№ 13 орта мектеп (арнаулы сыныптарымен) КММ
Ашық сабақ
Пәні: химия
Пән мұғалімі: Мұрал Айжан
Талдықорған , 2020жыл
Пән: Химия
Сынып: 7-сынып
Бөлім: Химиялық реакциялар
Тақырып: Табиғи қышқылдар мен негіздер. Индикаторлар
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
7.3.4.1 – «Қышқылдық» және «сабындылық» қасиеттер кейбір табиғи қышқылдар мен сілтілердің белгілері болуы мүмкін екенін білу. 7.3.4.2 - химиялық индикаторлар метилоранж, лакмус, фенолфталеинді және олардың әртүрлі ортадағы түстерінің өзгеруін білу. 7.3.4.3 - рН шкаласы негізінде әмбебап индикаторды қолданып, сілтілер мен қышқылдарды анықтай алу. |
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар «Қышқылды» және «сабынды» заттардың табиғи қышқылдар мен сілтілер бола алатындығын сипаттайды; Әмбебап индикаторы көмегімен қышқыл мен сілтіні анықтауға болатынын түсінеді; Оқушылардың көпшілік бөлігі Әмбебап индикатор көмегімен сілтілер мен қышқылдарды, рH мәнін анықтайды; Кейбір оқушылар антацидтік заттар қышқылдармен әрекеттескенде бейтараптану реакциясы жүріп, бейтарап заттар түзілетінін біледі, басқаға түсіндіре алады. |
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білу, түсіну, қолдану, талдау. |
|
Бағалау критерийі |
- Табиғи қышқылдар мен сілтілерді және олардың қасиеттерін атайды - Әмбебап индикатор көмегімен қышқылдар мен сілтілерді тәжірибе жүзінде рH мәнін анықтайды. |
|
Тілдік мақсаттар |
Табиғи қышқылдар мен негіздердің қасиеттерін түсіндіре алады, сілтілер мен негіздерді салыстыра алады, хлорсутек қышқылының бейтараптану реакциясын сипаттай алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология антацидті заттар,бейтараптану реакциясы, рН көрсеткіші Индикатор – Indicator. Лакмус қағазы – Lacmus paper. Фенолфталеин – phenopthalein. Метилоранж – methylorange. pH орта – pH medium, ерітінді – solution, бейтарап – neutral, бейтараптану, қышқылдылық – acid, сілтілілік – alkalies pl. Диалогқа,жазылымға қажетті тіркестер Менің ойымша бұл зат қышқыл,себебі ... Сілтілер мен қышқылдарды рН шкаласы негізінде анықтау үшін ... қолданылады, себебі ... Қышқыл мен сілті арасындағы бұл реакция бейтараптану реакциясы болып табылады, себебі ... |
|
Құндылықтар |
Ортақ істің нәтижесіне жауапкершілік; жеке жұмыс – өмір бойы білім алу, өз бетімен жұмыс орындау кезінде адалдылық. |
|
Пәнаралық байланыс |
Жаратылыстану, дүниетану |
|
Алдыңғы білім |
https://bilimland.kz/kk#lesson=13831 Табиғаттану→Табиғат элеметтері. https://bilimland.kz/kk#lesson=13806 Денелер мен заттар→Сұйықтықтардың қасиеттері. |
Сабақтың барысы:
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтың жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 7 минут |
Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал туғызу. Амандасу. Балалар бүгін біздің сабақта қонақтарымыз бар. Қош келдіңіздер! Балалар сіздерге сәттілік тілей отырып, Абай атамыздың өлең шумақтарымен бастасақ: 1 минут. Ақылмен ойлап білген
сөз, ( Абай Құнанбаев) Үй тапсырмасы. Өткен тақырып бойынша тест сұрақтарына жауап береді. Kahoot бағдарламасы арқылы. 2 минут 4 минут. Топқа бірігу. Оқушылардың алдына түссіз ерітінділер құйылған сынауықтар ұсынылады. Әр оқушының қолына әмбебап индикаторы беріліп, 1 сынауықты тексеріп көру ұсынылады. Индикатор түсіне сәйкес (қызыл, көк, түссіз, таңқурай түсіне қарай) төмендегі топтарға бірігеді, әр топ өз алдындағы жемістерден дәм татып көреді. Өз ойларын айтады. Тақырыпты ашуға екінші түрткі жасалады. 1-топ: «Лакмус». 2-топ: «Фенолфталеин». 3-топ: «Метилоранж». https://bilimland.kz/kk#lesson=18658 Қышқылдар мен сілтілер видеотоптамасын көрсету арқылы оқушылармен бірлесіп жаңа тақырып, сабақтың мақсаты, күтілетін нәтиже ашылады. Бағалау парағы таратылады. |
Әмбебап, метиоранж индикаторлары, ішіне 8 сынауыққа сірке қышқылының, 8 сынауыққа ас содасының ерітінділері, 8 сынауыққа су құйылады. Сынауық штативі. https://bilimland.kz/kk#lesson=18658 Видееотоптама. Қышқылдар мен сілтілер. |
|||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 30 минут |
Оқушылардың оқылым дағдысын дамыту мақсатында оқулық мәтінімен жұмыс жасалады және мәтіндегі негізгі терминдерді CLIL-әдісі арқылы (терминдердің қазақша-ағылшынша атауларын) «Мидың суреті» әдісін қолданып, жаңа тақырыппен танысады.
Ерітінділердің қышқылдық және сілтілік ортасын зерттеу https://bilimland.kz/kk#lesson=11318 рН шкаласы 2-3 бет. рН шкаласының ашылуы, бейнежазбасын көру арқылу тыңдалым дағдысын қалыптастыру.
Бейнежазбадан кейін тыңдалым дағдысын тексеру үшін тапсырма орындату: Жұмыс барысы: Топпен жұмыс. Тапсырмаларын үлестірмелі карточкаларда орындап, топтар бір-бірін бағалайды.
№7 зертханалық тәжірибе . Жеке жұмыс. Зертханалық жұмыс жасамас бұрын қауіпсіздік ережесін есіне түсіреді . Мақсаты: қышқылдық, негіздік орталарды индикатордың түсін өзгертуі арқылы анықтауды үйрену. Құралдар мен реактивтер: сынауықтар, штатив, натрий гидроксиді, кір жуғыш ұнтақ ерітіндісі, су, лакмус, Лимон
Зертханалық тәжірибе жасау. Әр оқушының алдына белгісіз, түссіз 3 стақандағы ерітінді беріледі. Әртүрлі индикатор қағаздары беріледі. Берілген заттардың қышқыл, сілті, суға индикаторларды әсер ету арқылы кестені толтыру арқылы жазылым дағдыларын дамытуға тапсырма беріледі.
Индикаторлар. Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары(quizlet бағдарламасы арқылы)
Алған білімді өмірмен байланыстыру.
|
Оқулық, https://bilimland.kz/kk#lesson=11140 ximiya_estestvennaya_nauka Химия зертханасындағы қауіпсіздік ережесі. 5 бет https://twig-bilim.kz/kz/film/acids-and-alkalis-part-1 Қышқылдар және сілтілер-1. https://bilimland.kz/kk#lesson=11318 рН шкаласы 2-3 бет. https://bilimland.kz/kk#lesson=11317 Индикаторлар https://bilimland.kz/kk#lesson=10294 Оксидтердің сумен әрекеттесуі. 3 бет. https://bilimland.kz/kk#lesson=9269 Виртуалды зертхана рН шкаласы |
|||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 3 минут |
Бағалау. Бағалау парағы арқылы оқушы өзін-өзіі бағалайды.
Үй тапсырмасы. Үйдегі күнделікті тұрмыстық заттардың ортасын анықтап, ғылыми эссе жазу.
3 минут. Рефлексия. «SMS» ұялы телефон арқылы «Қызық. Қиын. Құнды» ойларын жазу. |
Қалам, бағалау парағы, ұялы телефон, https://twig-bilim.kz/kz/film/acids-and-alkalis-part-1 Қышқылдар және сілтілер-1. https://twig-bilim.kz/kz/film/acids-and-alkalis-part-2 Қышқылдар және сілтілер-2.
|
|||||||||||||||||||

Бейнежазба көру арқылы тақырыпты Зертханалық жұмыс жасау сәті
талқылау

Kahoot арқылы үй тапсырмасын тексеру Кітаппен жұмыс
сәті

Топпен жұмыс
-
Тапсырма.
Берілген ерітінділердің қайсысы...ең күшті қышқыл?
А) pH =3 А ерітіндісі
В) pH =1 В ерітіндісі
С) pH =6 С ерітіндісі
Берілген ерітінділердің қайсысы...ең күшті сілті?
А) pH =8 А ерітіндісі
В) pH =13 В ерітіндісі
С) pH =14 С ерітіндісі
-
Тапсырма.
Келесі ерітінділерді қышқылдығының артуы бойынша орналастырыңыз.
|
фосфор қышқылының ерітіндісі; рН = 2.3 |
|
жүзім шырыны; рН = 4.4 |
|
кофе; рН = 5.3 |
|
сүт; рН = 6.5 |
|
қант ерітіндісі; рН = 7.0 |
|
теңіз суы; рН = 8.3 |
|
сұйық әк; рН = 12.6 |
|
калий гидроксидінің ерітіндісі; рН = 13.8 |
|
|
Оқушының аты-жөні: _____________________________________
Күні: ____________
№7 зертханалық тәжірибе
Мақсаты: қышқылдық, негіздік орталарды индикатордың түсін өзгертуі арқылы анықтауды үйрену.
Зертханалық тәжірибе жасау. Әр оқушының алдына белгісіз, түссіз 3 стақандағы ерітінді беріледі. Әртүрлі индикатор қағаздары беріледі. Берілген заттардың қышқыл, сілті, суға индикаторларды әсер ету арқылы кестені толтыру арқылы жазылым дағдыларын дамытуға тапсырма беріледі.
|
Заттың атауы |
Индекатордың әсері |
ЖИ арқылы жасау
ЖИ арқылы жасау
Бөлісу 1 - айлық Материал тарифі-96% жеңілдік 00 05 00 ҚМЖ
Ашық сабақ
Тәрбие сағаты
Презентация
БЖБ, ТЖБ тесттер
Көрнекіліктер
Балабақшаға арнарлған құжаттар
Мақала, Эссе
Дидактикалық ойындар
және тағы басқа 400 000 материал
Барлық 400 000 материалдарды шексіз жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз 1 990 ₸ 49 000₸ 1 айға қосылу Материалға шағымдану Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз Жариялаған: Мұрал Айжан Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Тақырып бойынша 17 материал табылды
ИндикаторларМатериал туралы қысқаша түсінік
7 сынып Индикаторлар тақырыбына арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы № 13 орта мектеп (арнаулы сыныптарымен) КММ Ашық сабақ Пәні: химия Пән мұғалімі: Мұрал Айжан Талдықорған , 2020жыл Пән: Химия Сынып: 7-сынып Бөлім: Химиялық реакциялар Тақырып: Табиғи қышқылдар мен негіздер. Индикаторлар
Сабақтың барысы:
Бейнежазба көру арқылы тақырыпты Зертханалық жұмыс жасау сәті талқылау
Kahoot арқылы үй тапсырмасын тексеру Кітаппен жұмыс сәті
Топпен жұмыс
Берілген ерітінділердің қайсысы...ең күшті қышқыл? А) pH =3 А ерітіндісі В) pH =1 В ерітіндісі С) pH =6 С ерітіндісі Берілген ерітінділердің қайсысы...ең күшті сілті? А) pH =8 А ерітіндісі В) pH =13 В ерітіндісі С) pH =14 С ерітіндісі
Келесі ерітінділерді қышқылдығының артуы бойынша орналастырыңыз.
Оқушының аты-жөні: _____________________________________ Күні: ____________ №7 зертханалық тәжірибе Мақсаты: қышқылдық, негіздік орталарды индикатордың түсін өзгертуі арқылы анықтауды үйрену. Зертханалық тәжірибе жасау. Әр оқушының алдына белгісіз, түссіз 3 стақандағы ерітінді беріледі. Әртүрлі индикатор қағаздары беріледі. Берілген заттардың қышқыл, сілті, суға индикаторларды әсер ету арқылы кестені толтыру арқылы жазылым дағдыларын дамытуға тапсырма беріледі.
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||









