400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Информатика

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Нұрпейіс Сайдалыұлы, 1906 жылы дүниеге келген. Көп жылдар бойы Қарағай колхозы төрағасының орынбасары болған. 1960 жылы қайтыс болды.



Қуаныш Сейдалыұлы, 1909 жылы дүниеге келген. Көп жылдар бойы Қарағай колхозында ферма меңгерушісі болды. 1961 жылы қайтыс болды.



Сейдалин Жұмабек Қуанышұлы, 16.05.1947 жылы дүниеге келген. 1970жылы Қатаркөл ауылының шаруашылық техникумын бітірді. Бұлақ совхозының мал шаруашылық кешенінің бастығы болып жұмыс атқарды. 1971 жылы Алматы мал шаруашылық институтына түсіп, оны

1979 жылы бітірді. 1984-1988 жылдар аралығында Бурабай ауданы Шорсовский совхозының бас зоотехнигі болып істеді. 1989 жылдан бастап зейнетке шыққан уақытқа дейін Бурабай ауданы Первомайский совхозының директоры болып еңбек етті. 03.12.2011 жылы қайтыс болды Қарағай ауданында жерленген.



Сейдалин Оралбек Қуанышұлы, 19.01.1954 жылы дүниеге келген. Еленовка ауылының орта мектебін бітіргеннен кейін Көкшетау қаласының автомеханикалық техникумында оқыды, оны 1971 жылы аяқтады. 1972-1974 жылдары азаматтық борышын өтеп келіп Бұлақ совхозында көлік жүргізуші болып істеді. 1985 жылы Бұлақ совхозының автопаркінде механик болып еңбек етті. 1991 жылы Бұлақ совхозы директорының орынбасары болып жұмыс атқарды. 1999-2007 жылдары Еленовка ХПП-ның меңгерушісі болып жұмыс атқарды. 2007 жылы Кузбас ХПП-ның бас меңгерушісі болған. 2009 жылы Кузбас ХПП-ның директоры болып тағайындалды. 2013 жылы «Хлебная база №7» элеваторы директорының орынбасары болып тағайындалды. 2019 жылы зейнетке шықты. Қазіргі уақытта Ақмола облысы Зеренді ауданы Еленовка ауылында тұратын зейнеткер.



Нұрпейісов Арман Жұмабекұлы

05.05.1971 т.ж



1989 - 1991 жж. Әскер қатарында болды (Польшада)

1992 – 1997 жж. Көкшетауда ауыл шаруашылығы институтын оқып бітірген. Ішкі істер бөлімінде әр түрлі лауазымда қызмет атқарды.

Кейінгі кезде Ақтөбе облысы Көші-қон полиция басқармасының бастығы қызметін атқарды.



Сайдалин Нұрлан Жұмабекұлы

28.02.1976 т.ж.

Ақтөбе қаласында жоғары полиция мектебін сол қалада полиция академиясын бітірген. Ақмола облыстық полиция департаментінде әр түрлі лауазымда қызмет атқарған. Қазіргі уақытта Ақмола облысы Есіл аудандық полиция департаментінің бастығы болып жұмыс атқаруда. Отанға сіңірген еңбегі үшін бірнеше мемлекеттік белгілермен марапатталған қайраткер.



Тобықты – Шыңғыстау шежіресінің VII томының II- бөліміне қосылатын дерек.

“Тобықты – Шыңғыстау шежіресінің” II томының 324 бетіндегі Базаралы Қауменұлы (1833-1887)... елдің намысын азаматтық арын қорғап әділет үшін күрескен деп жүріп бірнеше рет айдауда болғанда шығарған бір өлеңінде:

-Барамыз Тобыл жаққа құдай айдап,

Ұстатты алда – артымда түгел байлап...дегеніне қарағанда батырдың Тобыл жақта айдауда болған анық. Өзінің ақыл парасаты, күш-қуаты, өнер қабілетімен абақты ішінде әділдік тәртіп орнатқаны үшін түрме басшыларының сеніміне кіріп қамаудан босап еркін жүрген көрінеді. Сол маңдағы ел жұртқа да жағып ауыл үлкендері сол- батырды құрметтеп тұрмыс құруына қамқорлық жасапты.

Кесікті мерзімін аяқталмай-ақ бостандыққа болған сал-сері бірнеше балалы болған батыр еліне қайтарда оларды қайта келіп алып қайтпақ болады. Бірақ ел ішіндегі жұқпалы ауруға шалдыққан батыр көп ұзамай дүние салған еді.

Шалғанда қалған жесір әйел жетіп балалардың батырды іздеп келуі ол уақытта қиын еді. Одан беріде ел арасындағы түрлі қоғам өзгерістері саяси шектеу туыс іздемек түгілі жан сақтаудың өзін қиындатып жібергені белгілі. Тек еліміз егемендікке қолы жетіп тәуелсіз болғаннан бері өз тарихын, шежіресін түзіп ата-бабаларын біліп әркім шыққан тегін танып білу мүмкіндігі туғанда батырлардың ұрпағы, Тобықты – Шыңғыстау шежіресі мені танысыпты. Семей қаласында Абай ауданына кетіп қандас туыстарын табады. Ғылыми зерттеу арқылы батырдың ұрпақтарымен тегі бір жан әсер екенін дәлелдеп туыстық сезіммен аталас ағайынның қатарында болу үшін өздерін тобықты шежіресіне қосуда сұрап отыр. Базыкеннің ұрпақтары ұсынған деректерді Шежіре талабына сай жүзгенге ол мына төмендегідей болып шықты. II том 303 бетіне қосымша:

Кенесары Тұрар Жеңісхан

Бопай Бекежан Арыстан

Аябай Ағыбай

Әлімжан

Асылжан

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
454
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі