Имиджік мақала-Әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану мамандығы-қоғам сұранысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Имиджік мақала-Әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану мамандығы-қоғам сұранысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану мамандығының артықшылығы мен маңыздылығы,қызметі жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану мамандығы-қоғам сұранысы


Бала шақтан болашаққа қадам басу-адам өміріндегі ең жауапты кезең.Болашаққа апарар жол мамандық таңдаудан басталады.Үлкен өмірге бағыт алғанда аяқты аңдап басып,ойланып шешім қабылдаған абзал.Мен төрт жыл бұрын ғылым жолын таңдап,Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне «әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»мамандығына оқуға түсемін деп шештім.Талай оқушылар арман еткен жоғары оқу орнында грантта оқу мүмкіндігіне ие болып,қазіргі уақытта білім алып жатқаныма шексіз бақыттымын.Бұл жоғары оқу орны оқу-ғылым жұмысындағы көп жылдық тәжірибеге бай.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Қазақстан университеттерінің жалпы рейтингінің көшбасшысы.Менің таңдауым «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзу тану» мамандығы бойынша Философия және саясаттану факультетінде болды. Бұл факультетте гуманитарлық ғылымдарды оқыту саласында көп жылдық тәжірибесі бар жоғары кәсіби оқытушылар сабақ береді.Мен бұл мамандықты өзімнің жеке қалауыма, осы мамандықтың маңыздылығына және ата-анамның кеңесіне қарап таңдадым.Әлеуметтік педагог – ерекше мамандық.Әлеуметтік педагог – мәселенің алдын алатын, оның туындау себептерін анықтап, жойып, адамдардың мінез-құлқындағы, қарым-қатынасындағы барлық жағымсыз құбылыстардың,ауытқулардың алғашқы алдын алуды қамтамасыз ететін маман.Әлеуметтік педагог – қолайлы, қауіпсіз,салауатты микроортаны құруға бағытталған бастамаларын қолдап, дамыта отырып, мүмкіндігінше көп адамдарды қамтуға ұмтылатын белсенді қоғам қайраткері. Әлеуметтік педагог мамандығы маңызды және өзекті,себебі бұл маман балаларға өмірде өз орнын,өз жолын табуға көмектеседі.Әлеуметтік педагог жұмысының биік мақсаты – «қиын» балалардың қоғамның толыққанды мүшесі болуына көмектесу.Әлеуметтік педагогтың негізгі мақсаты:оқушыларды әлеуметтік қорғау,оларды дамыту,рухани бай,ішкі жан дүниесі еркін, адамгершілікке лайықты өмір құра алатын,бақытты және адамдарды бақытқа жеткізе алатын адамгершілігі мол тұлға тәрбиелеу. Оқушыларды және өз ісімді сүю,өткен және бүгінмен тұрақты диалог жүргізу, балаларды еркіндік пен шығармашылық рухта тәрбиелеу,білім алушыларды ұлы мәдениетімізді сақтау үшін жауапкершілікке дағдыландыру,өз шәкірттерін түсіну және оларға түсінікті болу – бұл менің педагогикалық философиям. Неліктен мен болашақ мамандығымды жақсы көремін?Әр күннің бірегейлігі мен болжауға болмайтындығы үшін,ол маған балалық шақ әлемімен күн сайын араласуға мүмкіндік беретіні үшін,менің мамандығым қажет болған және қажет болатыны үшін.Әлеуметтік педагог – маман, мектептегі жағдай мен ауа-райының барометрі,баланы да,мұғалімді де бірге алып жүретін мұғалім,мұғалім – оқушы – ата-ана арасындағы іс-әрекетті үйлестіруші.«Өзін-өзі тану» пәнінің негізгі міндеті – баршаға және әрбір адамға ортақ мейірімділік,адамгершілік,сүйіспеншілік мүмкіндіктерін ашу.Бұл бүкіл әлем өсіруге тура келетін құнарлы дәндер, сол әмбебап қабілеттер,соның арқасында адам тұлғаға айналады - сүйіспеншілік пен жанашыр,шыдамды,көпшіл және өзара түсіністік пен төзімділікке дайын,қарама-қайшы көзқарастарды және мәдени дәстүрлерді құрметтегені үшін,сондықтан бақытты өмірдің әрбір сәтінен қуаныш сезінеді.Қазақ Ұлттық Университетінен алған өмірлік сабағым,тәжірибелік сапалы білімім ұшан-теңіз.Осы оқу орнында оқи отырып өз мандығымның қыр-сырын аштым,балаларға деген сүйіспеншілігім артты,ғылымы зерттеу қабілетім дамыды.Болашақта шебер әлеуметтік педагог болуға мүмкіндік берген,әлемдік ең үздік оқу орны қатарындағы білім ордасы мен баланың жүрегіне нұр ұялата білетін әлеуметтік педагог болатынымды мақтан тұтамын.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының

4 курс студенті-Жалғасбаев Серікбол

Ғылыми жетекші:Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы философия ғылымдарының кандидаты,доцент Ашекеева Қ.Н.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.03.2022
691
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі