жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Информатика әлемінде
Тақырыбы: Информатика әлемінде
Мақсаты: Пәнге деген оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру, шығармашылық, өнерпаздық мүмкіндіктерін байқау, мұғалім қаумын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сыныптан тыс
Информатика болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып 21-ші ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды.
Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
«Информатика әлемінде» кеп тұрған
Сайыскерлерді шақырайық ортағa.
Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!
8-9 сыныптар арасында информатика пәнінен «Информатика әлемінде»атты сыныптан тыс білімділік сайысына қош келдіңіздер!
Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысқа төрелік етуші әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:
Мектеп директоры Отарбаева Роза Байбейсеновна және оқу ісі меңгерушісі Тусупбекова Эльмира Мекентаевна
Сайысымыз мына бөлімдер бойынша өткізіледі:
1-бөлім Таныстыру
2-бөлім Топ басшылар сайысы
3-бөлім Пікірталас
4-бөлім Үй тапсырмасын қорғау
5-бөлім Бәрін білгім келеді
6-бөлім Мақал – сөз мәйегі
7-бөлім Қорытынды
*****************************************************************************************************
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды, білімді жас талантқа, – дей отырып, ойынымыздың «Таныстыру» бөлімін бастаймыз.
1-бөлім Таныстыру
Әр топ басшысы өз тобын таныстырады. Ұпайды әділқазылар алқасы қояды.
*****************************************************************************************************
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер, – дей отырып, ойынымыздың "Топ басшылар сайысы деп аталатын бөлімін бастаймыз. 10 ұпайдан есептеледі.
2-бөлім Топ басшылар сайысы
1-топ басшысы
Компьютердің «миы»? (жүйелік қорап)
Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (1 бит)
Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы (Монитор)
Ақпаратты шығару құрылғысы (Басып шығарғыш)
Көп пернелі құрылғы (пернетақта)
Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы (CD-ROM)
Санау жүйелері қандай топтарға бөлінеді? (позициялық, позициялық емес)
2-топ басшысы
Мәтінді жою пернелері? (Delete, Backspace)
Принтердің неше түрі бар? (3)
Ақпаратты әзірлеу, сақтау, өңдеу және жеткізу үшін арналған электрондық аспап? (Дербес компьютер)
Ақпарат сөзі қай тілден шыққан (латын)
Деректерді сақтауға арналған құрылғы (жады)
Компьютердің негізгі бөліктеріне нелер жатады? (Монитор, жүйелік блок, пернетақта)
Компьютермен жұмыс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы (тышқан)
****************************************************************************** Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздердей өренді, - дей отырып, ойынымыздың
«Пікірталас» деп аталатын бөлімін бастаймыз. 10 ұпайдан есептеледі.
Бұл бөлімде екі топ компьютердің пайдасы мен зиян туралы айтады ?
3-бөлім Пікірталас
***********************
*****************************************************************************************************
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар -дей келе сендердің информатикалық қызықты ой-қиялдарынды дамытуда Үй тапсырмасын қорғау бөлімі бойынша әрбір топтың өздері дайындаған видеоларына назар аударайық.
4-бөлім «Үй тапсырмасын қорғау»
*****************************************************************************************************
«Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау»- дей отырып, ойынымыздың Бәрін білгім келеді бөлімін-де әрбір топ монитордағы ұяшықтарды таңдап, жауап беруі қажет. Жауап дұрыс болса, сол ұпай топ есебіне жазылады, ал қате болса шегеріледі.
5-бөлім Бәрін білгім келеді
*****************************************************************************************************
Ойын толқын жатқанда асып -тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, – дей отырып, ойынымыздың «Мақал – сөз мәйегі» бөлімін бастаймыз.
6-бөлім «Мақал – сөз мәйегі»
Топ мүшелеріне компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі, осы мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет. 10 ұпайдан есептеледі.
Жігітті компьютеріне қарап, бағала.
(Жігітті досына қарап, бағала)
Байт биттен құралады.
(Теңге тиыннан құралады)
Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас.
(Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім.
(Аттың сыры, иесіне мәлім)
Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса.
(Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)
Білмесең, «анықтама»-дан сұра.
(Білмесең білгеннен сұра)
Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы.
(Бір ақылдан, екі ақыл артық)
Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды.
(Досы күштіні-жау алмайды)
Күлсең ескірген компьютерлерге күл.
(Күлсең кәріге күл)
Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады.
(Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)
*****************************************************************************************************
Жетпесіңе жеткізген,
Қызықты уақыт өткізген
Бар ғылымды сыйдырып
Білетіні көп бізден
Жаңалықтың жаршысы
Жұртты елең еткізген
Информатикаға мың алғыс! – деп, әділқазылар алқасына сөз береміз.
7-бөлім. Қорытынды
Жарыс соңында әділқазылар алқасы әр топтың ұпай сандарын есептеп қорытындылайды.
Жарысқа қатысушыларды марапаттау.
Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ұстаздарға шын көңілден
Жолдаймыз біз алғыс бүгін.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Келген қонақтарымызға қанаттарыңыз биікке қағыла берсін?- деп алғыс білдіреміз. Қош, сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген