Материалдар / Имидж туралы түсінік
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Имидж туралы түсінік

Материал туралы қысқаша түсінік
Имидж - тұлғаның өзін - өзі әрекеттеуімен ерекшеленеді. Ол, оқытушыға өткен кезеңдегі жоғары статусты қайтып алуына көмектеседі.
Авторы:
05 Мамыр 2024
41
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Имидж туралы түсінік

Біз Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің “Бизнес және экономика жоғары мектеп “факультетінің бірінші курс студентіміз.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті–Қазақстандағы ең беделді оқу орнындарының бірі, әлемдегі 800 ең үздік университеттер арасында 207 орынға ие жоғары беделді оқу орны. Университет 180 сала бойынша мамандар даярлайды. 1934 жылы іргесі қаланған сәттен бастап, осы күнге дейін тек жоғары деңгейді көрсетуде.

Білім ордасының әлемнің екінші ұстазы, шығыс философы, 150-ге жуық сан-түрлі салада еңбек жазған Әбу Насыр Әл-Фарабидің есімімен аталуы–университет үшін үлкен мәртебе. Әл-Фараби тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген.

 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – адамгершіліктің мың жылдық дәні егілген, жастық шақтың мәңгілік мекені, білімге сусындаған бақытты  кезеңіміздің  самал лебі есіп тұрған университетім ғой бұл менің. Және де шаттығыма шаң жұқтырмай, көкірегімді оятып жүрген ҚазҰУ оқытушыларына дән ризамын.

 

Біз қазіргі таңда экономика бағытында ғана емес әлеуметтану,психология, саясаттану,мәдениеттану пәндерінде өтіп,танысып жатырмыз. Жалпы имидж деген сөзді қалай түсінеміз.Имидж арнайы жасалған келбет. Яғни, адам өзі қалдырғысы келетін әсер туралы ойлануы, сол орайда жұмыстануы керек. Имидж әсер етудің ең маңызды құралдарының бірі. Имидж - тұлғаның өзін - өзі әрекеттеуімен ерекшеленеді. Ол, оқытушыға өткен кезеңдегі жоғары статусты қайтып алуына көмектеседі. Имидж адамды танымдылық пен бағалық қатынастар ретінде қызметтеледі. Адамның бүтін келбетін сипаттайтын сыртқы және ішкі аспектілерді атап кету қажет. Сыртқы аспект көптеген элементтерден құралады, аяқ киіммен бастап бас киімге дейін. Ол, адамның бет - әлпеті, киімі, жүріс - тұрысы, мінез – құлқы, дауысы. Осы тұста стилистің, визажистің көмектері қажет. Имидждің ішкі аспектісі-ерекше маңызға ие, оның менталитеті, зерделілігі, қызығушылықтары, талаптары, мән -мазмұны шеберлігі. Ежелгі Қытай ойшылы Конфуцийдің айтуынша, адам аяғынан басына дейін өлшенбейді, басынан көкке дейін. Осы ерекшеліктерді тартымды образды құру процесінде есепке алу қажет. Сонымен қатар, адамның энерго ақпараттық өрісі бар, оның құрылымы мен әрекеттесуі зерттеледі. Приборлардың көмегімен зерттеу жұмыстарының нәтижелері сыртқы шарттардың, жағдайлардың түрлі өзгерулеріне байланысты адамның энергетикалық өрісінің өзгеруі көрсетілген, жеке тұлғалық ерекшеліктердің адамдар арасындағы әсер ету күштері мен шамалары өлшенеді. Имиджге жұмыс барысында қоршаған ортамен сөзсіз позитивті бағаланатын құндылық ерекшеліктері таңдап алынды. В.М.Шепельдің айтуынша адамның имиджі оның бойындағы өткен тәжірибелерден жинақтала отырып, күрделі жүйелі білімі болып табылады. Ол бүтін сипаттамаға иеленіп барлық қырлары келісілген. Имиджді құрудың қазіргі заманғы ғылымы жекелей имидждің мына төмендегідей түрлерін бөліп қарастырады:

Әлеуметтік шындықты өзгертуге бағытталған ақпараттық қоғамның табиғаты өзгеруде, оның адамға деген талаптары және адамның қоғамға деген талаптары жоғарылауда. Өкінішке орай, депутаттарды сайлау имидж мамандарының қолына жиі түсуде. Елдің бірқатар, аймақтарында стеротипті манипуляциялау, жасанды имидж қоғамның сұранысына жауап бере алмай жатады. Имиджді құрушы имиджмейкерге оның кәсіби шеберліктеріне үкіметтің имиджі, өнеркәсіп ұжымының имиджді, жекелей тұлғаның имиджіне байланысты. Үкіметтің имиджі елді тиімді басқаруға көмектеседі. Педагогикалық ұжымның имиджі жекелей тиімді білім алуға көмектеседі. Жекелей тұлғаның имиджіне ұжымның имиджі байқалады. Тұлғалардың шетелдерге саяхаттану, жұмыстар атқару, қызметтелу барысында сөзсіз жайлы ұғым, пайда болады.

Өткен уақыттарда да және қазіргі кездерде де  дөрекі адамдар сүйкімділік сиқырына ие бола алмаған. Сүйікмділіктің өзі – бұл адамдардың руханилық сенімділігіне кіретін, жеке адамның  визуалды тартымдылығы. Сонымен бірге нашар талғамға ие болушылар  сүйкімділікті  есепке де алмайды.  Имидждің  ауысуы ереже  бойынша спонтанды өтетін, сыртқы  күштердің әсерінен, нервтік олқылық болмаса жүреді. 

         Көпшілік адамдарда имидж – сонда да алтыншы сезім екені рас. Былай алып қарасаң бар сияқты,  бір жағынан жоқ сияқты . Мұндай  имидж тұқым қуалайтын сипасынан, жағдайынан, қоршаған  ортасында стихиялы түрде құрылады.  Ол бірте – бірте өзінің иесіне   байқаусыз түрде жұмыс істей бастайды. 

Біздің  әрқайсысымыз белгілі бір бейнені жасаймыз. Бұл имидж – адам туралы  қалыптасқан ұғым – түсінік. Олардың  сыртқы  бейнесінен, әдетінен, сөйлеу мәнерінен, ұлттық және  өзіндік санасынан,  ұлттық менталитетінен іс әрекетінен, мінез –құлқынан жасалған оны қоршаған  әлеуметтік  ортаның ой-пікірінен  құралады.




 

 

 

 

 

                                                                     Тленчиева Н.С.

                                                  Педагогика ғалымдарының кандидаты.

                                              Жусупекова Ә.Ж.

                             Клиникалық психология мамандығының 1 курс магистранты.

        Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.

   

                                                 Төлеген Әмина

                              Менеджмент кафедрасы 1 курс студенті.

         Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық

университеті

 


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!