жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Инерция құбылысы
Бекітемін: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Айткалиева Г.
Сабақтың тақырыбы: Инерция құбылысы |
Мұғалімнің аты-жөні: Досжан Э.З. Күні: 21.11.19ж |
||||||
СЫНЫП: 7
|
Қатысқан оқушылар саны: 17
|
Қатыспаған оқушылар саны: 0 |
|||||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
7.2.2.1 – инерция құбылысын түсіндіру және мысалдар келтіру |
||||||
Сабақ нәтижесі:
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
||||||
Бағалау критерийі |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
||||||
Тілдік құзіреттілік |
Инерция құбылысы |
||||||
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
||||||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
||||||
Пәнаралық байланыс |
Математика, қазақ тілі. |
||||||
Алдыңғы оқу |
Тығыздықты есептеу |
||||||
Сабақтың жоспары |
|||||||
Жоспарланғануақыт |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
|||||
Басталуы 5 минут
5 минут |
Оқушылармен амандасу. Сынып реттілігін қадағалау. Оқу құралдарының түгелдігін тексеру. Ширату «Сағат» Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз! Топқа бөліну және үй тапсырмасын тексеру Физика не туралы ғылым? Табиғатты зерттеудің неше тәсілі бар? Физикалық шамалардың түрлерін ата. Жылдамдық дегеніміз не? Жылдамдықтың өлшем бірлігі Массаның таңбасы және өлшем бірлігі Заттың тығыздығы деп- Дененің массасын қандай өлшеуіш аспаппен өлшейді? Түзусызықты қозғалыстың түрі Физика табиғат туралы ғылым Табиғатты зерттеудің 3 тәсілі бар? Физикалық шамалардың түрлері: скалярлық және векторлық Жылдамдық дегеніміз бір өлшем уақытта жүрілген жол м/с m, кг Заттың тығыздығы деп заттың бір өлшем көлеміндегі массасын айтады. Таразы
|
1-топ «Қозғалыс» 2-топ «Тығыздық» 3-топ «Масса» 4-топ «Жылдамдық» |
|||||
Жаңа білім 10 минут
|
Білу және түсіну Берілген мәтіндерді балалар оқып алады. Жермен салыстырғанда тыныштықта тұрған нәрсенің өздігінен қозғалысқа келмейтінін күнделікті бақылаулардан білеміз. Мысалы: жерде жатқан доп оны аяқпен тепкеннен кейін ғана қозғалысқа келеді, әткеншек қолмен итерген кезде қозғалысқа келеді де, ауа кедергісі арқылы біртіндеп барып тоқтайды. Осы мысалдардың өзі-ақ кез келген дене сырттан әсер болмағанда өзінің Жермен салыстырғандағы тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтайды деген болжам айтуға болады. Жаңа сабақты түсіндіру 1) Электронды оқулықпен жұмыс Мұның дұрыстығына мынадай қарапайым тәжірибе арқылы көз жеткізуге болады. (электрондық оқулық арқылы тәжірибені көрсете отырып, тыңдату) Сұрақ: Егер қозғалыстағы дененің жолындағы барлық кедергі жойылған болса, ол қалай қозғалар еді? Бұл сұраққа Италияның атақты ғалымы Галилео Галилей жауап берген болатын Денеге басқа денелер әрекет етпесе, онда ол тыныштық күйінде болады немесе Жермен салыстырғанда түзусызықты бірқалыпты қозғалады. Бұл екі жағдайда да дененің жылдамдығы өзгермейді. 2) Есіңе сақта! Денеге басқа денелер әрекет етпеген кездегі жылдамдығын сақтау құбылысы инерция деп аталады. «инерция» сөзі – латын сөзі, мағынасы: қозғалыста емес әрекетсіздік 3) Инерция күнделікті өмірде. |
Оқулық, мәтіндер. |
|||||
Ортасы 10 минут |
Қолдану Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау. Түсіндіру. Топтық жұмыс Жеке жұмыс жүргізу. |
Оқулық, Топтық жұмысқа арналған ресурстар |
|||||
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут |
«Таңда да таста» Оқушылар берілген тапсырмаларды оқиды да, таңдаған оқушыға лақтырады. Жауап ілініп тұрған бұрышқа барып, жауабының дұрыстығына көз жеткізеді. |
|
|||||
Бағалау
5 минут
Кері байланыс 3 минут |
«Білім қоржыны» кері байланыс
|
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады. |
|||||
Қосымша ақпарат |
|||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
|||||
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
|||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген