ИНФОРМАТИКА – ҚОҒАМНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ НЕГІЗІ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ИНФОРМАТИКА – ҚОҒАМНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ НЕГІЗІ

Материал туралы қысқаша түсінік
ИНФОРМАТИКА – ҚОҒАМНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ НЕГІЗІ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы, Темір ауданы,

Темір қаласы «С.Байшев атындағы ЖОББМ»

КММ-нің информатика пәні мұғалімі

Ундаганова Асель Серикбаевна





МАҚАЛА

ИНФОРМАТИКА – ҚОҒАМНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ НЕГІЗІ



ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығыда – мектеп.

XXI ғасыр – ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер, интерактивті құралдардың көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында мынадай міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үдерісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.            Жаңа ақпараттық технологияны оқу үдерісіне тиімді қолдану-сапалы білім берудің негізгі факторы болып отыр.  Қазіргі қоғамды ақпараттандыру жағдайында оқушының жеке тұлғалығын қарастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, сонымен қатар, оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім табуына қажет жаңа ақпараттық технологияларды таңдап алу және оларды қолдану қабілеттілігін қалыптастыруда информатика пәнінің маңызы зор. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік демократиялық өзгерістерге сәйкес компьютерлік техника мен ақпараттық технологиялардың қарқынды даму салдарынан информатика курсын оқытуға қойылатын талаптар күн сайын ұлғаюда. Информатиканы оқытуда өзекті мәселелердің бірі – сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады. Олай дейтін себебіміз оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы көбінесе сыныптан тыс жұмыстар барысында жүзеге асады. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан мектепте, арнаулы оқу орындарында оқытылатын информатика пәнінің орны ерекше және оны сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру барысында жүзеге асады. Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілеттін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру мақсатында сыныптан тыс өткізілетін түрлі шаралардың маңызы зор. Бүгінгі ақпараттық қоғамда өмір сүруге лайық жан — жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру үшін мектепте оқытылатын пәндер бойынша оқушының шығармашылық қабілетін дамытатын әртүрлі сабақтан тыс жұмыстар ұйымдастыру қажет екені белгілі.  Осындай жұмыс түрі информатика курсы бойынша жүргізілетін сабақтан тыс жұмыстардың бірі — оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру. Оқушылар сайыстарға  қатысу барысында  қаншама компьютерлік бағдарламалармен жұмыс жасап шынығады. Әсіресе,  Мove Maker, CorelDraw, Macromedia Flash, FrontPage т.б.  Осы компьютерлік бағдарламалармен жұмыс жасау — оқушылардың түрліше ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытуда маңызды рөл атқарады. Егер информатикадан ұйымдастырылған ғылыми – зерттеу жұмыстарын өткізу әдістемесі оқу процесіне енгізілсе, қоғамдағы және табиғаттағы процестерді зерттеу элементтері мен ғылыми көзқарасы қалыптасып, информатика пәніне деген қызығушылығы артады. Оқушының оқу мүмкіндігі мен қажеттілігі, оқуға мүдделілігі толық іске асырылуы негізінде тұлғалық даму мүмкіндігі пайда болады. Өзіндік шығармашылық ойлау жүйесі қалыптасып, білім деңгейі жоғарылайды. Оқушылардың информатикадан алған теориялық білімдері мен біліктерін тексеру мақсатында – сыныптан тыс жұмыстарды, сайыс сабақтарын көп дайындау керек. Сонда оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығы артады, өзіндік шығармашылық ойлау жүйесі қалыптасып, білім деңгейі жоғарылайды.

Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін — өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру. Тағы айта кететін жағдай, осы Мемлекеттік Бағдарламаның бір бағыты: E-learning — электронды оқыту жүйесінің қазақстандық білім жүйесіне енуі. Олай болса мектепте информатика пәні – ақпараттық қоғам негізі деп айтуға болады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.00.2024
197
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі