жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Ілмекпен тоқу – қазақтың қолөнерінің негізгі өнері" (ғылыми жұмыс)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ақтөбе гуманитарлық колледжі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы : Ілмек бізбен тоқылған «Табиғатты аяла»
тақырыбындағы панно
0107000 «Технология» мамандығы
Орындаған : Жалдыбай Перизат
Т-415 топ студенті
Ғылыми жетекшісі: Булеков С.Ж
«Дизайн және технология»
пән бірлестік оқытушысы
Қорғауға жіберілді (жіберілмеді)
«Дизайн және технология»
пән бірлестік жетекшісі
___________ Г.К.Бультенова
«___»_________ 2016 Ақтөбе – 2016 ж.
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиясында алға міндет етіп қойған ішкі және сыртқы саясатының аса маңызды бағытының бірі – мәдени мұра бағдарламасы аясындағы халықтық мәдени құндылықтар мен дәстүрін дамыту. Осы бағытты ескере отырып, көнере бастаған қолөнерді бүгінгі күнде өз кәдемізге жаратып, қолданудың маңызы өте зор.
Қоғамдағы болып жатқан бетбұрыстар, саяси көзқарастар аясында қазақ елінің тарихын шынайы тұрғыда таныта біліп, салт – дәстүріне, рухани мұрасына құрметпен қарау ерекше маңызға ие болып отыр. Сондай қажеттіліктің бірі – халықтың қол өнері.
«Өнерден қуат алмаса тіршіліктің шырағы өшеді»- деп М.Әуезов айтқандай, өсіп келе жатқан ұрпағымызға өз халқының өнерін бойына сіңіріп өсіру қазіргі кездегі кезек күттірмейтін мәселе.
«Ел іші-алтын бесік » деген аталы сөздің ақиқатын көзіммен көріп, халық шеберлерінің жасаған таңғажайып кесте бұйымдарын қолыма ұстағанда іздегенімді тапқандай болдым.
Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдар әсемдігі, өрнегі тұрмысқа мән бермеумен адамдарға рухани ләззат келген. Көз салып байыптап қараған адамға бұйымдардағы түрлі-түсті ою-өрнек, оның орналасуы адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым-қатынасын, көңіл-күйін, жан дүниесіндегі тылсам күштердің бірлігін аңғаруға болады. Қолөнерін шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларын арқау еткен. Өнер туындыларының бет бедеріне ширатыла түскен ғажайып өрнектер өзгеше бір тілмен атқарыла сыр шерткендей. Қазақ қолөнерінің түрі, сапасы, өрнегі, бояуының өмірге келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Шебердің келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Шебердің қолынан шыққан бұйымдар кұнделікті тіршілікпен қатар сол заманның ортақ қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі, «Шебердің қолы ортақ » деген мақал ел ішінде бекер айтылмаса керек. Нағыз шеберлікке жету үшін табандылық, іскерлік, талғампаздық, білім қажет. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнердің алуан түрлі ойлап тапты. Өз ұрпағының "сегіз қырлы, бір сырлы" өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа үйретіп келген.
Тоқу өнері- қазақ халқының ежелден келе жатқан қолөнер саласының бірі. Бұл тамаша өнер қазіргі заманда жалғасын тауып, көрші халықтардың өнер шығармашылықтарымен толысып, дамып, әсемдігімен көркемдігімен көз тартып, эстетикалық талғамда өркендей бермек.
Қазақ халқында кесте тігумен тек қана әйелдер айналысады. Қазақ қыздарына аналары ыждағаттылық пен төзімді талап ететін бұл қол өнер түрін бала кезінен үйретеді. Кесте өнерінің қыз баланың табанды, сабырлы мінез –құлқын қалыптастыруға тигізетін пайдасы көп. Бойжеткен қыздар өздеріне арналған жасаудың кестеленетін түрлерінің бәрін өздері тігеді.
Кестенің түп төркіні – тігіс, тоқыма , өрме өнерімен тамырлас. Мәселен, жөрмеу тігістерінің түрленуінен «баспа кесте», «қабырға кесте», «ашамай кесте» түрлері туындаған.
Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ұлттық кесте өнеріміз күні бүгінге дейін өзінің эстетикалық құндылықтарын өз бойына сақтап, қасиетін жоғалтпай жақсы сақталған ірі мәдениет үлгісі ретінде аталып келген және халқымыздың тарихымен, тұрмыстағы әдет – ғұрып, салт – дәстүріне сай дамып, түрленіп жетілдіріп отырған.
Ұлан-байтақ далада жаз жайлау, қыс қыстауына көшіп-қонып, тіршілігін күйттеген қазақ ата-бабаларымыздың баспанасы ақ ордасы-киіз үйі. Көшпенді тіршілікте тіккенге де, жыққанға да өте жеңіл қолайлы. Ағаш үй жасаушы шеберлер де үйдің ыңғайлы болуымен қатар көркемдік шешімдерін де ойластырған.
Жұмыстың мақсаты: халқымыздың ұмытылып бара жатқан мәдени мұрасы- кесте өнерін жаңғырту және жас ұрпақтың өнерге деген құлшынысын арттыра отырып, ұқыптылыққа, әсемдікке тәрбиелеу, ұлттық дәстүрімізді жалғастыру.
Жұмыстың міндеті: ұлттық байлығымызды, ата дәстүрімізді дәріптеу, оқушылардың еңбекке, өнерге деген сүйіспеншілігін оятып, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттыру.
Жұмыстың объектісі: Ілмек бізбен тоқылған «Табиғатты аяла» тақырыбында панно.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Ілмекпен тоқу – қазақтың қолөнерінің негізгі өнері
1.1 Ілмекпен тоқу өнерінің шығу тарихы және оның түрлері
Ілмек бізбен тоқу – өте ерте заманнан келе жатқан қолданбалы өнер түрі. Қолданбалы өнер- көптеген елдердің шеберлерінің, суретшілерінің шығармашылық жемісі. Ол киімдерді, интерьерді әшекейлеу нәтижесінде қағарлары, шекпен, қамзол көруге болады.
Қазақ киім үстіне кестені бізбен түсірген. Ол үшін ілмек сүйек біздер жасаған. Бұл үшін қойдың кәрі жілігінің басындағы жіңішке бөлігі алынып, ол арнайы өңделетін болған. Әрине, қазір мұндай сүйек біздерді пайдаланудың еш қажеті жоқ. Оның орнына кестелерді тігін машиналары түсіре алады және ол сапалы болады.
Кесте керемет өнер болғаны соншалық, қазақтар бір кездері алтын жіптермен кесте тіккен. Оны атамыз «зер тігу» деген. Зерленген көйлек, кимешек, шапан аса бағалы болған. Оны хандар, асқан байлар, билер кисе керек. Қазақ әйелдер де ертеден бүгінгі дейін мүмкіндігінше пайдаланатын заттарын кестемен сәндеуге тырысады. Жиі қолданатын кесте түрлері- баспа кесте, қабырға кесте, біз кесте, тығыз кесте, маржандау, түкті кесте және т.б.
Қазақ халқы қыздарды 4-5 жастан бастап ілмекпен тоқуды үйреткен екен. Үй тұрмысындағы қажетті бұйымдар: дастарқан, терезе пердесі, қол орамалдар, жастық тыстары, түрлі көлемдегі үлкенді - кішілі стол жапқыштар барлығы кестеленген. Олар 15-16 жасқа келгенде тұрмысқа шығар заттарды кестелеп, дайындап қоятын болған.
Әлемнің әр елінде ерлер де, әйелдер де айналысқан, кесте тігудің алуан әдісі бар. Айқаспа кесте – ежелгі қолөнер түрінің бірі. Ілмекпен тоқу – киімнің ең негізгі танымал, сәнді бөлігі.
Кесте – қазақ халқының
қолөнерінің ерекше түрінің бірі. Қолмен кестелеп тігу – өте көне
заманнан келе жатқан қолданбалы өнер түрі. Қолданбалы өнер –
көптеген елдердің шеберлерінің, суретшілерінің шығармашылық жемісі
Ол киімдерді, интерьерді әшекейлеу нәтижесінде кісінің көңіл -
күйін көтереді. Қол кестесі бұйымдарына тұтынушылар сұрасының өсу
бұйымдардың түрлерін көбейтуге, оның сәндігін түрлендіруге және
кестелеудің әдістерін көбейтуге көмектеседі. Кесте тігу үшін
қолданылатын құрал - саймандар: Кергіштер – кесте тігушінің негізгі
құралы. Ол матаны керіп ұстайды және оны зақымдалудан сақтайды.
Кергіштер дөңгелек болады. Ол бірінің ішіне бірі кіретін екі
дөңгелектен тұрады. Оны ағаштан, пластамассадан, резеңкеден және
металдан дайындайды. Инелер – мата қалыңдығы мен жіптің жуандығына
қарап таңдалады. Қайшылар – жіптің ұшын қию үшін қайтқы қайшылар,
оралған жіпті қию және жіпті тегістеу үшін орташа қайшы
қолданылады. Жіптер – кестелеу үшін табиғи, жасанды, синтетикалық
және аралас жіптер, ирис, мулине т. б. жіп түрлері қолданылады.
Калька – бұл мөлдір ақ қағаз. Калька түпнұсқа суреттің көшірмесін
жасау үшін қолданылады. Ал калькадан суретті сатаға көшіру үшін
көшіргіш қағаз пайдаланылады. Өрнек құрастыру үшін милиметрлік
қағаз қолданылады. Кестелеуге арналған материалдар – канва, тегіс
боялған мата.
Ертеде халқымыз тұтынатын бұйымдарының бәрін кестемен әшекейлеп
безендірген. Сол сияқты қазақ халқының қолөнерінің өмірге келуі
халықтың көшпелі өміріне байланысты. Атадан баласына, анасынан
қызына мирас болып келе жатқан - сәндік өнерінің өзі ұлттық
мәдениеттің дамуына ықпал етеді. Аталарымыз қызымыз бен ұлымыз
сегіз қырлы, бір сырлы болуын қадағалаған. Әсіресе қыз балаға: ине
сабақтап, түйме қадау, кесте тігуді, ас пісіруді үйретсе, ұл
балаларымызға таспа тілу, өрім тоқу, мал сою және мүшелеуді
үйреткен. Бүгінгі күннің талабына сай қолөнер түрлері де сан алуан.
Кестелеу, көркемдеп тігу, ою - өрнектерін әшекейлеу. Кестені көңіл
сызады, қол тігеді, көз сынайды дегендей, кесте тігудің алуан әдісі
бар. «Біз кесте», «Гобелен» (көпіртпелі) кесте, «Моншақпен
кестелеу» (бисерлеу) деп атайды. Кестелеу өнері дүние жүзінің әр
халқында бар. Сонымен қатар әр халықтың тарихи ерекшелігіне және
эстетикалық талғамына байланысты өзінің ерекшеліктерімен
ерекшеленеді.
Еуропада кестемен айналысу ақсүйектің, мәдениеттіліктің белгісі
ретінде қабылданған. Үй тұрмысындағы қажетті бұйымдар: дастархан,
терезе пердесі, қол орамалдар, жастық тыстары, түрлі көлемдегі
үлкенді - кішілі стол жапқыштар барлығы
кестеленген.
Қазақ әйелдері де ертеден бүгінге дейін мүмкіндігінше пайдаланатын заттарын кестемен сәндеуге тырысады. Жиі қолданатын кесте түрлері – «баспа кесте», «қабырға кесте», «біз кесте», «тығыз кесте», «маржандау», «түкті кесте» және т. б.
Кесте – сәндік қол өнерінің бір түрі. Мата, тері, киіз, т.б. материалдар бетіне әр түрлі боялған жіптермен, жібек зерлермен сурет, өрнек салып тігу арқылы жасалады. Ежелден халық арасына кең тараған. Кестенің алғашқы үлгілерін Пазырық және Ноин-ұлан (б.з.б. 5 ғ.) қорғандарынан табылған құрал-жабдықтардан (тұскиіз, тұскілем, киім-кешектер, жауынгерлердің сыртқы су қағарлары, шекпен, қамзол, желең) көруге болады. Кесте инемен, бізбен және кесте машинасымен тігіледі. Кейде Кестеге моншақ, інжу, маржан, т.б. асыл тастар тағылады. Кестені материалдың бетін түгел бастыра немесе гүл шоғырына ұқсатып та әшекейлейді. Бұйымды тұтастай бастыра әшекейлеу үшін шалыс, жатық, терме, жөрмеу тәсілін қолданады. Кестенің біз кесте, баспа жылтыр, тамбурлы кесте, албыр кесте (екі ізді), кенебе ине, т.б. түрлері белгілі. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар. Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген матаның бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп шалу арқылы кестеленеді. Шым кесте – тігілетін матаның ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кесте. Әредік кестеде матаның әр жері әшекейленіп, бөлек-бөлек өрнек салынады. Шым кесте тұс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық жапқыш, кежім, сәукеле, т.б. көптеген заттарға төгіледі немесе бөлек матаға төгіп қондырылады. Әредік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етекке және кең қоныш етіктердің бұрыш-бұрышы сияқты заттарға төгіледі немесе бөлек төгіп қондырылады. Геометриялық кескінді бейнелейтін Кесте жіп санап тігілсе, ирек өрнектер, әр түрлі суреттер алдын ала жүргізілген ізді қуалай тігіледі.
Кестелеу өнері ертеден келе
жатқан халық өнері. «Өнері таусылмас қазына, жұтамас байлық» дейді
дана халқымыз. Қазақ қолөнері өзінің төлтума бітім қасиетімен,
көркемдік мән - мағынасымен, шын мәнінде, халқымыздың ғасырлар
талғамынан өткен асыл қазынасы, соның бірі кестелеу өнері. Ертеде
халқымыз тұтынатын бұйымдарының бәрін кестемен әшекейлеп
безендірген. Мысалы: ұлттық киімдерді, бас киімдерді, неше түрлі
сувенир заттарды кестелеуге болады.
Кесте түрлері: Біз кесте
шығыс
халықтарының арасында қазақ пен қырғыз халқында аса жоғары деңгейде
дамыған. Біз кесте - кергішке керілген арнайы мата бетіне
түсірілген, бейнені ою - өрнек немесе бейнені сызық бойымен қармақ
бізді матадан ары өткізіп, жіпті бері іліп шалып алу арқылы
қайталанатын майда тігісті айтамыз. Біз кестеде матаға сызылған ою
- өрнекті сызық бойымен кестелеп, сонан соң ішкі жағын түрлі өңді
жіптермен толтырамыз.
Баспа
кесте материалдың ашық жерін
қалдырмай немесе ашық орынды аз қалдырып, тұтас кестеленген шымқай
кестені айтады.
Әредік кесте - матаның әр жері әшекейленіп, бөлек - бөлек өрнек
салынады. Оюластырып кестелеу маталарды бөлек - бөлек кестелеп,
оюластырып жапсыру. Бір матаның бетіне екінші матадан тігілген
фигура салынып шет жақтары әртүрлі кесте тігістерімен
тігіледі.
Маржандап, моншақтап
кестелеу әйелдер бас киімдеріне, тақия,
сәукеле, өңір, қол дорба қамзолдар және сән - салтанатты киімдерді
маржандап, моншақтап кестелейді.
Кесте тігуге қажетті негізгі құрал - жабдықтар.
Инелер, дөңгелек және төрт бұрышты кергіштер, қайшы, оймақ,
түйреуіштер, жіптер,маталар.
1.2 Қазақтың ілмекпен тоқу өнері
Тоқу өнері- қазақ халқының
ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған
қадірменді өнер. Бұл тамаша өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан
жалғатырып, тұрмыспен бірге ұласа дамып, одан сайын жетіліп,
адамдарды сұлулыққа , әсемділікке жетелеуде. Адамдардың тұрмыс
хәлдері үнемі өрленуіне сай олардың мәдени тұрмыстық тілектері өсе
түсуде . Сондықтан да әр адам киген киімнің қазірге сән үлгісіне
сәйкес бола отырып, қайталанбас әсем ерекшелігін, даралығын таныта
білуге тырысады. Міне, осыған орай бізге көмекке келген өнердің
бірі- тоқыма. Тоқымамен айналысқанда адам жеке басына аса қажет
нәрсені жасау үшін тоқымайды: осы тоқу үстіндегі түрлі түсті
бояулар әлемінің үйлесімділігн, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап,
түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой
–өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Соған
орай , тоқу өнері басқа да істер сияқты үйренуді, ізденуді қажет
етеді. Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген
жіптерді пайдаланған.
Іліп тоқуға арналған иірім жіп түрлері:
Зығыр
Мақта иірімжібі
Мохер
Жүн иірімжібі
Ангор
Кашемир
Альпак
Вискоза
Фасонды иірім жіп
Жүн- жануарлардан алынатын табиғи материал. Оны қазақ халқы мыңдаған жылдар бұрын іске асырған. Қой ,ешкі, қоян, түйе жүндерінен жіп иіріп мата өндіруге тоқыма , кілем, алаша тоқуға қолданған. Қой жүні- күзем және жабағы жүнінен бөлінеді. Қойдың қозысының алынған жүнді қозы жүн деп атайды. Қой жүнін қырқып алған соң, оны жуып кептіреді де, сабауға дайындайды . Жүнді сабау технологиясына сабау мен тулақ құралдары қпжет. Содан кейін жүнді тарақпен тарап, қолмен түтеді.
Жүнді машинамен, қолмен иіруге болады. Өндірісте жүн иіру технологиясында жүн иіретін арнайы машиналар кеңінен қолданылады. Сонымен қатар күнделікті тұрмыста да жүн иіруге арналған жүн иіруші аппараттар қолданылады.
Ұршық- жүнді қолмен иіруге арналған негізге аспап. Бұл қарапайым аспап. Бұл қарапайым аспап, әр елдің ұршығының сыртқы қалпы өзінше ерекшеленеді. Қазақтың ұршығы 30см шамасында сабы конус тәрізденіп келеді. Ең жуан жеріне сақина кигізілген. Оның ішкі тесігінің диаметрі-2,5 мм, ал, сыртқы өлшемі-30мм
Тоқыма үшін қажетті құралдар:
-
Біз
-
Жіп
Біздің өзі әрқалай бөлінеді. Мысалы:
-
Қарапайым сым темірден жасалған біз. Бұл көбінесе шұлық тоқуға, мойын орағыш тоқуға , баскиім, т.б. тоқуға арналған. Оны қазіргі таңда пластмассадан, ағаштан, бамбуктен, сүйектен жасауға болады.
-
Екі басы сым темірден жасалған , ортасына түтікше пластмасса кигізілген қарапайм біз.
-
Ілмек біз. Аты айтып тұрғандай іліп тоқуға арналған біздің бір түрі.
Ілмек біздің бір түрі. Ілмек біздің әр түрлісі болады. М ысалы ата-бабаларымыздың бұл бізді қойдың кәрі жілігінің басындағы кішкентай бөлініп шығатын сүйегінен жасаған. Ал қазіргі заманда арнайы сауда орындарынан сатып алуға болады. Бұл бізді қолданғанда жуан ілмек бізбен, ал жіңішке ілмек бізбен тоқу керек.
Тоқыма тоқу үшін таза жүннен, мақтадан, вискозадан, синтетикадан, жүн мен сентетикадан аралас иірілген жіптер пайдаланылады. Сондай-ақ бұрын пайдаланылған жіптерді де тарқатып, қайта пайдалануға болады.
Ілмекпен тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады, жүннен, мақтадан иірілген немесе жібек жіптер, т.б.
Әдетте үстіге киетін киімдердң босату иірген, ал дастарқан, салфетка, сумка сияқты заттарды ширақ иірілген жіппен тоқиды. Бөлшектерінің сыртқы пішіні үлгімен есепке сәйкес шалуы қосу, қысқарту, сирек те жиі тоқу арқылы жасалады.
Тоқу түрлері: тура және кері қатарлармен тоқу, айналдырып шеңбер жасай тоқу.
Тізбек бірнеше үлпілдек шалудан жасалған тізбектер алғашқы қатар тоқылуға тиіс бар бұйымның бастапқы негізі болып саналады. Ілмектің ұшына бір шалу жасайды да жіпті ілмекке орап, алғашқы шалудың ортасына өткізіп алады. Осылайша қайталана береді.
Ілмекпен тоқуда негізгі элементтері- бос шалу,біріктіру бағанашасы, шалмасыз бағанша, шалмалы бағанша,екі шалмалы бағанша, үш шалмалы бағанша, төрт шкалмалы бағанша және т.б.
Ілмек бізбен тоқу кең тарап, тоқу арқылы жасалған бұйымдар жоғары болғандықтан әр түрлі басылым беттерінде шеберлер өзінің өнерін көрсету үшін ілмек бізбен тоқудың шартты белгілерін ойлап тауып, сол арқылы халыққа белгілі бір бұйымды тоқу әдісін көрсетеді.
Кесте және көркемдеп тігу ою -
өрнекті әшекейлеудің ертеден келе жатқан элементтерінің басты түрі.
Қазақтың ұлттық кестелеу өнері тарихының түп тамыры ғасырлар
қойнауында жатыр. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ұлттық кесте
өнеріміз күні бүгінге дейін өзінің құндылықтарын сақтап, қасиетін
жоғалтпай жақсы сақталған. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп
тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Кесте өнері нағыз халықтық,
алуан әдісті, таңдауы көп өнер. Кесте өнерінің қазақ халқына тән
байырғы көне түрлері: біз кесте, айқас тігу, айқыш - ұйқыш тігу,
басып тігу, қайып тігу. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте
деп аталатын екі түрі
бар.
Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп
кергіш ағашқа керілген материалдың бетіне түсірілген ою - өрнек
бойынша қарамақты бізбен өткермелеп шалу арқылы
кестеленеді.
Шым кесте деп тігілетін материалдың ашық
жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас
кестелеген шымқай кестені
айтады.
Әредік кестеде материалдың әр жері
әшекейленіп, бөлек - бөлек өрнек
салынады.
Шым кесте, тұс киіз, сандыққап, мақпал шапан,
орамалдың алақаны, жастық жапқыш, кежім, сәукеле сияқты басқа да
көптеген заттарға төгіледі немесе бөлек материалға төгіп
қондырылады. Әредік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етекке және кең
қоныш етіктердің бұрыш - бұрышы, перделердің шеттері сияқты
заттарға төгіледі немесе бөлек төгіп
қондырады.
Айқас (крестеп) тігу де инемен тігілетін
кестенің ең көп тараған түрі. Мұнда өрнек ізімен біркелкі төрт
бұрышты етіп, бір жіптің үстінен екінші жіпті крест түрінде
айқастыра бастырып отырады. Бұл қазір кесте тігудің ең қолайлы түрі
деп танылып жүр.
Тесіп торлап тігуде өрнектелетін материалды
өрнек мәнеріне қарай тесіп алады да, оны торлай және ортасын кереге
көздеп, санап отырып шалу арқылы түрлі өрнек салады. Тесік аралығын
кереге көздеу әдісінде кестенің тесік аралығындағы жіптерін өрмелеп
шалып тоқу түрі де қолданылады. Мұндай тесіп, торлап өрнектеу
әдісімен көбінесе жастық тысының беті, жастық жапқыштар, төсек
жапқыштар әйелдердің іш көйлектерінің кеудесі, етегі, гүл қойғыш
төсеніштер, дастарқандар мен диван жапқыштар, үйдің қабырғасына
керіп қоятын маталар
кестеленеді.
Кестені бедерлеп тіккенде кестеленген
материалда әр түрлі ою - өрнек, мәнерлі бұдырлар өрнектеледі.
Мұндай тігу түрін орындағанда әуелі үлгі бойынша сызылып алынған
өрнектердің үстіне мақта, мата қиындылары, қағаз, картон салынып,
кестенің жіптерін, сол заттарды бастыра шалып тігеді. Соның
нәтижесінде матаның бетіндегі өрнектер бұдырланып бедерленеді.
Бедерлеп тігу әдісіне де өрнектің мәнері мен шебердің шешіміне
қарай бірнеше түсті жіптер қолданылады. Бедерлеп тіккен кестені көп
жуа беруге болмайды.
Кестелеп тігу ісіндегі әдемілік пен
көрнектілік жағынан ерекше көзге түсетін түрлерінің бірі көпіртіп
тігу. Көпіртіп тігу кестесі де әзірленген өрнек үлгісінің ізімен
тігіледі. Мұнда материалдың үстіңгі бетіне бүлдіргеленген жіп
селпеулері қалдырылып отырады. Кестенің жібі бірнеше түсті болуы
мүмкін. Бедерлеп тігу әдісімен алма, жүзім, бүлдірген, қарақат,
қауын - қарбыз түйнектері сияқты түрлі жемістерді салуға болады.
Көпіртіп кестеленген бұйымдар жуыла да үтіктеле де береді, бірақ
үтіктен шыққан соң оларды қағып, сілкіп бүртіктерін тірілту
керек.
Кестені түктеп тіккенде бізбен шалынған
жіптің үстіңгі жағында (оң бетінде) кейде 1, кейде 2 сантиметрдей
бүлдіргі қалып отырады. Шебер кестені тігіп болғаннан кейін әлгі
қалған бүлдіргілерді тегістеп қырқады. Жиі шаншылып, қалың
түсірілген бүлдірге жіптері қырқылып тегістелген соң, кәдімгі
кілемнің түгі сияқты түрлі түсті болып құлпырып тұрады (түкті
кілем). Кейде бүлдіргілердің астына ширатқан жуан жіпті ширатқан
шүберекті, жұмсақ металл шыбықтарын мүйіздеп, ою өрнегіне келтіріп
салып тігеді де, тігіп болған әлгі тігіс астына салынған заттарды
үстінен тіліп алып тастайды. Мұндай әдіспен түктеп тігілген
өрнектер мінсіз және түгінің биіктігі біркелкі
шығады.
Алтындап, күмістеп тігу сән - салтанат
бұйымдарына тән. Бұл үшін көбінесе барқыт, плюш, атлас, қырмызы
сияқты бағалы материалдар пайдаланылады. Мұндай тігістерге,
әсіресе, өзіне арналып жасалған алтын және күміс жіптер
қолданылады. Кейде алтын, күміс түстес жіңішке жиек саулары (зер)
пайдаланылады. Бағалы затты ысырапсыз пайдалану үшін оның өрнегі
мен тігіс жіптерін санап білу керек. Өйткені бұл жұмыс өзге
тігістерден гөрі ауыр
келеді.
Алтындап тігуге көбінесе бедерлі, бедерсіз
басып тігу әдісін қолданады. Алтындап тігу кестесіне маржандап
тігуді де аралас жүргізеді. Мысалы, қыздардың қамзолдарының
омыраулары, өңірлері және тағы да сол сияқтылар осылай
тігіледі.
Алтын кестелі тон, шапан, айыр қалпақ, кемер
белбеу, сал шалбар, сәукеле әдемілік әшекейінің ең асылы және
бағалысы болып
есептеледі.
Мал өрісінің жаздық, күздік жайылымы
жағдайына қарай қоныс қуалап, көшпелі өмір сүрген қазақ ауылы
өнеркәсіп орталығынан қашық жатты. Олар күнбе-күнгі тұрмыс
қажеттерін өздерінде бар мүмкіншіліктермен ғана өтеді. Сондықтан
матадан, теріден, өрмек өнімінен жасалатын киім-кешектерді, саба,
торсық, үйге жабатын киіз сияқты заттардың барлығын да қол инемен
тікті. Қолмен тігу семья мұқтажын өтеумен қатар, заттарды көркемдеп
тігуде де тиімді әдіс саналды. Соған қарағанда киімдерді төсек -
орын жабдықтарын қол инемен кестелеп тігудің алуан түрлері
туды.
Қолмен тігуде негізінен жуалдыз (тебен ине),
жуан ине, жуантық (жөндем) ине, бәсең ине, жіңішке ине қолданылды.
Жуалдызбен түйенің жабуы, қалың сырмақ, былғары тоқым сияқты
заттарды сыриды. Жуан инемен сырмақтың жиегін, үйдің киіздерін,
тері киімдерді және киіз байпақтарды тігеді. Жуантық инемен қап,
шекпен, күпі, тымақ сияқты заттарды, ал бәсең инемен түйме, ілгек
қадайды, матадан жасалған жұқа киімдерді
тігеді.
Жіңішке инемен жібек, торғын сияқты жұқа
материалдарды, оларға салынатын кестелерді тігеді. Осыларға керекті
жуан, жіңішке жіптерді де халық шеберлері суыртпақтай отырып өздері
дайындайды. Ол үшін керекті жіптің түсіне ұқсас матаның шетінен
жалпақтығы 3 — 4 см, ұзындығы — 30 — 40см кенересін жыртып алады.
Осындай жіп суыруға арналған бір бөлек жыртынды матаны шеберлер
суыртпақ деп атайды. Суыртпақтан жіп суырып алудың да әдісі бар.
Әуелгі жіпті сетінетіп суырады да, суыртпақтың шеті шашақтанған соң
оны ептеп саумалап отырып тура тартып суырады. Өйткені шет шашағы
молайған сайын суыртпақ тез сетінемей, суыратын жіптер шашақтарға
оралып үзіле береді. Суырып алынған жалаң қабат жіптерді керегіне
қарай екіден, үштен, төрттен қабаттап ширатады. Ол үшін жіптің бір
ұшын тістеп тұрып, екінші ұшын бармақ пен сұқ қолдың басымен, не
екі алақанның арасына салып ширықтыра бұрап еседі. Мұны жіп ширату
деп атайды. Суыртпаққа көбінесе сирек тоқылған, түксіз маталар
пайдаланылады. Жіпті шудадан, жүннен, мақтадан, торқадан, кендірден
қолмен иіріп алып пайдалану тәсілі де көп
қолданылады.
1.3 Халық қол өнерінің тәрбиелік мәні
«Жігітке жеті өнерде аз», «Шебердің қолы ортақ» сынды мақал-мәтелдерді кейінгі ұрпақтарына мирас етіп қалдырған қазақ халқында өнерді сан алуан түрі де сан алуан. Солардың бірі- қиындығы инемен құдық қазғандай әрі ісмерлікпен қоса, асқан,ыждағаттылықты қажет етеді. Жас ұрпақты тәрбиелеуде халықтық қол өнерінің де тәрбиелік мәні зор.
Ол оқушыларды сұлулықпен әсемдікке,табандылық пен ыждағаттыққа тәрбиелейді.Тек зергерлік өнерді алайық бұл –ауқымы жағынан шағын болып көрінгенмен өте нәзік күрделі өнер.Халықпен бірге жасасып,біте қайнасып ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп келе жатқан көненің көзі-үлкен тәрбие мектебі.
Зергерлік –жалпы адамзатты,оның ішінде жас жеткіншектерді сұлулықпен әсемдікке құштарлыққа, талғампаздық пен тазалыққа тәрбиелейтін өнер.Өйткені зергердің қолынан шыққан бұйымдардың бәрі-сәндік,әсемдік заттары. Бұл зергерлік заттарды,әсіресе күміс ер, күміс жүген, өмілдірік,құйысқан, тартпа айырбасы,үзеңгі,торсық секілді тұрмыс-салт әбзілдері мен қазақи киім үлгілерінен көптеп кездестіреміз ой салып қараған адамға осы атаулардың өзі ақ зергерлік өнерінен мол хабар беріп тұрғандай.
Мысалға зергер деген сөздің өзі алтынмен жұмыс жасайтын адам деген ұғымды білдіреді.
Кез-келген зергерлік бұйымның халықтық көркем ойдың көрнісі екенін ұмытуға болмайды. Зергерлік бұйымдардың жасалуына мән берген оқушы ондағы неше бір түрлі ою нақыштарын ,өрнектерін көре отырып, бұл бұйымның қалай жасалғанына мән береді.
Қазақ халқының қол тігістері өзінің тігілу
әдісі мен мәнеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді де, олардың
әрқайсысы өз атауларымен
аталады.
Батырып тігу. Бұл былғары, киіз, көрпе сияқты
қалың заттарға ғана қолданылады. Оның үстіңгі оң жағы өте жиі
шаншылып, ал астыңғы жібі қатты тартылып алыс шаншу арқылы үстіңгі
жіпті сіңіріп отырып тігіледі. Шебер неғұрлым жіптің оң бетте
көрінбей тұруын
қарастырады.
«Бұзау тіс», тұмарша орындалу жағынан
қарапайым, жүрдек тігістер. Бұзау тіс екі жапсарды қосатын тігіс.
Бұл әдіспен көбінесе қалың киіз, жабағы сияқты заттарды шеттестіріп
тігеді. «Бұзау тіс» тігісі заттың шетін кезек түйреп алып,
жапсардан өткізіп отыру арқылы орындалады. Тұмарша тігісін көбінесе
орамалдың шетін жинауға қолданады. Бұл тігіс матаның шетін бекітіп,
соның ізімен қайта жөрмеу арқылы
орындалады.
Бүрме тігіс әр түрлі желбірлерді, қос
етектерді бүре жап сырғанда, бүрмелі жағаларға, етіктің басын
қалыпқа салып ұлтарақшаға жапсырғанда, бір заттың шетін жинай
тіккенде қолданылады. Бүрме тігістер көбіне екі қатар жүргізіледі.
Мұнда иненің әрбір шаншымы сиректеу келеді де, жіптің бүре
тартылуымен жиырыла тігіледі. Бүрмелердің қатпар жасалып, тізбелей
жиырыла тігілуі мүмкін.Есіп жөрмеу — көбінесе су таситын қарын,
мес, матадан, кенептен тіккен сондай ыдыс қапшықтардың шеттерін
тіккенде, кейде орамалдың шетін бүге тіккенде қолданылады. Ондай
заттардың қусырындысын, шеттерін сол қолдың көмегімен ширата
бүктемелеп отырып жөрмеп тігеді. Сонда шет бүктесін тігісі ескен
сияқты болып өз - өзіне кіріге жұмырланып
түседі. Жапсырма тігу — бір заттың бетіне жамау салып
жапсырғанда, әдіптердің шетін тіккенде, әдіп орнына лента сияқты
кенерелі заттарды бастырғанда қолданылатын әдіс. Мұндайда
жапсырылатын материалдың шетін түйреп шыққан ине астыңғы
материалдың үстінен (жапсырмаға, жамауға соқпай, тек оның іргесінен
ғана) төмен шаншылады да, үстіне қарай жапсырманы қоса түйреп
шығып, алғашқы бағытын қайталай береді. Бұлай етіп тіккенде
жапсырылған заттың шеті жинала басылып отырады.«Қабырға» тігіс қол
инемен көркемдеп тігу әдісінің бір түрі. «Қабырға» тігісімен ұзынды
- қысқалы жарыса тігілген ұзын сызықтар арқылы ендірме, бастырма,
қабырға өрнектері тігіледі. Қабырға тігісі екі сызықтың арасымен
немесе матаның бетіндегі тоқыманың белгілі бір жолағымен үнемі
біркелкі етіп көлденең орай шаншып отыру әдісі арқылы
тігіледі.Киімнің бойын, шалбардың балағын, жеңді, олардың екі шетін
жалғастыра тігу ісін қусыру деп атайды. Мұндай тігістерде жөрмеу,
тепшу, қаю, өбістіру, тебе тігу сияқты тігіс әдістерінің түрлері
қолданылады.
«Таңдай» тігіс — бұл да көркемдеп тігу
істерінде қолданылатын әдіс. Оны үш сызықтың үстімен, үнемі қиғаш
шаншып тігілетін «қос қабырға» мәнерімен орындайды. Мұндай кестелі
тігістермен кимешектің жақтарын, жаға - қақпаларды, жеңнің аузын,
кестеленген материалдардың шеттерін өрнектеген.«Тышқан із» тігісі
үш сызық арасымен, не шаршы сызықтар арасымен тігіледі. Алғашқы
шаншымында инені төменгі сызықтан жоғары көтеріп үстіңгі сызықтан
шаншып матаның астына түсіреді. Бұл кезде сол қолдың бармағымен ине
жібін өзіне қарай тарта басып, іркінді ілмек жасайды да, инені
босаңдау тартады. Ине үшінші шаншымында орталық сызық бойымен екі
шаншым ілгері аттап іркіліп тұрған ілмек арасынан шығады. Инені
келесі кезекте тартқанда ілмек ортасында сопақтау үш бұрыш
жасалады. Тігіс осылайша қайталана
береді.
Бұл оқушылардың ой-өрісін дамытады және шеберлігін артыра түседі.Қазақ шеберлері мен зергерлері туралы да аңыз- әңгімелер көптеп кездеседі.Назар аударатын бір жайт-халық шеберлері туралы сөз болғанда үнемі жылы ықылас,ыстық пейіл қоса қабат жүреді.Қай туындыны алып қарасақта,халық арасынан шыққан ісмердің ел сүйіктісі,патша менханның қалаулысы болып жүргенін көресіз.
Қазақстаның барлық өңірінде де халықтың қол өнердің дамуына мол мүмкіндігінше жағдай жасалынатын болса, талай халық шеберлерінің талантына табынатын көздер туып та қалар. Көркем ойлаудың жүйесін халық шеберлері мыңдаған жылдар бойы қоғамның эстетикалық талғам деңгейіне әсем үйлестіріп,өрнектер жасап отырған. Қазақтың ұлттық өрнегін жасаудың өзіндік жүйесі белгілі бір ерікшелігі бар. Оларда көбінесе айналадағы өмір құбылыстарының түрлі нышандары көрніс табатыны зерттеуші ғалымдар,әр кезде де айтып келеді.Көптеген ұрпақтың шығармашылық ой-қиялдарының нәтижесінде ерікше тылысым белгілерді бейнелеу дәстүрге айналған.Қазақ қол өнерінде жануарлық,космогондық,өсімдік,геометриялық және тағы басқа әуендер кеңнен байқалады.Олар бір-бірімен жақсы үйлесім тауып,ара жіктері нәзіктікпен әдемі ұштасып жатады.Тіпті кейде әр стильдің өзіндік ерікшеліктері бір-бірімен сабақтасып,жымдасып білінбей кететін тұстары да көптеп кездеседі.Ұлттық өрнектерде жануарлық,космогондық,өсімдік әуендері сияқты өрнектер жиі кездесіп ұрпақтың шығармашылық ой-қиялдарының нәтижесінде ерікше нәтижелерге ие болады.
Сонымен қол өнердің жас ұрпақты табандылыққа, әсемділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеуде алатын орны ерекше.
ІІ. Оқушыларға үйірме жұмысында кесте тігу өнерін оқытып, үйрену әдістемесі
-
Ілмек бізбен тоқу өнерін үйретудің тиімді әдістері
Ілмек бізбен тоқуды көпшілік қарт әжелер мен үй шаруасындағы әйелдердің сүйікті ісі деп біледі. Алайда, ілмек бізбен тоқу барлығына ортақ, кәделі әрі пайдалы іс екенін көпшілік біле бермейді. Күлкі терапиясы сияқты тоқыма тоқудың да денсаулыққа берер мол пайдасын дәрігер-ғалымдар анықтап, дәлелдей білген.

Күнделікті күйбең тірлік салдарынан адам бойын әлсіздік, көңілсіздік, күйзеліс билейді. Салдарынан түрлі жүйке жүйесі, жүрек қан тамырлары және гипетоникалық аурулар туындауы мүмкін. Бұл дерттердің алдын алу мақсатында дәрігерлер анда-санда тоқыма тоқуға кеңес береді.
Ілмек бізбен тоқу жүйке жүйесі мен ми жұмысын жақсартады. Артық ойлардан арылтып, көңіл көтереді. Тоқыма тоқу – шығармашылық жұмыс. Ал адам баласы шығармашылық жұмыспен айналысқан кезде, ол бар назарын ісіне аударып, көңілі жай тауып, жаны тынышталады.

Күнделікті кешке немесе бос уақытыңыз болған кезде қолыңызға түрлі-түсті жіптер мен тоқыма бізін алып, іске кірісіңіз. Өзіңізге малақай, шарф, сөмке, жаялық тоқи бастаңыз. Ол қолымнан келмейді десеңіз, тоқыма тоқи алатын таныстарыңызға «үйретіп жібер» деп қолқа салыңыз. Дүкен сөрелерінен тоқыма тоқу туралы кітаптарды іздестіріңіз. Ғаламтор беттеріндегі тоқыма тоқуды үйрететін онлайн-сабақтардан дәріс алыңыз.
Тоқыма біздері мен жіптерді өзіңіз таңдаңыз. Өзіңізге ыңғайлы әрі жағымды болуын қадағалаңыз. Тоқыма тоқуды бастаған кезде бар ойыңыз жасап жатқан іс-әрекетіңізде болсын. Тоқып жатқан дүниенің қандай болатынын көз алдыңызға елестетіңіз. Тоқыма тоқыған кезде ашуланбаңыз, сабыр сақтаңыз. Шыдамсыздық танытсаңыз, 10-15 минут үзіліс жасап, іске қайта кірісіңіз. Күнделікті кешке тоқыма тоқуға 30-40 минут бөлсеңіз, оның қалай сүйікті ісіңіздің біріне айналғанын сезбей қаласыз. Тек бастаған ісіңізді аяқсыз қалдырмаңыз.
Тоқыма тоқуды қарапайым ілмектерден бастаңыз. Күрделі оюларды жасауға аса ұмтылмаңыз. Әуелі дағдыланып, қолыңызды үйретіп алыңыз. Кейін бірте-бірте күрделі оюларды тоқуды бастаңыз.
Кесте өнерін үйретудің тиімді әдісінің мақсаты: Қазақстан картасын бейнелеп, әр түрлі кесте түрлерін үйрету, танымдылық қызығушылықтарын арттырып,шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, өнердегі сұлулықты түсініп, әдептілік ережелерін бойына сіңірген, шығармашылық қабілеті дамыған азамат тәрбиелеу. Оқушыларды ұқыптылыққа, шыдамдылыққа шақыру.
Кесте өнерін үйретудің тиімді әдістері ол балаларды ерте бастан еңбекке, алуын түрлі өнер бұйымдарын жасауға тарту мақсат етіледі. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ой-өрісін, шеберлігі мен дағдысына талапты күшейту. Қазақтың халықтық педагогикасын жеткіншек ұрпақтың санасына сіңіре отырып, қайырымды, ілтипатты қатынас жасау, моральдық қолдау өзіне деген сезімін нығайту, сенім арту, жауапты да қызықты іс әрекетке тарту және оқушылардың әлеуметтік жағдайларын ескере отырып, оларға қолдау, көмек көрсету. Сондай-ақ қолда бар затты ұқсата білуге, ол заттың қадір-қасиетін білуге көмек көрсету.
Өнердің барлық түрі өзіне тән бейнелі тілі, тәсілдерімен әсер ететін мәлім.
Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері елдің сана-сезімінде түбегейлі өзгерістер болды. Бұл өзгерістер Қазақстан мемлекетін дүниежүзілік экономикалық қауымдастыққа толық мүше етумен қатар, еліміздің ішкі рыногын да әлемдік деңгейге көтерді. Мұнымен қоса, білім мен ғылым саласының алдында да жаңа талаптар пайда болды. Оның дәлелі – «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы». Бұл тұжырымдамада еліміздің білім жүйесінде реформалық өзгерістер жасау қажеттігінен туындайтын басты – бағдарды айқындайды.
Білім беруді дамытудағы негізгі мақсат – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның жаңа талаптарына сәйкес келетін білімді, кәсіби біліктілігі жоғары жастарды тәрбиелегенде қол жеткізетін сапалы, бәсекеге қабілетті білім ордаларын қалыптастыру.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2030-2050 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: « Білім берудің тиімді жұмыс істейтін қазақстандық жүйесі қалыптасып, қазіргі әлемде Қазақстанның лайықты орын алуына мүмкіндік беретін оқыту мен кадрларды даярлаудың сапалық білім деңгейіне қол жеткізетін болады» деп атап көрсеткен, яғни, «жаңа» қоғамға « жаңа» сапалы адам керек. Мұндай адамды қалыптастыру – қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет.
Осы тұрғыдан келгенде, үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны саналатын орта білім беру мекемелерінің жастарға сапалы білім беріп, ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.
Қазіргі мектептің құрылымы мен білім беру мазмұнында болып жатқан бетбұрыстар оқу – тәрбие процесін жаңашаландыру талаптарын қояды.
Қолданбалы өнерге тән ерекшеліктер айналадағы ортамен,өмірмен, еңбекпен тығыз байланыста деп ойлаймын. Қолданбалы өнердің әлеуметтік-тәрбиелік рөлі тек оның туындыларының өзіндік көркемдік, эстетикалық құндылығымен ғана бағаланбайды, сонымен қатар адамдардың өз заманына сай талғамын қалыптастырумен, өткендегі мәдениетпен, ұлттық дәстүрлермен сабақтастығынан көрінеді.
2.2 Ілмек бізбен тоқу өнерін оқушыларға үйретудің сабақ жоспары
№1Сабақтың тақырыбы: Ілмекбізбен іліп тоқу технологиясы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ілмекпен тоқу әдістері туралы білімдерін қалыптастыру,және жұмысты қауіпсіздендіру ережелерін үйрету,құрал-жабдықтар туралы мәліметтерді қайталау.
Дамытушылық: Ілмекпен тоқу білімдерін ,қол икемділіктерін және танымдық қызығушылықты дамыту.
Тәрбиелілік: Өнердегі сұлулықты түсінуге ,икемділікке,шыдамдыллыққа еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндірмелі –суретті (әңгімелесу ,айтып түсіндіру, дидақттикалық материалдармен жұмыс істеу, көрсету ) ;
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Кұрал –жабдықтары: ілмектер ,тоқыма жіптер,ілмекпен тоқу негізгі әдістерінің үлгілері ,ілмекбізбен іліптоқу технологиялық нұсқау карталары,компютер интерактивтік тақта . Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. а) сабаққа қатысуды бақылау; ә ) сабаққа дайындығын тексеру.
2. Сабақтың тақырыбын жариялау: Бүгін біздің үйренетініміз көбіне белгілі ілмекбізбен тоқу технологиясы. Әсіресе көркемдік бұйымдар жасайтындарға қызықты болуы мүмкін. Қарапайым қол құралдар арқылы қиын емес операциялар жолымен тұрмыстық бірегейлі заттарды жасауды білу ,жаңашыл өмірде керек болуы мүмкін .Сонымен бұл ілмекбізбен іліптоқу технологиясы туралы айтылады.
3. Жаңа тақырыпты мазмұндау. Ілмек бізбен іліп тоқу – бұл сәнді қолданбалы шығармашылық түрінде және өнерге жақын мүмкіндігін береді.Тоқу үшін ілмекбізді таңдағанда ,оның басына назар аударады.Өте үшкір бас тоқу барысында сұқ саусақты жаралайды, ал доғал бас төменгі қатардағы ілмекке өте қиын кіреді және созып жібереді. Егер жаңа ілмекбіздің ұшы бұдырлау болса, басына жіп жабысып қалмауы үшін, ілмектердің арасына оңай кіруі үшін ,сондай –ақ жеңіл тартып шығару үшін, ұсақ түйіршікті егеумен немесе қажауқағазбен өңдейді. Ілмекбізді (нөмірін) иірімжіптің жуандығына қарайды таңдайды.Жіп қанша жуан болса ,ілмекбіз де сонша жуан болуы керек.Жіңішке ілмекбізбен жуан жіпті тоқу ыңғайсыз ,жіпті түтіп жібереді. Тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады : жүн, жібек, мақта, т.б Ілмекбізбен тоқылған жайманың созылғыштығы төмен болады. Бөлшектердің сыртқы пішіні пішім мен есепке сәйкес шалуды қосу не қысқарту, сирек немесе жиі тоқу (жіптің даметріне қарай) арқылы жасалады.
Ілмек бізбен іліп тоқудың негізгі элеметтері –бос шалу, шалмасыз бағанша, шалмалы бағанша.Басқа элеметтер осылардың түрленуі. Тоқу өрнектері бос шалу мен бағаншалардың әртүрлі үйлесуінен тұрады. Т. Бірнеше босшалудан тұратын тізбек алғашқы (негізгі) қатар болып саналады.Ол өрнектер қатарына жатпайды.Тоқылатын жайма жиырылып (бүрісіп) тұрмауы үшін бос шалу тізбегі біршама бос алынады . Өрнектің бірінші қатарын бастағанда шалудың биіктігін көтеру үшін бір немесе бірнеше бос шалу тастап тоқу керек. Тоқу барысында қалам ұстаған сияқты ілмекті оң қолға ұстайды.Сұқ саусақ шамалы алдыға шығып, Ілмекбізде жатады. Шүйкедегі жіптің ұшын сол қолдың ұшын сол қолдың сұқ саусағынның үстіне өткізіп ,үлкен ортаңғы саусақпен басады. Шүйке жібі алақан ішімен және қалған саусақтар арасынан өтеді.Шүйкеден келетін жіп «жұмысшы жіп» деп аталады. Тоқу барысында ілмектер созылып кетпей бірдей ұзындықта болуы үшін ілмекті ұстап тұру керек. Тоқу бос шалудан және бос шалу тізбегінен басталады. Бос шалу. Ілмекбізге жіп ұшына тастап бір шалу жасайды да, жұмысшы жіпті алғашқы шалудың ортасынан өткізіп алады. Осылайша қайталана береді.
4. Жұмыс орнын
ұйымдастыру: Жұмыс бастамас бұрын ең
алдымен жұмыс орнын ыңғайландырып алады. Тоқыған кезде бұл орынға
жарығы жұмысқа сол жақтан жақсы түсіп отыру керек .Арқаңды
орындықтың арқасына сүйеніп түзу отырып ,көзден жұмысқа дейінгі ара
қашықтығы 35-40 см болуы керек .Ара қашықтығы тым жақын болса
көздің көрушілігі азайып кетіп көзге жіптің бөлшектері түсіп кетуі
мүмкін . Тоқыған кезде жіп арнайы сауытта сол жақтан жерге түсуі
қажет.
5. Жұмыстың қауіпсіздендіру
ережелері
1) Жұмыстың алдында қолды жуған дұрыс . 2) Ілмектер жақсы тазаланып арнайы орында сақталуы қажет. 3) Жұмыс кезінде ілмек ұстаған қолыңды кенет қозғауға болмайды – қасындағы отырған оқушыны жарақаттандырып алу мүмкін. 4) Бір неше сағат тоқуға болмайды.Үзіліспен 2 сағаттан жұмыс істеуге тырысыңдар. 5) Жұмыстың соңында барлық құрал –жабдықтарын арнайы орынға жинап тастаңдар.
Интерактивті тақта арқылы «Ілмекбізбен тоқудың негізгі әдістері» технологиялық нұсқау картасын талдап, әдістерін көрсету.
6. Сарамандық
жұмыс: Құрал жабдықтар: жұмыс қорабы,
қайшы, ілмекбіз, иірімжіп Тапсырма 1. Жоғарыдағы мысалға
келтірілген тоқу элементтерін пайдаланып , тоқып үйреніңдер (Бос
шалу, босшалу тізбегі, орам,біріктіргіш бағанша, екі шалмалы
бағанша) 2.Үлгілерді коллекция ретінде жинаңдар 3.Үлгілердің атын
жазыңдар. Тоқу түрлері. Тура және кері қатарлармен тоқу. Тізбектің
жоғарысынан өрнектің бірінші қатарын тоқу.Келесі қатарға өту үшін
,шалудың биіктігін көтеретін бірнеше бос шалу жасайды :
бағаншалардың қатарына шалмасыз-1 бос шалу ; жарты бағаншалардың
қатарына шалмасыз : 2 бос шалу,шалмалы бағаншалар қатарына - 3 бос
шалу,екі шалмалы бағаншалар қатарына – 4 бос шалып , тоқу осылай
жалғаса береді.Содан кейін айналдырып екінші қатарды тоқиды.
(терістеме қатар) Айналдырып шеңбер жасай тоқу .Ілмекбізбен
айналдыра шеңбер жасап тоқуға болады,бұл тәсілде ортасынан бастап
бір бағытта тоқиды және жұмысты (тоқып отырған бұйымды)
айналдырудың қажеті жоқ. Ол үшін бос шалулардан тізбек тоқып,
тоқылған тізбектің бірінші бос шалуына ілмекбізді кіргізіп,
біріктіргіш бағаншалармен сақина жасап тұйықтау керек. Содан кейін
осы сақинаға өрнек бойынша бағаншалар тоқиды,әрбір айналымды
көтеретін бос шалудан бастап, соңғы көтеретін бос шалумен және
біріктіретін бағаншамен аяқтайды.Дөңгеленген қатарларға жайма
бұралып кетпеуі үшін үстеме шалулар қосып отыру керек. Айналдырымды
біріктіретін бағаншалармен аяқтайды. Жіпті жайманың терістеме
жағынан тоқып бекітеді. Іліптоқуды бекіту. Тоқылған бұйым тарқап
кетпеу үшін жұмысты аяқтаған соң ,оның шетін бекіту керек.
Жұмыс орындалған соң ,жіпті кеседі де, шалуды соза отырып соңғы
ілмектерден ілмекбізбен тартып шығарады. Жұмысшы жіптің ұшын көзі
үлкен инеге өткізеді де жайманың терістеме жағына
шығарады
7. Қорытынды:
1. Ілмекбізбен тоқуға арналған жіптердің түрлерін атап шығыңдар.
2. Ілмекбізді қалай ұстау керектігін айтып беріңдер.
3. Ілмекбізбен тоқудың негізгі элеметтерін атаңдар ?
4. Шалмалы бағанша қалай орындалады ?
5. Ілмекбізбен жұмыс істегенде сақтау керек қауіпсіздік ережесін айтып беріңдер ?
6. Оқушылардың ерекше қателерін және оның себептерін талдау,әр бір оқушылардың жұмыстарын бағалау.
7. Үйге тапсырма беру : Ілмекбізбен өрнек тоқып үйрену. Жұмыс орнын жинастыру
№2 Сабақтың тақырыбы: Кесте тігу
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды қолтігістері арқылы шеберлікке баулу. Кесте тігу өнерін үйрету барысында оқушыларды ұқыптылыққа, әсемдікке, көркемділікке, шеберлікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Технологиялық карта, сөз-жұмбақ, қол тігістің түрлері, кесте түрлері, сәндік жастықтар
Қажетті құрал-жабдықтар: Бір түсті мата, түсті кесте жіптер, ине, қайшы, кергіш, бор, үлгі, калька қағазы
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, сабақ өтуге дайындау, сынып кезекшілігін дайындау,қауіпсіздік ережесін сұрау және үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ-жауап әдісінде кеспе қағазды пайдаланып оқшылардың білімін пысықтау.
II. Жаңа сабақты өту:
Өрнек- бұл қандай да бір зат немесе бұйымдарды сәндеуге арналып бір элементті бір ырғақпен қайталай отырып құрастырылған немесе бүгін композиция құрайтын сурет.
Кесте өрнек құрастыру кезінде суретші нұсқаға қарап нобайлар жасайды. Қазақ сәндік бұйымдарын кестелегенде көбінесе кесте тек тұрмыстық бұйымдарды сәндейді, бірақ ол өзінше жеке мәнге ие бола алмайды. Ал, бұйым кестенің көмегімен ғана көркем де сәнді болып бағалана алады. Қазақтың ұлттық, жануарлар, өсімдік бейнесіндегі геометриялық ою-өрнектерін таңдайды. Олар өзін кестеленетін бұйымның түріне, материалдық фактурасы мен кесте түріне қарап қолданылады. Мысалы геометриялық өрнектерді көбінесе ірі тоқылған маталарға айқас тігісінен кесте тіккенде салады.
Кестеленетін кестенің қай түрімен немесе қандай жіппен тігуіне байланысты түрлі етіп салуға болады.
Өрнекпен бұйымның барлық жері тегіс немесе оның жеке бөліктері дастархан шеті, жастық қаптың ортасы т.с. кестеленіп сәнделеді. Өрнектің барлық бөліктерінің өлшемдерін дұрыс орналастыру керек. Ереже бойынша кесте белгілі бір геометриялық формамен шектелген жазықтық бетіне түседі, мысалы төртбұрышты дастархан, үшбұрышты шәлі, дөңгелек формалы жастық қап.
Қазақ кестелері негізінен симметриялы болып келеді. Өрнектің орналасуы бұйым түрі мен шебердің ойластыруына байланысты.
Түс. Кестеленетін бұйымға жіптерді дұрыс таңдау үшін түстердің үйлесімділігін, олардың бір-біріне әсерін ескеру керек. Түстік оң-бұл әрі бір-бірінен ажыратуға көмектеседі (жасылды көктен, көкті көгілдірден т.с.с.) Мысалы, қызыл түске диаметрлік қарама-қарсы түс жасыл сарымен үйлесімділігі. Ақ қарамен, қара сұрмен, ақпен. Барлық жағдайда олардың үйлесімділігіне екі түстің бірі үлкен ықпал береді. Түс нәрсенің формасын және өлшеніп көз мөлшерінде өзгертіп көрсетеді. Ашық және түстер үлкейтіп нәрсені бізге жақындатады. Бұл ерекшелікті өрнектің қандайда бір бөлігін ерекшеліп көрсету үшін пайдалану керек. Жіптердің түсін бұйымның түріне, көлеміне және өрнектің қалай орналасатынына қарап таңдайды. Ереже бойынша фонға (мата түріне) қосымша орын, ал өрнекке негізгі деп қарау шарт. Фон өрнектен ашық болып ерекше көзге түспеу керек. Түстік шешім сонымен бірге кестенің орындалу техникасына да байланысты. (Айқас тігіс, шым кесте, әредік кесте т.б.)
Мата мен жіп таңдау.
Мата мен жіпті болашақ бұйымның түріне, өрнекке және кестенің орындалу техникасына қарап таңдайды. Мысалы, дастархан, қол орамал сияқты үй жиһаздарына шым кесте оындайтын болсақ лавсан қосылған лен матасын және түрлі түсті бірнеше қабатталған жіптер таңдаймыз. Ал, әредік кестемен көркемделген жейде орындағымыз келсе онда жұқа мата (маркизет, ситец) м ен бір түсті қабатты мулимен жіп аламыз. Айқас тігісті кесте тігу үшін ірі тоқылған лен немесе жартылай лен маталар таңдаған дұрыс.
Ойма кесте орындау үшін негізге жібі мен арқау жіптерді бірдей жуандықпен тоқылған мата алу керек. Мұндай кесте үшін жартылай лен болады.
Салынған өрнектің сызығы бойымен кестелеу үшін лен, жібек, жүн, сукно, клетка, жолақ түскен , тіпті күрделі құрылымы (егер олар, әрине, кестенің өрнегімен көлемімен үйлесетін болса ) маталар бола береді.
Кесте тігу үшін лен, мулине жүн, штапель, жібек, синтетиклық жіптер түстерінен пайдалануға болады. Жіп мықты бірқалыпты боялған, сумен күнге оңбайтын болу керек. Жіптің мықтылығын оны қолмен созып көреді, жақсы жіп үзілмейді және шиыршықталып тұрады.
Мулиненің бумасын ашып, оны түйінделген жерінен қияды. Жіп жазып 50-60 см жобасында бірнеше бөлікке бөліп барлық жіптерді қосып жіпті ішінен оңай суырып алуға болады.
Кесте тігуге дайындық.
Бұйымға кестені пішімі кесілмей тұрып немесе кесілген пішімге тігу керек. Бірінші жағдайда бұйымның бөлігіне пішіп бойынша сызықтар түсіріліп, оның ішіне өрнек салынап, содан кейін ғана кестеленеді. Қарапайым, күрделі емес өрнектерді дайын бұйымдарда кестелей беруге болады. Өрнекті көшірерде матаның астына қатты қағаз немесе ағаш тақтайша қою керек. Жазық матаға кесте түсірерде (дастархан, қол орамал т.с.с.) матаның шетін тегіс қию үшін шетіндегі бір жіпті суырып алып тастаймыз, пайда болған түзу сызықтың бойымен қиып шығамыз. Матаның енін де ұзындығын да осы әдіспен қияды.
Дастархан жиектерін көркем тігіс түрлерімен кестелеуде матаға жіптерін суырып алып тастау арқылы түсіреді. Көлденеңнен, тігінен суырылған жіптердің арасынан пайда болған тік төртбұрыш, төртбұрыштар арасына негізгі өрнектер көрсетіледі. Ал, суырылған жіптің үстіне өрнектің қосымша тігісі түседі. Егер өрнек геометриялық, ал мата біркелкі жіптермен тоқылған болса, оны матадағы жіптерді есептей отырып орындауға болады. Ал, кесте түрі мата структурасына байланысты болмаған жағдайда (шым, біз әредік кестелер) өрнекті мата бетіне көшіріп салу керек.
Суретті матаға көшіру.
Бірінші кезекте түп нұсқадағы өрнек жақсы ұшталған қаламмен калька немесе милиметрлік қағазға көшіріледі. Содан кейін ғана барып матаға көшіру керек.
Суретші көшірме қағаздың көмегімен түсіру. Алдын ала үтіктелген матаны тегіс жазықтыққа (үстел, тақта ) тегістеп жаяды.
Сызықпен немесе іші толтырылған (сабақты, бір жақты шым) кестеге арналған өрнек салынған кальканы түйреуіштер арқылы матаға бекітеді.Кальканың астына майлы бетін матаға қаратып көшірме қағаз салады да, өрнек сызығы бойымен өткір ұшталған қаламмен сызып шығады. Мүмкіндігінше көшірме қағаздың түрлі түсін алып қойған дұрыс. Ашық түсті маталар үшін қара түстес маталарға ашық (ақ, сары) түсті көшірме қағаздар пайдаланылады.
Өрнек сызылып боялған соң, көшірме қағазды алып тастап, кальканың бәр жағының ғана түйреуіштерін алып тастап, суреттің матаға дұрыс көшірілгендігін тексеру керек. Содан кейін ғана кальканы алып тастайды. Геометриялық өрнектерді (есептеп тігетін жіптер үшін) де осылай көшірме қағаздың көмегімен көшіруге болады. Бұл үшін жуан иненің ұшымен (мектеп циркулының аяғымен) милиметрлік және көшірме қағазда өрнекте көлденең, тік сызықтардың түйіскен жерлерінен тесіп шығады. Матада нүктелерден құралған өрнек пайда болады.
Мата мен жіп кірлемес үшін бұрын пайдаланған көшірме қағазды пайдаланған дұрыс. Жаңа қағазды пайдаланбас бұрын, оның майлы бетін құрғақ мақтамен немесе матамен сүртіп тастау керек.
Тігіс түрлері.
1.Жай тігістер: қаю, көктеу, бүгу, тепшу, жапсырма қауыстыру, қабу, сыру, торлау, бүрмелеу, ілгектеп тігу, шарбақтап тігу және т.б.
2.Көркем тігістер: айқас тігіс, алтындап тігу бедерлеп тігіс, кесте тігіс, зерлеу, оқалау және т.б.
Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында сөз жұмбақ пайдалану.
Практикалық жұмыс.
Бұйымды қол және кесте тігістерімен тігу
Жаңа сабақты пысықтау.
Оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгергендігін тексеру үшін тақырыпқа сәйкес тест сұрақтарын дайындап, оқушылар білімін байқау.
Жаңа сабақты қортындылау.
Оқушылардың білімін ескеріп, жасаған практикалық жұмыстарын тексеріп бағалау.
Үйге тапсырма.
Практикалық жұмысын сәндік жастықшаға кесте тігу және қол тігісті үйді аяқтап, тест сұрағына үйде дайындалып келу.
№3 Сабақ тақырыбы: Ілмек бізбен тоқу. Шартты белгілер.
Мақсаты: Ілмек бізбен тоқу технологиясымен таныстыру, орындалу
әдістерін үйрену.
Білімділік: Қолмен ілмек бізбен тоқу технологиясын таныстырып, шартты
белгілерін үйрету. Оның күнделікті өмірде пайдасының бар
екенін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту,
тапсырма беріп олардың қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушының еңбекке деген қызығушылығын өз бетінше
орындауға, әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: Аралас сабақ.
Сабақтың түрі: Түсіндірмелік теориялық, сарамандық.
Әдіс –тәсілдері: Іздену, түсіндіру, сұрақ – жауап, оқушымен жұмыс, көрсету.
Пәнаралық байланыс: Математика, химия, бейнелеу.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
а)оқушыларды түгендеу
ә)сынып тазалығына назар аудару
б)оқушының сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге тапсырма бізде Бисер. Бисердің түрлері
болатын сіздерге бірнеше сұрақатр беріледі.
1.Бисердің Отаны. (Ежелгі Египет)
2.Бисер сөзі қайдан шықты? (арабтың бусара сөзінен)
3.Ол қандай мағынаны білдіреді? (ортасы тесік моншақ)
4.Бисер өндірісі қай ғасырда ерекше дамыды? (ХҮ ғ, ХҮІ ғ басында)
5.Ең алғаш рет бисермен өңделген киімдер, аяқ киімдерді кімдер
киген? (сарматтар, скифтер)
6.Әйел әшекейлерін, тұрмыстық және декоративтік ұсақ бұйымдар жасайтын материал ретінде нені қолданады? (бисер мен стеклярус)
7.Стеклярустың бисерден айырмашылығы (түтікше тәріздес оны Францияда жасап шығарады)
8.Бисерге сипаттама бер. (Бисер — ол кішкентай ортасында тесігі бар шариктер. Түстері әр түрлі. Құрамына қарай бисер шыныдан және металдан жасалады.)
9.Стеклярусқа сипаттама бер. (Стеклярус шыны түтікше 5-10мм қырлы немесе целиндр пішінді. Одан басқа шабылған бисер, ол өте ұсақ ұзындығы 2-3 мм.)
10. Бисер тізу үшін қандай материал қолданылады? (жіңішке жұқа капрон жіп, леска, мыс сымды қолданады)
11.Лесканы не жасау үшін қолданады? (көлемді баулар жасау үшін қолданады)
12.Мыс сымды не үшін қолданады? (гүл, түйреуіш, әр түрлі декоративті элементтер жасау үшін қолданады)
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Бірінші шалуды кім және қашан ойлап тапқанын ешкім білмейді. Бірақ таңғажайып шалу біздің дәуірімізден бұрын пайда болған.
Египетте мазарлардың бірінен баланың тоқылған аяқ киімін тапқан. Археологтар оған 4мың жыл болғанын анықтаған. Ал келесі бір мазардан тоқылған шұлықты тапқан, бір қызығы үлкен бармағы бөлек тоқылған. Ол кездегі киетін аяқ киімге ыңғайлы екен.
Ең қызығы тоқу алғашында ер адамдардың кәсібі болған. Онымен аңшылар, балықшылар айналысқан. Олар торлар мен аулар тоқыған. Уақыт өте келе бұл іспен әйелдер айналыса бастаған. Климаты қатаң аймақтарда әйелдер үй ішіндегілерге түрлі жылы киімдер тоқыған.
Ал оңтүстік аймақтарда күн көзінен қорғану үшін түрлі қолшатыр, шляпа, шәлі, қолғаптар тоқыған.
Қазіргі кезде тоқыма адамның «хоббиына» айналған. Егер қазіргі сән үлгісіне салып өзің тоқып кисең өте әдемі көрінеді. Оның үстіне дайын бұйымдарға қарағанда ол өте арзанға түседі. Ілмек бізбен түрлі жиде, көйлек, сөмке, шұлық, жайма және пәтер интерьерлерін тоқуға болады.
Ілмек бізбен тоқудың тағы бір ерекшелігі басында тоқылған бұйымды тарқатып – сол иірімжіпті қайтып бірнеше рет қолдануға болады. тоқылған заттың сапасы иірімжіпке байланысты. Алуан түрлі иірімжіптер бар. Жіпті де бұйымға қарап таңдау керек.
Зығыр — Салыстырмалы алғанда берік иірімжіп.
Жоғары температурада отырмайды, жылдам кебеді.
Мақта иірімжібі — Қолмен тоқуда баяғыдан қолданып келе жатқан иірімжіптің ең кең тараған түрі
Мохер — Ұзын, үлпек талшықты жүн иірімжібі. Мохерден жеңіл, жылы бұйымдар тоқуға болады.
Жүн иірімжібі — Бұл табиғи материал. Қырқылған қой жүнінен алынады.
Ангор — Ангор жүнін ангор тұқымдас ешкілерден алады. Біріншіден қымбат, екіншіден созылмайды.
Кашемир — Өте жеңіл, жылы, жұмсақ иірімжіп. Бірақ үйкеліске өте шыдамсыз, түйіршіктеліп дөңгелектер пайда болды.
Вискоз— Өте жеңіл, жылы, жұмсақ иірімжіп. Бірақ үйкеліске өте шыдамсыз, түйіршіктеліп дөңгелектер пайда болды
Басында ілмек біздер ілмексіз тегіс таяқшалар болған. Қазіргі кезде ілмек біздер әртүрлі материалдан жасалады: болат, алюминий, сүйек, пластмасса, ағаш. Диметрлері 1-8мм дейін қалыңдықта болады. Тоқу үшін ілмек біздің басына назар аударған жөн. Егер басы үшкір болса тоқу барысында саусақты жаралайды. Егер жаңа ілмек біздің басы бұдырлау болса, ұсақ егеумен егеу керек.
Ілмек бізді ирімжіптің жуандығына қарай таңдайды. Қанша жіп жуан болса ілмек бізде сонша жуан болуы керек. Егер жіп жіңішке болса, ілмек бізде жіңішке болуы керек.
Ілмек бізбен іліп тоқудың негізгі элементтері:
1.Бос шалу
2.Шалмасыз бағанша
3.Шалмалы бағанша
Ілмек бізді қалам сияқты оң қолға ұстайды. Сұқ саусақ шамалы алдыға шығып ілмек бізде жатады. Жіп алақан ішімен саусақтар арасымен өтеді.
Шалманың пайда болуы.
1-бос шалу, 2- бос шалу тізбек.
Бос шалу тізбегі бұйымың төмендегі шетін құрайды. Тоқуды бұрғанда, яғни бір қатардан екінші қатарға өткенде, өрнек тоқығанда қолданылады.
Шалмасыз бағанша— беті тегіс шығу үшін көптеген өрнектерде қолданылады. Ілмек бізді тізбек ілмегіне кіргізіп, жұмысшы жіпті іліп алып, тізбек ілмегі арқылы тартып шығарады. Ілмек бізде екі ілмек пайда болады. Жұмысшы жіпті іліп алып, енді екі ілмектен тартып шығарады. (сурет)
Шалмалы бағанша – Ілмек бізге шалма тастап, бізді тізбек ілмегіне өткізіп жұмысшы жіпті іліп, тізбектің ілмегі арқылы тартады. Ілмек біздегі ілмек пен шалуды жұмысшы жіпті ілмекбізге тастап, оны ілмек және шалма арқылы тартып шығарып байлайды. Содан жұмысшы жіпті ілмек біздегі екі ілмек арқылы тартып шығарады.
Қауіпсіздік ережесі.
Жұмыс орнын ұйымдастыру. Ілмек бізбен тоқығанда сақталатын қауіпсіздік ережесі:
1.Жұмыс орны жақсы жарықтандырылған болуы керек.
2.Орындық арқасына сүйеніп, тік отыру керек.
3.Тоқу кезінде арқасы бар орындықта басты сәл иіп отырады.
4.Ілмек біздің ұшы қауіпсіз, шектелген болуы крек.
5.Тоқып жатқан жайма бүлінбеуі үшін және қолда иірімжіптің қиқымдары қалмас үшін тоқып бастағанда және аяқтағанда қолды жуу қажет.
6.Жұмыс соңында барлық құрал-жабдықтарды жәшікке жинап салу керек.
7.Ілмек бізді қорабымен алып жүру қажет.
Қорытынды сұрақтар
1.Иірімжіптің қандай түрлерін білесіңдер?
2.Салыстырмалы түрде ең берік иірімжіпті атаңдар?
3.Тоқуға арналған ілмек біздерді қандай материалдардан жасайды?
4. Ілмек бізді қолда қалай ұстайды?
№4 Сабақтың тақырыбы: Матадан жасалған панно . Коллаж жасау жұмысы.
Сабақтың мақсаты: коллаж жұмысын оқушыларға меңгерту.
Білімділік: оқушыларға қолөнер түрлерін меңгерте отырып, қолөнердің бір саласы аппликация, коллаж туралы білім, білік дағдыларын қалыптастыру;
Дамытушылық: қолөнерге деген қабілетін ұштай отырып, іскерлікке, икемділікке, шеберлікпен жаңаша мазмұнын табуға үйрету;
Тәрбиелік: қол еңбегін меңгеруге, жауапкершілікке, эстетикалық таным ерекшелікті түсінуге бейімдеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері, тарих.
Көрнекілігі: ұлттық қолөнер туралы буклет, мақал-мәтел, жұмбақ, сөзжұмбақ, тақта, қоржын.
Керекті құрал -жабдықтар: мата жиынтығы, түсті қағаздар, жіптер, сызғыш, ине, қайшы, желім.
Сабақтың өту барысы:
I. Ұйымдастыру.
а) Оқушыларды түгендеу.
б) Сынып тазалығына назар аудару.
в) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
II. Үй тапсырмасы.
а) Құрақтың қандай түрлері бар?
б) Құрақ тігуге қандай мата қолданылады?
в) Құрақ тігуде қандай тігістер орындалады?
III. Білімдерін тексеру немесе ой толғау.
Балалар бүгінгі сайысымыздың мақсаты «Талаппен бастап, талғаммен аяқта» үранымен жүмысымызды бастайық . Осыған байланысты сіздерге бірнеше бағытта тапсырмалар беріледі.Сабақ өлең шумақтарын оқумен жалғастырылады.
Кел, балалар ойнайық,
Ойын ойықта, ойлайық.
Қандай сүрақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.
Ал ойыннан қалмайық,
Ойсыз мүлдем болмайық.
1 кезең І-ІІ топ арасында
мақал-мәтел сайысы.
Өнер, еңбек, шеберлік туралы мақал-мәтел білесіңдер
ме?
2 кезең І-ІІ топқа жұмбақ жасырылады:
а) Адамның сәні, онсыз жоқ мәні. (Киім)
б) Үйінде иесі бар адамның үсті-басы ұқыпты болады. (Ине, жіп)
в) Бес ін, бес іннің аузы бір ін. (Қолғап)
г) Қалады жерге түсіп шайнағаны. (Қайшы)
д) Тап, тап , тәп жорға,
Табаны жоқ боз жорға,
Желіп кетсе жеткізбес,
Жерге түссе таптырмас ( Ине)
е) Екі пышақ білесіп,
Кесіп – пішіп береді.
Екеуі бірге жүмесе
Жоқ қой бізге керегі ( Қайшы )
3 кезең « Кім жылдам» тест
1.Матаның жібін ата.
а/ негізгі жіп, жиек жіп;
б/ негізгі жіп, арқау жіп; (х)
в/ алғашқы жіп, арқау жіп.
2 оншақпен кестелеуге бола ма?
а/болады; (х)
б/ болмайды;
в/ білмеймін.
3 Қол тігістерін ата.
а/ көктеу, көмкеру; (х)
б/ ширәту, жөрмеу
в/ түту, торлау.
4. Матаның неше жиегі
болады?
а/4
6/2 в/1
5Тігін машинасының жобасын ең алғаш рет ойлап шығарған кім?
А) Иссак Зингер;
Б) Ален Уилсон;
В)Леонардо да Винчи.
6 Киім пайдалануына қарай қалай бөлінеді?
А)түрмыстық, өндірістік, формалық
Б)аспаздық, санитарлық, формалық
В)сәндік, спорттық, тұрмыстық
7 Өлшемді қалай алады?
А) алдынан
Б)оң жақтан
В) сол жақтан
8 Кергіш не үшін қажет?
А)киім тігу үшін
Б) киімнің үлгісін пішу үшін
В)кесте тігу үшін
9.Иык бүйымдарына не жатады?
А) Иыкка киілетін барлык бүйымдар.
Б) Шапан, камзол, халат, белдемше.
В)Белдемше, бөрік, тон, жейде.
10. Көйлек қандай бөліктерден түрады?
А) Белдемше жэне үстіңгі бөліктен түрады.
Б) Белдемше, жаға, жең, үстіңгі бөліктен түрады.
В). Арткы жэне алдыңғы бөліктен түрады.
11. Қолдануына карай бұйымдар кандайтүрге бөлінеді?
А)Түрмыстык, күнделікті, салтанатты.
Б)Тұрмыстык, салтанатты, өндірістік.
В)Күнделікті, салтанатты, арнайы.
12. Иык бұйымдарына жататын ұлттыккиімдер тобы.
а)Тон, қамзол, шапан, бешпет.(х)
б)Жейде, костюм, халат, ішік.
В)Көшек, костюм, тон, шапан.
13.Бұйымға матаны қандайқасиеттеріне қарай таңдайды ?
А) Пайдалы жэне сэндік касиеттеріне назар аудару керек.
Б)Матаның түріне, талшығына назар аудару керек.
В)Денсаулыкка пайдасымен зиянына назар аудару керек.
14. Қамзолды қандай маталардан тігеді?
А) Пүліш, баркыт, шұға.
Б) Қыжым, бомази, майя.
В) Фланелъ, сэтен, бөз.
15. Сәнді кім шығарады ?
А) .Көркемдеуші - сэнгер.
Б) Инженер - технолог.
В) Тігінші.
16 Тігіс дегеніміз не?
А) Бөлшектердің біріккен орны.
Б) Бірнеше рет кайталанған ине шаншым орны.
В) Матадағы жіптердің айқасуы аркылы аякталған процес
4 кезең « Адасқан құралдар» ойыны
ине
Шыт
Қайшы
Үтік
Сантиметрлік лента
Сызғыш
Қарандаш
Өшіргіш
5 Кезең Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы матамен жапсырмалау, коллаж жұмысын
меңгеру. Біздің мұндағы мақсатымыз - әр халықтың өзіне тән өнері, тілі,
қолөнерімен ерекше екендігін түсіндіре отырып, қолөнердің бір саласы –
сәндік-қолданбалы өнер әдісін үйрету.
"Халықтың ұлт екенін айыратъін негізгі арнасы бар",-дейді зерттеушілер.
Ол-тіл өнері, қолөнері.
"Өнерді таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан.
Апамның киізінен,
Ешкінің мүйізінен үйрендім".
Ә. Қастеев
Аналарымыз бесікті тербете отырып:«Өнерлі бол, ақ ботам, Бақытты бол, ақ қозым»,- деп жырлаған болса, сөз маржанының шешендері өздерінің ұлағатты өнер туралы сөздерін қалдырып кетті.«Өнерпаз болсаң, арқалан», - деп Абай атамыз бекер айтпаған. Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп келе жатқан өміршең өнер. Күнделікті тұрмыс тіршіліктегі сан алуан қажеттіліктен қолөнер туындылары пайда болып, жетіліп, өңделіп отырған. Мысалы: \/ІІ-\/ІІІ ғасырда үйшілік, ұсталық, VIII ғасырда зергерлік, \/Ш-ХХ ғасырда ерімшілік, тігіншілік, т.б. дамыды.
Сәндік-қолданбалы өнер эстетикалық мәні жағынан да маңызды дайындалған қолөнер арқылы өмірге келген көркем туынды.Қазіргі кезге дейін сақталып келген, басқа халықтар да пайдаланған ескі де негізгі техника -аппликация кеңінен пайдаланылады.
«Аппликация» атауы латынның «жабыстыру», «қиыстыру» деген сөзінен шыққан. Аппликация қолданылатын материалына қарай үшке бөліп
қарастырылады. Біріншісі, түрлі қағаздардан орындалатын аппликация,
екіншісі, әр түрлі мата, киіз, тері, шүберек қолданумен орындалатын
аппликация, үшіншісі, табиғи материал (сабан, ши, қамыс, т.б.) қолдану
арқылы орындалатын аппликация.Әр түрлі мата материалдарында орындалған аппликация түрі XVI ғасырда Италия мен Испанияда, XVII ғасырда Греция мен Францияда пайда болған. Аппликацияның силуэттік түрде орындалуы Х\/ІІІ-ХІХ ғасырда Ресейде
жақсы дамыды. Француз суретшісі Анри Матисс: «Қайшыны пайдалану арқылы керемет аппликация түрлерін жасауға болады»,- деген жақсы пікір айтқан.
Аппликация шығыс пен батыс елдерінде, сонымен қатар, Орта Азия мен Қазақстанда жақсы дамыды. Халық өнерінде өрнекті фигураларды негізгі астарға киізден, матадан, теріден ойып алатын болған. Бұл өнерді коллаж жұмыстарында пайдаланамыз. Тақырыптық коллаж жұмысын орындауға болады. Орындалатын жұмыс бұйымның көлемі мен пішініне сәйкес келуі керек.
Жаңа сабақты түсіндіру мақсатында топтық жұмыс ұйымдастырылды.
6 кезең I - II топқа сұрақтар қойылады.
Қоржындағы сұрақтар:
1. Аппликация дегеніміз не?
2. Мата неден тұрады?
3. Сәндік-қолданбалы өнер дегеніміз не?
4. Тігістің неше түрі бар?
5. Мата түрлері қандай?
6. Коллаж жұмыстарында қандай материалдар пайдаланылады?
Екі топ сөзжұмбақ құрастыру керек.
І. 1 Жіппен тоқылатын түкті бұйым. (Кілем)
2 Жүннен басылатын төсеніш. (Сырмақ)
3 Түрлі түсті жіппен тігілетін қолөнер түрі. (Кесте)
4 Мата қиындысынан тігілетін өнер. (Құрақ құрау)
ІІ. 1.Киім неден түрады? (Мата)
2.Екі басты жалмауыз келіп аузын ашады, Алдына түскен нәрселер, өзінен-өзі қашады. (Қайшы)
3. Мата неден тұрады? (Талшық)
4. Бар екен бір жеңешем, Қап-қара тас, жемейді, ішпейді де,
болмайды да. Халықтың бәрін киіндіріп, дүниеден өткен өзі жап-жалаңаш. (Машина)
7 кезең « Түс үйлесімділік »
I - II топқа түрлі түсті қағаздан немесе матадан аппликация әдісімен натюрморт тақырыбына коллаж жұмысын орындау тапсырылады.
Түс үйлесімділік заңдылықтарын сақтап, ұтымды шешім қабылдаған топтың жұмысы бағаланады. Бұл өнер - ептілікті, икемділікті, шеберлікті қажет етеді. Әр істі бастар алдында халық мәтелін есте ұстаған жөн. «Талаппен бастап, талғаммен аяқта». Жұмыстың сызбасын қағаз бетіне түсіреміз. Құмыраның, жемістердің пішінінде үлгі қағаз даярлап, пайдалану арқылы матаны қағаз мөлшерімен қиып аламыз. Қиылған маталарды сызба үлгіге қарап рет-ретімен түс үйлесімін тауып ажыратамыз. Қандай жұмыс болмасын оны
іске асыру барысында істелетін іс-әрекет болады. Мысалы, сызба үлгі түсіру, түс таңдау, үлгі даярлау, қию, жапсыру, тігу, т.б.
8
кезең Түсінгенін сұрау.
Салт-дәстүрге байланысты
сый табақ тарту.
- Үйге қонақ келгенде, той-жиындарда табақ тартылады. Табақтың қандай түрлері болады? (Бас табақ, жай табақ, сый табақ, қыз табақ, құда табақ).
Сыйлы қонаққа бас табақ тартылады. Бас табаққа: бас, жамбас, жауырын, ортан жілік, кәрі жілік, асықты жілік, қазы-қарта салынады.
Енді табақтан ас алайық. Әр мүше атауында сұрақтар жасырылады:
1. Бас: коллаж дегеніміз не?
2. Жамбас: технология дегеніміз не?
3. Жауырын: натюрморт дегеніміз не?
4. Асыкты жілік: қолөнер түрлерінің атаулары қандай?
5. Кәрі жілік: түс үйлесімділікті қалай түсінеміз?
6. Ортан жілік: коллаж жұмысының орындалуы?
7. Қазы-қарта: құрақ құрау технологиясына не жатады?
ІV. Бекіту.
Әр халықтың өзіне тән өнері, тілі, дәстүрі болатынын білдік. Жалпы қай өнер болсын адамның шеберлігін, тапқырлығын, ұшқыр ойын қажет етеді. «Өнер - таусылмас мұра», «Шебер көп жерде, енер көп», - дегендей, бүгінгі коллаж жұмысын орындауда үлкен шеберлік, белсенділік танытқан қушылар бағаланады.
VІ. Үйге тапсырма.
2.3 Оқушыларға ілмек бізбен тоқу өнері бойынша сарамандық жұмыс жүргізу
Ең алдымен сарамандық жұмысты бастамас бұрын оқушыларға қауіпсіздік ережесімен таныстырып өту.
Қауіпсіздік ережелері:
1. Қайшыны жолдасына сабымен ұсын.
2. Қайшының ұшын сабымен көтерме.
3. Өтпейтін, тозған қайшымен жұмыс жасама.
4. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқанда көңілін бөлме.
5. Инемен дұрыс жұмыс істе.
6. Инені аузына жақындатпа.
Енді
Сарамандық жұмыс:
1. Суреттер, дайын үлгілерді көрсету. Кестеге тігуге қажетті жіптің
түрлерін таңдап алу.
2. Сұрақ - жауап (ауызша)
* Кестелеуге қандай жабдықтар қолданылады?
* Кестелеуге қандай жіптер немесе таспа, т. б.
заттар қолдануға болады?
* Кесте тігуге кергіш не үшін қажет? Қандай тігіс түрлерін және
атауларды білеміз?
3. Жұмыс реті:
* Кесте инемен, бізбен, әр алуан түсті жіптермен, әсемдік таспалар,
бисер және моншақтар қолданылып тігіледі.
* Иненің жуан, жіңішкелігі материалдың қалыңдығына және жіптің
жіңішкелігіне байланысты болады.
4. Технологиялық нұсқау картамен жұмыс.
Кесте тігуге мата дайындап, оларды арнайы өлшем бойынша пішіп,
кергішке керіп әзірледік. Таңдаған нәрсенің суретін салдық
Қазір сабағымызда, таңдаған баспа, шым кесте тышқан із тігіс
түрлерін орындаймыз.
1 - әдіс: Шым кестемен өсімдіктің жапырақтары, гүл, сондай – ақ
геометриялық ою - өрнектер кестеленеді. Кестенің бұл түрін кез -
келген матаға түсіруге болады. Мұндай кесте орамалды, киімді,
дастарқанды безендіреді.
2 - әдіс: Тышқан із тігісі – тігілу әдісі жағынан көлемді біркелкі
ілмектер шынжыр секілді бір – біріне тіркесе тігіледі.
3 - әдіс: Баспа тігісі – тік, көлденең және қиғаш болып әр түрлі
түсуі мүмкін. инені матаның оң жақ бетіне шығарып, жоғары қарай бір
тігіс түсіреді. Тігіс жиі, ашық жері қалмай орындалуы тиіс.
5. Жеке дара жұмыс.
- Көрсеткен әдістер бойынша оқушылар жұмыс істейді.
Кесте тігістерің көлемі біркелкі әдемі, ұқыпты, таза сапалы болуы
керек.
Әр қатар өздерінің тіккен тігіс түрлерін ортаға шығып
көрсетеді.
Қорытынды.
Халықтың дәстүрлі өнері сол халықтың ғасырлар бойы бастан кешкен өмір салтының , таным түсінігінің жарқын айғағы.
Мемлекетіміз мектептің алдына жаңа бір міндет қойып отыр- өмірге қадам басқан жастар жаңа заман талабына сай, өз тағдырын өзі шешуге қабілетті, нарықтық жағдайда алдындағы мақсатын анықтай алатын экономикалық білім алуы тиіс.
Уақыт озған сайын қоғам дамуы жеделдей түсетіні айқын. Қазір еліміз өрлеу үстінде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еліміздің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу бағдарламасы ең басты басымдық. Қай қоғамда болмасын бүгініміз бен кешегіміз қастерлеу өмірдегі тіршіліктің, қоғамның парызы. Ал қоғамның дамытушысы- адам.
Бүгінгі болашақ ұрпақ ерьеңгі қоғамның иесі, сол қоғамның иелері халқымыздың тұрмыс қажеттілігінен туындаған ұлттық өнер мұраларын сақтап, сұрыптап, қазіргі уақытта сәнді етіп, ұлттық мәдениетімізді қолданбалы сәндік қолөнермен өрнекдету. Тәуелсіз м емлекетімізде ертеңгі ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетіне, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігімен кәсіби шеберлігіне байланысты фабрикалар шығаратын бұйымдарға қарағанда халық шеберлері жасаған бұйымдар жоғары бағалануда. Қазіргі кезде жаңа өмір өзінің жаңа талаптарын қойып отыр. Оның міндеті өнердің бұрынғы келбетін бүгінгі күнге табиғи етіп жаңарту. Бүгініміз бен кешегіміз нәрлі қайнарына айналдыру әрқайсысымыздың борышымыз.
Халықтың дәстүрлі өнері сол халықтың ғасырлар бойы бастан кешкен өмір салтының , таным түсінігінің жарқын айғағы.
Мемлекетіміз мектептің алдына жаңа бір міндет қойып отыр- өмірге қадам басқан жастар жаңа заман талабына сай, өз тағдырын өзі шешуге қабілетті, нарықтық жағдайда алдындағы мақсатын анықтай алатын экономикалық білім алуы тиіс.
Уақыт озған сайын қоғам дамуы жеделдей түсетіні айқын. Қазір еліміз өрлеу үстінде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еліміздің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу бағдарламасы ең басты басымдық. Қай қоғамда болмасын бүгініміз бен кешегіміз қастерлеу өмірдегі тіршіліктің, қоғамның парызы. Ал қоғамның дамытушысы- адам.
Бүгінгі болашақ ұрпақ ерьеңгі қоғамның иесі, сол қоғамның иелері халқымыздың тұрмыс қажеттілігінен туындаған ұлттық өнер мұраларын сақтап, сұрыптап, қазіргі уақытта сәнді етіп, ұлттық мәдениетімізді қолданбалы сәндік қолөнермен өрнекдету. Тәуелсіз мемлекетімізде ертеңгі ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетіне, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігімен кәсіби шеберлігіне байланысты фабрикалар шығаратын бұйымдарға қарағанда халық шеберлері жасаған бұйымдар жоғары бағалануда. Қазіргі кезде жаңа өмір өзінің жаңа талаптарын қойып отыр. Оның міндеті өнердің бұрынғы келбетін бүгінгі күнге табиғи етіп жаңарту. Бүгініміз бен кешегіміз нәрлі қайнарына айналдыру әрқайсысымыздың борышымыз.
Кесте тігу өнерін дамытуды насихаттауымыздың мақсаты қолөнерді сақтап қалу, дәстүрімізді жалғастырып, кешегі қажеттіліктен туындаған өнерді бүгіні жастарды тәрбиелеуге пайдалану, өнерге баулап тәрбиелеу.
Жұмысты жазу барысында көптеген зерттеме жұмыстарын жүргіздім. Өз жұмысымның ерекшілігі қазақтың салт-дәстүрін, ұлттық қолөнер туындыларын зерттей отырып, кесте өнерін меңгердім. Жалпы, кесте өнерін зерттеу барысында, оның түрлері, жасалу жолдары, тарихы айтылған. Адам, қоғам үшін кесте өнерінің жасалуын зерделей келе қолөнер байлығымыз екенін білдім. Кесте-қызық, әрі құнды өнер. Ол ұзақ ізденісті, ыждағатты қол еңбегін қажет ететін іс. Шын шеберлікке қоса табандылықты талап етеді.
Бүгінгі күні технология сабақтарында дәстүрлі және ұлттық қолөнерге баулу, шығармашылықпен ұштастырып білім беру, еңбек етуге тәрбиелеумен қатар ата- бабамыздан қалған салт- дәстүрді насихаттау заман талабы.
Қолөнер үйірмесінің мақсаты: оқушыны қызықтыратын қолданбалы өнер түрінен жан-жақты білім беру, үйрету. Кез- келген бұйымның, туындының, жасалу құпиясын, тарихын ашып көрсете білсек оқушы шығармашылықпен іске кіріседі. Оқушы қызығушылығы артқан сайын, еңбек үстіндегі шығармашылық ізденудің нәтижесінде қолөнер туындысының жаңа түрлері жасалынады. Оқушының бос уақытын тиімді пайдалануға, пайдалы іспен шұғылдануға және еңбексүйгіштікке тәрбиелейді. Өзқолымендайындаған бұйымның эстетикалық талапқа сай болуы үшін биік талғамын, шеберлік дағдысын қалыптастырады.Әр балада қабілеттің бірнеше түрі болатынын ескере отырып, баланың жетекші қабілетін анықтап, арнаулы шығармашылық жұмыстарын жүргізе білген жөн.
Шығармашылық пен өнер егіз ұғымдар. Сондықтан ,шығармашылықтың қозғаушы күші – әр алуан өнердің түрі болып табылады.
Шығармашыл бала өзінің қабілетін , күш –қуатын ,бейімділігін сезіне алатынын дәлелдейді.
Қазіргі күнде ата-бабамыз айналысқан қандайда бір кәсібі болмасын өз маңызы мен қасиетін жоймаған, қайта түрленіп қазіргі заман талабына сай ерекшеленіп отыр.Қолөнер десек ,онда оның көптеген түрлері бар: «құрақ құрау”, “кілем тоқу”, “түп киіз тоқу “ , “сырмақ басу “, “кесте тігу “ сияқты .Әр халықтың өзіне тән өнері, тілі, салт-дәстүрі бар. Сол сияқты қазақ халқының қолөнерінің өмірге келуі халықтың көшпелі өміріне байланысты. Көшпелі болғанымен олардың рухани болмысы көшпелі болған емес . Біздің заманымызға бабаларымыздың өсиет үлгісі , өнері арқылы жеткен. Атадан баласына, анасынан қызына мирас болып келе жатқан –сәндік өнерінің өзі ұлттық мәдениетіміздің дамуына ықпал етеді. Аталарымыз қызымыз бен ұлымыз cегіз қырлы, бір сырлы болуын қадағалаған. Әсіресе қыз балаға: ине сабақтап, түйме қадау,кесте тігуді ,ас пісіруді үйретсе , ұл балаларымызға таспа тілу , өрім тоқу , мал сою және мүшелеуді үйреткен. Бүгінгі күннің талабына сай қолөнер түрлері де сан алуан.
Қазақ халқының қолөнерінің аса қымбат, қайталанбас сұлулығын, ғажайып көркін кесте өнерінен көреміз. Көптеген шеберлер аса көркем заттар мен туындыларын қалдырған. Халық қолөнер кәсіпшілігі қамқорлыққа алудың нәтижесінде қазір қайта жанданады.
Дипломдық жұмысымды қорыта келе, түйген өзіндік ой-пікірім:
- ілмек бізбен тоқу өнері арқылы халықтың, салт-дәстүрін білу;
- ілмек бізбен тоқу өнері - есте сақтау қабілетін дамытады, түстерді жақсы айыра білуге дағдыландырады.
- ілмек бізбен тоқу өнері - өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты, шеберлікті талап етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
"Технология" Алматы "Атамұра" 2003
-
Қасиманов С. Қазақ халқының қол өнері. Алматы 1995 ж.
-
Е. В. Ермилова И.А. Товченик Технология 9 сынып Алматы мектеп 2009 ж.
-
Әбдуәлиева Ш "Қазақтың қолөнері" - әдістемелік құрал
-
Әбдуәлиева Ш "Халық қолөнері" Алматы. Рауан. 1992
-
Байжігітов Б "Бейнелеу өнерінің теориялық мәселелері" Ақтөбе.
-
Болатбаев Қ, Ибрагимов Ұ "Бейнелеу өнері" Алматы
-
Бағдарлама "Қолөнер" (8-11 тереңдетілген сыныптар үшін) Шымкент
9. Касиманов С. "Қазақ халқының қолөнері" Алматы 1995
10. Құтпанбаев Ә "Ұстаз ұлағаты" Ғылым 2002
11. Караев Ж.А. Момынбаев В.К. Устимиров К. Государственные
12. "Лена - рукоделие" ЗАО "Эдипресс-конлига" 2004
13. Мектептегі технология Алматы 2004
14. “Шаңырақ” 1991ж Нұрғалиева Р. Н
15. “Мектептегі технология” журналы.
30


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген