Имандылық тәрбие негізі. Тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 29 материал табылды

Имандылық тәрбие негізі. Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Имандылық тәрбие негізі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп


Сабақтың тақырыбы:

Имандылық тәрбие негізі

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға адамгершілік, ізеттілік, имандылық секілді құндылықтарды бойына сіңіру. «Иман» сөзінің нақты мағынасын түсіндіру.Жалпы дін туралы ұғым түсініктерін кеңейтіп, ислам діні , имандылық туралы көзқарастарын дұрыс қалыптастыру. Имандылыққа , рухани тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

Бір түрлі фигур алғандарды

1-топқа «Адамгершілік», ал екіншісін таңдағандарды 2-топқа «Имандылық» тобына бөлемін.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.

Психологиялық ахуал


Оқушылар

дың пікірі тыңдалады


слайд

Жаңа сабаққа кіріспе




Құрметті Ұстаздар, оқушылар және ата- аналар! Рахымды АЛЛАНЫҢ атымен бастаймын. Атам қазақ қай кезде де бала тәрбиесіне жауаптылықпен қараған. Баланы тәрбиелеудегі мақсат – оны жан - жақты кемелдендіріп, қоғамға пайдасы тиетін азамат етіп шығару. Осы орайда, Ислам дінінің кемел тәрбиеге қосар үлесі зор.Тәрбие - арабтың сөзі «көктету, өсіру, жетілдіру» деген мағынаны білдіреді. Шығыс халықтарында айтылатын «Бала қымбат болса да, баланың тәрбиесі одан да қымбат»деген нақыл сөз бар.

Иманды адам - сабырлы,мейірімді, әдепті ,қамқоршы,төзімді,шыншыл, отансүйгіш,арлы болуы керек.

Ислам – «Ислам» сөзі «бейбітшілік», Алланың заңдарына «мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал шариғат терминологиясында «ислам» — толық мойынсыну, Аллаһтың алдында парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. өмірдегі ең ұсақ құбылыс бөлшегін түсіндіретін жетілген қоғамдық құрылым жүйесі. Ислам – қайрымдылық пен зұлымдықтың не екенін нақты түсіндіреді. Дүние жүзін дүр сілкіндіріп желдей есіп тез тараған Мұхаммед Пайғамбарымыз негізгі қалаған Ислам діні. Ислам дінінің негіздерін үйрену, оқу, меңгеру, өйткені адамзатқа жаратушысын танытып шынайы бақытқа жеткізетін дін-Ислам діні.

Мұсылмандық дүние таным бойынша имандылық иманнан пайда болады. Ал иман – жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық – Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты “көргенді” деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды “иманды” деп атаған. Мұсылмандық дүниетаным бойынша, имандылық иманнан пайда болады. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен имандылыққа уағыздау деп саналған. Ең соңғы пайғамбар Мұхаммед (ғ.с.): “Мен ең ғажап көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім”, – деу арқылы әлемдегі тәлім-тәрбие мен имандылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен, имандылыққа өзі бірінші үлгі болған. Алла тағала адамды иман мен имандылық үшін жаратқан, сондықтан: “Алланың мінезінен үлгі-өнеге алыңдар” (Мұхаммед пайғамбар), – деп уағыздалады. Имандылықтың негізін мұсылмандар Құранда деп біледі. Қазіргі зайырлы өркениетті қоғамда да имандылық – аса қастерлі, биік адамшылық қасиет ретінде ұғынылады.

Имандылыққа қарама - қарсы сипат имансыздық.



Сабақтың ортасы

26 мин.

Ислам 3 негізден тұрады

ИСЛАМ ИМАН

Исламның 5 тұғыры Иманның 6 шарты

1. Алла Тағала мен 1. Аллаға иман Пайғамбар Мұхаммадке (с.ғ.с.) 2. Періштелерге иман

иман келтіру 3. Пайғамбарларға иман

2. Намаз оқу 4. Кітаптарға иман

3. Ораза ұстау 5. Ахиретке иман

4. Зекет беру 6. Тағдырға иман

5. Қажылыққа бару


Алланы көріп тұрғандай

құлшылық етуің: сен Оны

көрмесең де, Ол сені көреді

Жиғаныңа сенбе-иманыңа сен.

Иманды адам – арлы адам,

Имансыз адам- сорлы адам.

Үстіңнің кірін – сабын кетіреді,

Жаныңның кірін – иман кетіреді.

«Имандылық қастерлі қасиет»

«Имандылық – инабаттылық айнасы»

«Имандылық – ізгілік негізі»

1.Алланың жазуына шүкіршілік;

2. Алла тағалаға шын пейілмен сенушілік;

3. Барлық істе де Аллаға жүгінушілік;

4. Сана сезіміңе кереғар нәрсеге шыдамдылық.




Біздің мойындайтын дініміз-Ислам діні. Ислам сөзінің мағынасы мойынсыну, бағыну,амандықгы бейбітшілікте болу, яғни бір ауыз сөзбен айтқанда түтастай бейбіт өмір салтын білдіреді. Ислам-бейбітшілікпен қамқорлық діні. Бүл дін ғылым мен білімді үйреніп адал жолмен күн көруді қүлшылық деп санайды, яғни имандылыққа тәрбиелейді. Ислам дінінің негізгі бес парызы бар. Олар:

1. Иман. 2. Намаз. 3. Ораза. 4. Зекет. 5. Қажылық.


Оқушы:

Күн келеді көмектеспес жиғанын,

Ара түсер терген иманың.

Парыздарды жас кезінен өте де,

Сауапты істен өз - өзіңді тыймағын!

Алла сөзі, ұмтыл Кәрім Құранға.

Оны оқысаң, келер сабыр, шыдам да.

Міндеттерін орындаған мүміндер

Аллаға әркез жағар, болар ұнамда.

Жақсы сөйлеп, ойлан әсем тілектен.

Амал жасап, шын ниетпен, жүрекпен.

Дін туралы айтар болсақ, осы орай,

Ислам діні құралған бес тіректен.

Иманды-баға жетпес нұрға бала,

Ақылды адам одан құр қала ма?

Дүниені әркімдерге берген Раббым,

Дінді берер тек сұйген құлға ғана




Мұсылмандық қағидалар:

Иманның басы – сенім,Иманның тәні – намаз,Иманның жүрегі – құран.

Иманның көрінісі – ықылас.Иманның сөзі – Аллаға тілекИманның нұры – шындық.

Иманның дәмі – тазалық, пәктікИманның жемісі – ораза.Иманның шипасы – ар, ұят


Сөз сөйлеу әдебі

1. Үлкен кісінің сөзін бөлме. Екі адам арасында әңгіме тасыма, бір - біріне шағыстырма.

2. Сыр сақтай біл. Әуелі амандаспай тұрып сөз бастама.

3. Дөрекі сөйлеме, тілді балағат сөздерге үйретпе. Біреудің көңіліне жара салма.

4. Сыпайы сөйле, өзің жақсы білмейтін жайтты сөз етпе.

5. Айтқан уәдеңде тұр, өтіріктен аулақ бол.



Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


«Түзу бастап,ақ жолды кесе көрме, Иман тонын үстіңнен шеше көрме»-деп түрік ғұламасы Жүсіп Баласағұн айтқандай Алла жолында түзу жүріп,бойымыздан иманымыз кетпесін.Әрдайым имандылық жанымызға серік болсын деген тілекпен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Баршаңызға қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет.Сіздерге Алланың нұры жауып,шапағаты тисін! Қош сау болыныздар.

Рисунок 23




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2024
259
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі