Материалдар / Имандылық тәрбие
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Имандылық тәрбие

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды имандылыққа тәрбиелеу мен бағыт беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қаңтар 2018
597
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы облысы Талғар ауданы Төңкеріс ауылындағы № 23 мектепте тәрбие жұмысының сегіз бағытының бір бөлімі «Рухани адамгершілік» айлығының өтуіне байланысты 8 «ә» сыныбында 13 желтқсанда «Имандылық – адамгершіліктің асыл қасиеті» атты тәрбие сағаты өтті.

Бұл іс –шараның мақсаты: Қоғамдағы бүгінгі күнгі ең басты мәселе –жас ұрпақты адамгершіліктің ең биік шыңы – имандылыққа,жат діни ағымдардың құрығына түсіп қалуына жол бермеу ,оған қарсы тұру.Ислам дінінің адам өміріндегі орны мен қазақ халқының дүниетанымындағы ,тұрмыс-тіршілігіндегі рухани құндылықтарының көркем мәтіндеріндегі ғұламаларымыздың тәрбиелік өсиеттерін түсіндіру еді.

«Қазіргі кезде ел болашағы – жастардың қолында, Қазақстанның келешегін көркейтетін білімді ұрпақ»- дейді Елбасы Н.Ә. Назарбаев.Осы бағытта білімді ұрпақтың ибалы, инабатты болып өсуіне басты назар аудару керек екені түсінікті. Бұл мақсаттағы Тәрбие сағатын ауылымыздың имамы Қанат қажы ашып берді.Негізгі бөлім: «Иманды бол»! тақырыбындағы бейне роликпен басталды. «Қазіргі кезде ел болашағы – жастардың қолында , «Жастары иманды елдің - болашағы зор» деген Жүсіп Баласағұнның қанатты сөздерінің мағынасын балалар, «Иманды қыз»көрінісімен аша білді.Көріністен соң сыныпта ұлдардан құрылған «Жігіттер» хоры Қадір түні әнін орындап, қонақтар көздеріне еріксіз жас алды. Кезекті сөзді дінтану пәнінің мұғалімі Ұлан Алпар «Имандылық дегеніміз не?Иманды адам деп кімді айтамыз ?деген сұрақтан бастап еді, Тұрғанбек Шұғыла «Иман жүректегі нұр,нұрдың сыртқы болмысы ,яғни имандылық –Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез деп жауап берді. Ұстаздың екінші сұрағына Бейсенқожа Назгүл: Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты «көргенді» деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды «иманды» деп атаған деп дұрыс жауап бере білді

Ислам діні - бір мектеп,

Шариғатты үлгі етпек

«Имандылық әдебі» тақырыбында оқушылардың дайындаған әдеби – монтажы тыңдалды.Қарлығаш қызымның «Әлемде ұқсасы жоқ жансың» Альмираның «Қиналғандар жалбарынғанда қабыл алатын кім?»Алуаның оқыған «Анамның тілі»Назгүл оқушымның «Жетістік пен жеңіске алып баратын қысқа да оңай жол» Алишердің оқыған «Раббың сені кешіруге уәде береді»Шухраттың «Жақсы адамдар»,Алуаның «Өмір үйренуді қажет ететін бір өнер» өлеңдері көрермендердің көңілінен шықты.Тәрбие сағаты қасиетті жұма күні ұйымдастырылғандықтан ата-аналар пісірген жеті шелпектен ауыз тиіп ,құран оқылып, бата жасалды. Бұл тәрбие сағаты балаларға әдепті ,иманды, үлкендік пен кішілік, сыйластық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелерді терең оймен қарауына түрткі болды деп ойлаймын .


Төңкеріс ауылы. 23 мектеп Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Атамкулова Гүлмира Халыковна

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!