400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Информатика. 5-сынып. 1-тоқсан. №130 бұйрықтың талаптарына сай жазылған

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика. 5-сынып. 1-тоқсан. №130 бұйрықтың талаптарына сай жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

1-бөлім. Ақпаратты ұсыну

    1. Біздің айналамыздағы ақпарат

Мектеп:


Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

5.2.1.1 әртүрлі ақпараттың мысалдарын келтіру және ақпаратты әртүрлі объектілерде ұсыну.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • ақпарат ұғымы мен түрлерін анықтайды.

Көптеген оқушылар:

  • ақпарат түрлерін салыстырады.

Кейбір оқушылар:

  • ақпарат түрлерін дұрыс қолданудың маңыздылығын сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:

Қазақ тілі

Орыс тілі

Ағылшын тілі

хабар

cообщение

message

таңба

знак

sign


Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Талқылау.

  • «Ақпарат» сөзін қалай түсінесің?

  • Адам ақпаратты қайдан алады?

  • Ақпаратты қандай түрлерге бөлесің?

  • Адам қабылдаған ақпаратты қалай ұсынуы мүмкін? Ойлан!

  • Адамның ақпаратты қабылдауының қандай түрлерін айта аласың? Ойыңмен бөліс!

  • Адам, хайуанаттар және өсімдіктердің қоршаған ортадан ақпаратты қалай қабылдайтыны жайлы не айта аласың?

Жазу.

Қабылдау тәсілі бойынша ақпарат түрлерін жазу.

Ұсыну тәсілі бойынша ақпарат түрлерін жазу.

Алдыңғы алған білімі

Ақпарат іздеу, ақпарат алмасу (3- сынып).

Пәнаралық байланыс

Математика, Көркем еңбек.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идеология құндылықтарын іске асыру.

Жоспар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, түгендеу.

Сыныпта көңілді ахуал орнату.


Оқушылар сурет бойынша: «Адам естиді, көреді, дәм сезеді, иіс сезеді, сипап сезеді»,– деп жауап берулері керек.

Балалар осы процестерді орындай отырып, адам өзіне ақпарат алады деп, сабақтың тақырыбын жазады.

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдар.

Сабақтың ортасы

35 мин

Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою

  • «Ақпарат» сөзін қалай түсінесің?

  • Адам ақпаратты қайдан алады?

  • Ақпаратты қандай түрлерге бөлесің?

  • Адам қабылдаған ақпаратты қалай ұсынуы мүмкін? Ойлан!

  • Адамның ақпаратты қабылдауының қандай түрлерін айта аласың? Ойыңмен бөліс!

Адам, хайуанаттар және өсімдіктердің қоршаған ортадан ақпаратты қалай қабылдайтыны жайлы не айта аласың?

Оқулықпен жұмыс: Оқушылар оқулықтағы мәліметтермен танысады. Мұғалім балаларды жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).


Топтық жұмыс:

  1. Айналаларыңнан екі затты таңдап алыңдар. Қабылдаудың 5 түрі бойынша салыстырып, талдаңдар. Бұл заттар туралы ақпарат алу үшін қайсы сезім мүшелері көбірек қызмет етеді? Неліктен?

  2. 4-сурет қандай ақпарат түрлері арқылы ұсынылған? Түсінктеме беріңдер.


Жеке тапсырмалар орындау

1-тапсырма. Суреттегі кейіпкерлер қоршаған ортадан қандай ақпарат алады? Ол үшін ақпаратты қабылдаудың қандай түрлері көмектеседі?

Дескриптор:

  • қабылдау тәсілі бойынша ақпарат түрлерін анықтайды;

  • ұсыну тәсілі бойынша ақпарат түрлерін анықтайды.

2-тапсырма

5- суреттегі кез келген заттың атауын төмендегі кестеге жаз. Суреттегі кейіпкерлердің ол затты қабылдауына кестеде берілген сезім мүшелерінің қайсысы қатысады? Тиісті бағандарға (+) таңбасын қой.


Заттың

атауы

Көру

Есту

Дәм

сезу

Иіс сезу

Сипап сезу



















Дескриптор:

  • ақпарат көзін анықтайды;

  • ақпарат түрлерін анықтайды.

Жұптық жұмыс

Ақпараттың ұсыну түріне қарай бөлінуі бойынша күнделікті өмірден 2 мысалдан келтіріңдер. Маңыздылығын бағалаңдар.


Дескриптор:

  • ақпарат түрлеріне өмірден мысал келтіреді;

ақпарат түрлерінің маңыздылығын анықтайды.

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдар.

Сабақтың соңы

5 мин

Мәліметтерді сәйкестендіріңдер.

Қайсар өзенде шомылып жатыр. көру иіскеу

Лаура алма шырынын ішті. дәм сезу есту

Арман жаңа піскен тоқаш жеді. сипап сезу

Рефлексия:

- Сабақтағы көңіл күйім қандай болды?

- Бүгін қандай ақпарат алдым?

- Алған ақпаратты кімдермен бөлісемін?

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдар.





1-бөлім. Ақпаратты ұсыну.

1.2. Ақпарат беру

Мектеп:


Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

5.2.1.2 байланыс арналары, ақпарат көздері және қабылдағыштарға мысал келтіру.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • байланыс арналары, ақпарат көздері мен ақпарат қабылдаушыларды анықтайды.

Көптеген оқушылар:

  • байланыс арналары, ақпарат көздері мен ақпарат қабылдаушыларды салыстырады.

Кейбір оқушылар:

  • байланыс арналары, ақпарат қабылдаушылар мен ақпарат көздері қызметінің маңыздылығын бағалайды, тұжырымдайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология

Қазақ тілі

Орыс тілі

Ағылшын тілі

ақпарат көзі

источник информации

information source

ақпарат қабылдаушы

приемник информации

information receiver


Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Талқылау.

  • Ертеде адамдар бір-біріне ақпаратты қалай жеткізген? Әңгімеле.

  • Бүгінгі таңда адамдар ақпарат алмасу үшін қандай құралдарды қолданады?

  • «Ақпарат көзі» деген ұғымды қалай түсінесің?

Жазу.

Байланыс арналарын жазыңдар.

Ақпарат беру сұлбасын сызыңдар.

Алдыңғы алған білімі

Біздің айналамыздағы ақпарат.

Пәнаралық байланыс

Тарих, Жаратылыстану.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идеология құндылықтарын іске асыру.

Жоспар


Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурс

Сабақтың бас

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, түгендеу.

Сыныпта көңілді ахуал орнату.

Үй тапсырмасын тексеру


Өткен сабақты пысықтау мақсатында суреттер мен кестені пайдаланған ыңғайлы. Суреттер мен кестелерді оқушылар сәйкесінше жапсырулары керек.

Қабылдау түріне қарай ақпарат түрлері

Ұсыну түріне қарай


Ауызша мадақтау, қолдау көрсету.

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдар.

Сабақтың ортасы

35 мин

Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою

  • Ертеде адамдар бір-біріне ақпаратты қалай жеткізген? Әңгімелеңдер.

  • Бүгінгі таңда адамдар ақпарат алмасу үшін қандай құралдарды қолданады?

  • «Ақпарат көзі» дегенді қалай түсінесің?

Оқулықпен жұмыс:

Оқушылар оқулықтағы мәліметтермен танысады. Мұғалім оқушыларды жаңа ақпаратпен таныстырып, оны бірге талдайды (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
4 ақпан
333
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі