400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Иманипедагогиканың данышпаны

Материал туралы қысқаша түсінік
Шәкерім Құдайбердіұлы (1858-1931). Қазақ халқы-ның тарихы мен мәдениетінде өзіндік із қалдырған, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген, ұлы Абай мектебінің дәс-түрін жалғастырушы,тарихшы-шежірешіағарт-ушы, ойшыл-ақын ғұлама болды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Иманипедагогиканың данышпаны

Шәкерім Құдайбердіұлы (1858-1931). Қазақ халқы-ның тарихы мен мәдениетінде өзіндік із қалдырған, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген, ұлы Абай мектебінің дәс-түрін жалғастырушы,тарихшы-шежірешіағарт-ушы, ойшыл-ақын ғұлама болды. Шәкәрім Құдай-бердиев халықымыздың қоғамдық ағартушылық, мәдени және әдеби өміріне белсене атсалысқан,ағартушылық-демократилық, гуманистік идеяларды насихаттаған,Шоқан, Абай, Ыбырай ұстаған ағартушылық дәстүрді ілгері жалғастырушылардың бірі әрі аса дарын иесі еді. Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым бола алатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапаларға «Адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелеу керек», - деген Шәкәрім атамыз. «Кісіге адамшы-лық неге керек?» өлеңінде адамдық пен айуандық бір-бірімен бетпе-бет келіп, адамдық қасиеттің орны белгіленеді. Кісіге адамшылық неге керек, Адамдық өзге айуаннан артық демек. Ит талаған төбеттей қалай дейсің, Аямай әлі келгенді жұлып жемек, - деп оқырманға ой тастайды, пікір сұрайды. Мейірім жақсы, зұлымдық жаман дейсің, Қасқырлыққа қайтасың құр дөңгелеп, Жаны ашып, жәрдем қылмай өткен адам, Өсіп, өніп құлаған бір бәйтерек,-деп адамды адам ететін, адалдық пен азаматтыққа жеткізетін амалды,түрлі жолдарды іздестіреді. Адамның түзу жолда жүруіне,ар тазалығы мен жан тазалығына ақылдың ұнемі көшбастаушысы болып отыруын қалайды. Білімділер сөз жазып зарлағанда, Ой кезіп, жердің жүзін шарлағанда, Алдаусыз адам өмірін түзетерлік, Әділет, ынсап, мейірім бар ма адамда, - деп толғанып, өз заманының, қоғамын сынап, адам бойындағы жағымсыз мінез-құлықтарға жиіркене қарайды, басқаларды да жиіркен-діреді. Ұлы ақынның бұл өлеңдері жақсылық, әділдік, азаматтық сезім, ар-ұят өзін-өзі бағалау, қамқорлық, қарапай-ымдылық, кішіпейілділік сияқты адамгершілік қасиеттерді қалып-тастырады. Шәкәрім Құдайбердиевтің азаматтық рухты жоғары көтеретін, эстетикалық сезімге баулитын өлеңдерінің бірі-«Насихат». Бұл өлеңнің идеясы тұнып тұрған өсиет, ақыл мен нақыл. Ақын жастарға өнер, ғылымға жету жолардарын көрсетіп, оқуға шақырды. « Сен ғылымға болсаң ынтық, бұл сезімді әбден ұқ, Білгеніңнің жақсысын қыл, білмегенді біле бер. Білген ердің бол шәкірті, білмегенді қыл шәкірт, Үйренуге қылма намыс, үйретуге болма кер, - деген жолдарында ғылым мен білім, адамдық пен азаматтыққа жеткізетін бірден-бір құрал екенін айтып, шәкірттік пен ұстаздық арасын айшықтап көрсетеді. Шәкәрімнің оқу-білімге, өнерге, еңбекке, биік гуманизм, адамгершілік идеясына көзқарасы үнемі Абаймен үндес келіп отырады. Шәкәрім поэзия-ының биік тұғыры-гуманизм, туған халқына деген махаббат,жан мен тән тазалығы. Шәкәрім еңбек тәрбиесіне ерекше мән бере келіп, өз шығармаларында еңбекті адам бойындағы қасиеттердің ең керектісі деп түсінеді. Еңбектің тек жеке адам өмірінде ғана емес, бүкіл адамзат дамуындағы тарихи маңызына көз жеткізе білді.
Ғұламаның жеке басына тән ерекше қасиетін көрсететін терең философиялық еңбегі-«Үш анық».Өзінің рухани ұстаздары Шоқан, Абай,Ыбырайға қарағанда грек, европа философиясының тарихын тереңірек біліп, оған баға беріп, өзіндік ой қорытты.
Философиялық лирикалары мен «Үш анық» трактатында Шәкәрім ұждан мәселе-сіне төтенше мән беріп қарайтыны бар. « Ынсап, әділет, мейірім үшеуі ұждан ұғымын құрайды. Өйткені «Ұждан – жанның тілегі. Неге десеңіз, жан – тіпті жоғалмайтын, бұзылмайтын нәрсе, барған сайын жоғарылай береді. Мәселен, таза дене, таза толық мінез, ой, істер керек қылады. Соның қатты бір керегі – совесть – Ұждан. Оны осы өмір үшін керек қылмайды, соңғы өмір үшін де керек қылады» (Үш анық. 30 б.). Яғни, Ұждан екі өмір үшін де қажет екен. Өлерін білген екі адамның біреуі жанның жоғалмайтынын, бұдан да таза болып жоғарылайтынына сенсе, үлкен үмітке қол артып, қуаныш сезіміне бөленеді. Ал, өлген соң жан жоғалады деген өкініште болып, үмітсіздік дариясының барсакелмес қайығына мінеді. Осын-дай нанымдағы пенделерге қарап Шәкәрім:Жоқ, шырағым, жанымыз жоғалмайды,Екі өмірдің азығы – осы Ұждан Шын нану – ақылымен қабыл-дауы, Қалады зұлымдықтан сөйткенде адам, ––деп Ұжданның адам үшін екі өмірде де рухани азығы: ынсап, әділет, мейірім сияқты ақыл адами қасиетті әрбір саналы адам жастайынан бойына ұялату жолында болуын ескертеді. Өйткені «Ар түзер адамның адамдық санасын» деп, Ұждан ұғымына зор мән бере қарағандықтан:Шын таза жан тазалықпен Тәңірісіне барады ол.Мейірім, ынсап, әділеттен Ағызам деп нұр бұлақ! ––деп, тұщымды жауап береді. Шәкәрім– адамның уақытша өмір жолында құлшынып әрекет ететін мақсаты ар ғылымы жолында табанды түрде еңбектенуін айтады. Сондықтан үжданды пенденің мұрат-мақсаты қайда жатқанын, арман-мақсатының темірқазықтай адас-тырмас бағытын үлкен сеніммен бағыт-бағдар бере жөн сілтейтінін көреміз.«Ар ғылымы оқылса», – деп армандаған ойлы ақынның келер ұрпаққа нұсқаған адамшылық жолы – әр адамның жан тілегіне айналған Ұжданды (әділет, ынсап, мейірім) тұла бойына ұялату болғандықтан: «…ұждан, совесть, жан екі өмірге бірдей керек таяныш екеніне нана алмаған кісінің жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір жол, заң тазарта алмайды. Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен Ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірде де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол – осы мұсылман жолы сияқты» (Үш анық, 34 бет), – деп осы жолды бүкіл өмір бойғы ізденісінен туған аса зор мән-мағынаға толы ой-қорытындысын ұсынады.[1.М.Мызахметұлы] Бұл – біздер үшін рухани шамшырақ! Шәкерім өте білімді адам.,дана адам, дарынды адам.Мұндай терең педагогикалық-философиялық түйінді тұжырым жасау нағыз данышпандық.Сондықтанда, Шәкерім ғұламаны иманипедагоги-каның данышпаны атаған жөн болады.
Шәкерім философия тарихында маңызды екі бағыт, екі түрлі дүниетанымдық ұстаным бар екенін дұрыс түсінген. «Тіршілік туралы адам арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі түрлі жол бар.Бірі, дене өлсе де жан жоғалмайды, өлгеннен соң да бұл тіршілікке тіпті, ұқсайматын бір түрлі өмір бар.Сондықтан жалғыз ғана дүние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы өмірде жақсы болудың қамын қылу керек дейді. Мұны ақырет - өлгеннен соңғы өмір жолы дейді. Енді бірі, бұл әлемдегі барлық нәрсенің бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп жаратқан иесі жоқ, һәм өлген соң тірілетін жан жоқ дейді» – деп жазды Шәкәрім «Үш анықта». Ғалым идеализм, материализм демесе де соларды анықтап отырғаны түсінікті.Осы екі ұстанымды түсіндіре отырып, ақыр аяғында Шәкәрім өзінідік концепция ұсынады.Оның пікірінше, бірінші ақиқатты жаратушы мен жанның мәңгілігін мойындайтын сенім, яғни діни ақиқат құрайды.Екінші ақиқат-сезімдік қабылдау-лар мен рационалдық ойлауға сүйенетін ғылыми ақиқат.Үшінші ақиқат-бұл жан ақиқаты,оның субстанциалдық негізі-ұждан.
Адам жақсы өмір сүру үшін таза еңбекке, ұждан ақылға, шын жүрекке сүйенуі тиіс.Осы негізде ғалым тәрбиелеу ар-ождан ілімін ұсынған. Осы ілімді Туран топырағында туған тәрбиелеу теориясы деп танып оны-иманипедагогика деп жүрміз.Бұл теория тіптен түріктік дәуір-ден негізі қаланып, ортағасырлық шығыс ғұламаларының тәрбие-леу ілімдерімен ұштасып,алаш дәуірінде ерекше дамып,бүгінге жеткен іргелі ғылыми сана,білім қоры саналуда. «Сонымен, ар дегеніміз не? Қазіргі заманғы адамгершілік туралы түсінікті этика деп атайды. Немесе, мораль. Осы екеуі адамгершілік деген ұғымға сәйкес келеді. Бірақ Абайда да, Шәкәрімде де адамгершілік деген сөз жоқ, Абай оны адамшылық дейді, Шәкәрім - адамшылық, ар дейді. Адамшылыққа қатысты білімді Шәкәрім «ар білімі» дейді. «Ар білімі» деген тіркес, түсінік - Шәкәрімнің жаңалығы. Ғарифолла Есім айтады: «Ар білімі» ұғымының ауқымы кең. Ар білімі адамның адамшылығының кемелденген кезінде қалыптаса ма деймін. Менің түсінігімше, ар ниет арқылы көрініс береді. Әдетте, адамдарды ақ ниетті, қара ниетті деп бөліп жатамыз. Қара ниетті адамда ар бола ма? Керісінше, арсыздық солардан шығады. Ақ ниетті адамдардың әр ісінде ізгілік жатады. Арлы адамдар - солар. Адамға бас иіп, құрмет білдіру де соларға тән. Ар білімі болса - арлылықты да, арсыздықты да зерттеуі керек» дейді.Сонымен ар білімі деген - ар туралы біздің біліміміз. Яғни білуге тиісті, білуге міндетті нәрселер. Ғарифолла Есім осыны айта келіп Шәкәрімнің «ар білімін» өзінше талдай келе оны «ар жүйесі» деп атайды. Оны төмендегіше негіз-дейді: «Адамзат жаратылғалы алдымен заттық табиғатқа ие болған, яғни басқы мақсат - ішіп, жеу, қарынды тойындыру. Мұны философ ғалым бірінші жүйе - тән жүйесі деген. Екінші болып жан жүйесі айтылады. Үшіншісі - адамның санасы. Төртінші - нәпсі жүйесі, ол тек ішіп-жеу емес, артына ұрпақ қалдыру ниеті. Бесінші - көңіл жүйесі, яғни көңіл азығын іздеу. Алтыншы жүйе - рух жүйесі, яғни адамның рухани мәдениеті. Жетінші жүйе - ар жүйесі, ол Жаратушыға барар соңғы баспал-дақ».[ 2.Мырзакелді Кемал.Шәкерімнің ар ілімі ]Осындағы соңғы төрт жүйені қалай жетілдіріп,дамытуға болатындығын және оны жас ұрпақ (жасамыстарға, ересектерге,) қалай игертуге болатындығын тұжырымдап,зерделейтін педагогика саласын иманипедагогика деп жүрміз.Алайда,ол,ұлы даланың біреуінің ғана педагогикалық тәрбиелеу іліміне ғана қатысты емес барлығына ортақ ғылыми саналы бі лім жиынтығы. Ғылым дегенде біз діннің де ар ілімін қалыптастыруда өзіндік орны бар деп санаймыз. «Дін дегеніміз - ғылым мен білімнің анасы» деген Шәкәрім ақылман. Демек Шәкәрім дін мен ғылым-білімді біртұтас дүние, бірге дамуы тиіс ілім деп қарастырған.Дін жолы - иман жолы, имандылық жолы. Дінсіз адамның арды аттауы, қиянатқа баруы оңай. Өйткені ол дінсіздіктің нәтижесінде құдайдан қорқу сезімінен ада. Шәкәрім мұның мағын-асын терең түсінген ғұлама. Сондықтан да өз өлеңдерінде:
« Кім де болса шын мінез, Болмас онда екі сөз. Өлтірсе де көзбе–көз Иманын сатып алмас бөз,–дегендегі иман. Имандылық деген бір ғана сөздің бойына ұят, ар, ынсап, қанағат сықылды бүкіл жақсы қасиеттер түгел сыйып тұр. "Қиянаты бардың иманы жоқ", - деп жазып кеткен.Шәкәрімнің педагогикасын –иманипедагогика деп атауымыз осы дәлелдерге негізделген.
Абайдың ізбасар інісі, қазақтың кәсіби философы, ислам ілімі мен мәдениетінің терең білгірі діни философ Шәкәрім Құдайбер-діұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 жылы шілденің 11-де дүниеге келген. Әкесі өмірден өткен соң Шәкерім Құнанбай тәрбиесінде болады. Ұлттың дәстүр-өнегесін көріп өседі.Шәкерім Абайдың ақыл-кеңесін тыңдап,жас кезінен өз бетінше ізденген. Бірнеше тілді (араб, түрік, парсы, орыс) еркін меңгерген. 1905-1906 жылдары Меккеге барып, мұсылмандық жолды мұрат еткен. Стамбул кітапханасында болып, ежелгі әдеби, тарихи мұраларға назар аударған.Шәкерім пәлсапалық өлең-поэмаларымен елге танымал болған.Ол өлеңді өнер деп танып, оған биік талап,талғаммен қараған.«Арман», «Жастарға», «Қазақ айнасы» және т.б. өлеңдерінде, «Қалкаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ пен Айсұлу» поэмаларында, «Бәйшешек бақшасы», «Өзімшілдік» сынды прозалық туындыларында
адамның өмірі мен еңбегі, тағдыры, талап-тілектері терең танылады. "Ақылды сол-нысап пен ар сақтайды,Арсыз сол - арамдықпен жан сақтай-ды. Адал сол - таза еңбекпен күнін көріп,Жаны үшін адамшылық ар сатпайды" немесе "Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан,Анық төмен болмай ма хайуаннан.Ынсап, рахым, ар, ұят табылмаса,Өлген артық дүниені былғағаннан", - деген шумақтар Шәкәрімнің ар ғылымына айшықтап тұр.Шәкәрім ар түзейтін ғылым жағында. Ол «ар білімін» жақтайды. Соның аты озғанын қалайды. Оның «Таза ақыл», «ақ жүрек» дегені жай бір қысыр кеңес емес, адамгершілік философиясынан тарайды. Ізгілік, әділеттілік бар істе басты болуға керек. «Мылтық билеп тұрғанда, әділет жоқ» деген құнарлы пікірге келеді. «Жиырмасыншы ғасырдың адамынан, Анық таза бір елді көрмей өттім» дейтіні де сондықтан. «... Алла сүймек, ар сүймек,Ұқтырар адамдықтың шын екенін. ... Ар түзейтін бір ғылым табылмаса,Зұлымдықты жалғанда әділ жеңбес. ... Жайнар көңіл, қайнар өмір,Ар білімі оқылса.»[2.бұл да,сонда]Ұлы Даланың Ұлық Ұстаздарының ар ілімін, адамшылық, кісілік ,ізгілік, кемелдік ілімдерін жинақтап өз шама-шарқымызға сай зерделеп,даналар ұрпағына ұсындық та.Оқып жатқандар бар сияқты.« ... Әділет, мейірім, ар мен нысап,Аты бар, олар елде жоқ.»- болып тұрған бүгінгі таңда: «...Адамдық борыш ар үшін, Барша адамзат қамы үшін,Серт бергем еңбек етем деп,Алдағы атар таң үшін.»-деген ата сөзін медеу етіп тырбыңдаған тірлік қой.
Шәкәрімнің дүниетанымының негізгі ерекшелігі дін және руханилық мәселесін қарастыру мен өзіндік рухани-құндылықтық категориялардың жүйесін ұсыну болды.
Қазақ дінінің |менталдығының| тірегі, ұлттын рухани болмысының маңыздысы-имандылық.Имандылық концепті- тілімізде көптеген ұғымдарды біріктіретін, жинақтайтын жалпы түсінік. Ар, ождан, ұят, шын, шындық , намыс, жүрек, жан, тазалық, әділет, мейрім – имандылық концептісінің тірек ұғымдары.
«
Шыннан асқан Құдай жоқ,Анық Құдай – Шын Құдай,Ұқпай қалма алаң боп,Шын болмаса , кім Құдай? Бұрын шын бар, бүгін шын, Ертен шын бар-үш бөлек. Керегі жоқ бұлардың , Бұзылмайтын шын керек,- Шын Алланы мадақ етіп, Шынға ғашық болған ақын бұл пәнидін қызығына көнілі толқитындардың Шыннан алыс екенін де нақты ескертеді. Ойшылдың рухани ізденістері бүгінгі күннің талаптары тұрғысынан қарасаң да құндылығы мол рухани мұра. Ол адамдар бойындағы имандылық, діни-рухани тазалық мәселелерін қарастыра отырып, бірқатар ұсыныстары мен тұжырымдарын ұсынған.Менің түсінігімде Шәкерім фило-софиясы-имандылық филасофиясы. Философиямен педагогика мән-дес ғылымдар.Олай болса Шәкерім педагогикасы-иманипед-агогика. Осыған бағыттап, бірер дәлел айталық.Рухани ұстазы Абай және замандастары сияқты Шәкәрім шығармаларында толығымен адам мен қоғамдық дамудың жолын іздестіріп, ол діннің ақ жолын қоғамдық дамудың рухани негізі ретінде ұсынып, әрбір адамның өмірлік құндылықтық бағдарын айқындауда имандылық пен білімге сүйену, адалдық, адамгершілік заңдарын басшылыққа алу керектігін тұжырымдаған шығармаларының берері мол, рухани туындылар.Шәкәрімнің «Үш анық» еңбегі үш ақиқат: сенім ақиқаты, ғылым ақиқаты мен ар-ұжданды көрсетіп, адам үшін маңызды сұрақтарды көтеріп, оған өзінше жауап қатып, адамның рухани дамуының жолдарын тереңінен көрсеткен. Шәкәрім өлеңдерінің тұнығы-рухани тәрбие. Шәкәрімше, жер мен аспан, табиғат құбылыстарын бәрін бірдей көзбен көріп, қолмен ұстау мүмкін емес:«Радийді бұрын біліп пе ең? Электр ұстап көріп пе ең? Бәрін де жатқан таза ақыл. Аспанда ұшып жүріппе ең?Көрінбес зат бірталай. Оларды танып білетін бір-ақ нәрсе таза ақыл.» Таза ақылдың арқасында адам абстрактіні меңгерді, жақсыны жаманнан, сұлулықты ұқыпсыздықтан, пайдалыны зияннан ажыратады. Өйткені Шәкәрімнің түсінігінде адамның жануардан айырма-шылығы таза ақылы мен жанында. Дін айтты: «Маған нан»,-дейді,Адасқан дінді пән дейді. Мағынасын анық біле алмай,Рух деген сөзді жан дейді, Осыдан жаман әуре жоқ.Рух деген-мінсіз таза ақыл, Мінсіздің ісі шын мақұл.Айуандағы ақыл ол емес,Аз ғана сөзім –аз тақыл, Құраныңды оқы нанбасаң»
Шәкәрімнің «Үш анық» атты еңбегі ұждан мәселесін талдауға арналған.
Адам үшін екі дүниенің бақыты жақсылық пен ізгілікті ұстану екендігі туралы: «Екі өмірге де керекті іс – ұждан, ұждан дегеніміз ынсап, әділет, мейірім» – деп исламның мейірімділік пен әділеттлікті, сабырлылық пен қанағатшылдықты атап көрсетеді. Бұл ислам ілімі мен әдептілік қалпын терең білген ғалымның сөзі. Осы еңбегінде ойшыл: «Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірде де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол – мұсылман жолы» деген сөзінен ислам дінінің жалпы адамзатқа тән құндылықтарды ұстанатын дін екендігін және адамдарды бауырластыққа шақыратын айқын жол екендігін көрсе-теді.Ұждан –ислам ілімінің негізгі ұғымдарының бірі. Шәкәрім ислам ғұламасы ретінде имандылықты, көркем мінезділікті, діндарлықты өз еңбектерінде насихаттаған. Бұл сөзімізге дәлел оның «Мұсылмандық шарты» еңбегі. Бұл еңбегінде: «Иман деген Аллаһ Тағаланың барлығына, бірлігіне, Онан басқа Аллаһ жоқтығына, Құран сөзінің бәрінің шындығына анық ықыласпенен нанбақ» деп Аллаһқа иман келтіру яғни таухид ұғымынан бастайды. Ойшылдың бұл еңбекті жазудағы мақсаты халқына иман негіздерін, шарттарын жеткізуді ойлаған ұмтылысы деп білеміз. Ел-жұртының исламды дұрыс түсініп және дұрыс бағыт алуын мұрат тұтқан Шәкәрім бұл еңбекті ана тілі-мізде жаза отырып, ұлт дүниетанымына сай дін құндылықтарын түсіндіре білген.Шәкәрім өз уақытында,пікір алысып,ой жарыстырған әйгілі алты сұрағында,иманипедагогиканың тәрбиелеу қағидалары толық қамтылған.Олар: «Алланың адамды жаратқандығы мақсаты не? Адамға тіршілік ең керегі не үшін? Адамға өлген соң мейлі не жөнімен болсын рахат-бейнет бар ма? Ең жақсы адам неғылған кісі? Заман өткен сайын адамдардың адамшылығы түзеліп бара ма, бұзылып бара жатыр ма? Бұл сұрақ ойшылдың замандастары үшін де, бүгінгі уақыт үшін де өзекті. Өйткені, діннің өркениеттік және құндылықтық негіздерін түсіну әрқашан да маңызды. Жаратушы адамды өзін танып, иман етсін, ғибадат құлшылығын жасасын және бірін-бірі танып білсін деген.Адам өмірі Жаратушының берген сыйы және аманаты болғандықтан пенде өзінің рухани жан дүниесін байытып, парыздарын орындап, ахлаған жетілдіруі тиіс. Ислам дінінде бұл дүниеден екінші дүниенің бар екендігіне сену иман шарты болып саналады. Хадисте: «Бұл дүние – ақыреттің егінжайы» деген. Мұсылмандықта өткінші, сынақ дүниесіндегі пенденің әрбір жасаған ісі таразыға салынатындығы айтылады. Жақсы адам бұл ізетті, қарапайым, ар-ұятты бойына жинаған, иман жүзді, салихалы, сабырлы, ибалы адам. Жақсы адам бойында ұлттық және адамзаттық құндылықтар үйлесімді орнығады. Адам баласы жан мен тәннен тұрғандықтан жан мен тән құмарлықтарын қанағаттандыруға ұмтылады. Парасатты, иман жүзді адам нәпсісін тежеп, өзінің адами қасиетін ардақтап ұстайды. Имандылықты ұстанып, обал мен сауапты білу, халал мен харамды ажырату адамзат қоғамы үшін әрқашан да басты ұғым болып қала беру керек.Шәкәрім – өз ұлтын бар болмысымен сүйген ұлтжанды, өршіл ойшыл. Ол елінің болашағын, халықтың иманын ойлап, тұңғыиық терең рухани мұра қалдырған.Ойшыл өзінің «Шошыма, ойым, шошыма» атты өлеңінде былай пайымдайды: «Шошыма, ойым, шошыма,Келмейді жындар қасыма.Таһараты жоқ сайтан,Жоламас менің қасыма.Қажыма, ойым, қажыма,Қарама тозған жасыма.Адаспасаң ақ жолдан,Қонады бақыт басыңа.Билет бәрін сабырға,Кірме ажалсыз қабырға.Сырласатын күн туар,Жан қияр жақын тамырға!.»Бұл өлең жолдарында имандылық пен тән және жан тазалығының адам өміріндегі маңыздылығын айқындай келе, дені таза, жаны пәк, иманды жаннан қандай жағдайда да Алланың нұры жауып, бақытқа кенелетіндігіне сенімін білдірді. Осы жолдарда діндегі адамның өз ажалымен бақилық болу мен өзіне қол жұмсау мәселесін көтеріп, адам өмірінде қиындыққа ұшырасқанда барлығын сабырға жеңдіріп, ақ жолдан таймаған жағдайда ғана бақыттың төрі алыс емес екендігін көрсетеді. Өзі жасынан ислами құндылықтарды бойына сіңіріп, имандылықтың, сабырлықтың, адалдықтың мәні мен маңызын діни тұрғыдан терең түсінген ойшыл, адамдарды имандылыққа, жақсылыққа, сабырлыққа, білім мен ғылым білуге шақырды.

1.М.Мырзахметұлы: ар түзейтін бір ғылым табылмаса adebiportal.kz› 13667
2.Мырзагелді Кемел. Шәкәрімнің ар ілімі abai.kz›post/10629
3.Шəкəрім Құдайбердіұлының даналық дүниетанымы articlekz. com› kk15672
4.Шəкəрім. Энциклопедия / Бас ред. Е.Б.Сыдықов. — Семей: ЖШС, 2008. — 826-б. 5.Құдайбердіұлы Шөкәрім. «Үш анық». Алматы, 1991
6.Шөкәрім. «Жазушы» баспасы. Алматы. 1988.

7. Иманипедагогика Қарағанды 2019. ISBN 978-601-7950-51-4
8.Имандылыққа баулу қазақ ілімі Ұланбатыр 2017









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
357
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі