақырыбы: «Гүлзарлар». Әртүрлі түстегі құрылыс материалдарынан құрастыруды жетілдіру, аулада гүл егетін гүлзардың құрылысын құрастыру оны гүлдермен шөптермен безендіруге үйрету |
|
||||
2. апта Жануарлар әлемі
|
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Үй жануарлары» . «Құлыншағым» тақпақ жаттау.Ә.Тәжібаев.(тіл дамыту хрестоматия). Жануарлар әлемі туралы түсініктерін кеңейту, олардың дене бөліктерін ажырату және атау, дұрыс сөйлеу қарқынын сақтауға үйрету, тақырыпқа сәйкес шағын тақпақ жаттату. Жаратылыстану Тақырыбы: «Үй және жабайы жануарлардың тіршілігі». Үй және жабайы жануарлардың тіршілік ету ортасы, олардың өзіне тән ерекшеліктерін салыстыруға үйрету, жануарлардың тіршілік етуі үшін қорек, ауа, су, жылу қажет екендігі туралы түсінік беру |
Сурет салу Тақырыбы: «Қошақан». Дайын ойыншық қозының сұлбасына аяқтарын, көздерін, құлақтарын, аузын салып жалғастырып, суретін салуға үйрету Би: Тақырыбы: «Ұлттық попурри» билері Мақсаты: |
ҚМҰҚ Тақырыбы: Заттарды салыстыру Заттың тең-тең еме» ұғымдарын салыстыруға үйрету. Екі тең немесе тең емес заттар тобын салыстыруға үйрету
|
Қоршаған ортамен танысу Тақырыбы: «Орман тұрғындары мен өсімдіктеріне күтім жасау». Өсімдіктер мен жануарлар, құстар туралы түсініктерін кеңейту, оларға күтім жасауға баулу |
Мүсіндеу Тақырыбы: «Бақбақ» Бөліктерді біріктіруді жетілдіру,гүлдің мүсінін жасауды үйрету
|
||||
3. апта Құстар – біздің досымыз
|
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Үй құстары» . Құстар туралы түсініктерін кеңейту, үй құстарын топтастыру, олардың өздеріне тән ерекшеліктерін атай білуге үйрету. Жаратылыстану Тақырыбы: «Үй құстары» . Үй құстары туралы балалардың білімдерін кеңейту: әтеш, тауық, балапан олардың ерекшеліктерін бақылау (немен қоректенеді, қалай қимылдайды, қандай дыбыстар шығарады, ересектердің үй құстарына күтім жасауы туралы).
|
Сурет салу Тақырыбы: «Балапан». Дөңгелек пішіндерді салуды жетілдіру,балапанның суретін салуды үйрету Байқампаздар әлемі Тақырыбы: «Мұнара құрастыру» Мақсаты:Балаларды текшенің үстіне текшені дұрыс қоя білуге оның үстіне кірпіш қоюға үйрету; құрап отырған мұнара екенін түсіндіріп, балалардың сөздік қорын дамыту, белсенділігін арттыру;
|
ҚМҰҚ Тақырыбы: «Заттың ұзындығын салыстыру». Екі қарама-қарсы заттарды ұзындығы бойынша салыстыруды жетілдіру |
Көркем әдебиет Тақырыбы: «Түлкі мен тырна».(орыс халық). ертегісі. Құстар туралы түсініктерін кеңейту, тақырыпқа сәйкес өткен таныс шығарманы суреттерден тануға, оның мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге үйрету Құрастыру Тақырыбы: «Құстың ұясы» . Ұсақ құрылыс материалдарынан құрастыруды жетілдіру, олардан құстың ұясын жасауға үйрету
|
|
||||
4. апта Ғажайып қыс мемлекеттік рәміздер) |
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Қыс» (сурет бойынша әңгімелеу.) Қыстағы табиғат көрінісі мен адамдардың киімдері туралы әңгімелесу, сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін сөздермен толықтыру, қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдануға үйрету. Жаратылыстану Тақырыбы: «Қыстағы құстар мен жабайы жануарлардың тіршілігі » таныстыру. Қыстың өзіне тән белгілерімен, қардың қасиетімен, құстар мен жабайы жануарлардың тіршілігіндегі өзгерістерді таныстыру |
Сурет салу Тақырыбы: «Шырша». Жасыл шыршаның дайын суретін әртүрлі төртбұрышты, дөңгелек ойыншықтармен безендіруге үйрету. Би: Тақырыбы: «Флэшмоб» Мақсаты: |
ҚМҰҚ Тақырыбы: «Пішіндер» туралы білімдерін бекіту. Геометриялық пішіндер: шаршы, шеңбер, үшбұрыш туралы білімдерін нақтылау
|
Экология негіздері Тақырыбы: «Қыстап қалатын құстар». Құстар туралы түсініктерін кеңейту, табиғат бұрышының тіршілік иелері мен қыстап қалатын құстарға (торғай, шауқар, қарға, кептер) және жыл құстарына (ұзақ, қараторғай) қамқорлықпен қарауға баулу |
Аппликация Тақырыбы: «Шыршаны әшекейлейміз». Шыршаның дайын бейнесіне қазақ ою-өрнектерін ұқыпты жапсыруды үйрету
|
|
|||
|
Өтпелі тақырып:«Бізді қоршаған әлем» (Ақпан) Мақсаты: қоршаған ортамен өзара әрекет етуге қажетті танымдық әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерген баланың тұлғасын дамыту. Міндеттері: адамгершілік нормаларды сезінуге, төзімділікті және түрлі адамдарға құрмет танытуды қалыптастыру.
|
||||||||
1 . апта апта. Ғажайыптар әлемі (өлі табиғат)
|
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Табиғат –анамыз» Н.Жананев (хрестоматия 32бет). Табиғат құбылыстары күн, қар, жел, боран туралы түсінік беру, заттарды жалпы белгілері бойынша топтастыруға, сөйлеуде зат есімдердің жекеше, көпше түрлерін қолдануды үйрету, тақырыпқа сәйкес шағын тақпақ жаттату. Жаратылыстану Тақырыбы: «Ұлпа қар» Қардың жаууын бақылау, оның ақ және үлпілдек екенін көрсету,қардың қасиетімен таныстыру: суық (қолмен ұстап көруді ұсыну), қарды алақанға салғанда еритінін, одан сырғанақ жасауға болатынын түсіндіру |
Сурет салу Тақырыбы: «Күннің көзі». Алақанмен сурет салуды жетілдіру, оны бояуға малып күннің суретін салуды үйрету. Байқампаздар әлемі Тақырыбы: «Үйлер мен жалаулар» Мақсаты:Балалардың назарын әр түрлі затқа сәйкес түстерді пайдалана білуге аудару, заттық құрамы мен бейнесіне сәйкес түстерді ажырата білулерін бекіту. Отанына дегене сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу;
|
ҚМҰҚ Тақырыбы: «Біреу», «Көп» ұғымдарын кеңейту. «Біреу», «Көп» ұғымдарын ажырату дағдыларын жетілдіру
|
Көркем әдебиет Тақырыбы: «Шалқан» ертегі оқу әңгімелеу. Өсімдіктер туралы түсініктерін кеңейту, тақырыпқа сәйкес әңгіме оқып беріп, оның мазмұнын түсінуге және рөлдерді ойнағанда кейіпкерлердің мінездерін бере білуге үйрету Құрастыру Тақырыбы: «Гүлзарлар». Әртүрлі түстегі құрылыс материалдарынан құрастыруды жетілдіру, аулада гүл егетін гүлзардың құрылысын құрастыру оны гүлдермен шөптермен безендіруге үйрету |
|
||||
2. апта Жануарлар әлемі
|
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Үй жануарлары» . «Құлыншағым» тақпақ жаттау.Ә.Тәжібаев.(тіл дамыту хрестоматия). Жануарлар әлемі туралы түсініктерін кеңейту, олардың дене бөліктерін ажырату және атау, дұрыс сөйлеу қарқынын сақтауға үйрету, тақырыпқа сәйкес шағын тақпақ жаттату. Жаратылыстану Тақырыбы: «Үй және жабайы жануарлардың тіршілігі». Үй және жабайы жануарлардың тіршілік ету ортасы, олардың өзіне тән ерекшеліктерін салыстыруға үйрету, жануарлардың тіршілік етуі үшін қорек, ауа, су, жылу қажет екендігі туралы түсінік беру |
Сурет салу Тақырыбы: «Қошақан». Дайын ойыншық қозының сұлбасына аяқтарын, көздерін, құлақтарын, аузын салып жалғастырып, суретін салуға үйрету Би: Тақырыбы: «Ұлттық попурри» билері Мақсаты: |
ҚМҰҚ Тақырыбы: Заттарды салыстыру Заттың тең-тең еме» ұғымдарын салыстыруға үйрету. Екі тең немесе тең емес заттар тобын салыстыруға үйрету
|
Қоршаған ортамен танысу Тақырыбы: «Орман тұрғындары мен өсімдіктеріне күтім жасау». Өсімдіктер мен жануарлар, құстар туралы түсініктерін кеңейту, оларға күтім жасауға баулу |
Мүсіндеу Тақырыбы: «Бақбақ» Бөліктерді біріктіруді жетілдіру,гүлдің мүсінін жасауды үйрету
|
||||
3. апта Құстар – біздің досымыз
|
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Үй құстары» . Құстар туралы түсініктерін кеңейту, үй құстарын топтастыру, олардың өздеріне тән ерекшеліктерін атай білуге үйрету. Жаратылыстану Тақырыбы: «Үй құстары» . Үй құстары туралы балалардың білімдерін кеңейту: әтеш, тауық, балапан олардың ерекшеліктерін бақылау (немен қоректенеді, қалай қимылдайды, қандай дыбыстар шығарады, ересектердің үй құстарына күтім жасауы туралы).
|
Сурет салу Тақырыбы: «Балапан». Дөңгелек пішіндерді салуды жетілдіру,балапанның суретін салуды үйрету Байқампаздар әлемі Тақырыбы: «Мұнара құрастыру» Мақсаты:Балаларды текшенің үстіне текшені дұрыс қоя білуге оның үстіне кірпіш қоюға үйрету; құрап отырған мұнара екенін түсіндіріп, балалардың сөздік қорын дамыту, белсенділігін арттыру;
|
ҚМҰҚ Тақырыбы: «Заттың ұзындығын салыстыру». Екі қарама-қарсы заттарды ұзындығы бойынша салыстыруды жетілдіру |
Көркем әдебиет Тақырыбы: «Түлкі мен тырна».(орыс халық). ертегісі. Құстар туралы түсініктерін кеңейту, тақырыпқа сәйкес өткен таныс шығарманы суреттерден тануға, оның мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге үйрету Құрастыру Тақырыбы: «Құстың ұясы» . Ұсақ құрылыс материалдарынан құрастыруды жетілдіру, олардан құстың ұясын жасауға үйрету
|
|
||||
4. апта Ғажайып қыс мемлекеттік рәміздер) |
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Қыс» (сурет бойынша әңгімелеу.) Қыстағы табиғат көрінісі мен адамдардың киімдері туралы әңгімелесу, сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін сөздермен толықтыру, қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдануға үйрету. Жаратылыстану Тақырыбы: «Қыстағы құстар мен жабайы жануарлардың тіршілігі » таныстыру. Қыстың өзіне тән белгілерімен, қардың қасиетімен, құстар мен жабайы жануарлардың тіршілігіндегі өзгерістерді таныстыру |
Сурет салу Тақырыбы: «Шырша». Жасыл шыршаның дайын суретін әртүрлі төртбұрышты, дөңгелек ойыншықтармен безендіруге үйрету. Би: Тақырыбы: «Флэшмоб» Мақсаты: |
ҚМҰҚ Тақырыбы: «Пішіндер» туралы білімдерін бекіту. Геометриялық пішіндер: шаршы, шеңбер, үшбұрыш туралы білімдерін нақтылау
|
Экология негіздері Тақырыбы: «Қыстап қалатын құстар». Құстар туралы түсініктерін кеңейту, табиғат бұрышының тіршілік иелері мен қыстап қалатын құстарға (торғай, шауқар, қарға, кептер) және жыл құстарына (ұзақ, қараторғай) қамқорлықпен қарауға баулу |
Аппликация Тақырыбы: «Шыршаны әшекейлейміз». Шыршаның дайын бейнесіне қазақ ою-өрнектерін ұқыпты жапсыруды үйрету
|
|
|||
|
Өтпелі тақырып:«Біз еңбекқор баламыз» (Сәуір) Мақсаты: қарапайым еңбек дағдыларына, еңбек сүйгіштікке, еңбек адамдарына құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Міндеттері: адамның қолымен жасалғанның барлығына ұқыпты қатынасты; балалардың сөйлеуін, зейінін, қиялын дамытуды; мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін және ойлауын қалыптастыруды қамтамасыз ету |
||||||||
1 . Аялайық гүлдерді.
|
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Бәйшешек». Гүлдермен таныстыру, олардың бөліктерін атай білуге, қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдануға үйрету. Жаратылыстану Тақырыбы: «Бәйшешек,Қызғалдақ». Алғашқы көктемгі гүлдерді бақылау, гүлдерді салыстыра отырып, сыртқы белгілеріндегі ұқсастық пен айырмашылықты табу. |
Сурет салу Тақырыбы: «Бақбақ» . Асфальтқа сурет салуды жетілдіру, гүлдердің суретін салуға үйрету. Байқампаздар әлемі Тақырыбы: «Екі лақ» Мақсаты:Балаларға пішіні әртүрлі, бірнеше түсті мозайканы таңдап алуға, оны ертегі кейіпкерлеріне сйкес мозайкамен белгілей білуге үйрету. Логикалық ойлау қабілетін дамыту.
|
ҚМҰҚ Тақырыбы: «Пішіндерді салыстыру». Беттестіру және тұстастыру арқылы тең емес заттар топтарын салыстыруды жетілдіру, дөңгелек заттарды, бұрыштары бар заттарды ажыратуды жетілдіру
|
Көркем әдебиет Тақырыбы: «Жақсы мен жаман» әңгіме. Б.Әділов.хрестоматия. Тақырыпқа сәйкес шығарма оқып беріп, оның кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға үйрету Құрастыру Тақырыбы: «Түрлі түсті гүлдер». Майдалап кесілген қағаз майлықтарды умаждап түрлі түсті гүлдер жасауға үйрету
|
|
||||
2. апта Ас атасы нан
|
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Ас атасы-нан» әңгіме, «Қайдан келдің,бауырсақ» тақпақ жаттау.Ө.Тұрманжанов т/д хрестоматия. Нан туралы түсініктерін кеңейту, шапшаң сөйлеу қарқынын сақтауға (жаңылтпаш), сөздерді септелуіне қарай байланыстыруға үйрету, тақырыпқа сәйкес шағын тақпақ жаттату. Жаратылыстану Тақырыбы: «Өсімдіктерді аялайық» Өсіп шыққан жасыл шөпті бақылау, оны сипап ұстау, өгей шөп, бақ-баққа және т.б., гүлдерді жұлуға, аяқтарымен таптауға болмайтынын, нанның өсімдіктен өсіп шыққан бидайдан жасалатынын түсіндіру. |
Сурет салу Тақырыбы: «Тоқаш». Түрлі пішіндегі нандардың суретін салуды үйрету Би: Тақырыбы: «Биле» Мақсаты: |
ҚМҰҚ Тақырыбы: «Топтастыру және бөлу» Жеке заттардан топ құрастыруды және топты заттарға бөлуді үйрету
|
Қоршаған ортамен танысу Тақырыбы: «Көктемгі еңбек». Ересектердің еңбегін бақылау негізінде ойын әрекетіне ынталандыру, өзгенің еңбегінің нәтижесіне құрметпен қарауға үйрету, көмек көрсетуге ниеттерін қолдау |
Мүсіндеу Тақырыбы: «Моншақтар». Алақанға салып тік және дөңгелек етіп есуді, моншақтың мүсінін жасауды үйрету.
|
||||
3. апта әндіктер мен қосмекенділер әлемі
|
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Тасбақа» Тасбақамен таныстыру, оның сыртқы ерекшеліктері мен дене бөліктерін атауға, сөздік қорды антонимдермен толықтыруға, сөздерді септелуіне қарай байланыстыруға үйрету. Жаратылыстану Тақырыбы: «Ұсақ жәндіктер » . Жәндіктер, олардың сипаттық белгілері туралы білімдерін кеңейту, көбелек пен қоңыздың айырмашылығын таба білуге үйрету. |
Сурет салу Тақырыбы: «Көбелек пен қоңыз». Қоңыз бен көбелектің суреттерін салу. Байқампаздар әлемі Тақырыбы: «Жаңбыр жауды» Мақсаты:Серуен сәттерінде табиғат құбылыстарын түсіндіру арқылы балалардың танымдық білімін тереңдете түсуімен қатар тілін дамыту, сезімін ояту, аспан, қолшатыр, күн, бұлт т.б сөздерін түсіндіру.
|
ҚМҰҚ Тақырыбы: «Кеңістікті бағдарлау». Заттардың кеңістікте орналасуын анықтауды, беттестіру және тұстастыру арқылы тең және тең емес заттарды салыстыуды жетілдіру
|
Көркем әдебиет Тақырыбы: «Жәндіктер». Сурет бойынша таныс шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге және оның мазмұнын айтуға үйрету Құрастыру Тақырыбы: «Көбелек». Қағаздың бұрыштарын ортасына бірдей бүктей білуін дамыту.
|
|
||||
4. апта Еңбек бәрін жеңбек
|
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы «Жалқау немере» әңгімелеу. Балаларды еңбек етуге баулу, сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін сөздермен толықтыру, зат есімдерді астында, артында, жанында көмекші сөздермен қолдануға үйрету. Жаратылыстану Тақырыбы: «Ағаштар» түрлерімен танысу. Ағаштарды тануға және атауға үйрету: қайың, терек және т.б. оларды күтіп-баптаудағы адамдардың еңбектерін бақылау |
Сурет салу Тақырыбы:«Адам». Таяқпен құмға адамдардың еңбек әрекетін бейнелеуді үйрету Би: Тақырыбы: «еркін би» Мақсаты: |
ҚМҰҚ Тақырыбы «Үлкен және кіші». Үлкен және кіші заттарды, ені, ұзындығы, биіктігі әртүрлі заттарды салыстыруды жетілдіру
|
Экология негіздері Тақырыбы: «Көктем мезгілі». Көктем мезгіліндегі ауа-райын бақылау және анықтау, ағаштарды, дала гүлдерін, кейбір көкөністер мен жемістерді, бөлме өсімдіктерін, өсімдіктердің бөліктері туралы түсініктерін кеңейту |
Аппликация Тақырыбы: «Еңбек құралдары». Желім қалдықтарын сүртуді жетілдіру, еңбек құралдарының дайын бейнелерінен жалпы композиция құрастыруды үйрету
|
|
|||
|
Өтпелі тақырып:« Салттар мен фольклор» (Наурыз) Мақсаты: Қазақстан Республикасында тұратын өзге ұлт адамдарына, олардың мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне мейірімді және сыйластық қатынасқа тәрбиелеуге бағыттау. Міндеттері: Қазақстан Республикасында тұратын өзге ұлт адамдарының мәдениетіне сыйластықпен қарауға тәрбиелеу. |
||||||||
1 . апта апта. Қазақтың салттары мен дәстүрлері
|
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Бесік жыры».Х.Ергалиев. тіл дамыту хрестоматия. Бесік жырын тыңдату, сөздердегі дауыссыз дыбыстарды анық айтуға, тыңдалған бесік жырын қайталап айтуға үйрету Жаратылыстану Тақырыбы: «Бөлме өсімдіктері». Бөлме өсімдіктері туралы білімдерін кеңейту, оларды тануға, атай білуге және ажыратуға үйрету (фикус, қазтамақ, бегония) |
Сурет салу Тақырыбы. «Кебеже». Ыдыс аяқ салатын кебеженің дайын пішінін ою элементтерімен безендіруге үйрету. Байқампаздар әлемі Тақырыбы: «Кілем құрастыру» Мақсаты:заттарды түр түсіне қасиеттеріне қарай, қолданылатын ортасына қарай ажыратуға, зейін қоюға тәрбиелеу.
|
ҚМҰҚ Тақырыбы: «Тең-тең емес заттарды салыстыру». Бір топтың заттарын екінші топтың заттарымен беттестіру және тұстастыру арқылы саны және көлемі жағынан тең және тең емес заттарды салыстыруды үйрету.
|
Көркем әдебиет Тақырыбы: «Дастарқан».әңгімелеу. Қазақтың қонақжайлылық дәстүрімен таныстыру, жұмбақ шешкізу, жаңылпаштарды жатқа айтқызу Құрастыру Тақырыбы: «Үй». Бөлшектерді орналастыру әдісі арқылы түрлі түсті және әртүрлі көлемдегі материалдардан үйдің құрылысын салуға үйрету
|
|
||||
2. апта Ертегілер елінде. Театр әлемі.
|
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Бауырсақ» Балаларға таныс ертегілерді тыңдатып, өздерін рөлдерге бөліп ойнату, ондағы кейіпкерлердің дауыс ырғағын келтіріп айтуға үйрету. Жаратылыстану Тақырыбы: «Шалқан» Жануарлар мен өсімдіктер туралы түсініктерін кеңейту, тақырыпқа сәйкес ертегіні рөлдерге бөліп ойнату |
Сурет салу Тақырыбы: «Жолақтағы оюлар». Қызыл, сары, жасыл, көк, қара, ақ түстерді ажыратуды жетілдіру, жолаққа оюдың қос элементін салуды үйрету Би: Тақырыбы: «Ұлттық попурри» билері Мақсаты: |
ҚМҰҚ Тақырыбы: «Кеңістікті бағдарлау». Өзіне қатысты кеңістіктегі бағыттарды: оң-сол, алды-арты, жоғары-төмен, алыс-жақын, биік-аласа ажырата білуді жетілдіру |
Қоршаған ортамен танысу Тақырыбы: «Салт-дәстүр» таныстыру. Қазақ халқының дәстүрлі киіз үйімен ондағы заттармен олардың міндеттерімен және салттары мен дәстүрлерімен таныстыру, заттардың сапалары мен қасиеттерін сипап сезу, дәмін көру, есту арқылы тануды қалыптастыру |
Мүсіндеу Тақырыбы: «Тостаған». Қазақтың қолөнер туындысы ағаш тостағанның мүсінін жасауға үйрету |
||||
3. апта Өнер көзі халыкта
|
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Ұлттық бұйымдар». Қолдан жасалған заттармен таныстыру, олардың бөліктерін ажыратуға, сөздерді септелуіне қарай байланыстыруға үйрету. Жаратылыстану Тақырыбы: «Үй құстары» . Үй құстары туралы балалардың білімдерін кеңейту: әтеш, тауық, балапан олардың ерекшеліктерін бақылау (немен қоректенеді, қалай қимылдайды, қандай дыбыстар шығарады, ересектердің үй құстарына күтім жасауы туралы).
|
Сурет салу Тақырыбы: «Балапан». Дөңгелек пішіндерді салуды жетілдіру,балапанның суретін салуды үйрету Байқампаздар әлемі Тақырыбы: «Тауық пен Балапандар» Мақсаты:балалардың мозайкамен жұмыс істей білуін бекітіп, әр түсті созайканы таңдап алуға, оны ертегі кейіпкерлеріне сәйкес мозайкамен белгілей білуге үйрету, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
|
ҚМҰҚ Тақырыбы: «Тәулік бөліктері». Тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін анықтауға үйрету
|
Көркем әдебиет Тақырыбы: «Еркемай». халық әні. Тақырыпқа сәйкес халық өлеңінің ырғағы мен ұйқасын бере білуге үйрету Құрастыру Тақырыбы: «Құрақ көрпе». Ойнай отырып, сюжет бойынша құрылыстарды салуға және біріктіруге үйрету
|
|
||||
4. апта Нұр төккен, гүл көктем
|
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Көктем» тақпақ жаттау. М.Мақатаев. Көктемгі табиғат құбылыстары, адамдардың еңбектері, киімдері туралы әңгімелесу, сөздік қорды антонимдермен толықтыру, заттарды ерекше және жалпы белгілері бойынша топтастыруға үйрету, тақырыпқа сәйкес шағын тақпақ жаттату. Жаратылыстану Тақырыбы: «Көктемгі табиғат құбылыстары». Көктемгі табиғат ерекшеліктерін ауа райындағы, адамдардың киіміндегі қарапайым өзгерістерді бақылау |
Сурет салу Тақырыбы: «Бүршік жарған ағаш». Қылқаламмен және бояумен сурет салуды жетілдіру, көктемгі ағаштың суретін салуды үйрету. Би: Тақырыбы: «Флэшмоб» Мақсаты: |
ҚМҰҚ Тақырыбы: «Ұзын-қысқа,биік-аласа». Ұзындығы, биіктігі, ені бойынша әртүрлі заттарды салыстыруды жетілдіру.
|
Экология негіздері Тақырыбы: «Көктем мезгілі». Көктем мезгіліндегі ауа-райын бақылау және анықтау, ағаштарды, дала гүлдерін, кейбір көкөністер мен жемістерді, бөлме өсімдіктерін, өсімдіктердің бөліктері туралы түсініктерін кеңейту |
Аппликация Тақырыбы: «Құс қанаты» Қағаздың мыжылу, жыртылу қасиеттері туралы түсініктерін жетілдіру, дайын ою элементтерін қағаз бетіне симметриялы орналастыруды үйрету.
|
|
|||
|
Өтпелі тақырып:«Әр қашан күн сөнбесін» (Мамыр) Мақсаты: балалардың бойында адамгершілік қасиеттерді, жақын адамдарына сүйіспеншілікті ояту. Міндеттері: жақын адамдарға қамқорлық жасауға ынтасын, өзінің туған қаласына, өз еліне құштарлық сезімді, оның тарихына қызығушылықты тәрбиелеу. |
||||||||
1 . апта Достық –біздің тірегіміз (халықтар достығы)
|
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Адал дос».(хрестоматия 2016ж). Балаларды басқа балабақшадағы, ауладағы балалармен дос болуға баулу, балалармен тілдік қарым-қатынас мәдениетін сақтауға үйрету. Жаратылыстану Тақырыбы: «Бөлме өсімдіктері». Өсімдіктерді отырғызуға және оларға күтім жасауға шамасы жетерлік әрекетке қатыстыру, олардың өсіп-өнуі үшін қажетті жағдайлар туралы білімдерін кеңейту (жылу, жарық, су, күтім), олармен дос болуға үйрету |
Сурет салу Тақырыбы: «Түрлі-түсті шарлар». Тақырыпқа сәйкес асфальтқа балалардың салған пішіндерімен композиция құрастыруға үйрету Байқампаздар әлемі Тақырыбы: «Балық аулау» Мақсаты:балаларға балық және су туралы түсінік беру, балықтың көлемін, сыртқы пішінін, түстерін ажырата білуге үйрету, судың сұйық зат екенін балалардың қолын салдырып, сезімдеріне жеткізу. Суды өмірдегі маңызын түсіндіру.
|
ҚМҰҚ Тақырыбы: «Оң-солды бағыттау». Тең заттар тобын беттестіру мен тұстастыру арқылы салыстыруға және оң, сол бағыттарды анықтауға үйрету
|
Көркем әдебиет Тақырыбы: «Түлкі мен қоянның достығы». әңгіме. (Қожагелді Шымқалаұлы) Жыл-он екі ай №2 2012ж Тақырыпқа сәйкес әңгіме оқып беріп оны эмоционалды қабылдауға, шығарма жанрын ажыратуға үйрету Құрастыру Тақырыбы: «Үлкен үй». Ірі және ұсақ құрылыс материалдарын қолданып үлкен үйдің құрылысын құрастыруға үйрету (ұжымдық жұмыс)
|
|
||||
2. апта Отан қорғаушылар (ҚР әскері, ұлы |
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Менің атам-майдангер» тақпақ жаттау.(Ә.Сәрсенбаев) хрестоматия Қарлығаш 311бет. Отан қорғаушылар туралы түсінік беру, сөйлеу мәнерін сақтауға, сөздерді жіктелуіне қарай байланыстыруға үйрету, тақырыпқа сәйкес қысқа өлең жаттату. Жаратылыстану Тақырыбы: «Жыл құстары». (Аққу,тырна,Қарлығаш). Құстардың тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту (сыртқа ерекшеліктері, немен қоректенеді, жыл құстары ұшып келеді), тірі және өлі табиғаттың өзара байланысын бақылауға үйрету (күн жылынды, құстар ұшып келді). |
Сурет салу Тақырыбы: «Танк» Төртбұрышты пішіндерді дөңгелек пішіндермен сәйкестендіріп танктің суретін салуды үйрету Би: Тақырыбы: «Ұлттық попурри» билері Мақсаты: |
ҚМҰҚ Тақырыбы:Заттарды топтастыру Заттардан топ құрастыруды және топты жеке заттарға бөлуді бекіту
|
Қоршаған ортамен танысу Тақырыбы: «Тату доспыз бәріміз». (Әдістемелік құрал.) Адамдардың бір-бірімен достығы, Отанды қорғау туралы түсініктерін қалыптастыру, Қазақстанның туы, жаз мезгілі туралы түсініктерін кеңейту |
Мүсіндеу Тақырыбы: «Сырмақты әшекейлеу». Жеке жұмыстарды әшекей бұйымдарын мүсіндеп бір композицияға біріктіруді үйрету |
||||
3. апта Көңілді жаз
|
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Жаз» сурет бойынша әңгімелеу. Жаздағы табиғат көріністері, адамдардың киімдері, ойындар туралы әңгімелесу, сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолдануға үйрету, тақырыпқа сәйкес диалогке қатыстыру. Жаратылыстану Тақырыбы: «Жаз мезгілінің құбылыстарын бақылау». Жаз мезгіліндегі табиғаттың ерекшеліктеріне бақылау жасау: күннің жылуы, табиғаттың түрленуі, құстардың сайрауы және т.б. |
Сурет салу Тақырыбы: «Жаз» Гуашты қолданып жаздың көрінісін бейнелеуге үйрету Байқампаздар әлемі Тақырыбы: «Тау баурайында» Мақсаты:Балаларға таза ауамен тыныстау әдәсән, тау жайында түсінік беру.
|
ҚМҰҚ Тақырыбы: «Кеңістікті бағдарлау» . Өзіне қатысты кеңістіктегі бағыттарды: оң-сол, алды-арты, жоғары-төмен, алыс-жақын, биік-аласа ажырата білуді бекіту
|
Көркем әдебиет Тақырыбы: «Жаз» өлең жаттау. С.Оспанов(хрестоматия 320 бет). Тақырыпқа сәйкес өлеңді эмоционалды түрде жатқа айтқызуға үйрету Құрастыру Тақырыбы: «Өз ойылары бойынша құрылыс құрастыру» . Ойыншықтарды қолдана отырып тақырыпқа сәйкес өз ойларынан құрылыс құрастыру.
|
|
||||
4. апта ен жасай аламын |
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Қортынды». Балалардың нені білетіні, не істей алатыны туралы әңгімелесу тақпақ жаттату. Жаратылыстану Тақырыбы: «Қорытынды». Жыл бойы алған дағдылар мен білімді бекіту |
Сурет салу Тақырыбы: «Еркін тақырып» Өз ойынан сурет салу. Би: Тақырыбы: «Көңілді жаз» биі Мақсаты: |
ҚМҰҚ Тақырыбы: «Қорытынды» Жыл бойы алған білім, білік, дағдыларды бекіту
|
Экологиянегіздері Тақырыбы: «Үлкендердің еңбегін бақылау». Жаз мезгілінің өзіне тән ерекшеліктері туралы білімдерін жетілдіру, онда табиғатты бақылау дағдыларын қалыптастыру, ересектермен бірге өсімдіктерге күтім жасаудың қарапайымдағдыларын үйрету |
Аппликация Тақырыбы: «Кілем». Геометриялық элементтерден өрнек құрастыруды және оларды бір композицияға біріктіруді үйрету |
|
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген