Тәрбие сағатының тақырыбы: “ Имандылық – инабаттылық.”Тәрбие сағатының мақсаты: Қазақ халқының басқа мұсылман халықтар арасында қастерлеп жадында сақтап келген ислам діні. Оның барлық қасиеттері биіктігінің бастауы, негізін түсіндіру. Қасиетті құран кітабының негізгі қағидалары адамды жақсылыққа, тазалыққа, сенімге, қайырылымдыққа тәрбиелейтінін түсіндіру.Алла жолы қашан да ақ жолға бастайтынын ұғындыру.Көрнекілігі: Діни кітаптар, “Құран” кітапшасы, “Намаз үйрену” кітабы, “Тазалық – имандылық жаршысы” нақыл сөздер. Түрі: Пікір алмасу , өз ойларын айту.Тәрбие сағатының жоспары:І. Кіріспе: Имандылық дегеніміз не? ( Баяндама) ІІ. Негізгі бөлім: а) Хадистер сөйлейді. б) Мұсылманның бес құқы. в) Апатқа апаратын жеті күнәдан аулақ болу. г) Үш түрлі нәрсеге иманың кәміл болсын.ІІІ. Қорытынды: І. Кіріспе. Мұғалім сөзі: Ислам діні –дүние жүзіне кең тараған діннің бірі. Дүние жүзінде 5000 миллионнан аса мұсылман бар. Мұсылман дінінің негізін салушы Мұхаммед Пайғамбар. Бұл діннің қасиетті кітабы- Құран. “Құран сөзі – Құдай сөзі” деп үйретеді мұсылман баласына. Құран мұсылман баласының қалай өмір сүруі керектігі жайлы жазылған заң шарттарынан тұратын кітап. Дін – ғылымның анасы. Дін- ғылымның әкесі. Ғылым – діннің баласы. Дін ғылымның көкесі.Дін – белгілі заңдылықтардың жүйесі. Оны қоғамның әрбір мүшесі орындауға тиіс. Дінге бағынған адам өз қоғамының заңын жүзеге асыруға міндетті. Ол ақыл, білім, мінез- құлық, адамгершілік, имандылық, бейбітшілік діні. Мұсылман дінінің заңдылықтары- шариғат бойынша өмірге келген мұсылман адам оқып білуге міндетті. Оқымаса білмесе ол Алла тағаланың әмірін орындамағаны. Хадис- Мұхаммед Пайғамбардың даналық сөздерінің жиынтығы. Құран кәрімнен кейінгі ең қастерлі кітап. Онда мұсылмандардың имандылық, инабаттылық, адамгершілік ережелері жинақталған. Имандылық дегеніміз не? ( Баяндама) Дайындаған Габдрахманова. С.а) Хадистер сөйлейді.1.Ұят- иманды.2.Ұят жанды жақсылық келтіреді.3.Кімде- кім жүрегін иман үшін, шыңдық үшін ұстаса, өзін салихалыұстап, көп тыңдап аз сөйлесе, ол иманды адам. Біреуге зиян келтірме, өзіңе біреудің залал жасауына жол берме.
Аш адамға тамақ беріңдер. Аурудан хал сұраңдар. Қарызға батқан адамға көмек беріңдер.б) Мұсылманның бес құқы.1.Сәлем беру мен алу.2.Шақырса бару.3.Ақыл кеңес сұраса айту.4.Ауырса көңіл сұрау.5.Қайтыс болса жаназасына қатысу.в) Апатқа апаратын жеті күнәдан аулақ болу.1.Құдайдың құдіретіне шек келтіру.2.Алдап - арбаумен шұғылдану.3.Біреуді нақақ өлтіру.4.Пайдакүнемдік.5.Жетімнің ақысын жеу.6.Адал адамға жала жабу.7.Отан қорғаудан қашпау керек.г) Үш түрлі нәрсеге иманың кәміл болсын.-Садақа бергеннен ырысың ортаймайды.-Ақ адал малың қамын біле сабыр сақта.-Тіршілікпен мал табуға кіріссең, Тәңірдің сыны- биіктілік көрсетпе. Имандылық жаршысы- сабырлылық, кеңпейілділік. Тәңір әйелдермен сыпайысөйлесуді бұйырады. Әйел- ана, әже, қызыңыз. Аманатқа қиямет жасамау керек.ІІІ. Қорытынды:Имандылық - инабаттылық мұраты. Сеніммен күн кешу адамға жеңіл болады. Сондықтан адамдардың сеніміне нұқсан келтіру- үлкен әдепсіздік. Адам мен адам арасында пікірталас, айтыс-тартыстың болуы мүмкін, алайда оның сеніміне тиісу жарамайды. Діни иланым адамдардың ғұмырын жеңілдететіні, мінез- құлқын жұмсартып, мейірбандылығын арттыратыны, бірлігін бекемдеп, әдептілікті орнықтыратыны даусыз. Демек адамға мұндай сенім керек. Тәрбие сағатымызды мынадай Абай Құнанабаевтің өленімен аяқтағым келіп тұр.Пайғамбарым қолдайды қосылған күш,Мұхаммедтің үмметі мұсылманбыз.Алла есімін кеудеммен ұшырған күн.Алла ақиқат, Аллаға сенім етем,Адалдық пен ақиқат серігі екен.Адаспаймын Аллаға сеніп өтем.Арамдыққа баспаймын жолы бөтен.Алланың өзі де рас, сөзі де рас,Рас сөз еш уақытта жалған болмас.Көп кітап келді Алладан, оның төрті Алланы танытуға сөзі айтылмас.