Материалдар / «Имандылық- қастерлі қасиет».
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Имандылық- қастерлі қасиет».

Материал туралы қысқаша түсінік
Діни тағылым арқылы оқушыларды имандылыққа, ата-анасын силауға, адамгершілікке, үлкенге құрмет,. Кішіге ізет көрсетуге, әр істе сабырлы болуға, әділетті жақтауға, рухани тазалықтарын сақтауға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
519
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

10




Тақырыбы: «Имандылық- қастерлі қасиет».

Мақсаты: Діни тағылым арқылы оқушыларды имандылыққа, ата-анасын силауға, адамгершілікке, үлкенге құрмет,. Кішіге ізет көрсетуге, әр істе сабырлы болуға, әділетті жақтауға, рухани тазалықтарын сақтауға тәрбиелеу.



Дамытушылық: Мұсылман дінінің өміршеңдігі, оның басқа діндерден негізгі айырмашылығын түсіндіру. Оқушыларды сұрақ қоя білуге, берілген теориялық білім нәтижесінде ой қорыта білуге, пікір айтуға дағдыландыру.



Тәрбиелік мақсаты: Дін адамдарды имандылыққа тәрбиелейтін негізгі құрал екенін жеткізу.

Мұсылман дінінің маңызы мен қасиетін ұғындыру.



Көрнекіліктер: Мұсылмандықтың бес парызы.

Ислам дінін күнә деп санаған, қылмыс деп қараған іс-әрекеттері.Имандылық қасиеттерінің екі негіздері (плакат)

Бейнетаспадан көріністер: «Жетім», «Тәубеге келу». Мекке қаласы (плакат), үлкен етіп салынған мешіттің суреті. Мұхаммед пайғамбардың хадистері.
























Қайырлы кеш, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!


«Имандылық қастерлі қасиет» атты танымдық сағатымызға қош келдіңіздер.

Егеменді еліміздің ертеңі- болашақ ұрпақ қолында. Болашақ ұрпақты имандылыққа тәрбиелей отырып, халық дәстүрін жүрегіне ұялатып, санасына жеткізу- бүгінгі білім мен тәрбиенің басты міндеті, ересектер парызы. Сондықтан да имандылықтың негізгі құралы халық даналығы, дәстүрі мен дінінің тәрбие жөніндегі пікірлері өйткеніекуі біріне –бірі ұқсас. Екеуінің де негізгі мақсаты адам баласын асып- таспауға, адамшылыққа, имандылыққа, білім- ғылымға шақырып, ынтымақта болуын талап етеді. Қазіргі кезде әке- шешесін қартар үйіне өткізген бала, балаларын тірі жетім етіп жүрген алаяқтар, маскүнем, нашақорлар өзіміздің мұсылман екенімізді түсінбей, өзге дінге еліктеп беттерін тұмшалаған қыз, балағын түрген жігіттер, ұрылар, кісі өлтірушілердің көбеюі біздің ұлттық тәрбиемізге сын. Сондықтан мектептерде имандылық тәрбиесінің берілуі оқушы өзін мұсылман деп тануға, ұлтының озық дәстүрін, әдет- ғұрпын ұғынуға, ұлтжанды азамат болып өсуіне игі әсер етеді. Сондықтанда бүгінгі кешіміз осы тақырап төңірегінде болуы оқушылардың дөңгелек үстел басындағы пікірлесуі түрінде өтеді.

Кешіміздің қонақтары сіздерге тағы да қош келдіңіздер дей отырып, өздеріңізді таныстыруға рұқсат етіңіздер.

  1. Ауылымыздағы мешітінің бас имамы- Бекзат мырзаны

  2. «Имандылық- қастерлі қасиет» атты танымдық сағатымызда оқушылар имандылық, мұсылман дінінің құдіреті туралы ақпарат хабарлардан өз білімдерін, ой- пікірлерін ортаға салып, сіздермен ой бөліскедлі отыр.

Сіздердің алдарыңызда – бүгінгі дөңгелек үстелге қатысушы –«Шындық» және «Адалдық» топары.

Мақсатымыз екі топты жарыстыру емес, екі топтың тақырыпқа байланысты білгендерін, ізденісін, ынтасын, ойларын жеткізу шеберліктерін анықтау.

І бөлімімізді таныстыру рәсімімен басталық.

Сөз кезегі сіздерге.

І топ «Шындық»

«Шындық» деп атадық біз тобымызды,

әділеттік толтырсын деп жолымызды.

Иманды адамшылық жүрекпенен,

Биікке созамыз біз қолымызды.

Тобымызда :

Жеткіншек ұрпақпыз біз болашақта,

Адал еңбек ететін туған елге.

Жүрегіміз, жүзіміз имнды боп,

Жақсылықты бойға біз жинаймыз көп.

«Адалдық» тобына да біз тілейміз,

Сөйлеңіз шешендікпен, дәлдікпен дөп.


ІІ топ «Адалдық»

«Адалдық» топтың аты біз ойлаған,

Адам болмас бұл сөзге ден қоймаған.

өтірік, жалған сөйлеу әдетте жоқ,

өмірдің қызығына біз тоймаған.

:

Адалдыққа ұмтылған,

Бүгін біз тойлайықшы әдеппенен.

Сәлем жолдап келіп тұр ортаңызға,

Қазақы салт- дәстүрі ғұрыппенен.

Жүргізуші

Топ басшылары алдымен мына сұрақтарға жауап берулеріңізді сұраймын.

«Шындық» тобына сұрақ:

Алла мықты жаратқан сегіз батыр.

Баяғыдан соғысып әлі жатыр.

Кезек-кезек жығысып жатып- тұрып,

Кім жоғары белгісіз түбінде ақыр.

Шешуі: Мұны тапсам ойланып ақын деңіз

Таба алмасам ақылды болар неміз.

Қыс пенен жаз , күн мен түн,

Тақ пенен жұп, жақсылық пен жамандық болды сегіз.

«Адалдық» топ басшысына:

Сыналар ей құрбылар, келді кезең,

Сенім болса ұмтылатын талаптанып.

Жан құмары дүниеде немсене екен?

Соны білсең әрнені білгендерің.

Шешуі: білмекке құмарлық.

ІІ. кешіміздің екінші бөлімі.

Оқушылар ойы. «Имандылық- дінде»

Жүгізуші: Топ жетекшілері сіздердің пікірлерді, ойларыңды ортаға салу мақсатында бірнеше сұрақтар беріледі. Сұрақтар мына конверттерде, осыны таңдап алыңыздар. (сұрақтар қонақтар алдына қойылады) орындарыңызға барып дайындалуларыңызды сұраймын. дайындыққа екі минут уақыт беріледі. (өлең)

Қай топ дайынсыздар? Алдымен сұрақтарыңызды оқып отыруларыңызды сұраймын.

Алдымен «Шындық» тобының жауабы.

Ендеше .... пікірін тыңдалық.

Сұрағы: Иманды адам деп кімді айтамыз?

Жауабы: Иман деген араб тілінде сенім деген ұғымды білдіреді. Пайғамбарымыздың Алла атынан түсірілген хабарларымен бұйрықтарын қабылдап, мойндау мен орындауды иман дейді.

Алла Тағала дамды иман арқылы адам еткен. Демек адамның о бастағы міндеті – талпыну мен жетілу. Имандылық ислам дініндегі бес парыздың бірі. Оның мәнісі- Алланың біреу екеніне одан басқа Алла жоқ екеніне сену. Алланың барлығына сену, кітаптарына сену, жақсылық, өамандықтың тағдырын Алладан деп сену- имандылық деген белгілі діндар- Халифа Алтай қажы

Өмір заңдылықтарына сеніммен қарап, адамгершілік рәсімдері мен міндеттерін, мақсаттарын бұлжытпай орындайтын ақ ниетті, адал жүректі, көпшгіл адамды иманды дейміз.

«Шындық» тобы ... қосатындарыңыз бар ма?

Иманды адам деп кімді айтамыз? (оқушылар жауап береді)

ІІ. «Адалдық» тобы жалғастырады. ...

  1. сіздердің ойларыңыз бойынша, Имансыз адам деп қандай адамды айтады?

Жауабы: Ар- ұяты жоқ, мінез- құлқы үстірт, ешнәрсеге сенбейтін, яғни сыйынбайтын, ата-анасын силамайтын, алдап- арбап ұрлық жасайтын адамды имансыз адам дейміз. Ондай адамдар өз ұжданы алдында азап шегуді білмейді, моральдық нормаларды қара ниеттілікпен аяққа басады. Имансыз адамдар ислам дінінің күнә деп санаған, қылмыс деп қараған іс- әрекеттеріне жақын болады. (Оларды плакаттан көрсету) күнә деп санаған, осы қылмыс деп қараған іс-әрекеттерден аулақ жүрсек имандылыққа қол жеткізуге болады деп ойлаймын.

«Адалдық» тобы ... қосатындарыңыз бар ма?

Сұрағы имансыз адам деп қандай адамды айтамыз?

(екі топ айтып болғаннан кейін)

Екеулеріңізге мынадай сұрақ қойылады, дұрыстап тыңдаңыздар!

Сұрақ: Имандылыққа жету үшін нені үйреніп, неден жиренуімізкерек!

Сұрағы: Дін дегеніміз не?

«Шындық» тобының жауабы:

Ендеше ... пікірін тыңдалық

Дін адамдарды имандылыққа тәрбиелейтін негізгі құрал. Алла тарапынан жіберілген әмір, міндет және тиымдардың жиынтығын дін деп атайды. Пенделердің осы дүнеде және ахиретте рахаттануын дін деп атайды. Пенделердің осы дүниеде және ахиретте рахаттануы үшін керек болатын міндеттер. (плакат) тиым салған үкімдер. Дініміздің аты Ислам. Ислам діні қоғамға және ізгі адам баласын адамгершілікке баулуға қызмет етеді. (Құран Кәрімнен үзінді). Алла – ислам дінінің баршаға бірдей ең құдіретті күшті құдайы. Алла - әділ үкім шығарушы, Алла- шексіз әмірші, пәк, үстем данышпан.

Келесі сұрағымызға көшеміз «Адалдық! Тобы дайынсыздар ма?

Сұрағы: Ислам деген не?

Жауабы: Ислам- Алланың және Пайғамбардың бұйрықтарына сеніп мойындаған, шын берілген деген ұғымды білдіреді.

Ислам дінінің қасиетті мекені- Мекке

Алла Тағала дін және шариғат үкімдерін пенделеріне адамдаржың арасынан кейбірін Пайғамбар ету арқылы білдіреді. Осы пайғамбарларға Жәбірейіл Әллейһи Уассалам атты періштені жіберіп дін үкімдерінің әрбірін Пайғамбарларға аян етіп түсіріп отырған. Оны Алланың елшілері халыққа жеткізіп отырды. Ислам дінінің қасиетті мекені-Мекке қаласы. Қасиетті Меккенің басты киелі орны Әл –Харам мешіті Құдайдың құдіретімен жер бетінде тұрғызылған тұңғыш ғимарат осы Меккеде, адамдарға Алла аспаннан жіберген, Қасиетті Қара тас та осы Меккеде. Бәріміздің түпкі тегіміз Адам ата мен Һауа ананың жұмақтан қуылғаннан кейінгі қайта табысқан жері де осы Мекке төңірегіндегі Арафат тауыПайғамбарымыз Мұхаммед Саллалаху Ғалейхи Уассалам аян еткен Құранның беташар сүресі де осы Меккенің мңына түскен.

( Екі топ екі-екіден төрт сұраққа жауап бергеннен кейін.)

Ислам дінінің қасиетті мекені – Мекке туралы түсінігімізді тереңдету мақсатында сол қасиетті мекенге барып, өзінің мұсылмандық парызын өтеп қайтқан ағамыз Қазбек қажыға сауал қоямыз:

  1. Қасиетті Әл-Харам мешітін, Қағбаны көргенде сезіміңіз қандай болды?

  2. Осы Мешіттегі зәмзәм суы туралы не айтасыз, одан ауыз тидіңіз бе?

  3. Осы қасиетті орынды бьейне таспаға түсіруге болмайды дейді, түсірген күйде жоқ болып кетеді деп жазған, рас па?

Жауаптарыңызға рахмет. Ары қарай жалғастырамыз.

І. «Шындық» - тобы

Сұрағы: 3) Мұсылман деп кімдерді атаймыз?

Жауабы: алланың және пайғамбардың бұйрықтарына бой ұсынып, мойындағандарды – мұсылман дейді. Ислам –Алланың діні.

Бұл діндегілерді мұсылмандар деп атайды.

Мұсылмандардың қасиетті және демалыс күндері- Жұма. Жұма түнінде көктен Құран түсе бастады. Бұл күні әр үйден әруақтар дәметеді. Мұсылман қауымының Жұма күні әруақтарға арнап шелпек пісіріп, құран оқытатын себебі осында. Жұмада қайтыс болған немесе жамбасы жерге тиген адамдар иманды жандар болып саналады. әр мұсылманның тіршілікті бір- біріне міндетті алты парызы бар. Олар:

  1. Бір- біріне әдейі барып сәлемдесуі, адамдық хал- зжай сұрап тұруы.

  2. Әр сұрағына тиісті жауап беруі

  3. Шақырса кешікпей ьару.

  4. Кеңес сұраса- пайдалы ақыл қосуы.

  5. ауырып қалса көңілін сұрауы.

  6. Қайтыс болса жерлеуіне қатысуы.

Бұл Мұхаммед пайғамбарымыздаң хадистері.

ІІ. «Адалдық» тобы


Мұсылман діні адамзат баласына қалай келді?

Жауабы: Мұсылман діні адамзат юаласына Мұхаммед Пайғамбар арқылы келді. Пайғамбарымыз 571 жылы Меккке қаласында дүниеге келді. 40 жасқы келгенде Алла тарапынан пайғамбарлық берілді. Мұхаммед Алланың жібнрген ең соңғы пайғамбары. Мұсылман діні тек бір қауымға немесе бір ұлтқа ғана тән дін емес. Бүкіл адамзат баласына тән дін. Ол ақыл, білім, мінез, құлық, бейбітшілік және ереже діні. Мыңбаев марғұланның орындауында « Имандылық шарты» әні. ән орндалғанша екі топ дайындала беріңіздер.

Қай топ дайынсыздар?

І. «Шындық» тобының пікірін тыңдалық.

Сұрағы : 4) мұсылман дінінің өзге діннен ерекшклігі неде?

Жаубы: мұсылдман діні- адамды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейді.

Дәлел: әлемде бұл дінді қабылдап мұсылман боп жатқан адамдардың саныжыл сайын арта түсуде. Былғары қолғап шебері Касиус Клей мұсылман дінін қабылдап аты-жөнін Мұхаммед әли деп өзгерткен. Әйгілі рок жұлдызы Майкл Джексон да ислам дініне өтіп, күніне 5 – уақыт намаз оқыған, мешіт салдырған. Олардың бұл дінді қабылдауына не түркі болды? Баспасөз бетінен алынған мына мысалдар олардың мұсылмандыққа қалай келгендерінен хабар береді. Капитан кусто (француз теңізшісі) былай дейді: «Мен Атлант мұхиты мен Жерорта теңізінің суы бір жерде тоғысқанмен өзара қосылмайтынына көзім жеткен жанмын, бұл құбылыс ғылымда дәлеледенген. Мұхит пен теңіз суының бір – біріне қосылуына мүмкіндік бермейтін, екі арасын бөліп тұрған көзге көрінбес пенде бар екені бұдан 1400 Қасиетті Құрнада жазылғанын естігенде таң қалдым. Исламның шынайы таза дін екеніне осылай көзім жетті де, мұсылманықты қабылдадым» дейді.

ІІ. «Адалдық» тобы. ... тыңдалық:

Жауабы:№ Ал Американдық Томас Тайтон:

«Мұсылмандардың арассында нәсілдік кемсітушілік, адамның түр- түсіне, тіліне қарап бөтенсіну жоқ екен. Намаз үстінде президиент те, икедей де тең дәрежеде, екекуін бір- ьірінен ажырата алмайсың. Мне сондықтан да Ислам дінін қабылдадым» дейді. Кезінде Американдық ғарышкер Айри айдың аорғы бетіне аяғы тиген кезінде құлағына бір түсініксіз дауыс келгенін жазған. Дереу магнитофон таспасына дауысты жазып алады. Кейін жерге келген соң сол дауысты зерттеп қараса, азан шақырған адамның даусы екені анықталады. Осы ғажап құбылысқа таң қалған ғарышкер Алланың құдіретіне қалтықсыз сеніп, Ислам дінін қабылдапты. Абай атамыз «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, рас сөз ешуақытта жалған болмас», - деген . Мен өзімнің пікірімді осы Абай атамыздың айтқан сөзімен аяқтаймын:

Сұрақ –жауапты жалғастырамыз.

І. «шындық» тобы.

Сұрағы:5) исламның қасиетті бірінші кітабы қалай аталады?

Жауабы: Исламның қасиетті бірінші кітабы Құран- оқығанды қайталау, қайта айту мағынасында. Құранның сөзі- Құдайдың сөзі. Құран ислам дінінің Мұхаммед пайғамбардың 740 жасында Алла әмірімен түсе бастаған қасиетті кітап (23 жыл бойы түсіп болды)

Алғаш рет кітап етіп бастырған Осман Халифа бастырған. Құранда 144 сүре, 6228 аят, 774739 сөз, 325743 әріп бар. Құран –Кәрім адамзат баласына түскен кітптың ең соңғысы. Қасиетті 4 кітаптың ( 1. Тәурат. 2. Зәбүр. 3. Інжіл. 4. Құран)

ІІ. «Адалдық» тобы

Сұрағы: Исламның екінші қасиетті кітабы қалай аталады?

Жауабы: мұсылманның екінші кітабы Мұхаммед пайғамбардың хадистері. Хадистер Мұхаммедтің көзі тірісінде айтқан нақыл сөздері мен өсиеттерінің жинағы. Адамның ақыл- ойының бастауы Құран мен хадис. Хадисте он түрлі мәселе туралы айтылады:

  1. Ғылым- білім туралы

  2. Әйел, ана, қыз туралы

  3. Нарық, сауда, байлық туралы

  4. Бақыт, бақытсыздық туралы

  5. Жақсы, жаман туралы

  6. Арақ- ұшарап туралы

  7. Бала туралы

  8. Ауру туралы

  9. Дін туралы

10)Ар- ұят туралы

Енді ең соңғы сұрақ – жауап қорытындыны тыңдалық.

І. «Шындық» тобы.

Сұрағы: Әр ұлттың қандай дінді қалауына өз еркі бар деген пікірге өз көзқарасың.

Жауабы: Конституцияның 19 бабында: « Әркім өзінің қай дінге жататынынөзі анықтауға және оны көрсету, көрсетпеуге қақылы» деген. Дінде зорлау жоқ. Мен тек қана мұсылман дінін қалаймын, оған айтылып кеткен мысалдар дәлел. Өйткені бізді адамдарды құдай жаратқан. Алла Тағалла топырақтан адам атаны жаратты және оның қабырғасынан Һауа ананы жаратты. Алғашқы адамның есімі Адам болғандықтан да, оның ұрпақтарының есімі – Адам. Ал адам деген сөз тек қазақта бар, басқа халықтар да алғашқы адамның аты адм болғанын растайды. Кез- келген дінде Құдайдың алғашқы жаратқан адамының есімі – Адам болғаны айтылады.

Сондай- ақ Һауа ананың оның қабырғасынан пайда болғанын растайды.

Ал, қазақта «қабырғаммен кеңесіп алайын» деген сөз бар, ол әйеліммен кеңесіп алайын деген ұғымды білдіреді. өзге кез- келген ұлтта мұндай ұғымдар жоқ. Бұдан менің ойымша ең алғашқы адам қазақ болғанын

Байқауға болады. Осындай қасиетті қазағымның дінін еш дінге де айырбастамаймын, ешкімнің де үгітіне ермес едм, әдемі сөзбен, көптеген уәделермен өздеріне қаратып алып әке- шешеге қарсықоятын алдамшыларға ешқашан ілеспес едім.

ІІ. Адалдық:


Сұрағы: Әр ұлттың қандай дінді қалауына өз еркі бар деген пікірге, сен қалай

жауап бересің?

Жауабы: Діннің адам баласын біріктіруші екендігі оның міндеттерінен айқын көрінеді.

Мысалы: 1) Аллаға және пайғамбарға байланысты міндеттеріміз

  1. өзімізге байланысты міндеттеріміз өзімізге байланысты міндеттеріміз, денсаулығымызды сақтау.

  2. Үй- іші және жақындарымызға байланысты міндеттеріміз.

  3. Мемлекетімізге және халқымызға байланыстй міндеттеріміз.

  4. Адамгенршілік әлеміне байланысты міндеттеріміз.


Осы міндеттерімізді түсініп біле білсек дініміз бізді Адам етіп сақтап қалады. Оның бәрін біле отырып, мен мұсылманмын, Алланың және Пайғамбардың бойұсынып мойындаймын, басқа діндерге ілеспеймін, өйткені мен өзімді қазақ- мұсылманмын деп есептеймін. Қазақы тәрбие мен ырым сенімдерді ислам дінімен ұштасып жатады. Ананы силау, үлкеннің алдын кесіп өтпеу, әйел адамдарға орамал тағып жүру, бәрі- бәрі қазақ халқында бұрыннан бар қағида. Қасиетті сөздеріміз оңынан оқысақ та солынан оқысақ та солай болып шыға келеді.

Ең қасиетті сөздеріміз,жаратушымыз «Алла», оңынан да солынан да «Алла». Одан кейін әата», «ана», «апа», «іні» осылай кете береді.

Ең бастысы- «қазақ» деген ұлтымыздың атауының өзі де, оңынан оқытсақ та солынан оқытсақ та «қазақ» болып шыға келеді.

Осыдан түйетініміз Алланың өзі қазақ тілін, қазақ ұлтын сүйетініне күмандығымыз келмейді. Ал Алла Тағала қазақты сүйетін болса, біз тек Аллаға жағатын қылықтар істейік. Мен өзім құран оқып білемін, ал құранды білгісі келетіндер өте көп..

Кешіміздің келесі ІІІ бөліміне көшеміз.

Топ мүшелері сіздердің назарларыңызға бейнетаспадан өмірден алынған көріністер көрсетіледі. Сіздердің осы көріністі көріп отырып, оның алдымен тақырыбын ойлап, содан –соң осы көрініс туралы пікірлеріңізді білдірулеріңіз сұралады. Әр топтан айтылған жеке –жеке пікірлерді соңында топ басшылары тиіс.

рытындылауы тиіс.

І- ші топ. Осы көріністі қалай деп атар едіңіздер? (Тәубаға келу). Сіздердің пікірлеріңіз қандай?

Келесі топ екінші көрініс: ІІ- топ. (ІІ көрініс) ал сіздер мына көрініске қалай деп ат қойдыңыздар? (Жетім)

Сіздердің пікіролеріңізді білгіміз келеді. Оқушылар ойын қорытындылап, имандылық дін турасында өз пікірін білдіру үшін сөз кезегін Бегзат ағамызға береміз.

ІҮ. Бөлім. Қазір екі топқа «Дін және біз» тақырыпта тест сұрақтары беріледі. Оның дұрыс жауабын тауып дөңгелектеп белгілейсіздер.

Жауабын белгілеп болғасын, жинап алынады да қонақтарға ұсынылады. Ал, қонақтар, сіздер оқушылардың жауабын тексеру арқылы, бүгінгі тәрбие сағатының барысындағы әр топтың ойларының озық екенін , қай топтың түсінік аясының қандай екенін анықтауларыңыз сұралады. Енді кезекті сазды сәлемге берейік. Ән орындалады «Жүрек үні». Оқушылардың тест сұрағын қорытындылауға сөз кезегін мектебіміздің директоры Темірбеков Қайрат Ахметқанұлына беріледі.



Ү. Қорытынды.

Оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымсызда имандылықтың нұрын, адамгершіліктің нәрін алдыңыздар деп ойлаймыз. Қазіргі кезеңде имандылық пен инабаттылық, қайырымдылық пен мейірімділік, осындай адами қасиеттерімізді негіздеуіші дініміздің бар екенін біліп оны дәләдедіңіздер. Осындай дініміз тұрғанда басқа дінге сендерді еліктемейді деп сенеміз, болшақтарыңа мол сенім артып, адамгершілігі мол адамзат болыңдар демекпіз.

Үш –ақ нәрсе адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек-

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боларсың елден ерек- деп Абай атамыз айтқандай болашақта жаман әдет қылықтардан тазарып, жаны таза, көңілі ақ, имандылық сезімдерге бай, елден ерек адам болыңдар!

Құрметті көрермендер, қонақтар Алла Тағала сіздердің жүректеріңізге нұр, шапағат, шаңырақтарыңызға жылылық ұялатсын. Осымен кешіміз аяқталды.

Қош сау болыңыздар!



























Дін және біз» мәселесіне арналған тест

  1. Дін мемлекеттік саясатқа айналуы тиіс пе?

А) иә ә) жоқ б) білмеймін


  1. өзге дін ықпалында кетпеу үшін не істау қажет?

А) ұлттық тіл ә) ұлттық сана б) білмеймін


  1. Дін ұлттық болмысты сақтап қалуға ықпал етуші күш дегенге өз көзқарасың

А) иә ә) жоқ б) білмеймін


  1. Қазіргі кезде қазақ ұлтының өзге діндер ықпалына елігуінің себебі неде?

А) нақты ә) материалдық мұқтаждық б) ұлттық сана таяздығы


  1. Мұсылмандық неше парызбен өтеледі?

А) үш ә) бес б) жеті


  1. Қазақ халқы қай мезгілде құрбан шалады?

А) айтта ә) наурызда б) құрбан айттарытындылауы


  1. Жылына бір рет денсаулықты тазарту әдісі.

а) намаз ә) ораза тұту б) мешітке бару


  1. Рамазан айынан (ораза тұту) кейін неше күнде құрбан айт мейрамы аталады?

А) 30 күн ә) 50 күн б) 70 күн


  1. Имандылық әліппесі жазылған киелі кітап?

А) Құран ә) Бабырнама б) Құтты білік


  1. діни қағидалар мен уағыздардың түпкі негізі қай тілде жазылған?

А) парсы ә) арабша б) түрік


  1. Құранды өзге тілге аударушы маман?

А) әдебиетші ә) әлемтанушы б) шығыстану



Лайбұлақ орта мектебі КММ 2012 оқу жылы











Дінтану пәні

Тақырыбы: «Имандылық – қастерлі қасиет»




Пән мұғалімі А.Б.Нуракова


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!