«Имандылық -адамгершіліктің асыл қасиеті»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Имандылық -адамгершіліктің асыл қасиеті»

Материал туралы қысқаша түсінік
Имандылық сөзінің нақты мағынасын түсіну,оқушылардың білімдерін кеңейте отырып, имандылыққа, инабаттылыққа, адамгершілікке, адалдыққа, ептілікке, еңбекқорлыққа, достыққа, біліктілікке, ерлікке, ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа, талаптануға, тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Имандылық -адамгершіліктің асыл қасиеті»

Мақсаты: Имандылық сөзінің нақты мағынасын түсіну,оқушылардың білімдерін кеңейте отырып, имандылыққа, инабаттылыққа, адамгершілікке, адалдыққа, ептілікке, еңбекқорлыққа, достыққа, біліктілікке, ерлікке, ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа, талаптануға, тәрбиелеу.

Кітапханашы: Армысыздар құрметті қонақтар және ұстаздар мен оқушылар. Орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Имандылық -адамгершіліктің асыл қасиеті» атты имандылық сағатымызға қош келіпсіздер. Имандылық сағатымыздың құрметті қонақтары Кентау қаласының жергілікті қаламгер – ақыны, Қоғам белсендісі, «Қала жанашыры», «Тіл жанашыры», «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерінің иегері Махажанов Мұхит Әбдәшімұлы және Кентау қалалық «Руханият» орталығының теолог маманы Ұлықбекқожа Әлиасқарұлы қош келдіңіздер!

Имандылық -араб тіліндегі нану, сену деген мағынадағы иман сөзінен шыққан. Иман – дегеніміз сенім. Адамға керегі ішіп, жеу ғана емес. Бір нәрсеге сеніп, сыйынып өмір сүру оның табиғатына тән.

Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік белгісі.

Имандылыққа қарама-қарсы жағымсыз сипат-имансыздық.

Имансыз сөзі – сенімі жоқ дегенді білдіріп, ар – ұяттан ада, азғын мағынасын береді.

Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты «көргенді» деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды «иманды» деп атаған.

Адамның иманды болуы отбасынан басталады. Ол үшін әке мен шешенің рөлі зор. Отбасы дегеніміз – адам баласының өсіп – өнер, қазтұрар, қанатқағар ұясы, алтын бесігі.

Қазіргі кезде ел болашағы – жастар, Қазақстанның келешегін көркейтетін білімді ұрпақ деген сөздерді жиі еститін болдық. Әлбетте, қай халықтың да болмасын, мемлекеттік даму стратегиясында жастарға, жас буынға, олардың тәрбиеленіп, ортаға сай озық білім игеріп шығуына баса назар аударылады. Бүгінгідей ақпарат пен техникалық жаңалықтар кезек шарпыған заманда, оқуға, ғылымға, тәжірибеге сүйеніп, бұл салалардағы жетістіктерге иек артқан дұрыс-ақ. Алайда жастардың саналы азамат болып қалыптасуының кілті тек құрғақ білімде тұр деп айтсақ, қатты қателескеніміз.
Адам баласының тура жолдан адаспай, толық, кемел, ақыл-есі түзу азамат қатарына жетуі оның жас шағында алатын тәрбиесіне, ата-анасының мейірім көрсете алуына байланысты.
Халқымыз Имандылық, әділеттілік, ізгілік, мейірімділік мұраттарын терең игеруге күш салған. Мал – мүлкінен, дәулетінен иманын жоғары бағалаған қазақ «Ер жігіттің үш байлығы бар: бірінші – иманы, екінші – ырысының тұрағы, үшінші – дәулетінің тұрағы» деп аталы сөз қалдырған. Қазіргідей «мал үшін біреуді алдап, біреуді арбаған» жандар кездесіп отырған кезде мұндай сөздің маңызы да жоғары. Жиған – терген дәулетіне жүрегін байламай, одан да биік нәрсе бар деп білген аталарымыз.





Ол- имандылық

Яғни, Шәкәрім атамыз айтқандай,
Кімде болса шын мінез,
Болмас онда екі сөз.
Өлтірсе де көзбе – көз
Иманын сатып алмас бөз.

Имандылық деген бір ғана сөздің бойына ұят, ар, ынсап, қанағат сықылды бүкіл жақсы қасиеттер түгел сыйып тұр. Қазақтың жүзі жылы жанды жолықтыра қалса, «бетінен иманы төгіліп тұрған адам екен» немесе «иманжүзді кісі екен» деп сөз етісетіні де сондықтан.

Асыл дініміздің ерекшелігі осында имандылықты қатты насихаттап, адамдардың бейбіт өмір сүруіне ықпал етеді. Қазіргі қоғамда болып жатырған неше түрлі келеңсіз жағдайлар сол имандылықтың ақсап қалуында болып отыр. Жастардың өз-өзіне қол жұмсауы, ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылық т.б көптеген бұзақы істердің басы имансыздықтан, жаманшылықтарды болдырмау үшін алдымен иманымызға, мінезімізге аса мән бергеніміз абзал болады.

Адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай көргенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың, имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты “көргенді” деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды “иманды” деп атаған. Мұсылмандық дүниетаным бойынша, имандылық иманнан пайда болады. Ал иман – жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық – Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен имандылыққа уағыздау деп саналған.

Бүгінгі тақырыбымызды өрбіту үшін кездесу кешімізге құрметті қонақтарымызды шақыруды жөн деп санадық.Олай болса,бүгінгі кешіміздің қонақтарымен таныс болыңыздар.

 Бейне роликті тамашалау

Пікір алмасу (Сұрақ-жауап)

Дін- иманжүзділікті, қайырымдылықты, тазалықты уағыздайды. Осы бағытта өз ой-пікіріңізді ортаға салсаңыз?
1-сұрақ: Үлкен әжелеріміз-аталарымыз «Өмірдің өзі- сынақ»- дейді.Балалардың көпшілігі осы сөздің мағынасын түсіне бермейді ,соны түсіндірсеңіз.

2-сұрақ:Үйдегі ата-анамыз мектепте болып жатқан қиындықтарды ақыл мен сабырмен шешу керек деп айтып жатады. Сабырлық тұрғысынан бір мысал  келтірсеңіз.

3-сұрақ:Баланың ,ата-анаға,ата-ананың балаға деген құқығы жайлы  құран –хадистерден толық түсіндіріп өтсеңіз.

      4-сұрақ:Қазір жастардың дін туралы түсініктерін қалай бағалайсыз? Ол туралы өз пікіріңіз?
      5-сұрақ:Дін мен мемлекеттің саясаты бір ме?
      6-сұрақ: Өткен дәуірдегі ата-ана тәрбиесі мен қазіргі отбасылар тәрбиесі арасында қандай алшақтық бар, болмаса оны қалай тенестіруге болады?



Оқушыларға сөзжұмбақтарды шешкізу.

1 сөзжұмбақ.

1. 30 күн тамақ ішпейтін күн. (ораза)

2. Балалардың топталып әр үйге айтатын әні? (жарапазан)

3. Бес мезгіл оқитын мұсылманның парызы? (намаз)

4. Мұсылманның қаржысы жетіп, денсаулығы жараса атқаратын парызы? (қажылық)

5. Пайғамбарымыз кім? (Мұхаммед)

6. Ораза тұту қай айда? (Рамазан)

7. Бізді билеуші иеміз кім? (Алла)

8. Рамазан айында мешітке өткізілетін, жарлыларға берілетін төлем? (пітір)

9. Намазға шақыру рәсімі? (Азан)

Схемаға қарайық:

Имандылықты қалай түсінеміз бір-бір сөзден жазып өтсек.



Кітапханашы:  «Отанды сүю-иманнан» дейді.Ұлтына патриоттық имандылық тәрбие алғандар адасудан бойын аулақ салатыны сөзсіз деген болатын.Біз тарихи тағылымға, дәстүрлі өнегеге бай Қазақ еліміз. Кемеңгер бабаларымыз бізге ұлан-байтақ даланы ғана емес, баға жетпес рухани мұраны да мирас етті. Сан ғасырлар бой елдік пен ерлікке, адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеп келген сол рухани мұраны лайықты түрде игере алсақ, келер ұрпақ үшін де мың жылға жетерлік рухани азық болары даусыз.


«Түзу бастап, ақ жолды кесе көрме. Иман тоның үстіңнен шеше көрме»-деп ғұлама Жүсіп Баласұғын айтқандай, бойымыздағы иманымыз кетпесін. Әрдайым имандылық жанымызға серік болсын.

Халқымыз жан-жақты адамды «сегіз қырлы, бір сырлы» дейді. Адамның сегіз қырының бірі- оның ақыл, имандылығы. Иманды, білімі мол, ата салтын, дінін, тілін білген адамның көкірегі ояу болад, жаман мен жақсыны айыра біледі.























































1 О














2


Р



















А

















3




З



















4

А
















1 сөзжұмбақ.

1. 30 күн тамақ ішпейтін күн.

2. Балалардың топталып әр үйге айтатын әні?

3. Бес мезгіл оқитын мұсылманның парызы?

4. Мұсылманның қаржысы жетіп, денсаулығы жараса атқаратын парызы?






























6





5















7

































8




9



































































2 сөзжұмбақ.


5. Ораза тұту қай айда?

6. Рамазан айында мешітке өткізілетін, жарлыларға берілетін төлем?

7. Пайғамбарымыз кім?

8. Намазға шақыру рәсімі?

9. Бізді билеуші иеміз кім?

Shape10 Shape8 Shape9 Shape7 Shape6 Shape2 Shape3 Shape4 Shape11 Shape5 Shape1

Имандылық



























































Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Орталық балалар кітапханасы

Хаттама


Тақырыбы: «Имандылық - адамгершіліктің асыл қасиеті» /имандылық сағаты/

Өткізілген орны: Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназиясы

Өткізілген уақыты: 11.02.2025ж.

Қатысқандары: 6в



Күн тәртібінде:

Мақсаты: Имандылық сөзінің нақты мағынасын түсіну, оқушылардың білімдерін кеңейте отырып, имандылыққа, инабаттылыққа, адамгершілікке, адалдыққа, ептілікке, еңбекқорлыққа, достыққа, біліктілікке, ерлікке, ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа, талаптануға, тәрбиелеу.



Қатысуға тиісті:

Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназиясының 6 «в» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі М.Бабаева және қонақтар Кентау қаласының жергілікті қаламгер – ақыны, Қоғам белсендісі, «Қала жанашыры», «Тіл жанашыры», «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерінің иегері Махажанов Мұхит Әбдәшімұлы және Кентау қалалық «Руханият» орталығының теолог маманы Ұлықбекқожа Әлиасқарұлы.



Тыңдалды:

2025 жылдың 11 ақпан күні Кентау қалалық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп – гимназиясында 6 «в» сынып оқушыларымен сынып жетекшісі М.Бабаева және Кентау қаласының жергілікті қаламгер - ақыны, Қоғам белсендісі, «Қала жанашыры», «Тіл жанашыры», «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерінің иегері Махажанов Мұхит Әбдәшімұлы мен Кентау қалалық ішкі саясат бөлімі "Руханият" орталығының КММ - нің теолог маманы Құлтай Ұлықбекқожа Әлиасқарұлының қатысуымен "Имандылық - адамгершіліктің асыл қасиеті" атты имандылық сағаты өтті. Кітапханашы Ж.Болысбаева оқырмандарға «Отанды сүю-иманнан» деп, сан ғасырлар бойы елдік пен ерлікке, адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеп келген сол рухани мұраны лайықты түрде игере алсақ, келер ұрпақ үшін де мың жылға жетерлік рухани азық болары даусыз деп қысқаша айтып өтті. Шара қонақтары оқушыларға ата - анаға деген құрмет, сонымен бірге әдептілік пен білімнің пайдасы жайында ақыл - кеңестерін айтты. Осы орайда экраннан имандылықтың сабағы жайында бейнеролик көрсетілді. Оқырмандарымыз қызығушылық танытып, іс-шараға белсене қатысып, ортаға имандылық жайлы пікірлерін, ойларын талқыға салды. Кітапханашы "Имандылық - адамгершіліктің асыл қасиеті" атты кітап көрмесіне шолу жасап, оқырмандарды кітапханаға кітап оқуға шақырды.

Нәтижесінде: Іс - шараға 6в оқырман қатысып, 59 кітап және мерзімді басылымдар насихатталды.

ОБК меңгерушісі: Р.Сайдуалиева

ОБК кітапханашысы: Ж.Болысбаева

6 в сынып жетекшісі: М.Бабаева







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2025
158
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі