9 сынып . «Зайырлылық және
дінтану негіздері» 4.12.2017ж
Тақырып.
Иисус Христос және Інжіл
Оқыту мен тәрбиелеудің
міндеттері:
1.Оқушыларға
Иисус Христос және Інжіл туралы тың
мәліметтер беру, жалпы рухани-адамгершілік
қасиеттердің
маңызын
түсіндіре отырып, олардың білімін
қалыптастырып, дамыту.
2.Оқушылардың аналитикалық
ойлау, есте сақтау, теологиялық тұрғыдан
ойлауға және сыни көзқарастарын дамытуға
ықпал ету.
3.Оқушыларға патриоттық тәрбие
беру, діни-саяси мәдениетке баулу.
Мақсаты:
діни сауаттылықтарын қалыптастырып,
тұжырымдау дағдыларын дамыту.
Құрал-жабдықтар, көрнекті
құралдар: қима-қағаздар,
жетондар, трек-сызба, кубик, тақта т.б.
Сабақтың типі: жаңа
тақырыпты түсіндіру сабағы.
Әдісі: интерактивті
оқыту әдісі.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II.
Жаңа материалды түсіндіру
Иисус Христос
Христос: «Құдайды тану арқылы
әрбір адам бостандыққа жете алады» деп
жариялады.ОлЖаратушы алдында барлық
адамның құқығы тең деп,адам төзгісіз
қоғамдық қатынастарға қарсы
шығып,адамгершілік құндылықтарды
насихаттады.Пұттарға құрбандық шалу,қан
төгу сияқты адамгершілікке жат құлшылыққа
тыйым салды.Иисустың маңына сенушілер
тобы жиналып,христиан діні тез арада
үлкен идеялық күшке айналды
Христиандардың
қасиетті кітабы
Евангелие кітабы
Діндарлар да, дінді жоққа
шығарушылар да Ғайсаның өмірі туралы
мәліметтерді ол өлген соң ондаған
жылдардан кейін жазылған Евангелиелерден
алады. Бұл кітаптардың мақсаты–христиан
дінінің негізін салушының өмірбаянын
жазу емес, жер бетінде Құтқарушының,
құдайдың сүйікті ұлының келуін, оның
қызметін, өлімі мен қайта тірілуін жария
ету («Евангелие» грек тілінде «шапағатты
хабар»). Ғайса қайда бармасын, барлық
жерде оған оның шәкірті–12 елшісі
(апостол) еріп жүреді.Ғайсаның ғайыптан
тірілуімен оның қасиеттілігін, сонымен
бірге христиан дінінің қасиет жолымен
келуін куәландыратын пайғамбардың жер
бетіндегі кереметтері туралы оқиғалар
тамамдалады. Ғайса күнә жайлаған жер
бетінен көкке көтеріліп, мұнда өзінің
ілімін тарату үшін шәкірттерін қалдырады,
христиан діні дүниеге осылай келді,
дейді «Жаңа Өсиет» кітабы.
1.Христиандық діни түсінікте
Иисус кім? Құран ілімі бойынша Иса
пайғамбар кім?
III. Сабақты қорытындылау.
1. Христиан діні қай ғасырда
пайда болды ?
2. Христиан ілімі арасындағы
қарама-қайшылықтар қандай сипатта орын
алды ?
3. Христиандық жөніндегі
аңыз-әңгімелер туралы айтып бер ?
IV. Жеке оқушыларға озық
тапсырма беру § 12.
V. Үйге тапсырма.
§ 11 оқу, талдау.