Ілік септік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ілік септік

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 4

Тақырыбы: «Ілік септік»

Мақсаты:

Білімділік: Зат есімнің септелуі туралы білімдерін толықтыру;

Ілік сепігі және оның сұрақтары мен жалғаулары туралы

білім қалыптастыру;

Дамытушылық: Сөздік қорын байыту, сөйлем ішінен ілік септігінде

тұрған сөздерді табуға үйрету

Тәрбиелік: Ұжыммен жұмыс жасауға, айналасындағыларды тыңдай

білуге, қорытынды жасауға, ойын жинақтауға

машықтандыру.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы

Сабақтың типі: Сайыс сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топпен жұмыс, сұрақ-жауап, ойындар,

жеке оқушымен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі : Кесте, житондар, қима қағаздар, слайдтар, суреттер.

Сабақтың өту барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

- оқушылар назарын сабаққа аудару;

- оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру.

- Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақшы. Әр топ мүшесі тапсырмаларды мұқият орындап, өзінің тобына ұпай жинауға тиіс. Бүгінгі сайыс сабағымыз мынадай бөлімдерден тұрады:

1. Көршіңді тексер.

2. Өткенге шолу.

3. Білгім келеді.

4. Демалыс.

5. Біліміңді пайдалан.

6. Не үйрендік? Не білдік?

7. Нәтиже.

8. Қойын дәптер.

- Сабаққа дайын болсақ, әр сайыс өткен сайын орындаған топқа бағалау житондарын беріп отырамын. Сабақ соңында бағалау осы житондар арқылы жүзеге асырылады.

І. «Көршіңді тексер» (Үй тапсырмасын тексеру)

Әр оқушы көршісінің үй тапсырмасын тексереді, бағалайды, житондар беріледі.

ІІ. «Өткенге шолу».

Септік атаулары

Сұрақтары

Септік жалғаулары

Атау септік

Кім? Не?


Ілік септік

Кімнің? Ненің?

-ның, -нің, -дың, дің, -тың, -тің,.

Барыс септік

Кімге? Неге? Қайда?

-ға, -ге, -қа, -ке.

Табыс септік

Кімді? Нені?

-ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті.

Жатыс септік

Кімде? Неде?

-да, -де, -та, -те.

Шығыс септік

Кімнен? Неден?

-нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен.

Көмектес септік

Кіммен? Немен?

-мен, -бен, -пен.


Атау септіктегі зат есімдер Кім? Не? Кімдер? Нелер? деген сұрақтарға жауап береді, сөйлемде бастауыш болады. Қар қалың жауды.

ІІІ. «Білгім келеді»

Өлеңді мәнерлеп оқу, қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау, қосымша қай септікте тұрғанын анықтау.

Атақ-даңқ қалай шығады?

Көмірдің аты

Жанумен шығар.

Балғаның аты

Қағумен шығар.

Шегенің аты

Бекумен шығар.

Қашаудың аты

Шекумен шығар.

Батырдың аты

Жеңумен шығар.

Жомарттың аты

Берумен шығар.

Ақынның аты

Жырлаумен шығар.

Шәкірттің аты

Тыңдаумен шығар.

- қарамен жазылған сөздер түбір сөзге ілік септік жалғауларының жалғануы арқылы жасалған.

ТҮЙІН: Ілік септіктегі зат есімдер кімнің? ненің? кімдердің? нелердің? деген сұрақтарға жауап береді. Ілік септік жалғаулары: -ның, -нің, -дың, дің, -тың, -тің.

ІV. «Демалыс» (Сергіту сәті)

V. «Білгеніңді пайдалан» (Сабақты бекіту)

А) Мақалдарды ілік септікте тұрған қажет сөзді қойып көшіріп жазу:

Туған ... түтіні де ыстық.

... өзегі талмас.

Ас - ... арқауы.

... шиесін шын шығарады.

Қажетті сөздер: Өнерлінің, адамның, жердің, өтіріктің

Ә) Сөйлемдерді жақша ішіндегі зат есімді ілік септігіне қойып, көшіріп жазу.

1. (Құндыз) терісі аса құнды болады. 2. (Шебер) қолы – алтын. 3. (Сәуле) әжесі ауылдан келді. 4. (Шошқа) көзі нашар көреді. Есесіне дыбысты жақсы естиді және иіс сезгіш.

VІ. «Не үйрендік? Не білдік?» (Сабақты қорытындылау)

А) «Дұрысын тап!» ойыны -

Ілік септіктегі зат есімдер кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап береді.

Атау септік жалғаулары: -ның, -нің, -дың, дің, -тың, -тің.

Ә) Венн диаграммасы

Зат

есімнің

септіктері

Атау Ілік Ілік




VІІ. «Нәтиже» (Бағалау)


Оқушылар берілген житондар бойынша бағаланады.


VІІІ. «Қойын дәптер» (Үйге тапсырма)

296-жаттығу: Мәтінді түсініп оқу, ат қою.

Мәтіннен ілік септіктегі зат есімдерді теріп жазу, сұрақ қою.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
27.12.2017
703
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі