400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

ілік септік

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік: Зат есімнің септелуі туралы білімдерін толықтыру; Ілік септігі және оның сұрақтары мен жалғаулары туралы білім қалыптастыру; Дамытушылық: Сөздік қорын байыту, сөйлем ішінен ілік септігінде тұрған сөздерді табуға үйрету Тәрбиелік: Ұжыммен жұмыс жасауға, айналасындағыларды тыңдай білуге, қорытынды жасауға, ойын жинақтауға машықтандыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі 4 сынып
Тақырыбы: «Ілік септік»
Мақсаты:
Білімділік: Зат есімнің септелуі туралы білімдерін толықтыру;
Ілік септігі және оның сұрақтары мен жалғаулары туралы білім қалыптастыру;
Дамытушылық: Сөздік қорын байыту, сөйлем ішінен ілік септігінде тұрған сөздерді табуға үйрету
Тәрбиелік: Ұжыммен жұмыс жасауға, айналасындағыларды тыңдай білуге, қорытынды жасауға, ойын жинақтауға машықтандыру.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы
Сабақтың типі: Сайыс сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Топпен жұмыс, сұрақ - жауап, ойындар,
жеке оқушымен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Кесте, қима қағаздар, слайдтар, суреттер.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
- оқушылар назарын сабаққа аудару;
- оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру.
- Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақшы. Әр топ мүшесі тапсырмаларды мұқият орындап, өзінің тобына ұпай жинауға тиіс. Бүгінгі сайыс сабағымыз мынадай бөлімдерден тұрады:
1. Көршіңді тексер.
2. Өткенге шолу.
3. Оқулықпен жұмыс.
4. Көру диктанты. Демалыс.
5. Мәтінмен жұмыс. Ақпараттық іздеу.
6. Демалыс.
7. Білгеніңді пайдалан.
8. Үйге тапсырма.
9. Бағалау.
Психологиялық дайындық.
«Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Ізетпенен біз!»
І. «Көршіңді тексер» (Үй тапсырмасын тексеру)
Әр оқушы көршісінің үй тапсырмасын тексереді, бағаланады.
ІІ. «Өткенге шолу».
Септік атаулары. Сұрақтары. Септік жалғаулары.
Атау септік Кім? Не?
Ілік септік Кімнің? Ненің? - ның, - нің, - дың, дің, - тың, - тің,.
Барыс септік Кімге? Неге? Қайда? - ға, - ге, - қа, - ке.
Табыс септік Кімді? Нені? - ны, - ні, - ды, - ді, - ты, - ті.
Жатыс септік Кімде? Неде? - да, - де, - та, - те.
Шығыс септік Кімнен? Неден? - нан, - нен, - дан, - ден, - тан, - тен.
Көмектес септік Кіммен? Немен? - мен, - бен, - пен.
Атау септіктегі зат есімдер Кім? Не? Кімдер? Нелер? деген сұрақтарға жауап береді, сөйлемде бастауыш болады. Қар қалың жауды.
ІІІ. «Оқулықпен жұмыс»
А) 25 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу, ілік септіктегі сөздерді табу, олардың сөйлемде қандай мүше болып тұрғандарын айту.
Ә) 26 - жаттығу.
«Абай» топтастыру стратегиясын құру.
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатадай құлпырар жердің жүзі.
Жан - жануар, адамзат анталаса,
Ата - анадай елжірер күннің көзі.

Тапсырмалар: 1 - топ: Өлеңді жатқа жазу.
2 - топ: Топтастыру стратегиясын құрайды.
3 - топ. Ілік септіктегі сөздерді тауып, олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет.
IV. Көру диктанты
Суретке жалғаулардың тиістісін жалғау арқылы ілік септікте сөз жасау. Жалғаулардың сөздерге әр түрлі жалғану себебін дәлелде. Ілік септіктегі сөздердің әрқайсысын өзі байланысатын сөзбен тіркестіріп жаз.
Үлгі: Шыршаның түсі, жұлдыздың бұрышы,...

V. Ақпараттық ізденіс.
Мәтінмен жұмыс.
VI. «Демалыс» (Сергіту сәті)
«Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш.
Төрт, бес, алты, жеті,
Мынау ауыл шеті.
Сегіз, тоғыз, он,
Ал, қанеки, қон!»

VІІ. «Білгеніңді пайдалан» (Сабақты бекіту)
А) Мақалдарды ілік септікте тұрған қажет сөзді қойып көшіріп жазу:
Туған... түтіні де ыстық.
... өзегі талмас.
Ас -... арқауы.
... шиесін шын шығарады.
Қажетті сөздер: Өнерлінің, адамның, жердің, өтіріктің
Ә) Сөйлемдерді жақша ішіндегі зат есімді ілік септігіне қойып, көшіріп жазу.

VІІІ. Үйге тапсырма:
29 - жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, ілік септіктегі зат есімдерді теріп жазу.
ІХ. Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқандарды бағалаймын.



абыс септік

  • 0

Сабақтың тақырыбы: Табыс септік
Мақсаты: оқушылардың зат есімнің септелуі туралы түсініктерін кеңейту. Табыс септігі туралы білімдерін қалыптастыру. Танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Күн көзі бізге жылылық әкеледі, шаттандырады. Ал күн көзі болмаса қараңғы, суық болар еді. Ал бүгінгі сабағымыз көңілді, шығармашылыққа толы, айналамызға білім мен жылылық нұрын төгетіндей күн болсын деп тақтаға күн көзін ілемін.
Оқушыларды топқа бөлу, топ басшыларын сайлау. Бағалау парақшаларын тарату.
Үй тапсырмасын тексеру: 42 - жаттығу Барыс септіктегі сөзді қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтау. Алауға оранып, көкке шығады, көкжиекке бұғады.
Ереже сұрау: Зат есімнің септелуі деген не? Атау септігінің жалғауы бар ма? Ілік септігінің сұрағы қандай? Барыс септігіндегі сөз сөйлемде қандай мүше бола алады?
Шығармашылық тапсырма:
(ана...) тағзым етейік Мен (атам...) жақсы көремін Айжан ( ыдыс...) жуды. (Дәптер...) таза ұста.
Ережемен танысу. Табыс септік
Кімді? - ны,- ні тұрлаусыз мүше
Нені? - ды,- ді,- ты,- ты
Дәптермен жұмыс. 43 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Табыс септігінің жалғауының астын сыз. Айжан кітапты көп оқиды.
44 - жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жаз. Табыс септіктегі сөзді тап.
Қанар қаптарды қаптап артар Шанақ арбаны аттар тартар
«Қай топ шапшаң?» ойыны. 45 - жаттығу Сөздерді оқы, топта. Қандай белгісіне қарай топтадың? Бір - бірінен айырмашылығы?
47 - жаттығу Сөздерді табыс септігіне қойып, сөйлем құра. Кестені пайдаланып, өз ойыңды дәлелде.
Бекіту: тест сұрақтары
Үйге тапсырма: 48 - жаттығу, ереже.
Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Мақсаты: сан есім туралы толық мәлімет беру, сан есімнің түрлерін ажырата білу. Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, көрнекілік Көрнекілігі: инт. тақта, үлестірмелер, сызба суреттер
Сабақтың барысы Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық (бір - біріне сәттілік тілеу)
Үй тапсырмасын тексеру: 39 - 40 жаттығуды орындау, ережені еске түсіру



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
1109
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі