Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Информатика 5 класс Қысқа мерзімді жоспар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Информатика 5 класс
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: Шалқар ауданы Қорғантұз орта мектебі Ақпарат және оны өңдеу Күні: 14.12.2017 жыл Мұғалімнің аты-жөні: Бакитжанова Акмарал Амангелдиевна Сынып: 5 Қатысқандар: 9 Қатыспағандар: 1 |
|
Сабақтың тақырыбы |
Программалық қамтамасыз ету |
Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты |
5.1.2.1 «Программалық қамтамасыз ету» ұғымын түсіндіру |
Сабақтың мақсаты (2 сағатқа негізделген 1-сағат) |
Барлық оқушылар: Программа, программалық жабдықтама, операциялық жүйе, утилиттер, драйвер ұғымдары туралы түсінік қалыптастырады.. Оқушылардың көпшілігі: Неліктен компьютерге программа орнату қажеттігін, программалық жабдықтаманың түрлерін, қызметін, жүйелеу тәсілдерін түсінеді. Кейбір оқушылар: Программалық жабдықтама түрлерін қолдану салаларын ажырата алады. |
Бағалау критерийі |
Білімалушы |
Тілдік мақсаттар |
Пәндік лексика мен терминология: Программа, программалық қамтамасыз ету, программалық жабдықтама, драйвер, утилита, интерфейс, дербес компьютерде кең тараған операциялық жүйелер: WINDOWS WINDOWS NT UNIX MacOS т.б. Сұқбатқа арналған пайдалы сөздер:
|
Құндылықтарға баулу |
ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ МЕН ИННОВАЦИЯЛАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ Еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу Программалық жабдықтама туралы түсінік қалыптастыра отырып, ел экономикасына үлес қосу жолдарын, өмір бойы білім алудың маңыздылығын ұғындыру |
Пәнаралық байланыс |
Шет тілі: ағылшын және орыс тілі (сөздік арқылы жаңа сөздерді меңгерту) қазақ тілі (тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау) |
Алдыңғы білім |
Ақпарат, оның түрлері туралы біледі. Ақпараттық процестерді жүзеге асыруда компьютердің маңыздылығын түсінеді. |
Сабақ барысы |
||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||
Сабақтың басы 10 минут |
Психологиялық тренинг: «Біз қандаймыз?» (1 мин) Мақсаты: Ашық сұрақ беру арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын, ынтасын арттыру Нұсқау: «Біз мықтымыз ба? «Біз алғырмыз ба? «Біз бүгінгі сабақта белсенділік таныта аламыз ба?» сынды сұрақтар қойылады. Оқушылар «Иа» жауабын үш рет қайталау арқылы жауап береді. Үй тапсырмасын тексеру: «Миға шабуыл» әдісі (МАҮМ 123б) (5 мин) Мақсаты: Өткен тақырып бойынша білімдерін жинақтау, қайталау. Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау арқылы тілдік дағдыларын жетілдіру. Нұсқау: Көбірек жауап алу үшін сыныпқа сұрақ қойылады.
Мүмкін жауаптар: Ақпарат
– символдардың еркін тізбегі, кезкелген сөз.
Үй тапсырмасын гул дестелері арқылы бағалаймын. Топқа бөлу: «Әнмен бой сергіту» әдісі: «Астана», «Ақтөбе», «Шалқар жастары» (4 мин) Мақсаты: Жан-жақтылық, жүйелілік арқылы ұжымдасудың маңыздылығын арттыру. Ұлттық құндылық, отансүйгіштікке тәрбиелеу Нұсқау: Гүл дестелеріне ән атаулары жазылады және дестенің біріне белгі қойылады. Белгіге сәйкес ән бастау қажеттігі ескертіліп, белсенділіктері сыйлық арқылы бағаланатындығы алдын ала ескертіледі. |
Слайд1
Слайд2
Гүл дестелері |
||
Сабақтың ортасы 30 минут |
Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру мақсатында бағалау сыйлықтары таратылады.
ДК және олардың құрылғылары туралы еске түсіріледі. (2 мин) Тақырыпты ашу: «Ой қозғау» әдісі (5 мин) Мақсаты: Алдыңғы білімге сүйене отырып, жаңа білімді ұштастыруда қызығушылықты ояту Нұсқау: Интербелсенді тақтада сұрақтар беріліп, жауаптар алынады.
Жетелеу сұрақтары негізінде ашылған сабақ тақырыбы және күннің жады тақтаға және дәптерге жазылады. Әр топқа мазмұнды сызбамен жұмыс жасау тапсырылады. (10мин) І топ: Жүйелік программалық жабдықтама ІІ топ: Қолданбалы программалық жабдықтама ІІІ топ: Операциялық жүйе Постер қорғайды. (топтық жұмыс арқылы «білу», «түсіну» тапсырмаларына қорытынды жасап оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдылары қалыптасады.) Топтар бір-бірін : «Аспан. Жер. Су» ойын тәсілі арқылы бағалайды. Аспан – түсінікті Су- толықтыруды қажет етеді Жер- түсініксіз тұстары басым Білім алушы: Программа, ПЖ,ОЖ, утилиттер, драйвер ұғымдары туралы түсінік қалыптастырады «Жеке – Жұптық -Топтық» тапсырмалар беріледі: (5 мин) 1. Анықтама беріңіз. Бағдарламалық қамтамасыз ету–бұл_____________________ ___________________________________________________
3. Оқушылар өздігінен және басқа топтардан үйренгендері бойынша компьютерде мына тапсырмаларды орындайды: компьютердегі жұмыс столында не турғанын және компьютерде қандай программа қондырылғандығын айтады. «Жеке – Жұптық -Топтық» тапсырмаларды орындауда оқи отырып оқыту тәсілі негізінде өзін-өзі таныту, басқаларды бақылау және хабардар болу дағдылары қалыптасады Бағалау: Өз білімдерін саусақ әдісі арқылы бағалайды. Басбармақтың жоғары бағытталуы – Маған бәрі түсінікті болды. Басбармақтың көлденең бағытталуы - Маған қиындық тудырған сұрақтар болды. Басбармақтың төмен бағытталуы – Маған тапсырма түсініксіз болды
Білім алушы: - ПЖ-ға анықтама бере алады - Программалық жабдықтама түрлерін таниды. - Компьютердегі ПЖ туралы біледі Деңгейлік саралау тапсырмалары: (8 мин) Мақсаты: Оқушылардың оқу материалын меңгеру мүмкіндігі және қабылдау қабілетіне сәйкес тапсырмалар беру арқылы мақсатқа жету жолында ынталандыру I деңгей тапсырмалары Бос орынға тисті сөздерді жаз. (2 балл)
II деңгей тапсырмалары (3 балл) Себебін анықта:
III деңгей тапсырмалары (4 балл) Дұрыс жауаптарды белгіле. 1.Программалық жабдықтама деген не ? А. Компьютер тобы. Ә. Компьютерде сақталатын барлық программалар жиынтығы. Б. Операциялық жүйе 2. Опреациялық жүйе дегеніміз не? А. Компьютердің қосымша құрылғыларын басқарды Ә.вирустық программалар 3. Интерфейс дегеніміз не? А. Компьютердегі қосымша құрылғылар Ә. Қолдану мақсатына қарай қолданылатын программалар Б. Адам мен компьютер арасындағы қарым- қатынас
«Сөздік бағалау» (ауызша кері байланыс) әдісі Оқушыны тапсырмаларды жақсы орындағаны үшін мақтап-мадақтай отырып, толық нұсқада орындалмаған тапсырмаларға бағыт-бағдар беріледі осылайша ауызша кері байланыс орнатылады. Білім алушы:
- операциялық жүйенің басты қызметін сипаттайды Информатика пәнінен 5-сыныпқа арналған «Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар» жинағы (17 бет) |
ДК құрылғыларының суреттері
Слайд 3
Дәптер
Оқулық
Слайд4
Слайд5
Слайд 6
Дәптер
Компьютер
Слайд 7 |
||
Сабақтың соңы 5 минут |
Кері байланыс: «Табыс сатысы» әдісімен Мақсаты: Жаңа оқу материалын қаншалықты меңгергендіктерін анықтау Нұсқау: Топтастыру кезеңінде таратылған гүл дестелеріне сабақ барысы туралы пікірлерін жазып, сатыға орналастырулары қажет. 1-ші баспалдағы Мен ............. БІЛЕМІН, 2-ші баспалдағы Мен ............ ТҮСІНЕМІН 3-ші баспалдағы Мен ............... ЖАСАЙ АЛАМЫН. Үйге тапсырма: «Программалық қамтамасыз ету» тақырыбын оқу мысалдар келтіре отырып эссе жазу. |
Плакаттағы саты көрінісі |
||
Қосымша ақпарат |
||||
Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау |
||
-Диалог және қолдау көрсету арқылы. -Шығармашылық ойлауды талап ететін |
Дағды қалыптастыру бойынша:
қадағалау арқылы |
АКТ пайдалану барысындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы программалық жабдықтаманың маңыздылығына көз жеткізу |
||
|
|
|