жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Инерция құбылысы
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Денелердің өзара әрекеттесуі |
Мектеп: Маңғыстау облысыҚарақия ауданы «Мұнайшы ауылының №5 орта мектебі» КММ |
||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Елдесова Г.Ж. |
||
|
Сынып: 7 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|
|
Сабақтың тақырыбы: |
Инерция құбылысы |
||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
7.2.2.1 Инерция құбылысын түсіндіру және мысалдар келтіру |
||
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: Физикалық шамалар мен құбылыстарды ,инерция заңын оқып-үйрене алады. Оқушылардың басым бөлігі: Терминдерді түсіну,физикалық шамалардың ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады, инерция құбылысын күнделікті өмірмен байланыстыра біледі Кейбір оқушылар: физикалық терминдер мен шамаларды байланыстырып ,заңдылықтарды қолданып,есеп шығара алады, практикалық маңызын ашады. |
||
|
Бағалау критерийі |
Әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойы дамиды, есте сақтау қабілеті артады, өз бетінще қорытынды жасайды, өз-өзіне сын көзбен қарайды, өзін-өзі бағалайды. |
||
|
Тілдік мақсаттар
|
Барлық оқушылар: Пән бойынша сауатты сөйлеу мен өзін-өзі бағалау дағдысын дамыту үшін жауаптарды толық және нақты беруге, өз ойларын еркін айтуға дағдыландырады. Оқушылар: мысалдар келтіру арқылы инерция құбылысын ауызша, жазбаша түрде жүйелі сипаттай алады Пәнге қатысты сөздік пен терминдер Инерция, қозғалыс, әрекетсіздік Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Неліктен жарыстарда мотоцикл,велосипедтер бұзылады,темір жол вагондары рельстен шығып,апатқа ұшырайды,автокөліктер жаяу жүргіншілерді қағып кетеді. Талқылауға арналған сұрақтар: Инерция құбылысын қай жерлерден көруге болады? Жылдамдықпен сәйкестігі бар ма? Не себепті қашықтыққа секіру кезінде адам жүгіреді? |
||
|
Құндылықтарға баулу
|
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы. Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Денсаулықты сақтауға және мәдинеттің ұлттық жүйесін табысты дамытуға баулу. |
||
|
Пәнаралық байланыс |
Деректер қөздерін іздеу кезінде тарих пәнімен, күнделікті өмірмен, спортпен , биологиямен |
||
|
Алдыңғы білім |
Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыс, жылдамдық ұғымдарын біледі. |
||
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||
|
Сабақтың басы 10 минут |
Ұйымдастыру: -оқушылармен амандасу, түгендеу, «Сатамын, сатып аламын» тренинг арқылы жағымды ахуал туғызу. «Сатамын, сатып аламын»: Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Шеңберде тұрған қатысушы қасындағы көршісіне өзінің жағымсыз қасиетін сатып, оның жақсы қасиетін сатып алады. Мысалы,«Мен еріншектігімді сізге сатып, сіздің еңбекқорлығыныңызды сатып аламын». Бүгінгі сабақтан жақсы әсер алып, үйге көтеріңкі-көңіл күймен қайтуға тілектеспін. Топқа бөлу: Оқушыларды үш топқа бөлу: 1-топ Спорт 2-топ Көлік 3-топ Табиғат Білім дағдысы: Білу Белсенді оқыту: саралау тәсілі (дерек көздері) Тапсырма: (W+G) Үй тапсырмасы: «Ортадағы қаламсап» әдісі арқылы үйге берілген тапсырманы тексеру. Оқушылар қаламсаптарын ортаға қояды. Мұғалім бір қаламды таңдайды. Сол қаламсаптың иесі сұраққа жауап береді Қалыптастырушы бағалау «Басбармақ»
жаңа сабаққа «Иә,Жоқ» әдісі арқылы көшу Масса-денелердің инерттілігінің өлшемі. (иә) Массаны m әрпімен белгілейді. (иә) Массаның өлшем бірлігі м\с. (жоқ) 1тоннада 1000 кг -ба? (иә) заттың тығыздығы V әрпімен белгіленеді? (жоқ) заттың тығыздығының өлшем бірлігі кг/м3 . (иә)
Проблемалық сұрақ: ( W) Қашықтыққа секіру кезінде неліктен жүгіреді |
Суреттер, қиынды қағаз,қаламсап
|
||||||||
|
Сабақтың ортасы 25 минут |
ІІІ. Мағынаны тану (оқушылар жаңа ақпаратты алғанда, жаңа идеялар ойға келгенде жүзеге асады. Ең маңыздысы жаңа тақырып бойынша жаңа ақпарат алу) Білім дағдысы: Білу,Түсіну Белсенді оқыту (G) «Ойлан, жұптас, бөліс» ІІ. Тапсырма: мәтінде берілген тәжірибені жасау арқылы инерция құбылысын тұжырымдайды
Қорытынды жаса:
Мен .....................................байқадым
Bilimland.kz сайтынан Инерция құбылысы тақырыбында бейнематериал көрсету. Оқушылар бейнесабақты зейін қойып тыңдап, қарайды «Джигсо» әдісі Инерция, пайдасы мен зиянына постер қорғау Бейнематериалда не айтылған? «Инерция. Күш денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама» тақырыбын түсінеді. Инерцияның пайдасы: 1) Кілем тазалағанда кілемді таяқпен ұрғанда, кілем орнынан қозғалады, ал шаң сол орында инерция әсерінен қалып қояды. 2) Велосипедшілер аяқтарымен педальды баса бермейді. Оқтын-оқтын аяқтарын демалтады бірақ велосипед тоқтамайды. 3)Таулы жолдарда машиналар жанармай үнемдейді. 4) Балға саптағанда балғаны үстелге ұрғанда балға инерция әсерінен сапқа енеді. 5) Егер инерция болмаса барлық планеталар орбитасынан шығып кетер еді. Ай Жерге, Жер Күнге құлайды. Инерцияның зияны: 1) Бұрылыстан шыға келген машина адамды қағып кетеді. 2)Велосипедшілер жарысында бір велосипедші құласа қалғандары инерция әсерінен тоқтай алмай үстіне құлады. 3) Автобус тежегіш басқанда адамдар инерция кесірінен алға қозғалып, бір-біріне соқтығысады. Әр топ жасаған флипчарттарын қорғау, әр топ бір-бірін смайликпен бағалайды. Оқулықпен жұмыс Жұптық жұмыс Оқушылар «Лента» әдісі арқылы жұптасады.
Тапсырма №1 1.Инерциялы санақ жүйелері деп ----атаймыз. 2.-----құбылысын инерция деп атайды. Тапсырма №2 1.Салт атты шауып келе жатыр. Егер ат сүрініп кетсе немесе оқыс тоқтаса, онда қандай жағдай байқалуы мүмкін? 2.Неліктен сүрініп кеткен адам алға қарай құлайды? Тапсырма №3 Автомобиль горизонталь тас жолмен двигателі сөндірілуі тұрғанда бір қалыпты қозғалыс жасай ала ма?(автомобиль жолдың горизонталь бөлігімен бірқалыпты қозғала алмайды, себебі оған басқа денелердің әсері теңгерілмейді. Автомобильге Жер (төмен қарай тартады), жол жабындысы (серпімді түрде жоғары итереді және горизонтальды қозғалысқа үйкеліспен кедергі жасайды), ауа (қозғалысқа әсер етеді). Жердің тартуы және жолдың серпімді реакциясы вертикаль бойымен әсер ететін өзара теңгеріледі, горизонталь әсер ететін жол және ауа кедергісі теңгерілмейді. Оқушыларды қол шапалақтау
арқылы формативті бағаладым Сергіту сәті. «Бауырсақ» ойыны Слайдтарды көру кезінде суреттер, анимациялар және мәтіндік өрлеу жұмыстары көрсетілген. "Бауырсақ" анимациясы қимылдарды көрсетеді және олар мәтінмен сипатталды. Білім дағдысы: Қолдану Белсенді оқыту: «Ашық сұрақ» (G) Тапсырма: « Инерция бізбен бірге» 1-топ Инерция көліктерде 2-топ Инерция спортта 3-топ Инерция табиғатта
«Мәзір уақыт» әдісі Оқушыларға деңгейіне қарай практикалық тапсырма беру Жоғары деңгейі 1.Шауып келе жатқанда аты сүрінсе, салт атты қандай жағдайға душар болады.? 2.Егер адам отырғыштың оң жақ шетіне қарай ығысса, автомобильдің жүрісінде қандай өзгерістер болғаны? Орташа деңгей 1.Автомобильдің тежегіші кенет іске қосылғанда оның алдыңғы жағы неге төмен түседі? 2.Станцияға жақындаған пойыз жүрісін баяулатады. Сол кезде ауыр жәшікті вагонның еденімен қай бағытта тарту оңай: жүріспен алға ма не артқа ма? Төмен деңгейі 1. Қуып жүріп ұстау ойынын ойнағанда біресе оңға, біресе солға кіл бұрылғанда неге ұстап алу қиынға түседі? 2. Неге жүгірген кісі бағананы не ағашты тез және кілт оралып өту үшін оны қаусыра құшақтайды? |
Интернет ресурстар, бейнематериал |
||||||||
|
Сабақтың соңы 10 минут |
Талдау Тәжірибе жасау «Қалайша тиынды стақанға түсіруге
болады?» «Сауалнама әдісі» 1.Сабақта мен...белсенді болдым/белсенді болмадым/ 2.Сабақтағы жұмысыма...қанағаттандым /қанағаттанбадым/ 3.Сабақ мен үшін...жылдам аяқталды /аяқталмай кетті/ 4.Сабақта мен …шаршадым/шаршамадым/ 5.Менің көңіл- күйім...жақсарды /нашарлады/ 6.Сабақтағы материал ... түсінікті /түсініксіз/ пайдалы/пайдасы жоқ/ қызықты/қызықты емес/ 7.Үй тапсырмасы мен үшін жеңіл/ қиын /қызықты/қызық емес/ |
Тапсырма, тірек-сызба, смайликтер, түрлі-түсті қарындаштар |
||||||||
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасын сақтау |
||||||||
|
Оқушылардың тапсырмаларды орындауын бақылаймын, бағыттаймын, көмегім қажет оқушыларға бағыт бағдар беремін,көмек көрсетемін. |
Қалыптастырушы бағалау «Басбармақ»
Қол
шапалақтау |
Тәжірибелік жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтау; Сергіту жаттығуларын орындау; |
||||||||
|
|
Дескриптор:
|
Сабақ барысында: (құндылықтарды дарыту):
Өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру |
||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсатына жетті. сыныптағы оқушылардың көбі сабақты түсініп, қолдана білді. Сабақта саралау жүргізілді, сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ, уақытты тиімді пайдаландым. |
|
|||||||||
шағым қалдыра аласыз





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген