400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Информатика әлемінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Логикалык, математикалык есептер мен тапсырмалар
Материалдың қысқаша нұсқасы


А.С. Пушкин атындағы орта мектеп













«Информатиктер әлемінде»

Информатика пәнінен

Сыныптан тыс іс-шара

«5» / «Ә» / «Б» сыныптар












Ұйымдастырушы:Ибрагимова.У.И.

Мерзімі: 6.11.2019ж









Қаратау қаласы 2019ж


Кун: 6.11.2019ж.

Сабақтың тақырыбы: «Информатика әлемінде»

Сабақтың эпиграфы: «Біле бер, қанша білсең – тағы тіле,

Жетерсің мұратыңа біле, біле. Жүсіп Баласағұн

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс - әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

Дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.

Тәрбиелік: өз білімдерін дамытуға, бір – бірін құрметтеуге, информатика пәні туралы білімін толықтыру.

Сабақтың типі: Сыныптан тыс жұмыс

Жабдықталуы: Интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар.

Көрнекілігі: Слайд презентация.

Пән аралық байланыс: ағылшын тілі, қазақ тілі, математика, орыс тілі.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар өз орындарына отырғызылады. Әр топта 7 оқушыдан болады.Құрметті ұстаздар, оқушылар және көрермендер! Барлықтарыңызды бізбен бірге қызықты «Информатика әлемі» атты информатика ғаламшарына аттануға шақырамыз. Өздеріңізбен бірге ойлау жылдамдығын, тапқырлықты, күлкіні, шапшаңдықты алып жүруді ұмытпаңыздар. Сайысымызға 5 «Ә», 5 «Б» сыныптардан құралған екі топ «Информатика әлемінде» сайысына келіп отыр. Біздің бүгінгі өткізілгелі отырған сайыс сабағымыз информатика апталығына байланысты информатикадан алған білім деңгейлерін анықтау. Әр топ өздеріне қойылған тапсырмаларды бірлесіп, ақылдасып шешулеріне мүмкіндіктері бар.Бүгінгі  сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін: Әділ қазылар алқасының мүшелері:
1. __________________________________________________
2.__________________________________________________
3.__________________________________________________
Әділ қазыларға бағалау парағы таратылып беріледі. Сайыс шарты мен өтуі:
Сайыс 8 кезеңнен тұрады.
І. Команданың атын таныстыру (5 ұпай)

ІІ.“Тіл - өнер” (Жұмбақталып 10 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан оқушыға 3 ұпай, ал екі тілде айтса 2 ұпай, бір тілде айтса 1 ұпай).

III. .“Адасқан әріптер” (Дұрыс жауапқа 4 ұпай).

ІV«Ребусты шеш.» Дұрыс жауап 10-ұпай.

V. “Логикалық ойлау” (Логикалық есептер беріледі, дұрыс жауапқа 1 ұпай).

VI. «Дешифратор» кезеңі «ия» немесе «жоқ» деп жауап беру керек, әр дұрыс жауапқа 1 ұпай

VII. «Суретке қарап құрылғыны тап» (Дұрыс жауапқа 4 ұпай). (Информатикаға қатысты жасырылған құрылғылар дұрыс жауапқа 5 ұпай)

VIII. Жұбын тап. (Дұрыс жауапқа 1 ұпай).

IX.Қорытынды ,марапаттау .

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың Команданың атын таныстыру деп аталатын І кезеңін бастайық.І. Команданың атын таныстыру

І-ші“ПРИНТЕР”командасы таныстырады

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып тасып, асықпа, қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста керек бүгін

ІІ-ші “СКАНЕР”командасы таныстырады

Болам десең, теңізші, не ұшқыш қаласаң,

Дәрігерлікте жақсы ғой,

Қызметке жарасаң.

Ал сол үшін біздерге

Информатика керек қой!

Сондықтан да, сондықтан

Сол ғылымның тілін біл!

Жүргізуші: Топтардың жауап бергендеріне байланысты ұпайларын береміз.

Жас достарым, мұны айтпаймын несіне,

Информатиканы құрметтеу менің есімде.

Қазақ, орыс, ағылшын тілін білсеңіз,

3 ұпай, шәкіртім саған несібе, - дей келе

“Тіл - өнер” атты ІІ кезеңімізді бастайық. Бұл кезеңде жұмбақ беріледі. Жауабын тауып, сөзді орыс, ағылшын тілдеріне аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 1 ұпай, екі тілде жауап берсе 2 ұпай, 3 тілде жауап берсе 3 ұпай қосылады.

  1. Төртбұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек. (монитор – монитор,monitor)

  1. Ұзынтұра Жалқаубек,

Тұрмай ылғи жатады.

Қозғала қалса артынан,

Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі - пробел - blank)

  1. Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені (кактус - cactus - тікенекгүл)

  1. Тетігін бассаң алаңсыз,

Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта - клавиатура - keyboard)

  1. Батырмасын басасың

Қажетті файлды ашасың (тышқан - мышка - maus)

  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, a ruler)

  1. Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)

. 8 Бар құрылғыны басқаратын,

кеудесін көтеріп қасқаятын ми (Жүйелік блок-Системный блок-System block)

9. Жақтаулар арқылы шектеледі

Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді. (терезе, окно, windows)

III-кезең «Адасқан әріптер». Бұл кезеңде әріптерді  өз орнына қою керек.(5 ұпай)

  1. Нимотор ----------- Монитор

  2. Пьюромтек ------- Компьютер

  3. Енрепатқат -------- Пернетақта

  4. Лайф ---------------- Файл

  5. Рльоукятакл ------ Калькулятор

  6. Атқсуа -------------- Сақтау

  7. Аэкторикелн ----- Электроника

  8. Дңеөу -------------- Өңдеу

V-кезең. «Ребусты шеш.» Дұрыс жауап 10-ұпай.

Жауабы: Компьютерлік графика

Жауабы: Растрлық графика.



Жауабы: Векторлық графика.



Жауабы: Мәтіндік редактор.

Жүргізуші: 

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір сайыс болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ тапсырма  болсын –деп  көтеріңкі көңілмен келесі кезеңімізді бастасақ.

 “Логикалық ойлау” атты VI кезеңімізді бастайық. Бұл бөлімде логикалық есептер, сұрақтар беріледі дұрыс жауапқа 1 ұпай. Логикалық сұрақтар:

1. Бұл автобус қандай бағытпен кетіп бара жатыр?

Оң жақпен немесе сол жақпен?

Автобус сол бағытпен жүріп бара жатыр.

Жауабы Себебі, оң жақпен жүргенде есігі көрінетін еді.

2. 1 жұмыртқа 3 минут қайнайды, ал 4 жұмыртқа неше минут қайнайды? Жауабы 3 минут

3. Үш страус ұшып келе жатты.

Аңшы олардың біреуін атып өлтірді.

Олардың қаншасы қалды? Жауабы страус ұшпайды

4.Астанадан Алматыға қарай бет алған ұшақ екі қаланың арасын 1,5 сағатта ұшып өтті.Ал дәл осы уақытта кері ұшқанда небары 90 мин қажет етті.Неге? жауабы 90=1,5 сағат

5. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. 
неше стакан қалды? - 3 стакан

6.Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама – қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? - 4 мысық

VII кезеңімізді бастайық Әр топқа 10 сұрақ қойылады, сұрақтың дұрыс немесе бұрыстығына байланысты «ия» немесе «жоқ» деп жауап беру керек, әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

І-ші“ПРИНТЕР”командасына

  1. Компьютердің құрылғылары негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді (ия)

  2. Windows дегеніміз терезе. (ия)

  3. Әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, редакциялауға мүмкіндік беретін бағдарлама Paint (ия)

  4. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы телефон (жоқ)

  5. «Информатика» пәні ЭЕМ - нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым (ия)

  6. Файлдар жиыны папкада топтасады (ия)

  7. Пернетақта компьютердің енгізу құрылғысы (ия)

  8. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас интерфейс деп аталады (ия)

  9. Принтердің 2 түрі бар? (жоқ)

  10. Дүниежүзілік компьютерлік желі модем (жоқ)

ІІ-ші “СКАНЕР”командасына

  1. Бір символдың орнын көрсетіп тұратын тік төртбұрышты бейне курсор (ия)

  2. Графикалық ақпаратты оқуға арналған құрылғы сканер. (ия)

  3. Аз батырмалы құрылғы тышқан (ия)

  4. ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде экраннан 25-30 см қашықтықта отыру керек. (жоқ)

  5. Сканер қағаздағы кескінді баспаға басып шығаратын құрылғы (жоқ)

  6. Alt+F4 пернелер комбинациясының қызметі терезені ашу. (жоқ)

7.Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі Байт (жоқ)

8. Кабель компьютер сымдары (ия)

9. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал пернетақта (жоқ)

10. Ақпарат жинақтауыш қатты дис, иілгіш диск, компакт диск (ия)

VIII кезең «Суретке қарап құрылғыны анықта» дұрыс жауапқа 4 ұпай беріледі..

1-сурет cканер

2-сурет принтер

3-сурет вебкамера

4-сурет флешка

5-сурет колонка

VIII. Жұбын тап. (Дұрыс жауапқа 1 ұпай).

1.Жүйелік блок

2.Колонка дыбыс шығарады.

3.Принтер қағаз бетіне шығарады.

4.Графикалық редактор Paint

Жүргізуші:

Жарысайық сайыста,

Кімнің ойы мықты екен?!

Кімнің күші аздау боп,

Кім озып алға шықты екен деп,

Кезең бойынша топтордың ұпайын санаймыз.

Байқауды қорытындылау 

Жүргізуші:

 Сайыс соңында қорытындылау үшін әділқазылар мүшелерін ортаға шақырып,үздіктерді марапаттау.

Жүргізуші:

Компьютер әлемі нық басып ғаламатта,

Ой бөлісіп заманды саралапты.

Қош болыңдар, қымбатты көрермендер,

Қайта айналып көріскенше саламатта.

         

Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті.. Жеңімпаз команда оқушыларды құттықтаймыз! Назарларыңызға рахмет!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
679
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі