информатика 6 сынып БЖБ 1-тоқсан

Тақырып бойынша 11 материал табылды

информатика 6 сынып БЖБ 1-тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
информатика 6 сынып БЖБ 1-тоқсан
Материалдың қысқаша нұсқасы

6-сыныпқа арналған «Компьютерлік жүйелер және желілер»

бөлімі бойынша БЖБ 1

Оқу мақсаты:


6.4.1.1 эргономика міндеттерін (барынша жайлылық пен тиімділік үшін) тұжырымдау және шешу

6.4.2.1 интернетке тәуелділіктің проблемаларын талқылау

6.1.1.1 компьютерлік технологияның даму тарихы мен келешегі туралы әңгімелеу

6.1.1.2 компьютердің негізгі құрылғыларының өзара әрекеттесуін түсіндіру

6.1.2.1 операциялық жүйелердің негізгі функцияларын атау

6.1.3.1 сымсыз байланыстың артықшылықтарын түсіндіру

Бағалау критерийі:


Білім алушы

Эргономика міндеттерін тұжырымдауын және шешуін біледі;

Интернетке тәуелділіктің түрлерін біледі;

Компьютерлік технологияның даму тарихын біледі;

Компьютердің негізгі құрылғыларының өзара әрекеттесуін біледі;

Операциялық жүйелердің негізгі функцияларын біледі;

Сымсыз байланыстың артықшылықтарын біледі.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Орындау уақыты:

20 минут


ТАПСЫРМАЛАР

1. Мониторға қатысты жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру нұсқаларын таңда:

А) Монитор көз деңгейінде немесе көзден сәл төменірек орнатылуы тиіс;

В) Монитордан көзге дейінгі арақашықтық 30-50 сантиметр болуы керек;

С) Монитор иық деңгейінде немесе иықтан сәл төменірек орнатылуы тиіс;

D) Монитордан көзге дейінгі арақашықтық 60-70 сантиметр болуы керек.

[2]

2. Интернетке тәуелділіктің түрлерін сипаттамасымен сәйкестендір:

1

Виртуалды танысуға құмарлық


A

Интернетті шексіз кезіп, әртүрлі ақпарат іздеу

2

Ойынға тәуелділік

B

Интернет-аукциондарға қатысу, интернет дүкендердегі қажетсіз заттарды сатып алу

3

Веб-серфинг

C

Желідегі «достармен» хат алмасып отыру. Әртүрлі чаттар мен форумдарға қатысу

4

Қаржылық құмарлық

D

Желі арқылы компьютер ойындарын үздіксіз ойнау

[2]



3. ЭЕМ буындары мен элементтік базасы арасында сәйкестікті белгіле:

1

Бірінші буын


A

Интегралдық схема

2

Екінші буын

B

Электрондық шамдар

3

Үшінші буын

C

Үлкен интегралдық схема

4

Төртінші буын

D

Жартылай өткізгіш

[4]

4. Бос орындарды толтыр:

А) ________________- компьютердегі барлық құрылғылар арасында өзара ақпарат алмасуды ұйымдастыратын құрылғы.

В) _______________- компьютердің мәліметтерді өңдеуге және компьютер жұмысын басқаруға арналған негізгі бөлігі.

[2]

5. Компьютерге арналған операциялық жүйелерді белгіле:

А) Microsoft Windows, Android, Apple IOS

В) Microsoft Windows, Apple MacOS, Linux

С) Linux, Android, Apple IOS

D) Microsoft Windows, Apple MacOS, Apple IOS

[1]

6. Wi-Fi деген не?

А) Кабель арқылы Интернетке қосылу мүмкіндігі

В) Байланыс жүйелерінде қолданылатын құрылғы

C) Сымсыз байланыс түрі

D) Бір-бірімен байланысқан компьютерлер тобы

Е) Дүниежүзілік компьютерлік желі

[1]


Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Ұпай

Білім алушы

Эргономика міндеттерін тұжырымдауын және шешуін біледі

1

1 ережені көрсетеді

1

2 ережені көрсетеді

1

Интернетке тәуелділіктің түрлерін біледі

2

1,2 тәуелділікті анықтайды

1

3,4 тәуелділікті анықтайды

1

Компьютерлік технологияның даму тарихын біледі

3

Бірінші буын сипаттамасын анықтайды

1

Екінші буын сипаттамасын анықтайды

1

Үшінші буын сипаттамасын анықтайды

1

Төртінші буын сипаттамасын анықтайды

1

Компьютердің негізгі құрылғыларының өзара әрекеттесуін біледі

4

Бірінші анықтаманы жазады

1

Екінші анықтаманы жазады

1

Операциялық жүйелердің негізгі функцияларын біледі

5

Компьютерге арналған ОЖ-ні белгілейді

1

Сымсыз байланыстың артықшылықтарын біледі

6

Дұрыс жауабын көрсетеді

1

Барлық ұпайлар

12


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.10.2024
771
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі