ЛИДЕРЛІК ЖӘНЕ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС: ҚАЗІРГІ БАСШЫНЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 90 жылдық тарихы бар, еліміздің жоғары білім беру жүйесінде айрықша орны бар білім мен ғылым ордасы. Университет қабырғасынан ұлттық ғылымның дамуына үлес қосқан танымал тұлғалар, білікті мамандар мен көшбасшылар түлеп ұшты. Қазіргі жаһандану жағдайында бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, кәсіби және адами құндылықтарды бойына сіңірген мамандар даярлау – университеттің стратегиялық мақсаты. Осы бағытта магистранттарды кәсіби тұрғыда шыңдайтын маңызды пәндердің бірі – «Басқару психологиясы». Пәнді психология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Жұбаназарова Назираш Сүлейменқызы жүргізеді. Оқу барысында біз басқарудың психологиялық механизмдерімен, көшбасшылықтың теориялық негіздерімен және тұлғаралық қарым-қатынас ерекшеліктерімен танысамыз. Шетелдік және қазақстандық зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып, қазіргі менеджменттің психологиялық аспектілерін талдаймыз. Сабақтарда практикалық жағдаяттар қарастырылып, әртүрлі басқару стилдерінің тиімділігі тәжірибелік мысалдар арқылы түсіндіріледі.
Бүгінгі организациялық ортада лидерлік пен тұлғаралық коммуникация ерекше маңызға ие. Көшбасшылық – жай ғана басқару емес, бұл адамдарды шабыттандыру, ортақ мақсатқа біріктіру және сенімді қарым-қатынас орнату қабілеті. Нағыз көшбасшы ұжымды бағыттап қана қоймай, оның әрбір мүшесінің әлеуетін ашады. Осы тұрғыда тұлғаралық қарым-қатынастың рөлі зор: жетекші командамен ашық диалог жүргізе алғанда, әр қызметкер өзін бағалы сезінеді, оған сенім артады және ортақ іске жауапкершілікпен қарайды. Қазіргі еңбек нарығында басшылық қызмет тек міндет бөлісу мен бақылаудан тұрмайды. Шынайы көшбасшылық – адамның жүрегіне жол табу қабілеті. Лидер ұжымды біріктіріп, ортақ мақсатқа жұмылдырады, рух береді, сенім мен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады. Тұлғааралық қарым-қатынасты тиімді орнату – нағыз басшының басты құзыреттерінің бірі. Өйткені ұжым ішінде кез келген стратегия, жоспар немесе идея адамдар арқылы жүзеге асады.
Лидерлік қабілеті жоғары басшы – тыңдай білетін, қолдау көрсететін, әділ шешім қабылдайтын тұлға. Эмпатия, белсенді тыңдау, конструктивті кері байланыс беру, пікір алмасу мәдениеті – бүгінгі басшыға қажетті әмбебап дағдылар. Тиімді коммуникациясыз басқару мүмкін емес, себебі ұйымдағы кез келген шешім адамдар арқылы жүзеге асады. Демек, адаммен тіл табысу, олардың көзқарасын түсіну, мотивациялау және сенім орнату – табыстың кілті. Бүгінгі менеджерден кәсіби біліммен қатар, эмоционалдық интеллект, эмпатия, белсенді тыңдау, конфликтіні басқару, ынталандыру қабілеті талап етіледі. Басшы ұжым мүшелерінің психологиялық ерекшелігін, темпераментін, мотивациясын ескере алғанда ғана ұзақмерзімді нәтижеге жетеді. Әділдік, ашықтық, күнделікті жұмыс барысында сыйластыққа негізделген коммуникация қалыптастыру – ұйымда сенімнің негізгі тетігі. Сабақ барысында біз тұлғаралық қатынас стратегияларын, конфликтіні шешу әдістерін, эмоциялық интеллектіні дамыту тәсілдерін меңгере отырып, болашақта еңбек ұжымында көшбасшылықты дұрыс қолдану жолдарын қарастырамыз. Әсіресе, ұжымдағы психологиялық ахуалды сақтай отырып, жоғары нәтижеге жету басқарушының басты миссиясы екенін түсіндік.
Қорыта айтқанда, заманауи басшыдан кәсіби біліммен қатар эмоционалды тұрақтылық, ашық коммуникация, жауапкершілік пен адами құндылықтар талап етіледі. «Басқару психологиясы» пәні бізге тиімді лидер болу үшін қажет психологиялық құралдарды меңгеруге мүмкіндік береді. Бұл білімдер болашақ кәсіби ортада бәсекеге қабілетті болуға, ұжымдық жұмысты дұрыс ұйымдастыруға және жауапты шешім қабылдауға жол ашады.
Жұбаназарова Н. С.,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
психология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а.,
Есекеш А. Т.,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
филология факультетінің 1-курс магистранты
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Имидж мақала

шағым қалдыра аласыз