жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Инфо-Бинго" ойыны (7 сынып)
Күні: 3.12.19
Сынып: 7 «А,Ә,Б»
Сыныптан тыс сабақ тақырыбы: «Инфо-бинго» ойыны
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Оқушының логикалық ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін дамыту.
Ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Барысы:
Жүргізуші: Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «ИНФО-БИНГО» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңседе, жеңілседе қалма жасып.
Алдымен ойынға қатысушы талантты да дарынды оқушыларымызды қошеметпен ортаға шақырайық. Ойынға 3 топ , әр топтан 5 – оқушыдан қатысады. Бүгінгі ойынымыз 10-кезеңнен тұрады.
Сайыс кезеңдері:
Синонимдер (информатика пәніне қатысты негізгі сөздер беріледі синонимін табу керек)
1 топ: 2 топ 3 топ
Қай сөз артық кезеңі (термин сөздердің артығын көрсетеді)
1 топ: 2 топ 3 топ
2 топқа:
3 топқа:
Пантомима кезеңі (әр топқа тақырып беріледі, мимикамен түсіндіреді)
1 топ: Компьютер тұрып қалды
2 топ: Компьютер ойынын ойнап отырған бала
3 топ: Үй тапсырмасын орындамай келген оқушы
Сиқырлы сөздер кезеңі
1 топ: жауабы: Ақпарат, тышқан, қапшық
2 топ: жауабы: Меңзер, сканер, терезе
3 топ: жауабы: Пернетақта, микросхема, таңбаша
Абай болыңыз, вирус (компьютерлік вирус туралы қызықты ақпарат айту)
Полиглот (сұрақтардың жауабын үш тілде айту)
1 топ сұрақтары
Фонограф бағдарламасы қандай мәліметті өңдеуге мүмкіндік береді? (дыбыс, звук, sound)
Ақпараттың қайнар көзі? (табиғат, природа, nature)
Графиктік курсорды басқаруды жеңілдететін құрылғы? (тышқан, мышь, mouse)
Ас – адамның арқауы, ал компьютердің асы .. (ток, ток, currnt)
Өнер алды – қызыл ....(тіл, язык, language)
Дыбыс жазу құрылғысы? (микрофон)
Дискілерді оқу құрылғысы? (диск енгізгіш)
Ақпаратты экранға шығару құрылғысы? (монитор)
Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы? (CD-ROM)
Дыбыс шығаратын құрылғы? (колонка)
2 топ сұрақтары
Орындаушы орындай алатын командалар тізбегі (алгоритм)
Электронды кестенің негізгі элементі (ұяшық)
Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы? (интернет)
Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі? (бит)
Windows сөзінің аудармасы? (терезе)
Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны? (файл)
Мәліметтер енгізу пернесі? (интер)
Деректерді сақтауға арналған құрылғы (жады)
Сурет салуға арналған программа (графиктік редактор
Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі? (delete
3 топ сұрақтары
Математикалық формулалармен символдарды енгізу редакторы? (формулалар редакторы)
Графикалық информацияны компьютерге енгізу құрылғысы? (сканер)
Ақпаратты шығару құрылғысы? (принтер)
Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы (модем)
Ақпаратты өңдеу құрылғысы (процессор)
Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (калькулятор)
IOS дегеніміз не? (операциялық жүйе)
Іске қосу- батырмасын ата. (Пуск)
Компьютерге мәтін енгізу құрылғысы. (Пернетақта)
Вирустарды жоюға және табуға мүмкіндік беретін программа. (Антивирустық программа)
Қосымша сұрақ:
1.Сыртқы жады (диск)
2.Компьютер жанындағы өсімдік (кактус)
Капитандар сайысы (кез-келген бастапқы сөз беріледі. Капитан бастапқы сөздің соңғы әрпінен басталатын информатикаға байланысты бір сөз айту керек. Мысалы: монитор- рамблер- робот-трафик-компьютер-растр ...)
Қиял әлемі (ойыншыларға тақырып беріледі, тақырыпқа сәйкес қызықты әңгіме құрастыру.
Егер мен робот болсам ....
Егер мен хакер болсам ....
Егер мен компьютер болсам ....)
Сөзжұмбақ (сөзжұмбақ шешу
Комплимент (әр топ информатика пәніне қатысты термин сөздерден әділ-қазы алқасына арналған комплименттер ойлап тауып айту керек. Мысалы: сіздің көздеріңіз ең қымбат сұйық кристалды мониторлар сияқты жарқырап тұр)
Марапаттау (жеңмпаз топты анықтау)
Хаттама
Күні: 3.12.19
7 класс оқушыларына сыныптан тыс жұмыс
Сабақтың тақырыбы: «Инфо-Бинго» ойыны
Өткізген: информатика пәні мұғалімі Нурушева А.А.
Қатысқан мұғалім саны: 5. Гайпова Ж, Көздіғарина Р, Мадиева А, Сарсенбаева А, Хасен М.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Оқушының логикалық ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін дамыту.
Ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Нурушева А: Осы сабақта қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын. 7 сынып оқушылары информатика пәні бойынша алған білімдерін көрсетті. Ақпараттың өлшем бірліктерін ауыстыруда шапшаң орындап шықты. Сонымен бірге әр сынып оқушылары бір-бірінен қалыспай сайыс кезеңдердің біразында белсенділікпен қатысты.
Сөйлеушілер:
Сарсенбаева А: сабақ жақсы өтті. Сайыс кезеңдері оқушыларға жас ерекшеліктеріне сай таңдалған.
Көздіғарина Р: Оқушылар сайыс сабаққа белсенді қатысып, сыныптан тыс жұмысыңыз қызықты өтті.
Мадиева А: сабағыңыз жақсы өтті.
Гайпова Ж: сыныптан тыс жұмысыңыз жақсы өтті. Оқушылар белсенділік танытты.
Азирбаева А: сабақ өз мақсатына жетті. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты.
Қаулы: Нурушева Алтынайдың 7 класс оқушыларына өткізген «Инфо-Бинго» ойыны атты сыныптан тыс жұмысы «жақсы» деген бағамен бағалансын.
Хатшы: Хасен М.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген