І.Жансүгіров «Жетісу суреттері»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

І.Жансүгіров «Жетісу суреттері»

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сынып мұғалімдеріне керек қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Қазақстандағы туризм және экотуризм

Мектеп: Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейі

Күні:

Мұғалімнің аты- жөні: Умирова Гульназ Сабитхановна


Сынып: 9

Қатысқандар:15

Қатыспағандар:0

Сабақтың тақырыбы


І.Жансүгіров «Жетісу суреттері»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

9.1.1.1. Тыңдалатын мәтіндегі фразалар мен дәйексөздерді талқылай отырып, тақырып пен көтерілетін мәселені болжау.

9.5.5.1.Өздік, өзгелік, ортақ және ырықсыз етістің қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады: Өлең мазмұнын түсінеді, етістерді өлең жолдарынан табады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Өлеңдегі көтерілген мәселені анықтап, өздік, өзгелік, ортақ және ырықсыз етістерді қолдана алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Өлеңдегі автордың ойын, көтерілген мәселенің оқырманға әсерін бағалайды, өмірмен байланыстырып, дәлелдеп ойын айтады. Етістерді жазбаша жұмыстарда тиімді қолдана алады.

Бағалау критерийі:

  • Өлең мазмұнын түсінеді

  • Шығарманың негізгі идеясын анықтайды.

  • Оқырманға әсерін бағалайды.

  • Етістерді ауызша, жазбаша жұмыстарда тиімді қолдана алады.

  • Өзіндік көзқарасымен тұжырым жасайды.

Оқу дағдыларының деңгейлері

Қолдану, талдау, жинақтау.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Тақырып бойынша мәселені анықтайды, ауызша мәтіндер құрайды,сөздерді орынды қолданады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Жетісу, меңіреу, құз, жауқазын, мылтық, бүркіт, қақпан, мәсі

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Не себепті ..... деп ойлайсыз?

ишара:

Пәнаралық байланыс:

География, қазақ әдебиеті

Құндылыққа баулу:

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік.

Алдыңғы білім

І. Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы туралы оқып келу

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы



3 минут









5 минут











3 минут


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу;

оқушыларды түгендеу.


«Мозайка» әдісі бойынша оқушыларға сурет қиындыларын таратамын. Сол қиындылардан табиғат суреттерін құрастырады. Ал енді балалар осы табиғат суреттері бойынша үш топқа бөлініп отырыңдар.


«Дара диаграмма» әдісі арқылы оқушылардың алдыңғы білімін тексеремін.





І.Жансүгіров









«Артығын алып таста» әдісі бойынша оқушыларға суреттер жинағын көрсетемін. Сол суретке қарап бүгінгі сабақтың тақырыбын болжайды.





Парақша





















суреттер

Сабақтың ортасы

9 минут































7 минут























8 минут

1-тапсырма. Топтық жұмыс

«Жетісу суреттері» өлеңінен үзінді тыңдатамын. Тыңдаған мәтіннен фразалар мен дәйексөздерді табыңыз және талдаңыз. Тақырыпта көтерілген мәселені болжаңыз. Өлең жолдарынан түсініксіз сөздердің баламасын және етістерді табыңыз.

«Екі жақты бақылау күнделігі» әдісі

Мәтіннен үзінді

Оқушы көзқарасы





Дескриптор:

  • Тақырып аясында фразалар мен дәйексөздерді табады

  • Сол сөздерді талдайды

  • Көтерілген мәселені болжайды

  • Өлең жолдарынан етістерді табады.

Қ/б. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі – бұл өзіне немесе сыныптарына құрылымдастырылған кері байланыс ұсынуды қамтамасыз ететін тәсіл.Мұнда топтар бірін-бірі бағалайды.



2-тапсырма. Жеке жұмыс

Мәтінде көтерілген мәселені сабақ тақырыбымен байланыстырыңыз және С.Мәуленовтің «Жетісу» өлеңімен салыстырыңыз.

«Венн диаграммасы» әдісі

Дескриптор:

  • Мәтінде көтерілген мәселені сабақ тақырыбен байланыстырады

  • С.Мәуленовтің «Жетісу» өлеңімен салыстырыңыз

ҚБ «Желкенді кеме» әдісі арқылы өзін-өзі бағалау

3-тапсырма. Жеке жұмыс

Бүгінгі сабақ бойынша өз ойыңызды кестеге салып жазыңыз және өмірмен байланыстырыңыз. Өздік, өзгелік, ортақ және ырықсыз етістерді жазбаша жұмыстарда қолданыңыз.

«Т» кестесі

Тақырып аясы Өз пікірім

Дескриптор:

  • Тақырыптан түсінгенін қорытып жазады

  • Өз ойын өмірмен байланыстырып кестені толтырады.

  • Өздік, өзгелік, ортақ және ырықсыз етістерді жазбаша жұмыстарда қолданады.

ҚБ «Қошемет» әдісі

АКТ































Кесте







Сабақтың соңы

4 минут



1 минут















Кері байланыс «Табыс ағашы»



Үйге тапсырма: «Туған өлкемнің табиғаты» тақырыбына эссе жазу



Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Оқушылар «Екі жақты бақылау күнделігі» әдісі арқылы тақырып аясында фразалар мен дәйексөздерді тапты, сол сөздерді талдады, көтерілген мәселені болжады, өлең жолдарынан етістерді тапты.

«Венн диаграммасы» әдісінде мәтінде көтерілген мәселені сабақ тақырыбен байланыстырды,

С.Мәуленовтің «Жетісу» өлеңімен салыстырды

«Т» кестесін орындау барысында оқушыларға саралаудың «дереккөздер» тәсілі арқылы қолдау көрсетемін.

Барынша қолдау көрсету:

оқушыларға қима қағаздары тірек сөздер мен суреттер көрсету арқылы жүзеге асырамын.

Орташа қолдау көрсету:

оқушыларға сұрақтар жазылған қима қағаздарын тарату арқылы қолдау көрсетемін.

Аз қолдау көрсету:

оқушыларға бағыт бағдар беру арқылы көмектесемін.



Оқушылар сабақтың басынан аяғына дейін бағаланып отырады. Сабақ барысында қолданылған қалыптастырушы бағалау түрлері:

Қ/б. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

ҚБ «Желкенді кеме» әдісі арқылы өзін-өзі бағалау

ҚБ «Қошемет» әдісі

Кері байланыс



Оқушылар ғаламтор жүйесін қолданғанда техника қауіпсіздігін сақтауды, сонымен қатар пайдасыз сайттарға кіруден сақтану керектігін ескертемін.



Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу материалдары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.12.2019
4807
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі