400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ІІ кіші «В» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі,Көктемгі бұлақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоршаған орта заттары, олардың сапалары мен қасиеттері туралы түсініктерін жүйелеу және толықтыру. 2. Бірнеше сенсорлық белгілеріне қарап заттарды топтастыра білуді, айналасындағы заттарды ажырата және ортақ қасиеттері бар ойыншықтарды топтастыры, оларды сипаттай білу дағдыларын игерту. 3. Ойыншықтарды күтіп ұстауға баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ІІ кіші «В» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі



Күні:16.04.2018

Тәрбиеші: Ержанова Ж.О.

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: Жаратылыстану

Өтпелі тақырып: «Көктемгі бұлақ»

Тақырыбы: «Ойыншық неден жасалған?»

Мақсаты: 1. Қоршаған орта заттары,

олардың сапалары мен қасиеттері туралы түсініктерін жүйелеу және толықтыру.

2. Бірнеше сенсорлық белгілеріне қарап заттарды топтастыра білуді,

айналасындағы заттарды ажырата және ортақ қасиеттері бар ойыншықтарды

топтастыры, оларды сипаттай білу дағдыларын игерту.

3. Ойыншықтарды

күтіп ұстауға баулу.

Ресурстармен қамтамасыз ету: ойыншықтар ­ қуыршақ,

қоян, жүк көлігі, аю, машина, доп.

Сөздік жұмыс: материал.

Билингвальды компонент: ойыншық ­ игрушка,

қуыршақ ­ кукла, текшелер ­ кубики.

 Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

Ұйымдастырушылық кезең:

Балалар, біз бүгін ойыншықтар

әлеміне қонаққа барамыз. Мына ойыншықтар сөресінде жиналып тұрған ойыншықтарды

атайық.

­Қуыршақ, қоян, жүк көлігі, аю, машина, доп.

Негізгі бөлім:

Білімді өзектендіру.

«Сиқырлы сандық» ойыны. Шарты: сандық ішінен ойыншықтарды бір- бірден

шығарып, оларды сипаттайды, олармен қалай ойнайтындарын әңгімелейді.

 «Қабырғаны тұрғызамыз» саусаққа арналған жаттығуы.  

Қабырғаны тұрғызамыз,

Жоғары, жоғары.

Осылайша

Шатырды да саламыз!

Педагог ойыншықтарды көрсетіп тұрып:

­ Бұл заттардың бәрін бір сөзбен қалай атаймыз? ­ Деп сұрайды.

­ Ойыншықтарды арнайы мамандар әртүрлі материалдардан жасайды. Мысалы,

резеңкеден жасалған ойыншықтар болады. Доп резеңкеден жасалған. Кәне, доты

сипап көрейік, ол қандай? Салмағы қандай?

­ Сонымен қатар ағаштан жасалған ойыншықтар да бар.

Оларға текшелерді жатқызуға болады.

­ Сипаттап көрейік, сипап көргенде саусаққа қалай сезіледі?

­ Олар резеңкеден жасалған ойыншықтарға қарағанда қатты, соған қарамастан

оны күтіп ұстау керек.

  Сергіту сәті: «Ойыншықтар».  

Билингвальды компоненті : ойыншық ­ игрушка, қуыршақ ­ кукла, текшелер ­ кубики.

  Резеңкеден және ағаштан жасалған қуыршақ пен ұшақты сипаттау. 

­ Балалар, қонаққа тағы бір ойыншық келді.

Бұл ойыншық қалай аталады?

­ Қуыршақ ағаштан ба әлде резеңкеден жасалған ба?

­ Мына ойыншық қалай аталады? (Ұшақты көрсетеді).

­ Ұшақ неден жасалған?

  «Ғажайыпқапшық» дидактикалық ойыны.

­ Мына ғажайып қапшықта ойыншықтар бар. Қазір ойыншыықтарды бір- бірден

алып, неден жасалғанын анықтау керек. Сондықтан ойыншықтарды алып, ағаштан

жасалғандарын қуыршақтың қасына орналастыруларың керек.

Қорытынды: Ойыншықтар туралы алған білімдерін сұрақ- жауап арқылы қорытындылайды.

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 мамыр
276
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі