Материалдар / Инабатты ару байқауы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Инабатты ару байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Іс-шара өтілу барысында дайын түрінде барлық жағдай қамтылған деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Сәуір 2019
1130
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Инабатты ару!»

1-жүргізуші:  Құрметті жиналған қауым! Армысыздар, құрметті әріптестер, аяулы ата – аналар, көрікті қыздар.

Көктемнің алғашқы 8 - наурыз мерекесі құтты болсын!
                    Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
                    Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
                  Жырдан шашылсын, күй күмбірлеп,
                  Қош келдіңіз халайық, сергісін бой.

2-жүргізуші: Өмірдің иесі сен ғана ғазиз ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да, жоқ ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана -деп жырлағандай бүгінгі «Инабатты ару !» атты арулар байқауына қош келдіңіздер. «Инабатты ару !» байқауын тамашалауға келіп отырған қонақтар, құрметті ақ жаулықты аналар, әжелер, қыз-қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар  сіздерді қар астынан қылтиып бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болған, 8-наурыз  Халықаралық аналар мерекесімен  құттықтаймыз.

Тарқалмасын қызықтың шағы қызған,
Жана берсін бақ артып бағыңыздан.
Құрметпенен ұсындық сізге сөзді,
Ақтарылып көріңіз ағыңыздан,

- деп құттықтау сөз мектеп директорының м.а -------------- беріледі


1-жүргізуші: Қыз сыны, қыз өнері, қыз  әдебі,
                  Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
                Бір көргенде болмай-ақ сахнада, 
                Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі.

 
  2-жүргізуші: Сұлулық табиғаттан басталады,
Көктеммен олар бірге шаттанады.
Бәйшешектей құлпырып, гүлдей жайнаған.
Сүйкімді қыздарымызды ортаға шақырамыз.

1жүргізуші: Армысыздар, әлеумет кеш қонағы,
Бүгін бізде мереке аса мәнді.
Қуанып зер салайық, ей халайық!
Аруларды қошеметтеп қарсы алайық.
Бүгінгі байқауға қатысушы аруларымызды ортаға

шақырамыз.

1.Мінезі ашық, жарқын, жүзі жылы,
Түрінен көрінеді ішкі сыры.
Береке де келді міне өнерлі қыз
Аспаннан шашылғандай күннің нұры.


2. Жас ботаның көзіндей мөлдіреген,
Қызғалдақтай құлпырған кезі ме екен?
Ортаға шықты міне Асылай қыз
Көктемдегі бәйшешектей уілдеген.


3. Қыз баланы құрметтеген қазағым,
Аруларға ақындар жыр жазады.
Қошеметпен шақырайық ортаға,
Сайысқа келген өнерлі қыз Заринаны


4.Атына ақылы сай аруым бар,
Қарасаң қанша үзіліп қанбас құмар.
Гүлім ару көрсетші өнеріңді,
Тамашалап көңілденіп отырыңдар.

5. Алдыңызға келді міне Ақтоты қыз,
Өскенінде қуантады ел жұртын.
Сүйкімді кішіпейіл, қарапайым
Белсенділікпен білімге құштар әрдайым.

6. Қандай әсем көрікті үлбіреген,
Билейді ән әуенімен тебіренткен,
Алуа атты аруымыз шықты ортаға,
Дайындықпен сайысқа бүгін келген.


7. Ай секілді өзі де,
Сыңғыр – сыңғыр сөзі де.
Анеля деген арудың,
Әдемі ғой көзі де.

8.Үздік оқып сабағын,
Бәрімізге жағатын
Ақмарал қыз кейде қырсықса,
Түйіп алар қабағын.


9. Сабағын да меңгерген,
Жақсылықты жөн көрген,
Ата – анасы
Гүлай қызға,
Әдемі есім теңгерген.


10. Қуантады өнерімен Инабат қыз,
Қол соғып қарсы алайық оны біз
Білімің серік болсын талабыңа
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.


Жүргізуші: Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік әділ қазыларды таныстырып.


2-жүргізуші:   Шалқытып мерекеде ән салайық, 
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.


1-жүргізуші: Әділқазылар мүшесімен таныстырайық





Сайыс 6 - бөлімнен тұрады.
1. Таныстыру. Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс - тұрысы сынға түседі.

2. «Өнерлі өрге жүзеді» Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.(ән айту, би билеу, өнерлерін көрсетуге болады.)

3. «Қол өнер» “Оюлар сыр шертеді” ұлттық қол өнер үлгісінен сайыс. Өздері әкелген қағазбен ою ойып, оны қорғау.Ару қыздарымызға берілетін тапсырма «Шеберлік» деп аталады.

4. Мен кішкентай ақынмын Ақындардың өлеңін мәнерлеп айту .

5. «Қыздарға әсемдік жарасады» Сән үлгісін көрсету.

6. «Дәм - думан». Бұл бөлімде дайындап алып келген тағамды қалай жасағанын айтып қорғау.



Жүргізуші: Өнер қуып арулар өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа түскен қыздар кезектесіп,
Өздерін таныстырып өтер дейміз.


2-жүргізуші: Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.


Сайысымыздың алғашқы бөлімі «Таныстыруға» кезек берейік.


Жүргізуші: Екінші кезең « Өнерлі өрге жүзер» бөліміне ару қыздарымыз дайын болғанша ер балаларымыз аналарына арналған тақпақтарына кезек берейік.


1 - бала: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті біздің аналар!


2 - бала Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әрқашан біз ардақтап,
Әжеге бас иеміз.


3 - бала Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.


4 – бала Әлпештеген әжем қымбат
Қамқор болған анам қымбат
Бірге ойнаған досым қымбат
Қөмектескен інім қымбат
Білім берген ұстаз қымбат.


1-жүргізуші: Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреулер ән салыпты.
Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға
Арулар аянбай-ақ жан салыпты.


2.Жүргізуші: Жадырап сәуле бейне күн дидары.
Бұлбұлдай дауысыңмен ән силашы,
Күй тартып, би де биле, өлең оқы
Аруға қай өнер де жарасады

II кезең «Өнерлі өрге жүзеді» өз өнерін көрсету.

1.Ақтоты, 2.Ақмарал, 3.Гүлім, 4.Гүлай, 5.Зарина, 6. Алуа, 7. Асылай, 8. Береке, 9. Инабат, 10. Анеля.


Жүргізуші: Ару қыздарымыз дайын болғанша ер балаларымыз аналарына арналған тақпақтарына кезек берейік.


5 – бала: Анам мені Айым – дейді
Мен мұңайсам уайым жейді
Анам мені «Күнім» - дейді
Мен қуансам күлімдейді.

6 – бала: Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді
Әжем мені өйткені
Өте жақсы көреді.

7 – бала: Ана өмір мәңгілік
Жүзі нұрлы таң күліп.
Ана өмір әркімнің
Көкірегінде жанды үміт.

8 – бала: Еркелесем күлімдейтін
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің
Құлыншағым, күнім дейтін.


1.Жүргізуші: Құйылған ақ сезіммен дара шыңдай
Жүрегі арулардың ақылға бай.
«Ана көрген тон пішер» деген бабам
Шеберлігі бұл қыздардың таң қалғандай.

2-жүргізуші:   Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасатын.

ІІІ кезең. Қолөнер



Төртінші кезеңге қыздарымыз дайын болғанша «Ана» туралы әндер тыңдап алайық. Сұлтан Тахмина Ән: Анажаным


  1. Жүргізуші: Арусыңдар таудай биік талабың,

Қызысыңдар еркін өскен даланың
Ал, қанекей мүдірмеңдер бұл сында
Ақын болу қыздар үшін қиын шаруа болып па?


2.Жүргізуші: Сырлары көп ғылымның,
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің,
Керек екен бәріне – дей келе ІҮ кезең

Мен кішкентай ақынмын



Жүргізуші: Ал,халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры менен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.


Жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

-келесі сайысымыз V кезең. Сән үлгісі


Жүргізуші: Ас көңілдің ажары деген күнім

Жақсы ғой тағамның да білген сырын.

Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер

Дайындаған тағамын таныстырсын.

ҮІ кезең «Дәм - думан». Бұл бөлімде дайындап алып келген тағамды қалай жасағанын айтып қорғау.


1-жүргізуші:   Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
                Аруы деп мектептің  жүрейікші.
                Әділқазыларға тек әділдікті,
                Ал аруларға жеңістер тілейікші

«Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» демекші бүгінгі байқауымызды таразылап әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.



 1-жүргізуші:   «Қыз –ұлттың жаны» демекші, ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы , даламыздың гүлі, өміріміздің  сәні бола беріңіздер. Баршаңызды 8 наурыз мерекесімен құттықтай отырып,

Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа .
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.


2-жүргізуші:   Би билеп ән мен күйде аяқталды
Уақытта біраз жерге таяп қалды
Көктеммен қоса келген
Ару қыздар, қыз сыны байқауы және аналар

мерекесі осымен аяқталды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!