Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЙіҚұмырсқа қарлығаш өрмекші

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық тобына арналған оқу қызметі.Сөйлеуді дамыту оқу қызметі бойынша көрсетілген.Дидактикалық ойындар берілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу қызмет: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Ыбырай Алтынсариннің «Өрмекші, құмырысқа, қарлығаш» ертегісі.

Мақсаты: Ертегіні оқып, мазмұнын түсіндіре отырып, сурет бойынша әңгімелеуге, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сөздің ұйқасын табу, суреттеу арқылы сөздік қорларын, қиялдарын дамыту. Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, АКТ

Көрнекі құралдары: Ыбырай Алтынсарин суреті, слайд, дидактикалық материалдар

Сәлемдесу

-Сәлеметсіңдер ме балалар ! Здравствуйте дети.Goog morning children

-Көңіл күйлерің қалай?

-Бүгінгі оқу қызметіне дайынсыңдар ма?

-Бүгін бізде Сөйлеуді дамыту оқу қызметі.

-Бүгін бізде ерекше оқу қызметі болмақшы.

-Ендеше бәріміз тақтаға назар салайық.

( Алдын ала желіммен дайындалған суретке жылтырлақ шашу)

-Балалар суретте кім бейнеленген?

Бұл кісіні танисыңдар ма?

-Жарайсыңдар балалар, бұл Ыбырай Алтынсарин.Биылғы жылы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылы тойланып жатыр.

-Ыбырай Алтынсариннің өлең шумақтарың кім айтып бергісі келеді?

Ыбырай Алтынсарин қазақтың ұлы ұстазы.. Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 26-шы казанда казіргі Қостанай облысы, Затабол ауданында дүниеге келген. Әкесінің есімі Алтынсары, анасы Айман. Алтынсары өз еңбегімен тіршілік еткен, карапайым шаруа адамы болған. Ал анасы Айман арғын руының ішіндегі Шеген деген бидің қызы. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. бырай Алтынсарин қазақ балаларын білім нәрімен сусындатуға асықты. Осы арманын жүзеге асыру үшін облыстық басқармаға мектеп ашу туралы өтініштер жіберді. Ақыры 1860 жылы облыстық басқарма Алтынсаринге Торғайдан қазақ балаларына арналған бастауыш мектеп ашуды тапсырды, әрі өзін сол мектепке орыс тілінің  мұғалімі етіп тағайындады.
Ыбырай Алтынсарин мектеп ашқан кезде, балаларға арналған оқулықтар  мүлде жоқ болатын. Дәл осы жылдарда өнегелі ұстаз қысқа-қысқа әңгімелер мен өлеңдер шығар бастайды, оқу құралдарын жазуға кіріседі.

1879 жылы ақынның қазақ мектептеріне арналып жазылған алғашқы ұлттық оқулық –  "Қазақ хрестоматиясы" жарық көрді.Ыбырай Алтынсариннің


"Қазақ хрестоматиясына" кірген өлеңдерінде де халық-ағарту идеясын көтерді. Оның "Кел, балалар, оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" өлеңдері осындай мақсатта туған. "Кел, балалар, оқылық!" өлеңінде ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, оқу, өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы береді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екенін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін, ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді.

  • Балалар біз бүгін Ыбырай Алтынсариннің ерекше ертегісімен танысамыз.

  • Қандай ертегі екенін білгілерің келеді ме?

  • Ендеше тақтаға назар салып қараймыз

(Тақтада Өрмекші, құмырысқа, қарлығаш суреті жасырылып тұрады)

-Балалар қандай сурет байқадық?

-Дұрыс айтасыңдар.Бүгінгі біздің ертегіміздің тақырыбы « Өрмекші, құмырысқа, қарлығаш» деп аталады.

-Балалар ертегі тыңдауға дайынсыңдар ма?

Ендеше мені мұқият тыңдаңдар

Көлеңке театры арқылы балаларға ертегі мазмұнын айтып беру

Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:
— Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?
— Көремін, өрмек тоқып жүр.
— Анау құмысрсқаны көремісің?
— Көремін, аузында бір нанның талшығы бар, жүгіріп кетіп барады.
— Жоғары қара, аспанда не көрінеді?
— Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында кесе тістеген шөбі бар.
Сонда атасы айтты:
—Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған әбірет
[1] Өрмекші маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң, өзіне азық етуге. Құмырсқа бала-шағаларына тамақ аулап, бір нанның уалшығын тапқан соң өзі жемей, аузына тістеп, қуанғаннан үйіне жүгіріп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя істеуге шөп жиып жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сені де құдай тағала босқа жүруге жаратпаған, жұмыс істеуге әдеттену керек, — деді.

Сұрақ жауап арқылы шығарма мазмұнын сұрау.

-Балалар ертегі сендерге ұнады ма ?

-Ертегіде қандай кейіпкерлер бар екен?

-Балалар өрмекші не істеп жүр екен?

-Құмырсқа ше?

-Қарлығаш не істеп жүр?

-Атасы баласына қандай өсиет сөз қалдырды?

-Бұл дүниеге келген соң бос отыруға болмайды екен, денсаулығын жақсы болса адам белгілі бір іспен айналысып еңбек етуі керек.

Балалар біз бүгінгі оқу қызметімізді жалғастырайық.Мен бүгін сендерге өте қызықты тапсырмалар әкелдім, ендеше бәріміз орындыққа жайғасайық

1 тапсырма АКТ технологиясын қолдана отырып « Өрмекші, құмырысқа, қарлығаш» сөздерін шашыраған буындар арқылы құрастыру

Shape2 Shape1

та

ші



Shape4 Shape3

құ

өр



Shape7 Shape8 Shape5 Shape6

мырс

қа

мек

да



Shape12 Shape13 Shape14 Shape11 Shape10 Shape9

қа

мырс

құ

өр

мек

ші



Тіл ұстарту жаттығуы

Қа-қа-қа,еңбек сүйгіш құмырсқа

Ші-ші-ші,бұрышта отыр өрмекші

Ғаш-ғаш-ғаш,ұшып жүрген қарлығаш

2 тапсырма. « Кейіпкерін тап»

Мақсаты:Өткен оқу қызметіндегі ертегілерді, әңгімелерді қайталап еске түсіру.Ертегі мазмұнын қысқаша айтып беру

3 тапсырма.

Суреттер бойынша ауызша әңгіме құрастыру.

Балалар бүгінгі ертегінің атауы қандай?

  • Сендер өз беттеріңше ертегіні сомдағыларың келеді ме?

  • Ендеше балалар ертегіні жақсылап, тағыда бір айтып шығайық

(Балалар ертегіні сомдап шығады)

-Жарайсыңдар балалар

-Сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?

-Біз бүгін қандай оқу қызметін өттік?

-Кімнің ертегісімен таныстық?

-Ыбырай Алтынсарин қандай жұмыстар атқарыпты?

Жарайсыңдар балалар сендер бүгін өте жақсы жұмыс жасадыңдар.Бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды.Сау болыңдар балалар!

Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: Ыбырай Алтынсариннің қазақ балалары үшін атқарған еңбегін

Түсінеді: Ертегі мазмұнын түсінеді.Еңбек ету керектігін ұғынады

Қолдана алады: Атаның айтқан өсиетін күнделікті қолдана біледі




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.11.2021
388
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11