400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ілияс Жансүгіров Көкшетау поэмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Көкшетаудың әсемдігі
Материалдың қысқаша нұсқасы

І.Жансүгіров «Көкшетау»


І.Жансүгіров- қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлігі мен талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді.

І.Жансүгіров – ақын, драмашы, прозашы, оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. Ақының терең идеялы, көркем мүсінді, эпикалық кең тынысты шығармаларының танымдық тәрбиелік мәні зор. Олар қалың оқырманның ойына ой, сезіміне сезім қосады, қиялына қанат бітіреді, эстетикалық ләззат беріп, гуманистік адамгершілік идеяларды толғайды.

І.Жансүгіровтің көркемдік стилі ешкімге ұқсамайтын ерекше. Стиль жазушының көркемдік шеберлігімен тікелей байланысты. Дәл осы ерекшелік пен шеберлік Ілиястың лирикалық өлеңдерінде айқын көрінеді. Оның қазақ поэзиясын өркендетуге ерен үлес қосқан саласы – пейзаждық лирика. Табиғатқа арналған өлеңдерінде сөзбен сурет салуға барынша шебер екенін көреміз. «Жазға салым», «Жазғытұрым», «Жазғы шілде», «Жаз», «Қыс», «Мезгіл суреттері», «Жел», «Жетісу суреттері», «Ағынды менің Ақсуым» т.б. өлеңдері осының айғағы. Ілияс Жансүгіровтің «Көкшетау» өлеңі менің жаныма жақын өлеңдердің бірі. Бұл өлеңді оқу барысында, табиғаттың терең сырына, сиқырына енгендей болдым. Бұл өлеңді жазуда ақынның шабытына дем берген таудың әсемдігі, көркемдігі, сұлулығы. Мысалы ақын мына үзіндіде:

«Көк орман, көркем тоғай маужыраған,

Сұлудың көзіндей көл жаудыраған.

Малта тас, маржан-ақын, мерует тас,

Төгіліп көк жиекке саудыраған» . Осы шумақтағы «көк», «көркем»сөздері аталған орман, тоғайдың айрықша сипатын анықтау үшін қолданылып тұр екен. Бір нәрсені көптен айырып, көзге көбірек түсерлік етіп айту үшін ол нәрсенің атына көркейтетін, айқындайтын бейнелі сөз қолданылады. Сол сияқты осы үзіндіде ақын көлді сұлу қыздың көзіне теңейді. Сөйтіп көлдің әсемдігін көз алдына елестетеді.

«Оқжетпес оқшырайып өрлеп кеткен

Кеудесін керіп көкке сермеп кеткен»

Көкшетауды жер жаннаты-дейді. Сұлу қыздай бойын күткен, жомарт тау, дастарқанды, момақан тау- дегенді қойнауында небір пайдалы тастары бар, орман-тоғайлары аң мен құсқа толы, ауасы шипалы, дертке дауа дейді. Таудың биіктігін Оқжетпес шыңын суреттеу арқылы сипаттаған. Көкшетаудың мақтауға, мақтануға тұратын жер екендігі туралы, шет елдердің тауларымен тең екені айтылған.

Көкшетау жер жәннаты жеке біткен,

Бұл сұлу кең далада бойын күткен.

Жомарт тау дастарқанды, момақан тау,

Шипа тау тазартатын барлық дерттен. Бұл өлең жолдарында Көкшетаудың жомарт, момын тау екендігі, шипалы тау екендігін әсем суреттеп айтады.

Белгісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге, белгісіздеу сипатты белгілі сипатқа балап, көрнектеп ашығырақ көрсету үшін қолданылатын бейнелі сөз теңеуді ақын өлеңдерінде нәзік қолдана білген. Теңеу көбіне –дай, дей, -тай, -тей жұрнақтары немесе бейне, тәрізді деген сөздер арқылы жасалады. Ақын ағын судай, сұлудың көзіндей деген теңулерді осы өлең жолдарында көркем қолдана білген. Сонымен қатар ақын «Көкшетау» өлеңінде эпитеттерді кеңінен қолданған. Олар: көк орман, көркем тоғай, малта тас, маржан, ақық, меруерт тас, қия құз, жақпар сарай, бура тастар, жомарт тау, дастарқанды, момақан тау, шипа тау, сұлу кең дала, тәттісі, тазасы және т.б.

Көкшетаудың әсем табиғатын І.Жансүгіровтей жеріне жеткізе жырлаған ақын қазақта кемде-кем шығар.

Қорыта айтқанда, қазақ әдебиетінің көгінде аз ғана жұлдыздардың бірі болған Ілияс Жансүгіров сан қырлы өнердің иесі еді. Құдіретті поэзиясы «Қазақтың тілін – нам тілім» - дейтіндерді табындырған – Ілияс, өр ілияс, өткір Ілияс. Халқын сүйсіндірген – сұлу Ілияс. Қазақ поэзиясын Абайдан кейінгі ұлы биікке, шырқау шыңға көтерген ақын Ілияс – мына біздің, жас ұрпақтың жүрегінде мәңгі жасамақ! Ілияс ұсынған еңбектер мәңгілік мұра болып қала бермек.

І.Жансүгіров «Көкшетау»

("Құлагер"поэмасынан үзінді)


Таудағы тасқындаған ағын судай

Өлеңім басталады таудан ұдай.

Әсемін әңгіменің көп таратқан

Айтылмай қалған екен тау мынадай.


Көк орман, көркем тоғай маужыраған

Сұлудың көзіндей көл жаудыраған.

Малта тас, маржан, ақық, меруерт тас.

Төгіліп көкжиекке саудыраған...


Бұл тауды іздейміз бе біздер шеттен,

Талайы осы таудың бізге өткен.

Мақтауға, мақтануға түратын жер.

Айтармын Көкшетауды даңқы кеткен.


Оқжетпес окшырайып, өрлеп кеткен,

Кеудесін керш көкке сермеп кеткен.

Қия қүз, жакпар сарай, бура тастар,

Тәртіппен көлді айнала сәндеп шөккен.


Көкшетау жер жәннаты жеке біткен.

Бұл сұлу кең далада бойын күткен.

Жомарт тау дастарканды, момақан тау,

Шипа тау тазартатын барлық дерттен.


Бұлақтың тәттісі де, тазасы да,

Көлдердің кең мөлдірі тап осында

Айдыны ала шұбар, кұс қиқулар,

Ауыл, мал, масаты көл жағасында


1.Тақырыбы: Көкшетаудың әсемдігі


2. Идеясы: Көкшетаудың сұлу табиғатын суреттеу


3. Композициялық құрылымы:

1.Орман, тоғай, көл, тасты суреттейді

2.Тауды сипаттайды.


4. Күрделі сөздер мен тіркестер: ұдай, малта тас, ақық, меруерт тас, Оқжетпес оқшырайып, қия құз, жақпар сарай, бура тастар, жер жаннаты, жомарт тау, момақан тау, масаты көл жағасында.


5. Өлең құрылысы: Қара өлең ұйқасы, 11-буынды, 4-тармақты,2-бунақты, 6-шумақ.


6. Көркемдік тәсіл, образды сөздер:

Теңеу-ағын судай, сұлудың көзіндей.

Эпитет- көк орман, көркем тоғай, малта тас, маржан, ақық, меруерт тас, қия құз, жақпар сарай, бура тастар, жомарт тау, дастарқанды, момақан тау, шипа тау, ала шұбар, сұлу кең дала, тәттісі, тазасы.

Метафора - Көкшетау жер жаннаты


7.Тірек сөзер: Таудағы, көк орман, көкжиекке, Көкшетауды, Оқжетпес, жер жаннаты, шипа тау, бұлақтың, көлдердің, көл жағасында.



















































Шығарма тақырыбы:



«Көкшетау» поэмасы





















Алматы-2019жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 шілде
2384
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі