Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Иіндіктің тепе - теңдік шарты

Материал туралы қысқаша түсінік
Қосымша сабаққа қатыстыру арқылы жұмыстану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: Қарасу ОЖББМ

Күш моменті Мұғалім: Алимова А.Т.

Күні:

Сынып: 7

Сабақтың тақырыбы

Иіндіктің тепе – теңдік шарты

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.4.4. тепе – теңдікте тұрған денелер үшін күш моменттер ережесін тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Тепе – теңдікте тұрған денелер үшін күш моменттер ережесін тұжырымдау, есептер шығаруда қолдану.

Басым бөлігі: Иіндіктің тепе – теңдік шартын өмірмен байланыстыра отырып, түрлі тәжірибелер жасау.

Кейбір оқушылар:Моменттер ережесіне жоғары деңгейдегі есептерді шығару.

Бағалау критерийі

  1. Моменттер ережесін біледі, есептер шығаруда қолданады.

  2. Иіндіктің тепе – теңдік шартын мысалдар арқылы түсіндіре алады.

  3. Моменттер ережесіне деңгейлік есептерді шығара алады.

Тілдік мақсаттар


Моментер ережесін ауызша және жазбаша тұжырымдайды, моменттер ережесінің формуласын пайдаланады.

Лексика және терминология:Моменттер ережесі, иінді таразылар, ондық таразылар, иіндіктің тепе – теңдік шартының қолданылуы.

Құндылықтарға баулу




«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» қүндылығы бойынша еңбекқорлыққа баулу.

Пәнаралық байланыс

Математика,жаратылыстану.

Алдыңғы білім


Күш моменті, «Механиканың алтын ережесі», жазық фигураның массалық центрі.





Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин













10мин

«Ширату» Атмосфералық ынтымақтастық орнату «Өрмекші» әдісі

  1. Топтарға бөлу. Суреттер арқылы (таразы, сағат, блок, шығыр)



Үй тапсырмасын сұрау.

Тақырыпқа алдынғы сабақтарда алған білімдерін байланыстыра отырып проблемалық тәсілмен шығуды ұйымдастыру.

І топқа:

Кабинеттің дәл ортасында жәшікте құм тұр, ол өте ауыр. Балалар қалай орнынан қозғап алып тастауға болады? Бұл қандай механизм? (Иіндіктің көмегімен аз күш жұмсап, бұл жәшікті орнынан қозғай аламыз. Жай механизмдердің бұл түрінде күштен қанша есе ұтсақ, ұзындықтан сонша есе ұтыламыз.)

Күштен ұтсақ неден ұтыламыз?

ІІ топқа:

Балалар мына кемемен саяхатқа шығуымыз керек, қалай аз күш жұмсап, кеиені суға түсіре аламыз? Бүл қандай механизм? Күштен қанша ұтыс аламыз?(Көлбеу жазықтықтың көмегімен суға кемені оп-оңай түсіруге болады, бұл әдісті ежелде Архимед ойлап тапқан. Күштен неше есе ұтсақ, ұзындықтан сонша ұтыламыз.)

ІІІ,IV топқа:

Мына жүкті қалай аз күш жұмсап үстелге көтеруге болады? Бұл қандай механизм?(Жылжымалы блоктың көмегіне жүгінуге болады. Жай механизмнің түрінен күштен екі есе ұтыс аламыз.)

ҚБ: топтар бірін –бірі шапалақ арқылы бағалайды.Мұғалімнің қолпаштауы

Оқушыларға сабақтың мақсатын таныстыру




Суреттер, жіп,















Жәшікке салынған құм, кеме макеті.













Сабақтың ортасы























10 мин























































2мин







15мин






















































«Миға шабуыл» стратегиясы

Оқушыларға экспериментке қажетті құралдар беріп, жүктер арқылы иіндікті тепе – теңдікке келтіріп, эксперимент нәтижесі арқылы сабақтың тақырыбын ашамыз.

Оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру.

Жаңа тақырып

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы талдау. Оқушыларға тапсырма, сұрақ бойынша әрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойларын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөліседі, бұл пікір топтық талқылауға ұласады.

Оқушылар мәтінмен танысып, постер қорғайды.



І топ: Моменттер ережесі

Айналатын дененің тепе – теңдігін сақтау үшін, денені сағат тілі жүрісіне бағыттас айналдыратын күш моменттерінің қосындысы оны сағат тілі жүрісіне қарсы бағытта айналдыратын күш моменттерінің қосындысына тең болуы керек.

ІІ топ: Иінді таразылар

Таразы тепе – теңдікте тұрғанда бұл күштердің күш моменттері тең болуы керек, яғни М1 ꞊М2 немесе Р1d1 = P2d2

Зертханалық теңиінді таразыда күш иіндері тұрақты шама:

d1=d2 m1g=m2g m1= m2

ІІІ топ: Ондық таразылар

Егер кір тастарының өлшенетін дененің массасына тең болса, онда тең иінді таразы тепе – теңдік күйде болады. Аса ауыр денелердің массаларын анықтау үшін қолданылатын таразылардың оң және сол иіндері әртүрлі ұзындықта жасалады.

Ондай таразының тепе – теңдік шарты:

mgl = MgL, мұндағы m – кір тастардың массасы, M – өлшенетін дененің массасы.Иіндері үшін он саны еселік болып келетін таразылар ондық таразылар деп аталады.

ІV топ: Иіндіктің тепе – теңдік шартының қолданылуы.

ҚБ. Топтар бір – бірін «Бағдаршам» арқылы бағалайды.

Сергіту сәті: «Кел билейік»





Саралау тапсырмалары: Деңгейлік тапсырмалар.

Жұптық жұмыс.

«Әуе шары» әдісімен әр жұпқа деңгейлік есептерді шығару тапсырылады.Есепті шығарып болған топ шарды босатады.

І деңгей

  1. Иіндікке әрекет ететін күш 300Н, күш иіні 30м. Күш моменті қандай?

  2. Иіндіктің кіші иініне 300Н үлкен иініне 20Н күш әсер етті. Кіші иіннің ұзындығы 5см. Үлкен иіннің ұзындығын анықтаңдар.



ІІ деңгей

  1. Ұзындығы 1м иіннің ұштарына жүктер ілінген. Бір жүктің массасы 120г. Егер бірінші жүктен 20см қашықтықтағы тіреуде иін жүктерімен бірге тепе – теңдікте болса, онда екінші жүктің массасы неге тең?



ІІІ деңгей

  1. Массасы 10кг, ұзындығы 40см сырықтың екі ұшына массалары 40 кг және 10кг жүк ілінген. Осы сырық тепе-теңдікте болу үшін тіреуді қай жерге қою керек?

Бағалау критерийі: Мәтінмен жұмыс істей алады.Формуланы есептер шығаруда қолданады.

Дескриптор:

- Берілгенін жазады

- ХБЖ-не айналдырады

- күш моментінің формуласын біледі

- формуланы түрлендіре алады

- математикалық есептеулер жүргізеді

- есептің жауабын жазады

ҚБ: Жұптар бір –бірін «Талқылау бойынша серіктестер » әдісі арқылы бағалайды.

Сұрақтар жазылған топтамалар.

Бейнеклип





Тұрғы, ілмегі бар иіндік,жүктер жиынтығы.







Оқулық, түрлі түсті фламастер.































Бейнеролик





шар




















Сабақтың соңы

5 мин

Жұмыс түрі «Пікір алмасу» әдісі

Әр топ тақырыпқа байланысты 3 сұрақтан дайындайды. Әр сұрақты стикердің бір жағына, жауабын екінші жағына жазып, келесі топпен алмастырады.

ҚБ: «Басбармақ»

Оқу мақсатымен бағалау критерийлеріне қайта ораламын.

Оқу дағдыларының деңгейі: білу, түсіну, қолдану, талдау.

Бағалау критерийлері:

  • Тепе – теңдікте тұрған денелер үшін күш моменттер ережесін тұжырымдай алады.

  • Теңиінді таразылар мен ондық таразылардың арасындағы айырмашылықты ажыратады.

  • Тепе – теңдікте тұрған денелер үшін күш моменттер ережесін есептер шығаруда қолданады.

Рефлексия (Кері байланыс)

«БББ» кестесінің «білдім» бөлімін толтырады толтырады


стикерлер

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Сабақта: Ширату: «Өрмекші әдісі»

«Миға шабуыл», «Ойлан, жұптас, бөліс» белсенді оқу әдістерін қолданамын

Саралау тапсырмалары: Деңгейлік тапсырмалар. «Әуе шары»әдісі,

Сабақты бекітуге «Пікір алмасу» әдісін қолданамын.

Рефлексия (кері байланыс) «БББ» кестесінің «білдім»бөлімін толтыртамын

Қ.Б: «Шапалақ»арқылы бағаланады.

Қ.Б: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады.

Қ.Б: «Басмармақ» әдісі арқылы бағаланады.

ҚБ: «Талқылау бойынша серіктестер » әдісі арқылы бағаланады.


Сынып тазалығы, оқу құралдарын орынды пайдалану, тәжірибелік тапсырма кезінде қажетті құралдарды тиімді қолдану ережесін сақтау.

Ширату, сергіту сәтін ұйымдастыру

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
1021
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12