Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Иллюзия өнері

Материал туралы қысқаша түсінік
орта буынға сабақ беретін мұғалімдерге пайдас бар деп ойлаймын. Астана туралы кішкене көмек болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



САБАҚ: Иллюзия өнері

Мектеп: 23 мектеп

Күні:9.12.2017.

Мұғалімнің есімі: Кумекова Н.К.

СЫНЫП: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар: 0

Сабаққа негізделген оқу

мақсаты

5.Т/А2.Әлеуметтік-тұрмыстық,әлеуметтік- мәдени, тақырыптарға байланысты диалог,монологтердегі (ән мәтіні, хабарлама, жарнама, хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру.

5.ӘТ Н4.4. Сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу,сан есімді зат есім орнына қолдана білу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі көтерілген мәселені түсінеді

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата біледі,сан есімді зат есім орнына қолдана алады.

Кейбір оқушылар:

  • ән мәтіні, хабарлама, жарнама, хабарландырлардағы көтерілген мәселені түсіндіруде түрлі мысалдар келтіре алады, мәтіндерде сан есімді зат есім орнына өте жақсы қолдана алады.

Бағалау критерийі

  • Әлеуметтік-тұрмыстық,әлеуметтік-мәдени,тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі көтерілген мәселені түсінеді.

  • Сан есімнің мағыналық түрлерін ажыратады,сан есімді зат есім орнына қолданады

  • Ән мәтіні, хабарлама, жарнама, хабарландырулардағы көтерілген мәселені түсіндіруде түрлі мысалдар келтіріп, қолданады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады. Хабарлама, жарнама, хабарландыру жасайды. Көтерілген мәселені түсінеді.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Иллюзия, өнер, көзбояушылық, сиқыр

Сыныптағы диалог, жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

1.Сиқыр жасауды қалай үйренуге болады?

2.Циркке барып көргенсің бе?

3.Маған сиқыр өнері қатты ұнайды. Өйткені.....,

4.Өз өмірімде таңғажайып оқиғалар кездесті. Сол себепті...... .

Талқылауға арналған тармақтар:

  • Иллюзия дегеніміз не?

  • Көзбояушылықты өнерге жатқызуға бола ма?

  • Талант дегеніміз не?

Ишара: қол,дене қимылдары арқылы

Құндылықтарға баулу

Еліміздің сегіз қырлы, бір сырлы белсенді азаматы болуға баулу.


Пәнаралық байланыс

Еңбекке баулу, музыка.

Алдыңғы оқу

Бәйтерек туралы аңыз.


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Сабақтың басы 5мин

Шаттық шеңбері.Егер мен сиқыршы болсам..... тіркесін қатыстыра отырып,оқушылар бір-біріне тілек тілейді.

Топқа бөлу .Оқушылардың өз оқу құралдарын парта бетіне мұғалімнің қою ретімен топқа бөлінеді.

1-топ «Сиқыршы»

2-топ «Талантты»

3-топ «Көзбояушы»

4-топ «Өнерлі»

Алдынғы оқуды пысықтау

«Бәйтерек туралы аңыз»


Оқу құралдары:

Қалам,

бояу,

сызғыш,

өшіргіш

Ортасы 30минут















































































Сергіту сәті




Саралау

Миға шабуыл.

1.Иллюзия туралы естігендерің бар ма?

2.Адамды қалай таңқалдыруға болады?

3Сиқыршы деген кім?


1-тапсырма «Сиқыр сыры» атты бейнеролик көрсетемін.«Жазушылар сөйлейді» әдісі.

«Иллюзия» тақырыбына бейнероликтен ақпараттар алу арқылы әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени тақырыпқа мәтін жазып, ән мәтіні, хабарлама, жарнама, хабарландыру түрінде диалог құрып, монолог жазыңдар

1топ. Сиқыршы

2топ. Талантты

3топ. Көзбояушы

4топ.Өнерлі


Дескриптор

1.Берілген тақырыпқа мәтін(хабарлама, жарнама, хабарландыру, ән мәтіні) жазады -2балл

2.Диалог құрады, монолог жазады- 2балл

3.Көтерілген мәселені түсіндіреді- 2балл

Қ.Б.


2тапсырма. ӘТН4.4 «Бірге ойлаймыз» әдісін пайдалана отырып, мәтіндегі сан есімдерді зат есім орнына қолданып, мысалдар келтіреді,мағыналық түрлерін ажыратады.


Иллюзия өнері

Ол бүгін театрға екі билет сатып алды.Біреуі – досына.Уақытында театр алдына келіп, билеттерін тапсырып ,ішке кірді.Екеуі бірінші қатарға отырды.Фокус көрсететін адамдарды сахна төріне қол шапалақтап, қайта-қайта шақырды. Залда отырған адамдардың көңіл күйлері көтеріңкі еді.

Арадан бір-екі минуттай уақыт өткенде, сахнаға бір жүргізуші шықты.Залда отырған көрермендер тым-тырыс бола қалды.Ол көремендермен амандасып, сахнаға келген қонақты шақырды.Сахнада тұрған сиқыршы өзінің іс-әрекетімен көрермендерді баурап алды. Сахнада иллюзияны көрген сайын тылсым күшке жетелеп, таңдандыра түсті. Біз бір сөзбен оны «сиқыр» дейміз де қоямыз. Алдамшы көріністер, иллюзия (лат. іllusіo — алдаймын, мазақтаймын, келекелеймін) —түрлі себептерге байланысты өмір шындығының теріс, жаңсақ қабылдануы екен. Алдамшы көріністер көбінесе танымға жат, түсініп болмайтын бейнелер түрінде көрінеді. Әлемдегі ең мықты иллюзионист қарпайым қазақ қызы екенін біреу білсе, біреу білмейді. Ол – онға жуық көйлекті қас-қағым сәтте ауыстырып шыға қоятын өзіміздің Алтынай Байтоқанова. Ол кісімен көрсетілім соңында азырақ сұхбат өткізді.

Шын мәнінде иллюзия сиқыр ма, өнер ме? Кімдер иллюзионист бола алады? Бұл сұраққа Алтынайдың өзі жауап берген еді. Алтынай Байтоқанова: «Иллюзия дүниежүзі бойынша ешқандай ұлттың өнеріне жатпайды. Ол негізінен адамның ой-өрісін кеңітіп, қиялын ұштайды. Балалар тұрмақ, ересектер таңырқай қарайтын құпиясы мол өнер. Иллюзия Еуропада да, АҚШ-та да жақсы дамыған. Бірақ қытайлар бұл өнерді өздеріне жақындатады, меншіктегісі келеді. Өйткені, түспен ойнау, жылдамдықпен жұмыс істеу, бет-әлпетті құбылту – олардың қан-дарында бар қасиет. Иллюзия – өнер. Адамның көзін, ойын алдау, бірақ ешқандай арбау емес»,-деп күліп көрермендермен жылы қоштасты.




Дескриптор:

  • 1.Мәтіннен сан есімнің мағыналық түрлерін ажыратады-2балл

  • 2.Сан есімдерді зат есім орнына қолданып,мысалдар келтіреді -2балл

Қ.Б.


Дене қимылымен сандар жазу(мұрынмен,аяқпен,иықпен 1-10ға дейін сандарды жазады.


1.Төмен деңгей.Мәтін ішінен нақты ақпараттарға байланысты тірек создерді табыңдар

2.Орта деңгей.Сан есімдерді зат есім орнына қолданып, мысалдар келтіріңдер.

3.Жоғары деңгей. Мәтіндегі ақпараттарды өмірмен байланыстырып, өз ойыңды еркін жеткіз.



АКТ-ні қолдану













«Жазушылар сөйлейді» әдісі арқылы түсіндіріледі.














«Джигсо» әдісі.

































«Топтастыру» әд«Бірге ойлаймыз» әдісі












Сабақтың соңы 5мин





Кері байланыс



«Рефлексиялық шеңбер»

Оқушылар шеңберге тұрып, т

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.10.2020
794
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12