жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
информатика әлемінде
Сабақтың тақырыбы: Информатика әлемінде
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінедегенқызығушылықтарынарттыру, танымдықіс - әрекеті мен ақпараттықмәдениетінқалыптастыру.
Дамытушылық: ойлауқабілеттеріндамыту, сөзмәдениетінжетілдіру, шығармашылықізденістерінарттыру.
Тәрбиелік: өзбілімдеріндамытуға, бір–бірінқұрметтеугетәрбиелеу.
Сабақтыңтипі: Сыныптантысжұмыс
Сабақтыңтүрі: сайыссабақ
Жабдықталуы: Компьютерлер, интерактивтітақта, тапсырмалар, викториналықсұрақтар.
Көрнекілігі: Слайд презентация
Пәнаралықбайланыс:ағылшынтілі, қазақтілі, математика, орыстілі.
Сабақтыңөтубарысы:
І. Ұйымдастыру.
1. Сыныпоқушыларын топқа бөлу.
2. Сайыс жоспарынтаныстыру.
Жарыскезеңдері:
1 кезең «Таныстыру» Топ басшы топтың атын таныстырады. Әр топқа 5 ұпайдан беріледі.
2 кезең «Бәйге»Бұл кезеңде әр топқа 8 сұрақтар беріледі. Олар берілген сұрақтарға жауап беру арқылы 5 ұпайдан ұпай жинайды. Жауап бере алмаған жағдайда келесі топ жауап беруге болады.
3 кезең «Тіл өнер»Бұл сайыс бойынша әр топқа сұрақ пен жұмбақ аралас берілген үш тілде жауап береді. Әр сұрақ немесе жұмбаққа 5 ұпай.
4 кезең «Көкпар» Әр топқа логикалық есептер беріледі. Әр топқа үш есептен беріледі. Оған да 5 ұпайдан беріледі.
5 кезең «Адасқан әріптер» Топ мүшелеріне компьютерге қатысты құрастырылған адасқан әріптермен сөздер беріледі. Әр сөзге 1 ұпайдан
6 кезең «Кім жылдам?» Әр топтың топ басшыларына 5 сұрақтан беріледі. Әр сұраққа 1 ұпайдан
Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Информатика әлемінде» атты сайысымызды бастаймыз. Сайысымызға қатысып отырған оқушыларымызға сәттілік тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз.
Оқушыларды екі топқа бөлдік. «Ақ» және «Қара» тобы.
1 кезең «Таныстыру»Топ басшы топтың атын таныстырады. Екі топқа компьютердің пайдасы мен зияны туралы тапсырма берілді. Сол себептен топтардың аты «Ақ» және «Қара» деп алдым. Ақ тобы компьютердің пайдасы туралы яғни жақтаушы болып таныстырады. Қара тобы компьютердің зияны туралы яғни даттаушы болып таныстырады.Әр топқа 5 ұпайдан беріледі.
1-ші топтың аты-«Ақ»тобы
2-ші топтың аты-«Қара»тобы
Сәлемдесу – игі дәстүр
киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда
Жолданады сайыскерлер сәлемі – дей келе сайысымыздың 1 кезеңі
таныстырудан бастайық.
2 кезең «Бәйге» Бұл кезеңде әр топқа 8 сұрақтар беріледі. Олар берілген сұрақтарға жауап беру арқылы 5 ұпайдан ұпай жинайды. Жауап бере алмаған жағдайда келесі топ жауап беруге болады.
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Бәйге» деп аталатын 2 кезеңін бастайық.
1-ші топтың сұрақтары
1
2.Ақпараттық процестерді атаңыз. (сақтау, өңдеу, жеткізу).
3.Компьютердіңнегізгіқұрылғыларына не жатады? (жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан).
4.«Ақпарат» сөзілатынныңқандайсөзіненшыққан? (informatio)
5.Пернетақтаныңнешепернесі бар? (108пернесі бар)
6.Алғашқыесептеуқұрылғысы? (саусақтар)
7.Компьютердің миы. (процессор)
8.Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы (Модем)
2-ші топтың сұрақтары
1.Компьютер экраны? (Монитор)
2.Сурет салуға арналған бағдарлама? (Paint)
3.Компьютердің маманы? (Программист)
4.Қатқыл диск қайда орналасқан? (Жүйелік блокта)
5.WordPad редакторын қалай іске қосамыз? (Пуск-Все программы-стандартные- WordPad)
6.Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым? (Информатика)
7.Дыбыс шығаратын құрылғы? (Колонка)
8.Вирустың кері әсерін жоятын программа? (Антивирус)
3 кезең «Тіл өнер» Бұл сайыс бойынша әр топқа сұрақ пен жұмбақ аралас берілген үш тілде жауап береді. Әр сұрақ немесе жұмбаққа 5 ұпай.
Жас достарым, мұны айтпаймын
несіне,
Информатиканы құрметтеу менің есімде.
Қазақ, орыс, ағылшын тілін білсеңіз,
Барлық ұпай, шәкіртім саған несібе-деп
“Тіл -
өнер” атты 3-ші
кезеңімізді бастайық.
1-ші топтың сұрақтары
1.ҰзынтұраЖалқаубек, тұрмайылғижатады.
Қозғалақалсаартынан, ешбірбелгіқалмайды.
(бос орынпернесі - пробел - blank)
2.Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жанымекені (кактус - cactus - тікенекгүл)
3.Жақтаулар арқылы шектеледі
Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді.
(терезе, окно, windows)
4.Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)
5.Енгізу пернесі ең басты перне?
(енгізу-ввод-enter)
2-ші топтың сұрақтары
1.Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады?
(он екі, двенадцать, twelve)
2.Жоқөзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығыжазулытұрбойында. (сызғыш, линейка, a ruler)
3.Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың (тышқан, мышь, mouse)
4.Беттерге төрт жағынан қоршау жасайтын жақтаулар қалай аталады?
(Шекара-Граница-Border)
5.Қоқыс жәшігі?
( себет-корзина-basket)
4 кезең «Көкпар»Әр топқа логикалық есептер беріледі. Әр топқа үш есептен беріледі. Оған да 5 ұпайдан беріледі.
Қойылған сұрақ
есепке,
Ойланып жауап іздейік.
Уақытты текке өткізбей,
Қатесін анықтап берейік,-дейкеле “Көкпар”атты 4-ші
кезеңімізді бастайық.
1-ші топтың есебі
1.Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама – қарсы үш мысықтан отырса,
бөлмеденешемысық бар? Жауабы: 4
2. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиеніжепқойды. неше стакан қалды?
Жауабы: 3 стакан
3. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?
Жауабы: жоғары
2-ші топтың есебі
1. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? .
Жауабы: шырпы
2. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру керек?
Жауабы: 8
3. Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді?
Жауабы: 15км/сағ
5 кезең «Адасқан әріптер» топ мүшелеріне компьютерге қатысты құрастырылған адасқан әріптермен сөздер беріледі. Әр сөзге 1 ұпайдан
Компьютер – сенің көмекшің
Қаламың, әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де-дей отырып, ойынымыздың 5-ші кезеңі «Адасқанәріптер» бұл кезеңде информатикаға қатысты сөздер берілген. Осы адасқан әріптер арқылы дұрыс сөз құрастыру. Дұрысжауапқа 1 ұпай.
1.Нимотор ----------- Монитор
2.Пьюромтек ------- Компьютер
3.Енрепатқат -------- Пернетақта
4.Лайф ---------------- Файл
5.Рльоукятакл ------ Калькулятор
6.Атқсуа -------------- Сақтау
7.Дңеөу -------------- Өңдеу
8.Рпиретн------------Принтер
6 кезең «Кім жылдам?»Әр топтың топ басшыларына 5 сұрақтан беріледі. Әр сұраққа 1 ұпайдан
«Білім деген биік
шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.» -деп «Кім
жылдам?»атты 6-шы кезеңімізді
бастайық.
1-ші топтың топ басшысына қойылатын сұрақтар.
1.Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы? (Принтер)
2.Қағаздағы ақпаратты компьютерге тікелей енгізетін құрал? (Сканер)
3.Компьютердің ақыл ойы? (Процессор)
4.Терезенің орысша атауы? (Окно)
5.Ақпарат тасымалдаушылар? (Диск, флешка)
2-ші топтың топ басшысына қойылатын сұрақтар.
1.Ақпаратты қалай аламыз? (Көру, есту, сезу, дәм сезу, иіс сезу)
2.Жойылған файлдар орналасатын қапшық? (Себет)
3.Блокнот дегеніміз не? (Жазуға арналған программа)
4.Delete пернесінің қызметі? (Әріпті жою)
5.Зиянкес бағдарлама? (Вирус)
Жарысайық сайыста,
Кімнің ойы мықты екен?!
Кімнің күші аздау боп,
Кім озып алға шықты екен – деп
сөз кезегін әділ-қазылар
алқасына береміз.
Осымен сайысымыз аяқталды. Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!
Рефлексия. Оқушылар сайысымыздан алған әсерлерін стикерлерге жазып, тақтаға жапсырады.
Жаңаөзен қаласы
Тақырыбы: Информатика әлемінде
Өткізген: Алмасбаева К. Д
2018-2019 оқу жылы.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген