400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Информатика 7 сынып Модель туралы қмж түсінік

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл информатика пән мұғалімдеріне арналған қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Бөлім: Нысандар мен оқиғаларды модельдеу

Мектеп: С.Сапарбеков атындағы №125 ЖОМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ағманова Зұлпия

Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Үш өлшемді модельдер




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)



7.3.1.1.- нысандар мен оқиғалардың 3D моделін құру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Нысандар мен оқиғалардың 3D моделін құрады.

Басым көпшілігі:

3D модель мен 2D модельді ажырата алады

Кейбір оқушылар:

Оқушылар геометриялық фигураларды пайдалана отырып, нысандарды (үй, ғимарат) сыза алады.

Бағалау критерийі

Үш өлшемді фигураларды модельдеудің дұрыс тізбегін құрады.




Тілдік мақсаттар


Пән бойынша оқыту мақсаты

  • Редактор құралдарын пайдаланып үш өлшемді модельдер құрады

  • Бейнені редакциялай алады

Тілдік мақсаты

Өз модельдерін көрсете алады

Пәндік лексика және терминология

Үш өлшемді модель, Рендеринг, Әсерлер, өтулер, монтаждау

Диалог құруға қажетті сөздер топтамасы

3D модельдеу ....

Әзірленген модель .... сәйкес келеді

3D модельдің артықшылықтары ....

Құндылықтарға баулу




  • Достық қарым –қатынас жасау

  • Бір –біріне құрметпен қарау

  • Жауапкершілігі

  • Сыни тұрғыдан ойлауға баулу

  • «Мәнгілік ел» жалпы ұлттық идеяның миссиясы мен құндылықтарының «Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана» (деңгейлік тапсырма , С деңгейі)

Пәнаралық байланыс

Геометрия 7 сынып Геометриялық фигуралар


Тақырып бойынша алдыңғы білім


Модель туралы және модель түрлерін біледі. Екі өлшемді модель туралы біледі.


Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз

Ресурстар

Сабақтың басы






















Жаңа тақырыпты ашу


1. Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен сәлемдесу және түгелдеу;

2.Психологиялық ахуал

Жүректен –жүрекке әдісі арқылы оқушылар бір-біріне тілектерін білдіреді.

Топқа бөлу: Геометриялық фигуралар

Оқушыларды цифрланған геометриялық фигуралар:Үшбұрыш, төртбұрышты алу барысында 2 топқа бөлінеді

3. Үй тапсырмасын тексереді.

Элективті тест әдісі арқылы Интербелсенді тақтадан дайын жауап арқылы оқушылар бір – бір дәптерлерін алмастыру арқылы тексереді. Егер «дұрыс» болса «+», ал «бұрыс» «-» таңбасы қоямыз.

9-10 сұрағы дұрыс болса – 3 балл;

6-8 сұрағы дұрыс болса – 2 балл;

5 сұрағы дұрыс болса – 1 балл;

мүлдем орындамаған және 5 сұрақтан төмен болса – 0 балл. Әр балға жетон беремін.

Осы оқушылардың жұмысын өзім соңынан қорытындылау үшін қысқаша түсіндірме беріп кетемін. Қате қай жерден кеткенін және ол қатені келесі жолы жібермес үшін жұмыс жасаймын. Жаңа сабақ тақырыбын анаграмма шешуі арқылы табамын:

ШҮ ДЕШЛМӨІ ЛДЕЬОМЕРД

(Жауабы:ҮШ ӨЛШЕМДІ МОДЕЛЬДЕР)


Rectangle 12 AutoShape 13






ЖOval 14 етон

Сабақтың ортасы





















































Деңгейлік тапсырма

Оқушылаға үшөлшемді графика құру және пайдалану тарихы туралы бейнекөрініс көрсетемін Үш өлшемді модельдеу қосымша ақпарат таратамын. Осы ресурстарды пайдалана отырып топтық жұмыстарды орындайды.

Топтық жұмыс

Екі топқа түрткі сұрақтар беремін

1. 3D модельдеу нені білдіреді?

2. Қандай жағдайда 3D редактор қолданылады?

3. 3D модельдеуге арналған қандай программалар бар?

4. Үшөлшемді модельдеудің негізгі кезеңдерін атаңдар?

5. 3D принтер туралы не білесіңдер?

«Ромбтық» жіктелім және «Балық қаңқасы» әдісі арқылы топтар жоба қорғайды.











Бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы топтар бір-бірін бағалайды.



Жұптық жұмыс

Оқушыларға бүгінгі тақырып бойынша сәйкестендіру кестесін орындайды.

Атауы

Анықтамасы

Үш өлшемді графика

растрлық, векторлық және фракталдық.

Екі өлшемді графикаға

көлемді объектілерді бейнелеуге арналған тәсілдер мен құралдардың жиынтығынан тұратын компьютерлік графиканың бөлімі.

Үш өлшемді графикамен жұмыс істеуге арналған бағдарламалар

3D Studio MAX 5; - AutoCAD; - Компас;

Екі өлшемді графикамен жұмыс істеуге арналған редакторлар

Adobe Photoshop, Corel PhotoPaint

Компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:

Ғылыми графика

Іскерлік графика 

Конструкторлық графика 

Суреттеу графикасы

Жарнамалық графика 

Графиктік файлдардың форматтары

ВМР, PSD , CDR,РNG,GIF,JPEG

Бағалау АКТ- дағы дұрыс жауабы арқылы көршісінің тапсырмасын тексереді, бағалау жетондары таратылады.

Деңгейлік тапсырма

А деңгейі

Геометриялық фигураларды салу

В деңгейі

//www.youtube.com/watch?v-126GWRyfxEc сайтындағы адрес бойынша «Үйді қалай құрастыру керек?» бейнесін қарап отырып, «Менің арманымдағы үй» моделін құрады

С деңгейі («Мәнгілік ел» жалпы ұлттық идеяның мисиясы мен құндылықтарының «Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана» оқушыларға айтып кету)

Бәйтерек монументін құрады

А стана символының моделі

– Бәйтерек монументін

құрыңдар.Бәйтерек өмірді

бейнелейді. Оның жоғарғы

жағында алтын жұмыртқа –

өмір мен сенім беретін

Күн бейнеленген.

Бағалау

Оқушылар деңгейлік тапсырманы орындағаны қарай жетондар таратамын.

Тапсырмаларды орындау барысында кейбір оқушыларға қажеттілігіне қарай диалог арқылы қолдау көрсетемін.

Қарқыны жоғары оқушыларға тапсырма

Ақпараттық диктант

1.«SketchUp» программасы - ..........

2. Зерттеуші үшін модель мен объектінің арасындағы ұқсастықты жазыңыз

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3. «SketchUp» программасы интерфейсінің негізгі элементтері мен жиі қолданылатын құралдарын жазыңыз

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау Оқушыларды әр дұрыс жауапқа жетондар беріп отырамын.

Жеке жұмыс

Оқушылар қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану

Бағалау критерийі Үш өлшемді фигураларды модельдеудің дұрыс тізбегін құрады.

Тапсырма

Қабырғалары 30 см және 40 см, бүйір қабырғасы-50 см болатын тікбұрышты параллелепипедті салудың дұрыс тізбегін көрсетіңіз.

а. Маратқа параллелепипед құруға көмектесіңіз.











b. Параллелепипед құрудың дұрыс әрекеттер тізбегін орнатыңыз.

№

Әрекет


жоғары тарту


төртбұршты қажетті жаққа созамыз


Бастапқы нүктені басу (төртбұрыштың бірінші бұрышы)


пернетақтадан «50cm» теру және «Enter» басу


пернетақтадан «30cm;40 cm» теру және «Enter» басу


«фигура» құралын таңдау, «Төртбұрыш» формасын таңдау


«басу/тарту» құралын таңдау


негізін басу

Дескриптор Білім алушы

- Sketch up құрал-саймандарын қолданып

параллелепипед салады;

- көлемді фигураларды құрудың дұрыс тізбегін

көрсетеді.

Дескриптор арқылы тексере отырып тапсырманы орындау дейгейіне қарай ауызша тиімді кері байланыс беремін.


Оқулық, қосымша үлестірме материалдар

















Қосымша ресурстар планшет




















Oval 14











Оқулық, дәптер, компьютер, сурет











DrawObject1

















DrawObject2


Сабақтың соңы

Қорытындылау

Бүгінгі тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың жинаған жетондар санына қарай барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткіземін, мадақтап өтемін

Рефлексия

«Табыс баспалдағы» әдісі арқылы кері байланысты стикерге жазып баспалдаққа іледі.(кәдімгі сатының суреті салынған үлестірме материалын таратамын).

1- баспалдағы: Менің түсінбеген сұрақтарым _________________
2 – баспалдағы:
Мен _______________________________ білемін
3 – баспалдағы:
Мен _______________________________ түсінемін
4 – баспалдағы:
Мен _________________________ қолдана аламын

Үй тапсырмасын беру

1.5.1 тақырыпты оқу

2.Тест сұрақтарына дұрыс жауап беру (оқулық бойынша)

3. «3 D әлемі туралы қызықты деректер» тақырыбы бойынша эссе жазыңдар
















Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушыларды геометриялық фигуралармен жұмыс жасайтынын ескере отырып, «Үшбұрыш» және «Төртбұрыш» суреттері арқылы екі топқа бөлемін. Топтық жұмыс кезінде оқушыларға қосымша ақпараттық ресурс таратамын. Топтық, жұптық, жеке тапсырмалар арқылы оқушыларға қажеттіліктеріне қарай қолдау, кейбір оқушыларға көмек көрсетемін. Әрбір оқушының жұмысын бақылап, сұрақ қою арқылы немесе бағыт бағдар беру арқылы диалог жүргіземін.

Оқушылардың жеке мүмкіндіктерін және қабілеттерін есепке алып, деңгейлік тапсырмалар беремін.

Қарқыны, ойлау қабілеті жоғары оқушыларға қосымша тапсырма беремін. Сабақ соңыңда әр оқушының тапсырмаларды орындауына қарай кері байланыс жүргізіп, жетондар санына қарай және қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының ұпай санын қосып,мадақтап өтемін. Әрбір әрекет оқушылардың бүкіл тапсырманы орындауына қарай бағаланады.

Әрбір тапсырмадан кейін бағалау жүргізіліп отырады.

Үй тапсырмасын тексергенде балдық жүйемен жетондар арқылы бағалауды қолданамын.

Топтық жұмыс кезінде "Екі жұлдыз, бір тілек" бағалау түрімен бір топ екінші топты бағалайды.

Жұптық жұмыс барысында әр дұрыс жауапқа жетондар арқылы бағалаймын

Деңгейлік тапсырманы орындау қабілетіне қарай жетондар арқылы бағалаймын.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындаған уақытта дескриптор арқылы тексере отырып тапсырманың орындалуына қарай әр оқушыға ауызша тиімді кері байланыс беремін.

Бұл менің келесі сабағымды жоспарлауыма мүмкіндік береді.


Сабақтың басында информатика кабинетінде қауіпсіздік ережесін сақтау ескере отырып,сыныптағы ауаның тазартылуы, жарық көздері мен парталардың дұрыс орналасуы қадағаланады.


Рефлексия

.

























































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
17 қараша
1294
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі