Информатика Python ТЕСТ
Сұрақтарыжауаптарымен,
Жеңіл тест сұрақтары 6-7
сыныптар үшін, мектеп
ішілік олимпиадалар
немесе оқушылардың
сабақты пысықтауы үшін
қолдана аласыз!
1.
2.
3.
Қайсысы программалау тілі бола алады?
a) Google
b) Python
c) Youtube
d) GoogleSketchUp
print() функциясының қызметі қандай?
a) Нәтіжені экранға шығару
b) Мәліметтерді сақтау
c) Сандардың дұрыс жазылғанын анықтау
d) Мәтіндер компьютерге енгізу
Төмендегі программа коды қандай нәтіже шығарады?
print("Salem, Kazakhstan")
a) Salem,
b) Kazakhstan
c) Salem, Kazakhstan
d) Kazakhstan, Salem
4. Код нәтіжесін анықтаңыз: print("Aqsha"+"qar")
a) Aqsha+qar
b) Qar+Aqsha
c) Aqsha
d) Aqshaqar
5. Программа кодына қарап, дұрыс жауапты
көрсетіңіз: print("ай"*5)
a) ай5
b) ай ай ай ай ай
c) айайайайай
d) Дұрыс жауап жоқ
6. Қарапайым амалды орындаңыз: print(2+12*5)
a) 70
b) 19
c) 62
d) 2+12*5
7. Қате жазылған кодты көрсетіңіз
a) print("BMW "*5+"keremet!")
b) print("Alaqay!!!')
c) print(9999999+0)
d) print('12345789'+ '8574')
8. Айнымалы дегеніміз не?
a) Мәндерді сақтап тұратын атау
b) Программаны орнату барысы
c) Компьютердің қателерінің салдары
d) Дұрыс жауап жоқ
9. Қай бірі айнымалы бола алады?
a) 1esim
b) _EsiM1
c) $_esim
d) Esim-1
10. Код нәтіжесін анықтаңыз:
san1 = 15
san2 = 3
print(san1+13+san2)
a) 18
b) 15
c) 13
d) 31
11. Программалауда санды санға қосу үшін қай
өрнек қолданылады?
a) +
b) –
c) /
d) *
12. Программалауда санды дәрежеге арттыру үшін
қай өрнек қолданылады?
a) ++
b) –c) //
d) **
13. Программалауда санды бөлгендегі қалдығын
есептеу үшін қай өрнек қолданылады?
a) /
b) %
c) //
d) **
14. Қарапайым амалды орындаңыз:
a = 11
b = 2
print(a//b)
a) 11//5
b) 5.5
c) 2.5
d) 5
15. Программа кодына қарап, дұрыс жауапты
көрсетіңіз:
san1 = 25
san2 = 29
san3 = 35
print(san3 - (san2 % san1))
a)
b)
c)
d)
29
30
31
32
16. Төмендегі программа коды қандай нәтіже шығарады?
f = 45
b = 12
print((f+f-f)//b)
a) fb
b) 12
c) 45
d) 3
17. input() функциясының қызметі қандай?
a) Нәтіжені экранға шығарады
b) Деректерді консоль арқылы енгізеді
c) Сандардың дұрыс жазылғанын анықтайды
d) Деректердің типін анықтайды
18. Айнымалы мен мән ортасына қандай белгі
қойылады?
a) – Тире белісі
b) $ Доллар белгісі
c) = Теңдеу белгісі
d) ! Леп белгісі
19. int() функциясының қандай қызмет атқарады?
a) Сандарды мәтінге айналдырады
b) Мәтінді жолдарға айналдырады
c) Символдарды бос орынмен ауыстырады
d) Жолды бүтін санға айналдырады
20. san айнымалысына 15 саны берілсе, онда нәтіже
қандай болады?
san = int(input())
print(san**2)
a) 15
b) 30
c) 625
d) 225
21. Деректердің типін анықтау үшін қай функциядан
қолданылады?
a) type()
b) print()
c) int()
d) float()
22. Бүтін сан яғни int, integer типіне тән
қатарды анықтаңыз
a) 3.15, 7.013, 88.6
b) -175, 62, 0, 48
c) True, False
d) '12',"hello","Hi!"
23. Төмендегі мәндер қай типке тән?
'Mektep',"Aqsha","1000 tenge"
a) bool, boolean
b) float
c) int, integer
d) str, string
24. Қате жазылған кодты көрсетіңіз
a) print(8-88)
b) input("Esiminiz qanday? ")
c) print(2*6*"Astana")
d) print(7+"Astana")
25. Төмендегі мәндер қай типке тән?
-12.02, 3.14, 5.87, 9.68
a) bool, boolean
b) float
c) int, integer
d) str, string
26. Санның модулін анықтайтын функция қайсы?
a) float()
b) round()
c) abs()
d) type()
27. Санны бүтін бөлікке дейін дөңгелететін
функцияны анықтаңыз
a) float()
b) round()
c) abs()
d) type()
28. Программа коды қандай нәтіже шағарады?
х = 17/5
print(round(x))
a) 3
b) 4
c) 5
d) 6
29. Программа кодына қарап, дұрыс жауапты
көрсетіңіз:
a = 6
b = 2*7
print(abs(a-b))
a) 20
b) -8
c) -20
d) 8
30. Дұрыс жазылған код қатарын көрсетіңіз
a) print(10* "salem!')
b) print(100+ "SALEM!")
c) print(1000* "SaLeM!")
d) print(10000- "salem!')
Жауап
1. b
2. a
3. c
4. d
5. c
6. c
7. b
8. a
9. b
10. d
11. a
12. d
13. b
14. d
15. c
16. d
17. b
18. c
19. d
20. d
21. A
22. b
23. d
24. d
25. b
26. c
27. b
28. 3
29. d
30. c